16. швед қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшелігі неде?
Осылайша, швед қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-
ті қалыптастырудың ерекшелігі – демократия болып табылады, ол
ерікті баспасөз, демонстрацияларға қатысу құқығын, табиғатты
еркін пайдалану және билік басында тұрғандарды бақылау құқығын
көздейді
17. Ұлыбританиядағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен жария сала стандарттары жөніндегі комитеттің қызметі қандай ?
Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен жария
сала стандарттары жөніндегі комитеттің қызметі бизнес сектор мен
мемлекеттік басқаруда превенция шараларын іске асыруға бағытталған.
18. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл» ұғымының мазмұнын ашып айтыңыз.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл» ұғымының мазмұны «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-
ті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға
ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі,
сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау,
жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою
жөніндегі қызметі» ретінде ашылады. Ал «сыбайлас жемқорлықтың алдын
алу» – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын
алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды
зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі» [1].
19. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде не маңызды?
20. адамдардың түсінігінде қазіргі сыбайлас жемқорлық қандай?
Осылайша, адамдардың түсінігінде қазіргі сыбайлас жемқорлық:
– қоғамдық санаға, тұрмыс пен қызметтік жұмысқа терең тамыр
жайған зұлымдық;
– билік басындағы адамдардың жүзеге асыратын қылмыстық әрекеті;
– адамгершілік мінез-құлық шектеулері жоқ, бірақ қоғамдық
процестерге кері ықпал ете алатын арам адамдардың өмір сүру қалпы
сияқты көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |