Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті
5
|
Салықтық әкімшілендіру
|
Салық қызметі (МКД)
|
6
|
Экология
|
Экология департаменті
| | |
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
| | |
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті
|
7
|
Мемлекеттік сатып алулар
|
Мемлекеттік сатып алулар басқармасы
|
8
|
АӨК
|
Ауыл шаруашылығы басқармасы
| | |
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
| | |
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
|
Орталық мемлекеттік органдар Жергілікті атқарушы органдар
ШОК өкілдері арасында 70 сұхбат жүргізілді
Зерттеу Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілді
3
1
Басты тұжырым
5
- Мемлекеттік органдардың салық саласында жүгінудің басым бөлігі белгіленген (85%), жүгінулердің аз саны АӨК саласында (4%).
- Салалар бойынша сыбайлас жемқорлыққа тап болған кәсіпкерлердің салыстырмалы көрсеткіші:
- салық және мемлекеттік сатып алулар саласында - әрбір бесінші,
- көлік, құрылыс, кеден және АӨК салаларында - әрбір үшінші;
- жер қатынастары мен экология саласында - әрбір екінші.
- 2018 жылмен салыстырғанда параның орташа мөлшері 193 мың теңгеден 205 мың теңгеге дейін артқан.
- Параның ең төмен мөлшері (медиана) – экология саласында (5-50 мың теңге), ең жоғары – құрылыс пен жер қатынастары саласында (50-200 мың теңге).
- Параның ең төмен көрсеткіштері Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында (5-50 мың теңге), ең жоғары көрсеткіш - Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында (100-2000 мың теңге).
- Мынадай ерекшелік анықталды: парақорлық деңгейі төмен өңірлерде пара мөлшері жоғары, ал парақорлық өршіп тұрған өңірлерде керісінше, пара мөлшері төмен.
- Соңғы жылы кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа тартылу деңгейі 16%-ға төмендеді (62%-дан 46%-ға дейін). Дегенмен мемлекеттік орган өкілдері жемқор деген таптаурын болған пікір әлі де сақталған, өйткені олардың тарапынан орын алған кез келген әрекет немесе әрекетсіздік сыбайлас жемқорлық ретінде қарастырылады.
- 2017 жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық жағдайында заңға сәйкес әрекет етуді және өз мүдделерін заңды тәртіппен қорғауды қалайтын кәсіпкерлердің үлесі 4%-ға артты (37%-ға дейін).
- Сыбайлас жемқорлықтың негізгі себебі – ШОК өкілдерінің құқықтық сауаттылығының төмен болуы: 44%-ы өз құқықтары мен заңды білмейді екен; 31%-ы мәселелерді заңды жолмен шешу мүмкіндігі туралы нашар хабардар етілген; әрбір бесінші кәсіпкер НҚА-ның өзекті редакциялары қол жетімсіз екендігін айтты.
- Шенеуніктердің кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салу арқылы бопсалауы мен рұқсат құжаттарын алу мәселесі сыбайлас жемқорлықтың ең резонансты себебі болып қалып отыр. Кәсіпкерлер сұхбат кезінде көбіне осындай жағдайлардан мысал келтірді.
- Мемлекеттік орган өкілі шамамен 49% жағдайда сыбайлас жемқорлыққа бастамашылық етеді ( 2018 жылы 43%), кәсіпкер – 36% жағдайда (2018 жылы 49%).
- Жемқор шенеуніктерге қатысты қолданылатын жазалау шараларын қатаңдатуды талап еткен кәсіпкерлер үлесі өзгеріссіз қалып отыр, әр түрлі сала бойынша 10-нан 20%-ға дейін құбылып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |