Жайынның тістері сүйектен емес, теріден пайда болады. Жайынның тісі жақтарына, тілі мен таңдайына және күллі денесіне шығады. Оның тістері талай жүзге жетеді. Жайын жауларынан тісі арқылы қорғанады.
2-жаттығу. Жұмбақтарды шеш. Зат есімдерді тауып, қай септікте тұрғанын анықта.
Жылда келген бір-ақ рет
Атамызға рақмет! (А... а...)
Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді. (қ...з)
Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады. (с...н)
Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны. (т...а)
Жазда жатса тыныстап,
Дейді қыста: «жұмыс тап». (ш...а)
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (ш...ы)
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (м...м)
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғау-ларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой.
1. Қалалық кітапхана Жамбыл көшесі... орналасқан. 2. Ма-шина тас жол... жүрді. 3. Кеше Дүйсен екеуіміз кино... бардық. 4. Біз сағат жеті... тұрамыз. 5. Қымыз... бие... сүті... әзірлейді. 6. Жазғы демалыс... Сәрсен мен Бейсен Шымкент... барады. 7. Оқушылар ертең тарих... емтихан тапсырады. 8. Келесі жылы Сәния алтыншы сынып... көшеді. 9. Сәуле жеделхат... пошта... апарды. 10. Менің әжем дәрілік шөп... емделеді.
4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Зат есімдер мен есімдіктерді тап. Олар қай септікте тұрғанын анықта.
Мұғалім
Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің, мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен бірге шығар күн.
Шәкіртің өткен іздерде
Үмітің гүлдер, мұғалім.
Білеміз ертең бізден де
Өмірдің талап сұрарын.
Сонда, ардақты мұғалім,
Уәдемде берік тұрамын!
Қиынға берік шыдармын,
Қияға талай шығармын!
Қ.Ыдырысов
5-жаттығу. Керекті сөздерді пайдаланып жақшадағы сұрақтарға жауап бер. Мәтінді көшіріп жаз. Септік жалғауларын белгілеп қой.
Ертең (кімде?) бірінші (не?) Қазақстан тарихы. (Неден?) соң қазақ тілі сабағы болады. Екінші сабақ сағат (нешеде?) бітеді. (Қашан?) бәріміз (қайда?) тамақ ішуге барамыз. Қолымызды (немен?) жуамыз. Біз (кіммен?) (нені?) жақсы көреміз. (Кімнің?) анасы біздің (қайда?) жұмыс істейді. Ол (нені?) дәмді пісіреді. (Неден?) кейін біз (қайда?) барамыз, келесі (неге?) дайындаламыз.
Керекті сөздер: асханада, Әсеттің, сабақ, сабынмен, кабинетке, онда, самсаны, тарихтан, сабаққа, асханаға, бізде, тамақты, Әсетпен, үзілісте, асханадан.
6-жаттығу. Сөз тіркестерін дұрыс құра.
Ананың айтты
тақтаға жүрді
терезеден шықты
қызбен қолы
өлеңді қарады
орманда сөйлесті
7-жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар. Зат есімдерді қай септікке қойдың?
1. Из дерева делают бумагу. 2. Мама Аскара работает в магазине. 3. В библиотеке много интересных книг. 4. Дима пришел в школу с Оразом. 5. Это платье мне сшила старшая сестра. 6. В Астану мы ездили на автобусе. 7. Осенью часто идут дожди. 8. Музей находится в центре города. 9. Завтра из Семипалатинска приедет мой брат. 10. Дети рисуют красками.
Достарыңызбен бөлісу: |