49.Ел президенті Қасым Жомарт Тоқаевтыі жолдауындағы 1 бөлім үшінші заңнамасында қандай мәселе қозғалған?
Үшінші. Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру.
Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар.
Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс.
Алайда, заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылады.
50. Қазақстан Республикасының Конституциясының Адам және Азамат 2 бөлімінің 14-бапында не туралы айтылған.
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
51. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларын іске асыру аясында қандай заңдар қабылданды?
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл туралы, мемлекеттік бақылау және аудит туралы, мемлекеттік
сатып алу туралы, қоғамдық кеңестер туралы, ақпаратқа қол жетімділік
туралы және т.б. Енгізілген жаңашылдыққа сәйкес, 2017 жылдан бастап
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өз табысын ғана емес,
сонымен қатар шығындарын да жариялаулары керек.
52. Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жүзеге асырылған өзгерістердің негізгі міндеттері мыналар болды:
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық
саясатын жүзеге асырудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік
органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу;
– мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының
міндеттерін бюджеттік бағдарламалармен байланыстыру;
– мемлекеттік органдардың қызметінің аралық және түпкі
нәтижелерін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері жүйесін
әзірлеу;
– өз жоспарларын әзірлеу және іске асыру кезінде мемлекеттік
органдардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейту, бұл ретте
мемлекеттік жоспарлауға қатысты жаңа тәсілдерді енгізу ескеріледі;
– мемлекеттік органдардың нақты стратегиялық мақсатты
индикаторлар жүйесін әзірлеуі;
– мемлекеттік органдардың стратегиялық және түпкі нәтижелерге
сәйкес келетін мақсаттарға қол жеткізу мониторингі жүйесін енгізу.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу мынадай іс-әрекеттерді
орындауға мүмкіндік береді [4]:
– елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының
теңдестірілген, тиімді әрі толық жүйесін құру. Онда төменгі деңгейдегі
құжатты әзірлеу қажеттілігі мен заңдылығы аса жоғары деңгейдегі
құжаттардан туындайды, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттардың
іске асырылуын бақылау мен бағалау, өз кезегінде, төменгі деңгейдегі
құжаттардың негізінде жүзеге асырылады;
Достарыңызбен бөлісу: |