Шағымдары: беті мен аяғындағы ісінулерге, бел аймағындағы ауырсынуға, қан араласқан зәрге және оның тәуліктік бөлінуінің азаюына, сонымен қатар әлсіздікке, бас ауыруына, аздап көруінің нашарлауына. Ауру анамнезінде



Дата01.04.2021
өлшемі9.86 Kb.

Науқас А, 24 жаста

Шағымдары: беті мен аяғындағы ісінулерге, бел аймағындағы ауырсынуға, қан араласқан зәрге және оның тәуліктік бөлінуінің азаюына, сонымен қатар әлсіздікке, бас ауыруына, аздап көруінің нашарлауына.

Ауру анамнезінде: 3 апта бұрын ауыра бастаған. Ауру жұтынғанда ауырсынуы мен мұрынының бітелуімен іріңді бөліністермен басталып, бас ауыруы мазалаған, дене қызуы 39-40 С дейін жоғарылаған. 3 күн өткеннен кейін дене қызуы төмендеп, жағдайы жақсарған. Бірақ 1 апта бұрын тамақтан қабылдағаннан кейінгі жүрек айнуы мен құсу, қыжылдау пайда болған, бетінде, балтырының ісінулер, зәрі қызыл түсті болған. Қайтадан кезеңдермен дене қызуының субфебрильді цифрлерге дейін жоғарылағанын байқаған.

Өмір анамнезі: Жиі баспамен ауырған және гайморит асқынысы болған. Д есепте тұрмайды.



Аллергиялық анамнезі теріс, гемотрансфузия теріске шығарады. ВИЧ, гепатит, венерологиялық ауруларды жоққа шығарады.Ота жасалмаған.

Объективті: Орташа ауырлық дәрежесі. Тері жабыны таза, бозғылт. Бетінің, әсіресе қабағының ісінуі, жұмсақ жылы балтыры мен табанының ісінуі. Жұтқынша сақинасы лимфа түйіндерінің ұлғаюы және пальпация кезінде ауырсынуы. Аңқасы қызарған, миндалинасы гипертрофиялаған, іріңді жабындымен. Жұтқыншатың артқы қабырғасында мұрын қуысынан бөлінген іріңді бөлінді.

Жүрек тондары анық, ритмді. ЖЖЖ 80 рет минутына, АҚ – 170/100 мм.сын.бағ. Өкпесінде везиулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ 19 рет минутына. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсынуы. Бауыр және көкбауыр ұлмаймаған. Бүйрек пальпацияланбайды. Соққылау симптомы екі жағынан да оң. Нәжісі уақытылы және ауырсынусыз.

Лабораториялық зерттеулер:

ЖҚА: Нв 129 г/л, лейкоцит – 5,3*10 г/л, СОЭ 27 мм/с; ЖЗА: тығыздығы 1018-1020, белок 0,99 г/л, эр – 40-50 көру алаңында, лейк – 2-3 көру алаңында. Аңқасынан алынған жұғындыда бета-гемолитикалық стрептококк.
1. Болжамды диагноз.

Негізгі диагноз: Жедел гломерунефрит, ісіну-гипертоникалық нұсқасы, рино-тонзилогенді инфекциямен ассоцирленген.

Фондық аурулары: Созылмалы тонзиллит, созылмалы іріңді риносинусит өршуі.

Қосалқы патологиялар: қосымша зерттеулерді қажет етеді ( рефлюкс-эзофагит, -гастрит? н/се церебральды зақымдалу көрінісі болуы мүмкін)

Диагнозды науқастың шағымдары, анамнезі мен обективті, лабораториялық мәліметтері негізінде қоя аламыз.

Бүйрек зақымдалуын ісіну синдромы (өзіне тән сипаттамамен жұмсақ жылы), диастолалық қысымның жоғарлауы, бел аймағындағы ауырсынуы мен тәуліктік мөлшерінің азаюы, зәрдегі гематурия мен протеинурия (жедел шумақтық қабыну синдромы) көрсетеді , сонымен қатар аңқа жұғындысын қоздырғыштың анықталуы, аурудың басталуы көрінісі- жедел гломерулонефрит диагнозын қоюға негіз болады. Анамнезі негізінде созылмалы және қосалқы аурулары болжалды.

2. Синдромдарды атаңыз.

Нефритикалық синдром (қалған синдромдарды өзіне қосып ала алады), жедел шумақтық қабыну синдромы, церебральдық синдром, гипертоникалық синдром, ісіну синдромы, гематурикалық синдром, интоксикация синдром



3. Зерттеу жоспарын құрыңыз.

Лабораториялық зерттеулер:

БХА: жалпы белок және фракциялары, креатинин мен мочевина, холестерин мен липидтік спектр, электролиттер.

Реберг және Зимницкий сынамалары.

Аспаптық зерттеулер: ЭКГ, бүйректің УДЗ, Мұрын және оның қойнауларының рентгенографиясы, ФГДС ( НР-ға биопсиямен), офтальмоскопия.

Консультация: офтальмолог, ЛОР, гастроэнтеролог.



4. Ем тағайындаңыз.

Емдәм №7: ас тұзы мен суды, қарапайым көмерсулар мен нәруыздары, энергия жұмсалуына байланысты рациональды тағамның энергетикалық құндылығына көңіл аудару, экстрактивті заттарды алып тастап, ағзаны минеральды және витаминдермен қамтамасыз ету.



Этиологиялық ем АБТ: пенициллин 500,000 ӘБ 10-14 күн

Патогенетикалық ем: иммунодепрессанттар (цитотатиктер) циклофосфамид 1,5-2 мг/кг (100-150мг) ЖҚА қадағалай отырып талап етеді.

антикоагулянттар: Гепарин 5000-10000 ӘБ ( толық анализдерден кейін көрсеткіштер болған жағдайда) н/се курантил 225-400 мг ( гипотензивті әсері болғандықтан)

Гематурия ұзақ уақыт сақталған жағдайда: аминокапрон қышқылы тамшылатып к/і 150 мл 5 % 1-2 рет күніне 3-5 күн

Ісінуге қарсы ем: зәр айдаушы гипотиазид 50-100 мг н/се фуросемид 40-80мг күніне ( нефротоксикалық емес препараттар) және альбумин инфузия 10% раствора альбумина (10мл/кг)



Нефропротективті терапия (гипотензивті әсері) ИАПФ: каптоприл 25-100 мг тәулігіне

Қажет болған жағдайда көрсеткіштер болғанда тонзиллэктомия жасауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік