Керекті сөздер: Аяз Атаны, өлеңді, хатты, ата-аналарды, қымызды, компьютерлерді, терезені.
ЖАТЫС СЕПТІК
1-жаттығу. Берілген сөздерді жатыс септікке қойып жаз.
Дүкен, жаз, орындық, өзен, қала, көше, бесік, табақ, көктем, мектеп, демалыс, саяжай, сурет, шеберхана, ағаш, ет.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына жатыс септік жалғау-ларының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой.
1. Түн... жаңбыр жауды. 2. Үзіліс... біз далаға шықтық. 3. Үй... үш кісі отыр. 4. Кеме теңіз... жүзеді. 5. Аян дәрігердің қабылдауы... отыр. 6. Бақша... қауын, қарбыз өседі. 7. Бұл дүкен... азық-түлік сатылады. 8. Қыс... мен шаңғы тебемін. 9. Кеше біз кинотеатр... болдық. 10. Бала бесік... жатыр. 11. Демалыс... оқушылар Түркістанға барып келді. 12. Есболдың апасы кітапхана... жұмыс істейді.
3-жаттығу. Сұрақтарға жауап бер. Жауаптарын дәптерге жаз. Жатыс септікте тұрған сөздерді тап. Жалғауларын белгіле.
- Бір жылда неше ай бар?
- Жылдың бір мезгілінде неше ай бар?
- Сен жылдың қай мезгілінде тудың?
- Бір айда неше апта бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір тәулікте неше сағат бар?
- Бір сағатта неше минут бар?
- Мектепте бірінші сабақ сағат нешеде басталады?
4-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Жатыс септікте тұрған сөздерді теріп жаз. Жалғауларын белгілеп, емлесін түсіндір.
Біздің институтта спорт залы бар. Ол бірінші қабатта орналас-қан. Спорт залының оң жағында киім ілгіш, сол жақ қабырғада басқыштар бар. Есікте сабақ кестесі ілулі тұр. Есіктің қасында үстел тұр. Үстелде журналдар, кітаптар жатыр. Спорт залының ортасында түрлі спорттық бұйымдар бар. Сәрсенбі күні сағат сегізде біздегі дене шынықтыру сабағы спорт залда өтеді.
5-жаттығу. Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
(На нашей улице) кітап дүкені бар. (В магазине) үш бөлім бар. (В первом отделе) көркем әдебиеті сатылады. Онда (на казахском, русском и английском языках) жазылған кітаптар бар. (Во втором отделе) әр түрлі оқулықтар, анықтамалар, сөздіктерді сатып алуға болады. Үшінші бөлім (на втором этаже) орналасқан. Бұл жерде балаларға арналған кітаптар сатылады. Саша екеуіміз кеше түскі (в два часа) кітап дүкеніне бардық. Балалар әдебиеті бөлімінде (на четвертой полке) жақсы кітаптар көп екен. Сашаға екі кітап ұнады. Мен үш кітап сатып алдым.
6-жаттығу. Оң жақтағы бағанда берілген септеулік шылауларды жатыс септікке қой. Оларды пайдаланып, сөйлемдерді толықтыр.
А втобус стадионның ... тоқтады. асты...
Ауылдың ... құс фермасы бар. жаны...
Оқушы тақтаның ... тұр. алды...
Мектептің ... биік ағаштар өседі. сырты...
Шкафтың ... доп жатыр. үсті...
Үйдің ... көп кісі жиналған. іші...
Айжан Саматтың ... отыр. арты...
Үстелдің ... әдемі гүлдер тұр. қасы...
7-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жаз. Жатыс септікте тұрған сөздердің астын сыз.
Күш - білімде, білім - кітапта.
Жаманда дос жоқ, жалқауда ар жоқ.
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша.
Жігіт елінде патша.
4. Әзілде кек жоқ,
Өсекте шек жоқ.
5. Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
Достарыңызбен бөлісу: |