СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ
ЖАТТЫҒУЛАР ЖИНАҒЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.............................................................................................................. 4
Түсінік хат....................................................................................................... 5
Атау септік....................................................................................................... 6
Ілік септік......................................................................................................... 7
Барыс септік.................................................................................................... 9
Табыс септік.................................................................................................. 11
Жатыс септік................................................................................................. 13
Шығыс септік................................................................................................ 14
Көмектес септік............................................................................................. 16
Септік жалғауларын қайталау..................................................................... 17
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................... 20
КІРІСПЕ
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттері мен іскерліктерін арттыратын негізгі фактор – қызығушылық, яғни өзге тілді оқушының бойына қазақ тілін үйренуге деген арнайы белсенділіктің болуы.
Белгілі психолог Л.С.Рубинштейн өз зерттеулерінде «...қандай болмасын бейімділікті қалыптастыру үшін, іс-әрекеттің белгілі бір түріне байланысты өмірлік қажеттілік туғызу керек...» деп жазды.
Оқушыға ең алдымен қазақ тілі пәнінің оның өмірінде қаншалықты қажет екенін сезіндіру керек.
Қазақ тілі – оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті тұрмыста қажетіне жарайтындай, білім бере алатындай аса білікті пәндердің бірі, мемлекеттік тіл.
Қазіргі заман талабына сай білім беруді реформалаудың міндеті – оқыту үрдісінің нақты практикалық мақсаттарға бағытталуына қол жеткізу. Жаңа бағдарламаларда маңызды дағдылардың қалыптасуына көңіл бөлінеді.
Қазақ тілін оқытуда біздің меңгертетініміз – сөз, сөз тіркестері, сөйлем және мәтін. Кез келген сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы бар. Сөйлесу үшін сөздің тек қана лексикалық мағынасын ғана емес, грамматикалық категорияларын да білу керек.
Септік жалғау сөз бен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Септік жалғаулары арқылы есімдер (сөздер) сөйлемдегі етістіктермен де, шылаулармен де, олардан басқа сөздермен де, тіпті өзді-өзі де қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан септік жалғауларын жетік меңгерудің, оларды сөйлеуде дұрыс қолдана білудің оқушылар үшін маңызы зор. Септік жалғауларын танып-білусіз сауатты жазамын, сөйлеймін деу мүмкін болмас. Жаттығу жұмыстарын жүргізудегі дидактикалық міндеттердің бірі осымен байланысты болып табылады. «Септік жалғаулары» тақырыбы бойынша оқушының теориялық білімін іс жүзінде – жаттығуларды орындауда қолдануға дағдыландырады, оның тілді үйренуде өз қабілетін жан-жақты дамытуына жағдай жасайды. Сонымен қатар жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, пән мұғалімі әр оқушының септік жалғауларын қалай меңгергенін, қандай кемшіліктері бар екенін анықтап, сол бойынша жұмыс бағыттарын белгілей алады.
Жоғарыда айтылған жағдайды ескеріп, қолыңыздағы «Септік жалғаулары» жаттығулар жинағын көмекші құрал ретінде ұсынып отырмын. Өз жұмысында бұл құралды пайдаланатын әріптестеріме ризашылығымды білдіремін. Қазақ тілін оқытуда үлкен табыстарға, алдарыңызға қойған мақсаттарға әрқашанда жете беруге тілектеспін.
Достарыңызбен бөлісу: |