Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Өнегелі өмір» атты ардагер –Шәмшия Әбдуәлиқызы ұстазбен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетіп қоялық.
Жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Кешіміздің ашылуын мың бұралған бишимізбен ашсақ.
БИ----------------
Бүгінгі кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар.
1)Шәмшия Әбдуәлиқызы,
2)Асылхан Төлегенұлы
3)Әбдібала Қарқабатқызы
4)Гүлбаршын Молдабекқызы
5)Айнажан Сүлейменқызы
6)Ақбала Байқонысқызы
Шәмшия Әбдуәлиқызы бүгінгі ұрпақ сіз сияқты ардақты ұстазын құрметтеп, қазақ төрінде биікке көтеріп,қошемет білдірсе, ол сідің еңбегіңіздің жемісі болмақ.Бүгінгі кеш соған дәлел.Олай болса, өмір жолыңызға шолу жасалынған слайдқа назар аударсақ.
(Өмірбаян)
Шәмшия Әбдуәлиқызы Қасым Аманжолов айтқандай өзге емес,өзім айтам өз жайымды дегендей өзіңіздің аузыңыздан естісек. Сөз кезегі өзіңізде..
Ендеше бүгінгі мерекелік шараны ашу үшін сөз мектеп директоры Байтымбетова Шолпан Орынтайқызына беріледі.
І жүрг: Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезовтың «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?» Осы үздік ой жетегінде ең алдымен ұрпақ тәлімгерлерімізге, ардагерлерімізге, біздің бүгінгі қонақтарымызға бас иіп жиналған қауым бір қошемет көрсетіп жіберсек. Шәмшия Әбдуәлиқызымен бірге ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңына бағындыра білген
,бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтарына сөз кезегі өздеріңізде…
1)Шәмшия Әбдуәлиқызы,
2)Асылхан Төлегенұлы
3)Әбдібала Қарқабатқызы
4)Гүлбаршын Молдабекқызы
5)Айнажан Сүлейменқызы
6)Ақбала Байқонысқызы
Жүргізуші: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Дей келе әсем әнге кезек берсек.
Ән ! «----------------»
Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Бақшаға арнап өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. –
«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
Шәмшия Әбдуәлиқызы біздің оқушыларымыз сізге бірнеше сұрақтары бар екен.Рұқсат етсеңіз сізге бірнеше сауал қойсақ.
Сұрақ-жауап
Шәмшия Әбдуәлиқызы,сіздің мамандығыңыз бізге үлгі,мына жас буынға қандай мамандық ұсынар едіңіз?
Неге осы ұстаздық жолын таңдадыңыз? Ұстаз болмасаңыз кім болар едіңіз?
Қыз балаға қандай мамандық иесі таңдаған дұрыс?
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.Олай болса, бугінгі Кешіміз Қасиетті Рамазан айымын тұспа тұс келіпті.Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын деп ауыз ашарларыңызға кішігірім қоржынымызды табыстауға рұқсат еттіңіздер.
-------
Аса қадірменді ұлағатты ұстаздар сіздердің маңдай термен еңбек еткендеріңіз кейінгі ұрпаққа игі іс. Сіздердің еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз! Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |