Шифр: 6В01301 Студент: Нуртаев Дамир Малгаждарович Тәжірибе базасының жетекшісі



бет1/12
Дата10.06.2022
өлшемі0.52 Mb.
#267678
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Есеп практика Дамир Нұртаев
1 дәріс, !9 ОШ СОЧ История Казахстана 5кл рус, Гайдар практика

Казақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Педагогикалық факультеті
«Педагогика және психология» кафедрасы

ЕСЕП
Психологиялық-педагогикалық тәжірибе


Мамандық: «Педагогика және психология»
Шифр: 6В01301
Студент: Нуртаев Дамир Малгаждарович
Тәжірибе базасының жетекшісі: Дюсембина Канат Амантаевна
Лауазымы: «Педагог-психолог»
М. Қозыбаев ат. СҚУ-дан тәжірибе жетекшісі: Омарова Меруерт Тобылқызы
Лауазымы: «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы

Петропавл қаласы, 2022.ж



Мазмұны:

  1. Мектеп ережелерімен,мектеп әкімшілігімен,мұғалім мен оқушылармен танысу. Жалпы білім беретін мектептегі псхологиялық-педагогикалық қызмет субьектілерімен танысу.

  2. Педагог-психолог жұмысының элементтерімен,жұмыстың негізгі тәсілдері мен әдістерімен,жұмыс құжаттамасымен(оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу карталарымен,оқушыларды псхологиялық бақылау нысандарымен таныстыру).

  3. Әр түрлі санататағы балаларға көмек түрлері мен нысандарын анықтайтын құжаттар пакетін зерттеу және талдау. Алынған ақпаратты бастапқы өңдеуге үйрену.

  4. Кіші мектеп жасындағы балаларды(мазасыздықты),орта мектеп жасындағы балаларды (танымдық сала),жоғары сынып оқушыларын (кәсіби бағыттағы)диагностикалық материалды іріктеу және зерделеу.

  5. Мұғалімнің немесе педагог-психологтың сұрауы бойынша диагностика жүргізу.

  6. Сынып ұжымына және әр түрлі жас топтарындағы оқушылардың тұлғасына психологиялық зерттеу жүргізу.

  7. Сабаққа және сыныптан тыс іс-шараға қатысу және психологиялық талдау жасау.

  8. Сынып сағат өткізу.


1. Мектеп ережелерімен,мектеп әкімшілігімен,мұғалім мен оқушылармен танысу. Жалпы білім беретін мектептегі псхологиялық-педагогикалық қызмет субьектілерімен танысу.
Социал негізгі мектебіне 24.01.2022 жылы психологиялық -педагогикалық тәжірибеден өту үшін келдім.Біріншіден мектеп әкімшілігімен,мектеп мұғалімдерімен,мектеп ережелерімен танысып,психологтың рұқсатымен психологиялық-педагогикалық қызмет субьектілерімен таныстым.

«Мектептің ішкі тәртіп ережелері»
Оқушы ережесі
1. Оқушы сабаққа келгенде қажетті кітап, дәптер, жазу-сызу құралдарымен келуі керек. Әр сабақтың алдында сол сабаққа қажетті оқу құрал – жабдықтарын дайындап қоюға тиісті.
2. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнің айтқандарын тиянақты тыңдап, жазып отыру керек. Үй тапсырмасын күнделікке мұқият жазып алу керек, аптаның соңында мұғалім күнделікті тексеріп, ата-ананың қолын қойдыруды талап етеді.
3. Мектеп оқушыларына тыйым салынады:
өзімен бірге сабаққа кедергі жасайтын заттарды, басылымдарды, ойын заттарын әкелуге;
ақша салып ойнайтын ойындар ойнауға;
бөтен нәрселер әкеліп сатуға, айырбастауға;
сабақта, үзіліс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
4. Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
5. Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек.
6. Оқушылар себепсіз сабақ босатпауы тиіс, босатқан күнде себебін мұғалімге жеткізуі керек.
7. Ауру себепті немесе басқа да себепті жағдайлармен сабақтан қалғанда, оқымай қалған сабақтарын мұғалімнің көмегімен оқып түсінуі қажет.
8. Оқушылардың білімі мен тәрбиесі үшін жасалған мектептептің барлық талаптарын оқушылар міндетті түрде орындауға тиісті.
9. Оқушылар мектептің ішкі- сыртқы тазалығын сақтауға, кезекші оқушылардың талаптарын орындауға міндетті.
10. Каникул күндерінің алдында, соңында оқушылар сабақтан қалмауға, уақытында сабаққа келуге тиісті.
Осы Ереже барлық оқушылар үшін бірыңғай міндетті.
Оқушыларға арналған ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау.
Оқушылар: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.
1. Оқушылардың сыртқы келбеті.
Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)
Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.
Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.
Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.
Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.
Жалпы тәртіп ережелері
Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 10 минут қалғанда кешікпей келулері керек.
Өрт қауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және сол Ережелерді сақтауға міндетті.
Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге; мектептің, өзінің және басқаның мүлігін сақтап, ұқыптылықпен қарауға: мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.
Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз» деп сөйлеседі.
Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберіп және де ұлдар қыздарға жол берулері керек.
Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.
Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды; мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.
Мектепте: оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезенің алдына мінуге, шкафтардың үстіне шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанақ тебуге, басқа оқушыларды итеруге; мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге; электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;
Тәртіп Е Р Е Ж Е Л Е Р І
1. Жалпы ереже
1.1. Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани – адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды.
1.2 Оқушылар:
· Оқушы мектепке мектеп үлгісімен (формасымен) ;
· Үлкендерге құрметпен қарауға;
· Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге;
· Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;
· Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;
· Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;
· Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге;
· Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға;
· Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға;
· Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;
· Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға;
· Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;
· Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға;
· Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға
М І Н Д Е Т Т І
1.3. Оқушылар мұғалімдерді , өзінен жасы үлкен адамдарды «Сіз» деп атайды.
1.4. Оқушылар үлкенге жол береді. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына , ер балалар қыз балаларға жол берулері тиіс.
1.5. Өзара түсініспеушілік жағдай болғанда ешқашан күш қолдануға , лас сөздермен балағаттауға болмайды.
1.6. Оқушыларға:
2- Сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, сынып жетекшілерінің рұқсатынсыз кетуге;
- Сыныптан тыс және спорттық, мәдени көпшілік іс-шараларды өз бетінше тастап кетуге;
- Мектепке және мектеп маңына қару, өртке қауіпті жарылғыш, жанғыш сұйықтық, газ баллонын, темекі, спирттік ішімдіктер, есірткі, адамды жындандыратын, естен тандыратын, қанын қыздыратын құралдар, сонымен бірге улы және токсиндік заттар әкелуге;
- Мектеп маңы мен мектепте шылым шегуге ;
-Ұялы телефон әкелуге, сабақ үстінде, үзіліс уақытында ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Өзіме берілген сыныппен,яғни оқушылармен танысып адамгершілік жайлы әңгіме қозғадық.Балалардың ойы бойынша Адамгершілік бір бірін сыйлау,бір-біріне көмек көрсету яғни тапсырмаларды алмастырып оның жақсы баға алуын қалау екен.
Мен оларға осындай бір сұрақ қойдым:Сенің қасыңда отырған досың үйде үй тапсырмасын орындамай ойнап кетіп,үй тапсырмасын орындамай келді.Мектепке келген уақытта дәптерін ашса оның тапсырмалары орындалмаған ол сенің рұқсатыңсыз дәптеріңді алып үй жұмысын көшіріп алды,сендерде осындай жағдай болса не істер едіңдер?деген сұрақ қойдым
Олардың жауаптары;Бір бала айтады-Ол адамгершілік емес,егер ол менің жан досым болса менің рұқсатымды алып қана дәптерімді алар еді!дейді
Ал қыздардың жауаптары;Менің дәптерімді алса мен оған алдымен дәптерімді рұқсатсыз алғанына ұрсып берер едім,онан кейін оған түсіндіріп бұл қате екенін айтамын деген жауаптар алдым.
Қарап тұрсам бастауыш сынып оқитын балалар адамгершіліктің не екенін біледі!
Қ
орытындылап оларға өз тілегімді айттым жақсы оқуларын,үлкенді сыйлау керектігін,білімді азамат пен азаматша болуларын айтып ыстық лебізімді білдірдім!
2.Тақырыбы: Педагог-психолог жұмысының элементтерімен,жұмыстың негізгі тәсілдері мен әдістерімен,жұмыс құжаттамасымен(оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу карталарымен,оқушыларды псхологиялық бақылау нысандарымен таныстыру).
Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің мақсаты барлық білім беру үдерісіне қатысушылардың психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, баланың тұлғалық дамуын сүйемелдеуді психикасы сау дәрежеге жетілдіру құралы ретінде қарастыру болып табылады.
Психикалық денсаулық бәрінен бұрын, жеке дара психикалық үдерістер мен механизмдерге қатысты. Психологиялық денсаулық тұтас бір тұлғаға қатысты және жоғары адами болмыс көріністерімен тығыз байланыста болады да, психикалық дамудың өзіндік психологиялық аспектісін бөліп көрсетеді. Психологиялық денсаулық тұлғаны өзіндік жетілдіре түседі.
Педагог-психолог білім алушының жас шамасына сәйкес айналасындағы адамдармен өзара әрекет контексінде және қоршаған ортаның мәдени, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық нақтылығы жағдайында өзіндік түсіну, өзін қабылдау және өзіндік даму қасиеттерімен қаруландыруы керек. Сонымен, педагог-психолог қызметінің басты мақсаты – балалардың психологиялық денсаулығын дамыту мен сақтауға жағдай туғызу.
Ол дегеніңіз - оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде баланың толыққанды психикалық дамуын негізге алатын психикалық денсаулықты көздейді.
Осыған байланысты, психологиялық қызметтің негізгі міндеттерінің аясы әлдеқалай кеңи түседі.Толыққанды психикалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдай туғызу баланың ішкі әлеміне, оның сезімі мен толқуларына, бейімі мен қызығуларына, қабілеті мен біліміне, оның өзіне, құрбы-құрдастарына, ересектерге, қоршаған ортаға, отбасылық және қоғамдық жағдайларға, жалпы өмірге қарым-қатынасына көңіл бөлумен толықтырылады.
Дамытуға бағыттылық білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мынадай негізгі міндеттерін белгілейді:

  • Балалармен жұмыста әр жастың даму резервтерін жүзеге асыру;

  • Балалардың жеке дара ерекшеліктерін, олардың қызығулары, қабілеттері, сезімі, қарым-қатынасын, қызығушылықтарын, өмірлік жоспарларын дамыту;

  • Баланың қалыпты дамуы үшін ересектер және құрбыларымен оңтайлы қарым-қатынас жасау негізі ретінде жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру;

  • Балаларға, олардың ата-аналарына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге уақытында психологиялық көмек және қолдау көрсету.

  • Білім беру саласындағы психологиялық қызмет негізгі үш бағыттан тұратын тұтастай жүйе ретінде қарастырылады:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы