Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Loading...


бет6/11
Дата26.04.2017
өлшемі141.7 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.


      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.


      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:


      1) көрсетілетін қызметті беруші;


      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап:


      көрсетілетін қызметті берушіге - күнтізбелік 15 (он бес) күн;


      Мемлекеттік корпорацияға:


      Астана қаласы бойынша – күнтізбелік 15 (он бес) күн (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);


      өзге өңірлерде – 15 (он бес) жұмыс күн (құжаттардың қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);


      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;


      3) көрсетілетін қызметті берушіде және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.


      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.


      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыда және Мемлекеттік корпорацияда - жоғары оқу орны/шетелдік ұйым/тілдік мектеп/елшілік мекенжайына "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хаты.


      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.


      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.


      8. Жұмыс кестесі:


      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбі - жұма аралығында сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.


      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;


      2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - сенбі аралығында сағ. 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз.


      Мемлекеттік қызмет жедел қызмет көрсетусіз "электронды кезек" тәртібімен таңдау бойынша көрсетіледі, электронды кезекті портал арқылы "брондауға" болады.


      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:


      осы стандартқа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жоғары оқу орнының/шетелдік ұйымның/тілдік мектептің/елшіліктің атауы көрсетілген қаржылық кепілдік хатын беру туралы өтініш;


      жеке куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырғаннан кейін қайтарылып беріледі).


      Көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттар қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы талон беріледі.


      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.


      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.


      Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.


      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған кезде, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.


      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде қорытындыны сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда, бір ай өткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.


      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.


      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.


      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.


      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


3. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Министрлік басшылығының не оны алмастырушы адамның, не көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша түрде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.


      Өз қолымен әкеліп тапсырылған, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.


      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.


      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.


      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.


      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар



      12. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді..

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:


      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;


       2) көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында;


      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.


      14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.


      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.




 

"Болашақ" халықаралық
стипендиясының стипендиаты
ретінде оқуға баратындар үшін
кепілдік хатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

 

Нысан

 

(оқуын жалғастырушылар)

      "Халықаралық бағдарламалар орталығы"
акционерлік қоғамының президенті
___________________________________
стипендиат_________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)
________________________бағдарламасы
(бакалавриат/магистратура/аспирантура/
докторантура/маман)
мамандығы (Республикалық комиссияның
хаттамасы бойынша) __________________
елі және ЖОО ________________________
Қазақстандағы почталық мекенжайы
____________________________________
телефоны ____________________________
электрондық мекенжайы _______________
ЖСН ________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)


ӨТІНІШ



      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен, ____________________________________________________________________, Сізден


      (тиістісін көрсетіңіз):


      




____________________________________________________________________елшілігіне,

      (елін көрсетіңіз)


      




ЖОО ________________________________________________________________________

      (мамандығын мен ЖОО көрсетіңіз)


      ұсыну үшін қаржылық кепілдеме хатын беруіңізді сұраймын.


      Елшілікте сұхбаттан өту жоспарланған күн 20___ ж. "___"__________


      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.


      20__жылғы "___"_________ Қолы _____________





 

"Болашақ" халықаралық
стипендиясының стипендиаты
ретінде оқуға баратындар үшін
кепілдік хатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

 

Нысан

 

(алғаш рет баратындар)

      "Халықаралық бағдарламалар орталығы"
акционерлік қоғамының президенті
___________________________________
стипендиат_________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)
________________________бағдарламасы
(магистратура/аспирантура/ докторантура/
маман/тағылымдама)
мамандығы (Республикалық комиссияның
хаттамасы бойынша) __________________
елі және ЖОО/шетелдік білім беру ұйымы _____
____________________________________
Қазақстандағы почталық мекенжайы_____
_____________________________________
телефоны ____________________________
электрондық мекенжайы _______________
ЖСН ________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)




ӨТІНІШ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Мен,_____________________________________________________________________, Сізден


      (тиістісін көрсетіңіз):


      




___________________________________________________________________ елшілігіне,

      (елін көрсетіңіз)


      




ЖОО/ шетелдік білім беру ұйымы ________________________________________________

      (мамандығы мен ЖОО/шетелдік білім беру ұйымын көрсетіңіз)


      ұсыну үшін қаржылық кепілдеме хатын беруіңізді сұраймын.


      Елшілікте сұхбаттан өту жоспарланған күн 20___ ж. "___"__________


      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.


      20__жылғы "___"_________ Қолы ________________


      





 

"Болашақ" халықаралық
стипендиясының стипендиаты
ретінде оқуға баратындар үшін
кепілдік хатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

      Нысан

      Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолжазба


      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ (мекенжайын көрсетілуі тиіс) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын, атап айтқанда төменде берілген құжаттарды Сіз толық тапсырмағандықтан мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауын көрсету қажет):


      Жоқ құжаттар атауы:


      1) ________________________


      2) ________________________


      3) ...


      Осы қолжазба әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада құрылған.


      ________________________________ ____________


       ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)


      Орындаушының ТАӘ ________________


      Тел. ______________


      Алған: ТАӘ /қызмет алушының қолы


      20___жылғы " ___"______________


      _____________________________





 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 сәуірдегі
№ 187 бұйрығына
№ 4 қосымша

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды
өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.


      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.


      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде;


      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;


      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.


      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.


      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына шығыстарды өтеу бойынша теңгемен қаражат аудару.


      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.


      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.


      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.


      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.


      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:


      осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес шығыстарды өтеуге өтініш;


      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өз қаражаты есебінен жұмсалған шығыстар сомасын растайтын құжат.


      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.


      9-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.


      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.


      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.


      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.12.2016 № 713 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен өзендер
2017 -> Сундетова Асемгуль Сапаровна Информатика мұғалімі Ақмола обл., Кокшетау қ. Кмм
2017 -> Ақпараттық қауіпсіздік Біліктілік: Ақпаратты сақтау бойынша т
2017 -> Компъютерлік желі және телекоммуникациялар Біліктілік: Техник
2017 -> Білім беру бағдарламасы мамандық: Жаңартылмалы энергетика, 0903000 Электр энергетикасы (сала бойынша) Біліктілік
2017 -> Сабақтың тақырыбы
2017 -> Бейнежазбаны (avi, mp4 форматында) 27. 03. 2017 дейін жіберу керек (қосымша №2)
2017 -> Қонақ үй бизнесі: мейманхананы/мейрамхананы басқару Біліктілік: Сервис менеджері
2017 -> Бағдарламалау Біліктілік: Техник-бағдарламашы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
мерзімді жоспар
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
санды жиынты
дебиеті маманды
білім беруді
мектепке дейінгі
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
ырыпты жоспар

Loading...