Шағымдары: дене қызуының 38 ° с-қа дейін жоғарылауына, ашық сары түсті қақырықпен жөтелге, инспираторлы ентігу, әлсіздік, қалтырау. Ауру анамнезі



Дата13.06.2021
өлшемі57.35 Kb.

Баққали Х 7-038 топ

Науқас 62 жаста



Шағымдары: дене қызуының 38 ° С-қа дейін жоғарылауына, ашық сары түсті қақырықпен жөтелге, инспираторлы ентігу, әлсіздік, қалтырау .

Ауру анамнезі: Жедел ауырған, 2 күн бұрын температура 38 ° C дейін көтерілді, жалпы әлсіздік, қалтырау, тәбеттің болмауы байқалған. Ешқандай дәрі қабылдамаған. Кеше жеңіл сары түсті қақырықты жөтел қосылған және физикалық күш түспегенде пайда болатын ентігу болған.

Өмір анамнезі: Эпидемиологиялық анамнез: вирусты гепатит, туберкулез, тері-венерологиялық ауруларды теріске шығарады. Аллергологиялық реакция байқалмаған. Тұқымқуалаушылық: жоқ. Цехта машинист болып жұмыс жасайды.

Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 38 ° C .Терісі құрғақ, түсі қалыпты, бөртпесіз. Перифериялық ісінулер жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпеде тыныс алу везикулярлы, оң жақ өкпенің төменгі жартысында әлсіреген, сол жерде сырыл(крепитация) естіледі, перкуссияда - перкуторлық дыбыстың тұйықталуы. ТЖ-21 .Жүректің шекаралары өзгермеген. Жүрек тондары ырғақты, анық. Жүрек соғысы = минутына 100 соққы.АҚ-110/70 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.Бауыр мен көкбауыр көлемі ұлғаймаған. Соққылау симптомы екі жақта теріс. Үлкен дәреті және зәр бөлуі қалыпты.

Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің мәліметтері.

Жалпы қан анализі: гемоглобин - 136 г/л, эритроциттер – 4,45x1012/л, ЦП 0,91, тромбоциттер – 220х109/л, лейкоциттер - 13,2х109/л, п/я - 7%, с/я –78,5%, эозинофилдер – 0,5%, базофилдер – 0,4%, моноциттер – 12%, лимфоциттер – 9,6%, СОЭ - 39 мм/ч.

SpO2 – 94 %, С реактивті белок - 188 мг / л

Кеуде қуысының рентгенографиясы





Тапсырма:

  1. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістеріне талдау жүргізіңіз

Менің науқасымда қабыну синдромы жүріп жатыр,себебі: ЖҚА: лейкоцитоз, нейтрофиллез, лимоцитопения, моноцитоз,СОЭ-нің жоғарылауы және С реактивті белок жоғарылаған.

Тыныс жеткіліксіз синдромы 1 дәреже- себебі:сатурацияның төмендеуі және

кеуде мүшелерінің R-граммасында өкпе тінінің мөлдірлігінің төмендеуі, оң жақта төменгі бөлігінде инфильтрация байқалады. Оң жақ өкпе тамырының кеңеюі және өкпе суретінің күшеюі.

2.Жетекші синдромды анықтаңыз, сипаттама беріп, ажыратпалы диагноз жүргізуге арналған аурулар тізімін көрсетіңіз және жүргізіңіз

**Жетекші синдром:Өкпе тінінің тығыздалу синдромы –жедел басталуы,айқын-инфекциялық қабыну синдромымен жүруі.Жалпы қарау кезінде везикулярлы тыныстың оң жақ өкпенің төменгі жартысында әлсірегені, сол жерде сырылдар(крепитация) естілгені, перкуссия кезінде - перкуссиялық дыбыстың тұйықталуы. Рентгенограммада - оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрациялық қараю.

Салыстырмалы диагнозды біз, өкпе инфарктысы,өкпе абцесі және өкпе тубекркулезімен жүргіземіз.



Өкпе инфарктісі:ұқсайтын белгілері-өкпенің тығыздалу синдромы,жөтел.

Ажыратпалы ерекшеліктері:бұл науқаста веноздық аурулар жоқ және аурудың алғашқы сағаттарынан бастап айқын инфекциялық-қабыну синдромы бар.



Өкпе абцесі: ұқсайтын белгілері-өкпенің тығыздалу синдромы,жөтел.

Ажыратпалы ерекшеліктері: «ірің шығу» (прорыв) жоқ, әлсірететін қосалқы аурулар (мыс. қантты диабет) жоқ



Өкпе туберкулезі: ұқсайтын белгілері: өкпенің тығыздалу синдромы және сары тусті қақырықты жөтел.

Ажыратпалы ерекшеліктері: туберкулез микобактерияларының анықталмағаны

3.Диагноздың әрбір фрагментін құрастырыңыз және негіздеңіз
Ауруханадан тыс оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы. Орташа ауырлық дәрежесі ТЖ 1

Ауруханадан тыс-науқас ауруханадан тыс үйінде ауырған.

Пневмония: келесі клиникалық синдромдарға қарап негізделген:Өкпенің қабынуы - ақшыл сары түсті қақырықпен жөтел, ЭТЖ жоғарылауы, ЖҚА-да лейкоциттер саны жоғарылауы. С-реактивті ақуыздың жоғарылауы.Интоксикация синдромы-өкпенің төменгі бөлігінде инфильтративті қараю түріндегі рентгендік көрініс , дене температурасының 38С дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, қалтыраумен, тәбеттің болмауымен көрінеді.Өкпе тіндерінің тығыздалу синдромы - объективті қарау кезінде: Өкпеде везикулярлы тыныстың оң жақ өкпенің төменгі жартысында әлсірегені, сол жерде сырылдың(крепитация) естілуі, перкуссияда – перкуторлық дыбыстың тұйықталуы.

Төменгі оң жақ бөлігінде - объективті және аспаптық мәліметтер бойынша өзгерістердің локализациясы оң жақ өкпенің төменгі бөлігіне сәйкес келеді.

Орташа ауырлық дәрежесі: диагностикалық критерийлерге негізделген: орташа дәрежедегі интоксикация симптомдары, дене температурасының 38 ° C дейін жоғарылауы, тыныс алу жиілігі 21 мин, жүрек соғысы 100 соққыға дейін / мин, асқынулар жоқ.

ТЖ 1- SpO2 – 94 %. ТАЖ-21


4.ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес емдеу жоспарын құрастырыңыз және әрбір тағайындаған емдік әдістер мен дәрілік заттардың қажеттілігіне негіздеме беріңіз, міндетті түрде әрбір дәрілік заттар тобынан бір дәрілік заттың мөлшерлеу тәртібін және схемасын көрсетіңіз.

Дәрілік емес емдеу:

· Интоксикация синдромын азайту және қақырық бөлінуін жеңілдету үшін - су балансын сақтау (сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау);

· Темекі шегуден бас тарту; Пациентке жөтелді тудыратын қоршаған орта факторларының әсерін жою (түтін, шаң, қатты иістер, суық ауа).

Дәрілік терапия:

1. Этиотропты терапия – Амоксициллин 0,5 гр 3 рет күніне

Макролидтер: Спирамицин 3млн 2 рет күніне

Азитромицин 250-500 мг 1 рет күніне

2. Муколитик

- амброксол - 1 таблетка - 30 мг - тәулігіне 3 рет немесе күніне 2-3 рет



- ацетилцистеин - ішке 1-2 дозада немесе ингаляция арқылы

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар