Семинар төрайымы а ш.ғ. к.,доцент Әлібекова Ғ. Б


Ч.Дарвин жұмыстарының ықпалымен әдістемедегі



бет2/2
Дата10.11.2020
өлшемі1.63 Mb.
түріСеминар
1   2

Ч.Дарвин жұмыстарының ықпалымен әдістемедегі


эволюциялық – биологиялық бағыты.
Жоспары :

  1. Ч. Дарвиннің әдістемелік бағыты.

2. Ч. Дарвиннің эволюциялық – биологиялық бағыты.
Лекция мақсаты: Ч. Дарвиннің эволюциялық – биологиялық бағытын оқып білу.

Лекцияның мәтіні :

1. ХVIII ғасыр аяғында мектеп биологиясын оқытуда тек қана биологиялық фактілерді сипаттау бағыттары үстемдік етті. Сол кездегі ғылымдар өсімдіктер, жануарлар және адам арганизмдерін зерттеу барысында сипаттама әдістерін пайдалана отырып зерттеулер жүргізді.

Биология ғылымынің дамуындағы басты бетбұрыс ХІХ ғасырдыңорта кезінен бастап, Ч.Дарвин ілімінің ашылуына тікелей байланысты болады. Биологиялық ғылымда табиғат сырларындағы қубылыстарды зерттеуде тарихи даму әдістері енгізіле бастады. Осы жағдайлар орта мектептегі биологиялық білім беру, оқыту процестеріне үлкен әсерін тигізді. Атақты әдіскер жаратылыстанушы А.Я.Герд нң 1-ші рет биологияны үйретуде, оқытуда эвалютсиялық идеяларды ең басты критерит етіп көрсетті.

2. ХХ ғасырдың 20-30ж.ж. биология ғылымынің экалогия, генетика салалары тез дамып жатті. Н.И.Вавилов туқым қуалаушылық, өзгерістердің гомологиялық қатарлары заңын ашты.

С.С.Червериков папуляциялық, генетикалық бір келкі емес, олар рецессивті мутациялар мен қаық қубылысын дәлелдеді. Осындай биология салаларындағы әртурлі зерттеу жұмыстарының нәтижесі, эволюциялық ілім мен генетикалық синтездік әдістерінің қорытындысынан келіп, эволюцияның синтетикалық теориясын қалыптастырады.


  1. Осы эволюциялық теорияның негізгі қағидалары мынадай: популятция-эволюцияның ең қарапайым қурылым бірлігі; оның ең басты бірлігі белгілі уақытта, кеңістікте ұрпақ боцы өзгеріске ұшырау қабілеттілігі бар.

  2. Эвалюцияның қарапайым материалы мутасия. Ол барлық организмдерде белгілі бір жағдайларда, белгілі бір жиілік пен популяцияға таралып, олардың барлық белгілеріне әсерін тигізеді.

3. Эволюцияның элементарлық факторы мутациялық процесс , популяциялық толқын , оқшаулану табиғи сұрыптау . Табиғи сұрыптау ең басты фактор .

4. Эволюцияның ең басты белгісі – дивергенттілік бір қалыптылық , ұзақтық және түр түзілу кезеңдері болып есептеледі .

5. Түр – бірнеше популяциядан және түр тармақтарынан тұрады . Оның ішінде гендер алмасып, ауысып жатады . Ол бір тұтас генетикалық жүйе болып есептеледі .Синтетикалық эволюция теориясы бойынша түр жайындағы көзқарас прокариоттарға және жыныссыз көбейетін эукариоттарға қолдануға болмайды . Микроэволюция макроэволюция процесімен тығыз байланыста .
Бақылау сұрақтары


  1. ХVIII ғасыр аяғында мектеп биологиясын оқыту?

  2. ХХ ғасырдың 20-30ж.ж. биология ғылымынің экалогиясы?

  3. Н.И.Вавиловтың биологияны оқытуға қосқан үлестері?

  4. А.Я.Герд нң 1-ші рет биологияны үйретудегі идеялары?

5 - лекция



ХХ ғасыр басындағы мектеп жаратылыстануы.
Жоспар:

1. Н.П. Дубинин , Романовтың эволюциядағы ең басты факторы

2. XXІ ғасыр биология ғасыры және биология ғылымдарының жетістіктері

Лекция мақсаты: ХХ ғасыр басындағы мектеп жаратылыстануының даму ерекшеліктерін оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. XX- ғасырдың 30 жылында Н.П.Дубинин , Романов , Райт эволюцияның ең басты факторы - гендердің жылжуы жайлы жаңалық ашты . Олардың ұйғаруы бойынша эволюция үшін ең маңызды фактор жеке мутация ғана емес , гендердің кездесу жиілігіндегі кездейсоқ өзгерістер болып саналады , мысалы тасқын су , өрт , салдарынан гендердің кездесуін өзгертіп , соның нәтижесінде популяция құрылымы өзгеріп , ол ұрпақтан – ұрпаққа берілуі мүмкін .

Эволюциялық теорияның дамуына тағы бір үлесін қосатын биологияның саласы, молекулалық бтология, генетиптердің эволюциясын айқындауға мүмкіндік береді .

Осының нәтижесінде биологиялық теорияның деңгейін көтеріп , тірі организмдерді зерттеуде онтогенетикалық , популяциялық шегінен тыс сырларын ашуға мүмкіндік береді .

Жаңа генетикалық проблемаларды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар гендердің нәзік құрылысын зерттеп, олардың функцияларының сырларын ашып гендердің жасанды синтезделуі арқылы, бір организмнен екінші организмге отырғызу барысында ғылымның жаңа саласы гендік инженерия дамыды .

Қазіргі кезде ғылымда гендердің аксонралды табиғаты жайлы ережелері ашылып белок құрылысының ақпараты ДНҚ молеуласының тізбектерінде интрондар арқылы бөлініп, белоктың информация бермейтін қосымшалар арқылы бөлініп тұратындығы дәлелденді. Гендердің осындай құрылысы ғалымдардың айтуы бойынша гендердің алмасу қабілеттерін арттырып, мутация тазалықтарын сақтай отырып жаңа гендердің қалыптасуына мүмкіндік береді .

Ғалымдардың анықтауы бойынша генотиптегі құрылымдық гендердің бірнеше кемшіліктері болады немесе генотиптегі гендердің ұқсас топтары әрқайсысы ұқсас кейде бірдей белоктарды қолдайды .

Бұлардың осындай ерекшеліктері керекті жағдайда көптеген белоктарды, ферменттерді синтездеу үшін органмзмдерге үлкен мүмкіндік береді. Гендердің осындай бір дупликациялық қасиеті эволюция үшін өте маңызды болады, себебі ол популяция ішінде тез тралып, особьтардың фенотипін өзгертуге мүмкіндік береді.

Ғылымның течниаклық жетістіктері барлық саладағы мамандардың биологиялық дайындықтарына талап қояды. Әсіресе болашақ мамандардың экологиялық сауаттылығы мен тәрбиесі шешуші роль атқарады .

Сондықтан жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, лицей , гимназияларда жас өспірімдер мен оқушыларға биология пәндерінен политехникалық білім қалыптастыруға аса көңіл аударуда .

Герцен жастарды тәрбиелеуде жаратылыстану білімінің маңызын айта келіп , оның жастық ақыл ойды ескінің қалдықтарынан тазартуға бағытталғанын осы негізде оларға кең мүмкіршілік ашатынын жазған еді .

Қазіргі таңда табиғатты қорғау мәселесі бүкіл әлемдік масштабта . Сондықтан биологиялық білім әрбір азамат , мемлекет , адамзат үшін ауадай қажет .

2. XXІ ғасыр биология ғасыры демекші биология ғылымдарының жетістіктері. Ауыл шаруашылығында өнеркәсіптер, өндірістер, медицинада, космостық биологияда. Ал жасөспірімдер мен жастар үшін білім мен тәрбиесінің, сан алуан жақтарын қамтуда биологиялық білімнің мәні зор. Мысылы: Политехникалық-санитарлық-гигиеналық дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру байқампаздық пен бақылау икемдеріне логикалық ойлау мен шығармашылыққа этикалық эстетикалық тәрбие, табиғатты сүю, аялау, қорғау, экологиялық-эволюциялық білім мен тәрбиені қалыптастыратып дамыту, отандық- патриоттық сезім мен тәрбие қалыптастыруда алатын орны ерекше.

Бақылау сұрақтары.

1.Мұғалім қандай қасиеттерге ие болуы қажет.

2.Биология ғылыиының дамуының бет бұрысы.

3.ХХғ. 20-30 жылдарындағы биология.

4.Генетикалық проблемаларды шешу.

6 - лекция .

Б.Е. Райков, оның революцияға дейінгі және советтік кезеңдердегі

отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы рөлі.
Жоспар:


  1. Б.Е. Райковтың революцияға дейінгі отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы рөлі.

  2. Советтік кезеңдердегі отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы рөлі.


Лекция мақсаты: Советтік кезеңдердегі отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы рөлін зерттеу.

Лекцияның мәтіні :

1. Биология пәнінің оқыту әдісін дамытуда профес­сор Борис Евгеньевич Райковтың (1880-1966) еңбектерінің маңызы ерекше. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары мен даму тарихын зерттеудегі еңбектері мп зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытуда арнайы кабинеттік жүйеге көшуді колдады.

Б.Е.Райков 1924 жылы Ленишрадта биологиялық станция ашып ғылыми зергтеулер мен бақылаулар жургізді. Табиғатқа экскурсиялар өткізудің білім деңгейін көтерудегі маңызын атап көрсетті.

Осы жылдары Наркомпрос мектептерде сабақ берудің жаңа әдістерін «лабораториялык» және «жоспарлау әдістерін» қолдануды нүскады. Лабораториялық, әдіс класс, сабақ кестесі, сабақтардың орньш алып, мүғалімнің рөлін кеңесші деңгейінде көрсетгі. «Жұмыс қоғаамшаларында» тапсырмалар беріліп ай соңында конференциялар өткізілді. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастаи оқу-агарту жүйесінде жаратылыстану пәндерін оқытудыц жалпы жөне арнайы оқу-әдістсмелері қарқынды дами бастады.

2. 1932 жылы 25 қазанда ЦК.ВКП(б) ның үйғарымында «Сабақ» оқытудың негізгі формасы екендігі корсетілді және барлық мектептердің түрлері жалпыға бірдей білім беретін он жылдық орта мектептерге ай­на лды. Биологияны оқыту ғылыми түрғыда бірізділікпен, жүйелілікпен жүргізілді. Осы ксзеңдердегі методикалық проблемаларды дамытуда оздерінің үлестерін қосқан белгілі әдіскерлер Ю.И.Полынский (1872-1930) , Д.А. Судовский( 1873-1942), М.М.Беляев (1880-1955), В.Ф.Натали (1890-1965), П.И.Боровицкий (1896-1966), Н.М.Верзилин (1903-1984) т.б. болды.

1937-1941 жылдары «Мектеп биология» журна­лы Б.В.Всесвятскийдің редакциясымен жарық көрді. 1946-1948 жылдары Б.Е.Райковтың редакдиясынан Леимшрадтагы «Мектептегі жаратылыстану» журналы к а ііга жаңғырып кейіннен Москваға «Мектептегі биология»- деген атиен ауысты.


Бақылау сұрақтары:

1. Н.П. Дубинин еңбектері?

2. Романовтың биологияға қосқан еңбнетері?

7 - лекция

Советтік кезең.
Жоспар:


  1. Советтік кезеңнің түсініктері

  2. Олардың ерекшеліктері.


Лекция мақсаты: Жаратылыстану пәнін оқытумен оның жаңалықтарымен танысу?

Лекцияның мәтіні :

1. Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар В.Ф.Зуев сол кездегі жаратылыстануды оқытудың маңызды проблемаларын шешу барысында көптеген еңбек етті. Пәннің ғылымилыгы, көрнектілігі, оқушылардың білімді саналы түрде игеруі, оқыту өдістерінің практикалық мәселелеріне тоқталды.

Бэр бірніші педагогикалық экскурсиялық биостанция қүрды. Бүл кезеңдегі методиканың ерекшедігі экекурсиялық, практикадык оқыту формаларына баса кнңіл аударылды. Осылай оқытудың нәтижесінде оқушылар нұсқау бойынша өз бетінше жүмыс жасау икем дағдыларын қалыптастырды.

Бұл оқыту формаларының негізінде Б.Е.Райков «Моторлы» (қозғалыстағы) методын анықтады.

2. Лабораториялық жүмыстарды жүргізу үшін үлестіліріп берілетін материалдар кеңінен тарады: тірі, кептірілген, консервіленген өсімдіктер, жануарлар және минералдар.

Жаңа мектептің ашылуы, оқу бағдарламаларының және жоспарларының жасалуына көптеген ғалымдар ат салысып, жаратылыстану пәнінің әдістемелік проблемаларын шешуге көптеген үлес қосты. Солардың бірі ботаника ирофессоры Валериан Викторович Половцев (1862-1919) болды. 1901 жылғы Петербургте өткен орыс жаратылыс зерттеу ғалымдары мен дәрігерлердің XI съезінде В.В.Половцев «Орта мектептердегі оқу пәндерінің мақсаты» тақырыбында жасаған баяндамасында, жаратылстану пәнін оқытудағы негізгі мақсат тәрбие және оны қалыптастыру үшін төмендегідей мәселелерге тоқталу керектігін керсетті:


Бақылау сұрақтары
І.Сыртқы қоршаған ортаның қүбылыстарын түсіну.

  1. Өз организіміндегі қүбылыстарды түсіну.

  2. Сезім мүшелерінің дамуы адамның психика-лык дамуының басты, маңызды факторлар екендігін білу.

  3. Белгілі тәртіпте және кең көлемде ойлау әдістерін жемісті түрде дамыту.

  4. Оқушының түлға ретіндегі рухани талаптарын кеңейту.


8 – лекция .


Биологиядан кластан тыс жұмыстардың дамуы.
Жоспар :

  1. Биологияны оқыту әдістемесінде орындалатын жұмыстар.

  2. Кластан тыс орындалатын жұмыстар түрлеріне сипаттама

Лекция мақсаты: Биологияны оқыту әдістемесінде орындалатын жұмыстардың маңызын оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар

Сабақтан тыс орындалатын жүмыстар мүғалімнің тапсырмасы бойынша жекеше түрде немесе топпен бірге бірігіп оқушылардың міндеггі түрде орындайтын практикалық жүмыстары. Сабақтан тыс орындалатын жүмыстар төмендегідей формалар түрінде үйымдастырылады:



  1. Биология кабинетінде орындалатын жүмыстар.

  2. Тірі табигат мүйісінде орындалатын жүмыстар.

  3. Табиғатта орындаатын жүмыс түрлері.

  4. Оқу—тәжірибе учаскееінде орі.індалагын жүмыстар.

Осылайша үйымдасгырылған сабақтан тыс орындалатын жүмыстардың соңында сабақ кезінде корсетілетін төжірибелер, кешюшөптер, коллекциялар, монтаждар, бақылаулардың қортындылары дайындалады.

Өсімдіктер мен жануарларға жүргізілетін кейбір бақылаулар үзақ мерзімде жүргізілетін болгандықтан, сабақ кестесінб симайды. Сабақ кезінде микроскоптардың жетіспеуіне байланысты, приборлар мен қүрал— жабдықтардың топшылығы, аякталмай қалған жүмыстарды сабақтан тыс уақытта жасауды қажет етеді.Оқушыларды 4-5 адамнан топқа бөлу арқылы ұсақ жануарларды күту—практикалық жүмыстарын іске асыруға болады.

2. Оқушылар мүғалімнің берген тапсрымасы бойынша жануарларға ұзақ мерзімді биоло-гиялық бақылаулар жүрізіп, бақылау қорытындысын сабақтарда қолданады. Әрбір оқушы оқу жылының барысында-1 немесе 2сабақтан тыс жүмысты міндетті түрде орындайды, ол жүмысын мүгалім міндетті түрде бағалайды.

Кейде сабақтан тыс орындалатын жүмыстар үй тапсырмасы сияқты алдын—ала беріледі. Оның мерзімі оқытылатын материалдың мазмүнына байланысты бінеше күн, апта немесе ай бүрын белігленіп, беріледі.

Мысалы өсімдіктану пәнінен:

1. Суда өсірілетін өсімдіктермен тәжірибе жасау—2 ай.

2. Жапырақтың бетінде крахмал таңбасын түсіру—2 күн.


  1. Жапырақтың бойынан 02 болінуі— 3 күн.

  2. Тамырдың қысымының көтерілуі—2 күн.

  3. Сабақтың бойымен судың көтерілуі— 3 күи.

  4. Бегонияның жапырағы арқылы көбеюі— 2 ай




  1. Қара—күйені өсіру—20 күн

  2. Мүктің өскінін өндіру—15 күн.

  3. Папоротниктің өскінін өсіру- 2 ай


Бақылау сұрақтары

  1. Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар?

  2. Өсімдіктер мен жануарларға жүргізілетін кейбір бақылаулар?

  3. Биология кабинетінде орындалатын жүмыстар?

  4. Табиғатта орындаатын жүмыс түрлері?

  5. Оқу—тәжірибе учаскееінде орындалатын жұмыстар?


9 - лекция

Биологиялық білім беру құрылымындағы өзгерістер



Жоспары :

  1. Биологияның білім беру құрылымдары

  2. Білім беру құрылымдарын жаңарту әдістері


Лекция мақсаты: Биологияның білім беру құрылымдарын оқып үйрену?

Лекцияның мәтіні :

1. Биология пәнін оқытудағы ең бір тиімді дидактикалық ұстанымдардың бірі- пәнаралық байланыс. Бұл ғылыми- жаратылыстану пәндері мен қоғамдық- гумнитарлық циклдердің және жастарды еңбекке баулуда білім берудің арасындағы байланыстардың қамтамасыз етеді.

Пәнаралық байланыстың мақсаты:

ҚР- ның жалпы білім беру қағидасына байланысты, оқушылардың жиған- түйген білімдерін пән мұғалімі ескере отырып, сол қажетті элементтерді тиімді пайдалану арқылы табиғат және тіршілік жайлы ұғымдарды яғни биологиялық түсініктерді ғылыми көзқарасқа негіздеп, кең мағынада оқушының санасында қалыптастыру болып табылады.

Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстарды тиімді қолданулардың алғы шарттары:

а). Бұрын оқылған биологияның басқа курстарынан таныс түсініктерге сүйеніп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау;

ә). Биологиядан басқа пәндерден алынған таныс түсініктермен байланысын ашу;

б). Болашақта оқылатын биология және басқада пәндерде кездесетін түсініктермен байланыс жоспарын алдын ала жасау;

Осы жоғарыда айтылғандарға сүене отыра, көздейтін мәселе «Биологияны оқытудағы пән аралық байларыстардың» мән- мағанасын ашу болып табылады. Сондықтан: қазіргі заман мектебіне қойылатын талапқа сай,

Биологиялық түсініктерді қалыптастыруда пән аралық байланыстардың тиімді жолдарын жан- жақты талқылап оны іс жүзінде насихаттау.

Пәнаралық байланысты қолданудың әдістемелік көкейтесті мәселесі: оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, олардың өз беттерімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналады. Пәнаралық және пәншілік байланыстарды өсімдіктану мен жануартану

курстарында қолдану.

Пәнаралық байланысты күнделікті сабақ өткізуге пайдалану биолгия пәнінің мұғалімінің теориялық білімінің теңдігін, және жан- жақтылығын, эрудициясын, іздемпаздығын талап етеді. Оқушылардың басқа пәндерден алған білім деңгейі қаншалықты екенін биология пән мұғалім жағында болу тиіс.

Себебі, биологиялық түсініктерді кең мағанада түсіну үшін оларды басқа пәндерден алған білімдерін ескере отырып, сабақта тақырыпқа сай сол элементтерді қолдану қажет.

Өсімдіктану курсын өткенде тақырыпқа сай «география » пәндерінен алған білімдеріне ой жүгірту керек. Өйткені олар география сабағында тропикалық, субтропикалық, шөлді және тағы басқа белдеулердегі топырақтық түрлерін, теңіз балдырын, сондай- ақ көптеген өсімдіктердің таралу аймақтарын жан-жақты, кең мағынада өткен болатын.

Ал орыс тілі пәнінен бесінші сыныпта түр және туыс жайлы түсініктер беріледі. Бесінші сыныпта биология пәнә мұғалімі тәжірибе жүргізер кезде алгебра пәнінен алған білімдерін яғни пайыз және бөлшек өлшемдерін қолдана отырып, оларға толық талап қоя алады.

2. Жетінші сынып оқушылары ағашты кесу, гүлді ұзыннан ұзақ жүйек түрінде отырғызу және клумб жасау үшін түзу бұрыштары, параллель түзулер, шеңбер жүргізуде геометрия пәнінен алған білімдерін іске асыра алады.

Пәнаралық байланыс көлденең (горизонтальді) сол сыныпта өтілетін пәндермен бір тұтас, сондай-ақ тігінен (вертикальді) жоспарда төменгі сыныптарда өтілетін пәндермен тығыз байланысты жүргізіледі.

Табиғаттану курсы бойынша алынған білім өсімдіктану курсының тек қана мазмұны жағынан немесе (ауаның құрамы, топырақ, миниралды тыңайтқыштар, торф, тас көмір), сондай- ақ оқушылардың іскерлігінде (оқулық пен үйде жұмыс істеу, сұраққа жауап беру, затттардың құрамын салыстыру, кесте толтыру, бақылау жүргізіп, коллекциялар жинау, отынды, пробирканың, термометрді қолданып тәжірибе жасау) арттырады. Мұндай жағдайда биология пәні мұғалімі пәншілік байланыс ретінде, өлі табиғатты вертикальдық жүйеде өсімдіктану мен байланыстыруына болады. Пәншілік байланыс биологиялық түсініктердің дамуын қарастырады.

Жануартану курсы бойынша жануарлардың тіршілік ету жағдайын қарастырғанда мұғалім бұнда білімдеріне арқа сүйеді. Осыған орай олар жануарлардың оттегі, көмірқышқыл газы, судың (О2, СО2, Н2 О) тыныс алу, қоректену, зат алмасу кезіндегі күйін қарастырады.

Жануартану курсында қосымша география пәнінен оқушылар жануарлардың әр түрлі континент және зоналарда таралуы туралы көптеген мәліметтер алады. Сегізінші сынып физика пәнінен Архимед заңы балықтардың жүзуі туралы түсінік береді.
Бақылау сұрақтары

1. Жануартану курсында қосымша география пәнін оқыту?

2. Пәнаралық байланыс?

3. Табиғаттану курсы бойынша алынған білім?

10 - лекция

Биология пәні бойынша жүргізілетін оқу – тәрбие

жұмыстарының міндеттері
Жоспары :

1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері


2. Қазіргі кезде мектептегі оқытудың негізгі формасы - сабақ.
Лекция мақсаты: Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлерін үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері.

Оқытудың формалары.

Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты.

Биология пәндерін оқыту барысындағы мұғалімнің негізгі міндеті оқушылардың бойына жүйелі түрде, бірізділік пен биологиялық түсініктерді, ғылыми көз қарасты, өздігінен ойлау процесі мен практикалық жұмыстарды орындау икем дағдыларының біртұтастығын үздіксіз дамыту болып табылады.

“Система” - дегеніміз грек тілінде белгілі бір логикалық тәртіпте құбылыстарды, заттарды іс әректтерді топтастыру деген мағынаны білдіреді екен. Жүйе бір – біріммен байланыстағы бөліктердің дамуының заңдылықтарының орналасу тәртібі.

Ал “методика” (әдістеме) “жүйе” түсінігі тәрбиелеп - оқытудың присптерінің біртұтастығы, оның элементтерінің өзара қарым – қатынасы мен бірлігі.

Мектепте оқушыларды тәрбиелеп оқытудың алуан түрлі формаларын ұйымдастыру қолданылады. Оқыту формалары дегеніміз - оқушылардың оқып білім алу, іздену әректтерін ұйымдастыру, мұғалімнің мұғалімнің оқу процесі кезінде әр түрлі жағдайларды, іс - әрекетті пайдалануы.

2. Қазіргі кезде мектептегі оқытудың негізгі формасы - сабақ.

Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагок И Штурм, дамытып, теорялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясы жасаған А Я Коменский. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материялдардың мазмұны оқытудағы тақырыптың негізінде мазмұндап , оқушыларға білім және тәрбие қалыптастырады. Әр бір лқушы сабаққа қатысуға міндетті. Кластағы оқушылар сагы тұрақты жас шаралар бірдей, білім деңгейлері де бірақ қалыпты болу керек. Сабақ барысында жетекші, негізгі ролі мұғалім атқарады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдердің, формаларын қолданады. Деңгеймен сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде орын жоғарылатпайды.

Мектептегі биология пәндерін оқыту барысында оқытудың басқада формалары қолданады. Сабақтардың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін топ серуендер (экскурция), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар міндетті немесе кластан тыс жұмыстық, мен тірі табиғат үйірмесінде биология бөлмімінде орындалатын жұмыстар.

Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық Әдіс – тәсілдерін қолданады.

Өсімдіктермен жануарлар демократияларда зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың ішкі және сыртқы құрлыстарымен таныстырады.

Тірі ағзалардың тіршілігін, дамуын, бір – бірімен қарым – қатнастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытуың басқа формасы қолданылады ол сбақ оқыту формасын толықтырады.

Сапалы сабақ өткізудің талаптары өте күрделі:


  1. Сабақты оқытудың дидактикалық присптері толық қамтамасыз етіледі.

  2. Ғылымның, педагогикалық іс – тәжрибенің озық жетістіктерін пайдаланады.

  3. Оқушылардың танымдық іс - әректтерімен пәнге қызығушылығын арттыру.

  4. Пәнарқылы байланыстарын қамтамасыз ету.

  5. Өткен сабақтарда алған білімдеріңді негізінде, оқушылардың білім деңгейін одан әрі дамыту.

  6. Әр бір сабақта оқушылардың ойлау әрекетін дамыту.

  7. Мұғалімнің сабақ жоспарының дұрыс түзілуімен сабақты рационалды түрде өткізу т.б.

Сабақтың негізгі мақсаттары, білім беру, тәрбиелеу және дамыту. Білім беру мақсатын орындау үшін төмендегідей дидактикалық мәселелерді қамтыған жөн.

    • Сабақтың білімдік мақсатын ашатын ақпараттармен қамтамасыз ету.

    • Табақ жаңа технологиялық әдістермен өткізу.

    • Сабақтардың құрлымымен оны ұйымдастыруда шығармашылық таныта білу.

    • Сабақ барысында ұжымдық және жекеше ізденіс формаларын жүзеге асыру.

    • Сабақтың мазмұнын түсіну, игеру деңгейін анықтау, бағалау.


Бақылау сұрақтары

1. Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері?

2. Оқытудың формалары?

3. Сабақтың негізгі мақсаттары?

11 - лекция

Оқушыларды әдептілікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Жоспары :

1. Кері байланыс.

2. Әдептілікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Лекция мақсаты: Оқушыларды әдептілікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу түрлерін үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1. Кері байланыс.

Ал сабақтың тәрбиелік мәні, сабақтың мазмұнына сай анықталып, тәрбиенің барлық түрлерін қамтамасыз ететіндей, тәрбие мәселелерін шешу мүмкіншіліктерін анықтайтын болу керек.

Сабақтың дамытушылық мақсатына қойылатын талаптар, оқушылардың оқу – танымдылық, іздемпаздық, шығармашылық, қызығушылық іс - әрекеттерімен белсенділіктерін дамыту, сонымен бірге қоғамның дамуына сәйкес білім деңгейлерін жоғарылату.

Экскурсиялар - оқушылардың табйғй жағдайда өсімдіктер мен жа нуарлартіршіліктерімен танысуына мүмкіндіктер берді. Табиғатқа өндірістерге, мұражайларға, ауыл - шаруашылық қожалықтарына т.б. оъектілерде өткізіледі. Экскурсйялар сабақтың тақырыбымен тығыз байланысты. Топсеруендер түсініктер комплексне кіріспе немесе түсініктерді бекіту, нақтылау, тереңдеу, қортындылау үшін жүргізіледі. Экскурсйя кезінде бақыланған құбылыстар, объектілер, жинақталған материялдар сабақ кезінде көрсетіліп, қайталанады.

2. Әдептілікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу Үй жұмыстары - да сабақпен тығыз байланыста болады. Оқушылар үйде аса күрделі емес тәжрибелер орындап бақылауцлар жүргізеді.

Эксперимент – сипатындағы жұмыстар сабақтың мазмұны мен тығыз байланымта, оның қортындысы міндетті түрде сабақтадемонстрацияланады. Сабақ кезінде басталған практикалық жұмыстар аяқталмай қалған жағдайда үйде жалғастырады. (мыс: гүлдердің бөліктерін дәптерге жапыстыру, таблицалар толтыру, схемалар мен суреттер салу. Т.б.) жұмыстар.

Әсіресе оқушыларды қызықтыратын алдын – ала орындалатын үй жұмыстары, жаңа сабақ өту кезеңінде оқушы өз бетінше үйде орындаған жұмысының қорытындысын алып келеді, оқушының өзі немесе мұғалім үй жұмысын сабақтың мазмұнымен байланыстары отырып демонстрациялайды.

Үй жұмыстары мен сабақтың бір – бірімен тығыз байланысы жүйелі түрде биология курстары бойынша сабақтан – сабаққа жалғаса береді.

Бақылау сұрақтары

1. Кері байланыс?

2. Экскурсияны ұйымдастыру?

3. Эксперимент жүргізу жолдары?

4. Үй жұмыстары н орындау тәсілдері?

12- лекция

Қазіргі мектеп биология курсын құрудың

негізгі принциптері, мазмұны және жүйесі.
Жоспары :

1. Қазіргі мектеп биология курсының мазмұны және жүйесі.

2. Мұғалім биологиядан жаңа түсініктерге формулаларға жалпы сипаттама беру
Лекция мақсаты: Қазіргі мектеп биология курсының мазмұны және жүйесін зерттеу.

Лекцияның мәтіні :

1. Тіршілік тану курсында пәнаралық байланыстарды тиімді пайдалану жолдары.

Оқушылардың тіршіліктану курсын оқуға дайындығы негізінен физика, химия пәндерінен алған азды – көпті білімдеріне байланысты (оныншы сынып). Мысалыға, физика пәнінен ультрафиолет сәулелер, рентгенизация, денелердің радиоактивтілігі, электрондық теория, фотон жайлы түсініктерді білу керек.

Ағзаның жалпы құралымы жайлы түсініктің органикалық химиядағы әсеріне биологиялық күрделі қосылыстар туралы мәліметтермен тікелей байланысы бар. Сондай- ақ пәнаралық байланыс оқушылардың биология ғылымдарының демалуының алғы шарттары және әр түрлі халық – шаруашылық салаларында оның жетістіктерімен танысуы кезінде қажет.

Бірақ – та, химия пәнінің байланысында көптеген кемшіліктер байқалады: оқушылар аққуыз, көмірсу, лепидтер және тағы басқа күрделі биологиялық қосылыстардың бүге – шүгесін білмей жатып, оны тіршіліктану барысында оқып өтеді. Ал бұндай қосылыстар органикалық химиядан тек онбірінші сынып оқу жылының соңында оқытылады. Жасуша туралы жаңа көзқарас химиялық компоненттерсіз және олардың құрылымынсыз ойға санамайтын нәрсе. Өз кезегінде нуклейн қышқылының негізгі компоненттерінің молекулалық құрылысы туралы – көмірсу, фосфорқышқылының, сілтілі азоттың негіздерінің төрт түрін білмей ақуыздың синтезін және тұқымқуалаушылық, яғни, табиғи процестердің тіршілігін түсіну мүмкін емес. Осыған орай биология пәні мұғалімі өз сабақтарында жасушаның химиялық құрамын және ондағы процестерді түсіндіру үшін химиялық білімдермен қарулану қажет.

Тәнтану пәнінен беретін мұғалім өтетеін тақырыбына байланысты органикалық химия курсынан қажетті химиялық білімдермен қарулану қажет. Мұғалім жаңа химиялық түсініктерді химиялық формулаларға жалпы сипаттама беруден шектеліп оны нақты мысалдармен демонстрациялайды. Онбірінші сыныпта мұғалім оқушылардың неорганикалық химиядан алған білімдеріне сүйенеді, себебі коваленттік байланыс және геонтериясы жайлы ұғымдар сегізінші – тоғызыншы сыныптарда өтілгені жағдайды жеңілдетеді.

Мұны келесі мысылдармен тьүсіндіруге болады:

Негізгі энергия көзі көмірсулар болатыны онбірінші сынып оқушыларына таныс глюкоза, гликоген, клетчатка, крахмал мысалына көруге болады. Көмірсудің физикалық құрамын және адам ағзасында кездесетінін, сондай – ақ тағам құрамындағы көмірсу ас қорыту процесінде глюкозаға айналып, қан арқылы ұлпаларға тасымалданатынын түсіндіруге болады.

Липидтер ағза резерві және жасуша құрцылымының құрамында мысалыға, жасуша қабықшасында көрінеді.

Нуклейн қышқылының молекулалық құрамын түсіндіру қиынға соқпайды. Себебі, көмірсу компонентінің түсіндіруде оқушылардың өсімдіктану мен тәнтану курсынан өткен крахмалдың мысалында айтуға (тұқымның құрамы, фотосинтез өнімдері және асқорыту процесі кезіндегі крахмалдың өзгеріске ұшырауы) болады. Ал сілтілі негізі және фосфорқышқылы туралы түсінік оқушыларға беорганикалық химиядан танымал.

Химия және физика бағдарламасы әсіресе, тіршілік танумен пәнаралық байланыс ретінде сәйкестендірілуі тиіс. Бұл тіршіліктану

пәніне дайындық ретінде оқушылар молекуладағы атомдардың оранласуын, заттардың құрамы атом мен молекуланың құрылысына байланысты екендігімен таныс болуы керек.Мысалға «Көміртегі және оның қосылыстары» тақырыбы метаннан да басқа мысалдармен қеңейтіліп бірлесе, биологиялық оқытуда көмек болар еді.

2. Тіршіліктанудың гуманитарлық пәндермен де пәнаралық байланыстар бар. Оқушылардың тарих пәнінен білімдері, оларға тарихи жағдайда әр әртүрлі ғылыми теориялардың пайда болуын түсінуге көмектеседі. Экологиялық проблемалармен биосфераның заңдылықтарын оқыту үшін физико – географиялық білім қажет. Тіршіліктанудың мазмұны философиялық тәртіпке саяды. Сондықтан ғылымтануды оқытады.

Биологиялық құбылыстар ретінде философиялық тракт проблемаларына ден қою тіршіліктану пәнін оқытуда зарарын тигізеді. Бұл философиялық категорияларға қосымша оқытушыларды биологиялық факторлармен заңдылықтарды жаттауға үйретеді.

Бұндағы барлық байланыстар оқу және тәрбиелік мағана береді: Мектепте әртүрлі ғылымдардың негізі оқтылады, бірақ оқушылардың білімі түрлі оқу пәндерімен байланысты қоғам және табғат туралы жалпы білім қалыптасу керек.

Оқушылардың өздері әртүрлі пәндерді оқығанда бұндай байланыстарды қарастармайды. Мұғалім болса осы байланыстарды сұрақ қою арқылы ұғындырады.
Бақылау сұрақтары

1. Оқушылардың тіршіліктану курсын оқуы?

2. Оқушылардың жануартану курсын оқуы?

3. Оқушылардың өсімдіктану курсын оқуы?
13 - лекция

Мектеп биология курсының пәнаралық және пән

ішілік байланыстары.
Жоспары :

1. Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі.



2. Биологиялық курысынан сабақ беру.

3. Оқушылардың білімін қалыптастырудағы пәнаралық байланыс.
Лекция мақсаты: Пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға білім беру жолдарын үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1.Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі.

Биология пәнін оқытуда пәнаралық байланыстар бірнеше қызмет атқарады:


  • Бірінші – методикалық қызметі. Осы қызметті оқушылардың табиғаттануға, оның біртұтастығы мен дамуына дидактикалық - материалистік көзқарасын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

  • Екінші – оқушының білімдік ой – санасын қалыптастырып, алғырлығын дамытады. Бұл ретте пәнаралық байланыстарды игеруге мүмкіндік туғызады биологиялық түсініктерді дамыту құралы есебінде пайдаланылады.

  • Үшінші – тәрбиелік қызметі. Осы қызметті пәнаралық байланыс білім берудегі политехникалық бағытты іске асыруда көмектеседі.

  • Төртінші – конструктивті қызметі. Оқу материалдарының мазмұнын, әдісі мен ұйымдастыру формаларын арттыруға көмектеседі.

Мектеп мұғалімдері күнделікті оқыту жұмыстарына пәнаралық байланысты іс жүзінде пайдалану кездерінде көптеген қиындыққа кездеседі. Оның негізгі себебі, пәнаралық байланыстар жайлы керекті оқу әдістеиелік құралдардың жоқтығынан.

2. Биологиялық курысынан сабақ беру үшін әрбір мұғалім пәнаралық байланысты «іс жүзінде» орындауы тиіс. Оның өзі бірнеше кезеңдерден тұрады.

А) Биологияның әрбір курсының және басқа да пәндердің басты тақырыптарының арасындағы пәнаралық байланыстарды талдап, қосымша әдебиеттерді пайдалану.

Ә) Курстық және тақырыптық жоспарларды пайдаланып, пәнаралық байланысқа сәйкестендіріліп, сабақтың жоспарын құру.

Б) Нақтылы сабақтың тақырыбы бойынша әдістемелік тәсілдермен керекті құрал – жабдықтарды дайындау, тағы басқалар. Іс жүзінде орындауға қолданылатын әдістемелік тәсілдердің барлығы оқушылардың өз бетімен ізденіс жұмыстарын арттыруға арналады.

Пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға білім беру және тәрбиелеу процестерін қалыптастыру.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» Әл – Фараби

ҚР – сы Тәуелсіздік алғаннан бері жас өспірімдерге тәрбие беру өзекті мәселе болып келеді. Тәуелсіз Республикаға біліммен қаруланған, жан – жақты дамыған, шығармашылықпен еңбек ете алатын дарынды адамдар қажет. Тәрбие мәселелерін шешу үшін биология пәні мазмұны жағынан да оқыту әдістері жағынан да тиімді және тәрбиелеудің барлық түрлерін қамтамасыз етеді. Сондықтанда биологияны оқытуда пәнаралық байланыста өткізу оқушылардың білімін дамытумен қатар тәрбиелік қызметінің де қалыптасуына үмкіндік береді.

3. Оқушылардың білімін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың негізгі үш тобына тоқталайық:


  1. Оқушылардың білімін дамыту.

  2. Алған білімін іс жүзінде қолдану.

  3. Алған білімін бағалай отырып іскерлігін дамыту.

Әрбір мұғалім оқу материалының мазмұнын сараптай отырып пәнаралық байланыстарды анықтап, әр түрлі әдістерді пайдаланып, өз жұмысын іске асыру қажет. Ал тәрбие элементтеріне келетін болсақ, олар;

  1. Дүниетанымдағы ғылыми көзқарасты

  2. Ойлауды тәрбиелеу

  3. Еңбек ету мәдениетін тәрбиелеу

  4. Эстетикалық тәрбие

  5. Этикалық тәрбие

Биология сабақтарында кең және жан – жақты пәншілік және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді.

Оқушылардық танымдық процестерін арттыру.

Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептері шығаруды үйрету.

Пән аралық танымды қалыптастырушы есептерді басты үш топқа бөлуге болады;



  • Бірінші – оқушының танымдық білімін арттыру:а ба:ыттал:ан есептер.

  • Екінші - теориялық білімдерді практикада пайдалануға бағытталған есептер.

  • Үшінші – Оқушылардың іскерлігін, ептілігін қалыптастырыуға бағытталған есептер.

Практикалық іскерлігін дамытуға арналған есептерді шығару барысында оқушының есептеу, өлшеу, эксперименттерді жүргізу, өз бетінше ойлану және т.б. іскерлік жақтарының дамуына мүмкіндік туады.

Оқушылардың іскерлігін, ептігін, төтенще құбылыстарды байқау жағын қалыптастыратын есептерде аса көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе тірі ағзалардың эволюциялық даму үрдісінде кездесетін құбылыстар қарапайым атомдардан – молекула – жасуша – ұлпа – мүше – мүшелер жүйесі – популяция – түр және одан да жоғары деңгейлеріне тоқтағанда оқушының дүниеге тірі табиғатқа көзқарасын қалыптастыратын нақтылы фактілерді, ғылымның басқа салаларындағы жаңалықтарды пайдаланған жөн.



Тәнтану курсында пәнаралық байланысты іске асыруда бірінші – проблемалық жағдайларды тудыру, оларды талқылау, танымдық есептерді шығарудың маңызы зор.

Мысалы «Бұлшық еттердің жұмысы» тақырыбында оқушылардың проблемалық мәселелерді шешуіне тура келеді.

« Неге адамның бұлшық еттері әртүрлі қимылдар жасаған кезде адам денесі қызып, жылу бөлінеді ? » Бұл жердегі шешуі талап етілген мәселелердің бірі - химиялық ээкзотикалық және эндотермия реакциялар кезінде энергияның өзгеруі физика пәнінен энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуы жайлы білімді пайдаланып, жұиыс істегенде еттен ағып шыққан көктамыр қанының температурасы салатамыр ( артерия ) арқылы сол етке келіп құятын қанның темпиратурасынан жоғары болатынын түсіну. Ал оқушылардың бір тобы өсімдіктер мен жануарлар курысын өткендегі тыныс алудың жасушадағы органикалық заттар тотығып, жылу бөлінетіндігі туралы білімін естеріне түсіріп жұмыс кезінде ет талшықтарындағы жаттығу үрдісінің нетижесінен бөлінген жылу деп жауап беруі мүмкін, ол жылуда экзотермиялық.

«Неге ет жұмыс істегенде көп, ал тұқым тыныс алғанда аз энергия бөледі ? » - деген сұраққа оқушылар физмка курысынан алған білімін есе алып «Жұмыс істеген еттерде механикалық энергия жылу энергиясына айналады» - дейді. Ал бұл жерде «механикалық энергия қайдан пайда болады ? » - деген сұраққа былай түсіндірме беруге болады: ет талшықтарындағы ақуыздар мен көмірсулар ыдырауының және тотығуының нәтижесінде химиялық байланыстардың түзілуінен энергия бөлінеді, қан плазмасы осының салдарынан жылуды сіңіреді, сөйтіп оның темпиратурасы жоғарылайды. Адам денесінде пайда болған тер буланғанда да артық жылуды қоса алып кетіп, адам денесіндегі жалпы температураны бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады.

Пәнаралық байланыстарды пайдалану арқылы проблемалывқ сұрақтарды шешудің мысалын келтірейік.

Мысалы «Ағзаның ішкі ортасы» тақырыбын түсіндіру кезінде оқушыларға мынадай сұрақ қоялық. «Егер қан плазмасында судың мөлшері 80 % жақын болса, сол қанға суды құюға бола ма ? » Бұл сұраққа жауап беру үшін тәжірибе көрсетуге болады.

Картоптың мөлшері бірдей үш кесіндісін алып, олардың бірін дистилденген суға, екіншісін – 0.9 – тік ас тұзы ерітіндісіне, үшіншісін – 10 -ке ас тұзы ерітіндісіне салып, бірнеше уақыттан кейін оларда қандай өзгерістер болатынын оқушылардың өздеріне бақылату керек, олар екінші кесіндіде ешқандай өзгеріс болмай, бірінші және үшінші картоп кесінділерінің мөлшерінің өзгергендігін байқайды. Осыларды дәлелдеу үшін оқушылар химиядан алған тұз ерітіндісінің концентрациясына байланысты, ал физикадан сұйықтардың диффузиясы туралы тірек біліміне сүйене отырып, неліктен бір тәжірибеде картоп кесіндісінің көлемі үлкейсе, екіншілерінде мөлшері азайып, жиырылып кететініне жауап бабады.

Осы мәліметтерге сүйене отырып қанға суды құюға болатын, болмайтынын дәлелдеп беруге болады. Осының нәтижесінде ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтайтын механизм өз - өзімен реттеліп отыратынын, ал судың қозғалу бағыты қан плазмасындағы және эритроциттер арқылы құрамындағы тұздардың концентрациясына байланысты болатынына көзін жеткізу керек.

Проблемалық мәселелермен қатар пәнаралық байланыс арқылы кейбір есептерді де шешуге болады. Оны шешуге әрине оқушылардың математикадан, физика, химиядан, географиядан тірек білімі жеткілікті деңгейде болуы тиіс.
Бақылау сұрақтары

1. Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі?

2. Пәнаралық байланыстарды пайдалану?

3. Пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға білім беру ?

14 - лекция

Биологияны оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдері.

Жоспары :
1. Биология пәнінен оқытудың әдістері және олардың жүйеленуі.

2. Әдістерді жүйелеу


Лекция мақсаты: Биология пәнінен оқытудың әдістері және олардың жүйеленуін үйрекну.

Лекцияның мәтіні :

1.Биология пәнінен оқытудың әдістері және олардың жүйеленуі. Оқыту әдістері және жүйеленуі.

Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, оқушыларға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің үлкен маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбие қалыптастыруға болады.

1963 жылғы философиялық сөздікте “ метод” немесе “әдіс” дегенімізді белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тәсілі, реттелген іс- әрекет деп түсіндірілген. Демек “іс әрекетті” дидактикалық принсптер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету ұшін жасайтын, пайдаланылатын тәсілдері деп қарастырамыз.

Қорыта келгенде, оқыту әдісі дегеніміз – мұғалім нің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс әрекеттері – деп айтуға болады. Екі жақты бір – бірінетығыз байланыстығы, бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы. Оқыту, білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады.



Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.

1. оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- әрекеттің сипаты.

2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.


  1. Білім алу көзі.

2.Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білшім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік әдіс, көрнекілік және әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістері де оқу – тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық және алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады.
Биология оқыту әдістері

Сөздік

Көрнекілік

Практикалық

Оқулық пен жұмыс

Техникалық құралдармен жұмыс

  1. Сұрақ- жауап

  2. Әңгімелеу

  3. Түсіндіру

  4. лекция

  5. Нұсқау беру

  6. Пікірталас т.б.

Бейнелеу көрнекіліктерін демонстрациялау, тірі табиғи объектілер, тәжрибелер, кинофильмдер, таблитца сызба- нұсқалар арқылы білім беру

Объектілерді танып білу, өз бетінше тәжрибе жүргізу, эксперимент қою, оқу өндірістік еңбек т.б.

Оқулыққа шолужасау, қарап шығу , оқу, зерттеу, мазмұндау, конспект, реферат жазу.

Компютермен жұмыс жасау, техникалық құралдармен жаттығу, көру, зерттеу, қортындылау т.б.

Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік әдістері қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, лекция түрінде білім береді, ал оқушылардың іс- әрекеті тыңдау. Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылар ауызша немесе жазбаша есеп беру барысында алған білімдері мен түсініктері қортындылады, бекітеді.

Көрнекілік әдісін пайдаланған кезде мұғалімнің сөзі бас қа мағына алады да, оқушылардың алатын білім көзі мұғалімнің заттар мен құбылыстарды көрсету, демонстрациялау болып табылады. Оқушылар көрген фактіларін ой елегінен өткізіп, белгілі бір қорытындыға келіп жаңа білім қалыптастырады. Бұл жағдайда оқушылардың бақылаған, көрген құбылыстары білім көзі болып есептелінеді.

Практикалық әдіс қолдануда мұғалім нің сөзі нұсқау беру үшін және орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы.

Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен жұмы с жүргізледі. Оқушылар білімді кітаптың мазмұнынан алады. Кітаппен жұмыс алуан түрлі әдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің қандайда бір әдістерді қолдануының негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыру . Оқушылар сабақтарда баяндамалар, түсініктемелер, тәхрибелер, практикалық жұмыстар жасайды.

Әдістердің барлық түрлерін қолдануда, оқушылардың өз бетінше ойлау деңгейін дамыту жағын қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін дамыту үшін олардың жауап әрекеттеріне сараптама жасау керек. Бұл жұмыс оқушылардың білімін тексеру, есепке алу арқылы жүзеге асады.


Бақылау сұрақтары

1. Биология пәнінен оқытудың әдістері?

2. Биологияны оқытуды жүйелеу?

3. Оқыту әдістері және жүйеленуі?

15- лекция

Көрнекі әдістердің түрлері.
Жоспары :


  1. Көрнекілік әдіс.

  2. Практикалық әдістер


Лекция мақсаты: Көрнекілік әдісін педагогиканың көрнекілік принмптерімен шатастырмау керектігін оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні :

1.Көрнекілік әдіс.

Көрнекілік әдісін педагогиканың көрнекілік принмптерімен шатастырмау керек. Бұл екі түрлі түсінік, бірақ бір – бірімен тығыз байланыста.

Көрнекіліктер биология сабақтарының барлығында қолданылады, бірақ бұл сабақтарды көрнекілік әдісімен өткізу деген түсі нік емес.

Сөздік әдістерін қолдануда алуан түрлі суреттерді, таблицаларды көрсету арқылы мұғалімнің сөзін дәлелдеу үшін қолданады. Мысалы: өсімдіктер мен жануарлар туралы әңгімелеуде, табиғи обеътілерді қолдануға, суреттерін көрсетуге болады. Сондайақ ғалымдардың өмір жолын, ашқан жаңалықтарын баяндаукезінде суреттер, таблицалар т.б. қолданады. Бұл кезеңдерде оқушылардың білім алу көзі, мұғалімнің сөзі, баяндауы, лекциясы немесе түсіндіруі. Ал қолданылған көрнекілігі қосымша материял ретінде сабақтың мазмұнын әсерлеу үшін қажет.

Ал сабақты көрнекілік әдіспен өткен кезде, пайдаланылған көрнекіліктің сипаты өзгереді жасалған тәжрибелер, көрсетілген тірі обеъктілер, кинофилмдер, таблицалар, бейнетаспалар – оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі екінші ретте көмекші құрал ретінде көрініс алады.

Көрнекіліктер мен обеътілерді демонстрациялау барысында оқушылар өз бетінше бақылап немесе мұғалімнің жетекшілігімен қортындылар мен тұжырымдар жасап, жаңа білім алады.

Көрнекілік әдәсін қолдану, оқушылардың хаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады.

Биология сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді.

1. Табиғи түріндегі (Табиғи тірі объектілер және препраттар)

2. Бейнелеу құралдары ( таблицалар сызбанұсқалар, мульяждар, бейнефилмдер т.б.)

Әсіресе табиғи объектілерді демонстрациялау пәнді оқытуды тиімділігі өте жоғары. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырады. Өсімдіктер тіршіліктану пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан тірі табиғат жүйесінен, т.б. дайындауға болады.

Өсімдіктану пәнінен жапырақтардың түр өзгерісі “тақырыбында, суды аз мөлшерде буландыру үшін жапырақтардың экологиялық ортаға беймделуін олардың түк қабаттары мен шаңданған қабаттарын, жапырақ тақталарының көлемінің кішірейун бөлме өсімдіктерінен көруге болады, оқушылар тірі обеъктілерден беймделуді көреді, мысалы: Монстера (Бразиляның ылғалды тропик ормандары), Камелия (Оңтүстік қытай) Алое (Оңтүстік африканың Калахари тахыры), Кактустар (Мексика шөлейті), шыршаның иелерінен, сексеуілдің жапырақтарынан, жантақтың теңге жапырақтарынан, т..б. көрсетуге болады.

Жануартану адам физиологиясы сабақтарында тірі жануарларды демонстрациялайды. Сүт қоректілердің, құстардың орташа көлемді түрлерін торда ұстап немесе арнайы жасалған ұяларда көрсету үшін мұғалімнің үстеліне қояды. Ұсақ жануарларды құрбақа кесірткі, шаян сияқты шыны ыдыстарға салып бетін дәкемен жауып көрсетеді. Пробиркада өте ұсақ жануарларды, бунақденелілерді, өрмекші тәрізділерді, қуыршақтарының дамуының әртүрлі сатысында демонстрациялайды. Үлкен жануарладың қаңқасын, модельдерін мульяждарында контрасты экран жарық сәулелерін қолдану арқылы арнайы үстелдерде көрсетеді. Тәжрибелерді демонстрациялау биология пәндерінің барлық сабақтарында қолданлады. Тәжрибелерді бірнеше оқушыларға бөліп береді. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне тәжрибені қою Тәртібінің суретін салып, қортынды нәтижелерін жазады. Мысалы: жасыл өсімдіктердің жарықта оттегінбөлуі, өніп келе жатқантұқымның көмірқышқылгазынбөлу туралы. Көпшілік микроскоптық объектілер биология сабақтарының барлығында қолданылуы мүмкін. Сондықтан оқушылар микроскоппен жұмыс істеу икем дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік әдісін Қолдану сынып жоғарылаған сайын күрделеніп, нағыз білім алу көзіне айналады. Қандайда болмасын әдістің негізгі мақсаты оқушылардың өз бетінше білім алуын көздейді. Олардың сана сезімін дамытып, логикалық ойлауын, шығармашылығын, өз бетінше білімін іс - әрекетте, практикада білуін дамытады.

2.Практикалық әдістер.

Практикалық әдістер бұл әдістер мұғалімнің ұйымдастыруы мен бағыттауның нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын сөздік көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады. Практикалық метадоттарды қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді, еңбекке баулйды. Оқу тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды. Оқушылар бұрынғы алған блімдерін іс – жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады. Практикалық жұмыстардың методоттардың түрлеріне жататындар:



  1. Табиғи обеъктілерді танып білу және анықтау.

  2. Құбылысты бақылап есепке алу.

  3. Экспериммент жасау.

Практиклық жұмыстың басында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеулері керек. Көрнекілік методымен практикалық методот кезіндегі оқушыларының бақылауының айырмашылығы жер мен көктей. Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді, өлшейді, есептейді, кептіреді т.б. Осындай құбылыстардың нәтижесінде оқуушылар құбылыстыдәлелдейтін материялдар жинайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
«Құрылыс, мұнай, логистика, биология» кафедрасы


САТАЕВА Д. К.


5В011300 – Биология мамандығы студенттері үшін

«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінен практикалық сабақтар


бойынша тезисі


Қызылорда, 2019 ж
1-тақырып: Биосферадағы тіршіліктің ұйымдастырылуы

Мақсаты: Биосфераның географиялық қабықтағы орны және фауна мен

флораның қалыптасу кезеңдерімен таныстыру, биосфераның

құрамдас бөліктерін және зат айнылымдар заңдылықтарын

ұғындыру


Көрнекті құралдар:

  1. Биосферадағы заттар айналымдары (таблицалар).

  2. Биосфераның құрамдас бөліктері (сурет)

Тапсырма:

1. Биосфера туралы түсінік.

2. Биосфераның құрамдас бөліктері (сурет салдыру).

3. Биосферадағы зат айналымдары.

4. Организмдердің элементтік құрамы (таблица сыздыру).

5. Биосфера эволюциясы.



Бақылау түрі:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Дәптермен жұмыс.

Әдебиеттер:

  1. Войткевич Г.В., Вронский В.А. Основы учения о биосфере. М.: 1989.

  2. Казначеев В.П., Вернадский В.И. Учение и биосфере и ноосфере. Новосибирск, 1989.

  3. Интернет көздері



2-тақырып: Биота және оның қалыптасуы

Мақсаты: Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінікті

қалыптастыру. Биоценоздың құрылымы және түрлік құрамын

ажырату білу. Экотоп, биотоп, тіршілік ортасы деген

ұғымдарды түсіндіру.



Көрнекті құралдар: 1. Бірлестіктер құрылымының суреті.

2. Қоректік қарым-қатынас суреті.



Тапсырма:

  1. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктерге талдау жасап, конспектілеу. Үш бірлестіктің құрылымын сыздыру (1 сурет).

  2. Экотоп, биотоп және тііршілік ортасына қысқаша сипаттама беру.

  3. Биоценоздағы организмнің қарым-қатынас (бәсекелестік, жыртқыштық, паразиттік, симбиоз және т.б.) түрлерін конспектілеу.

  4. Тірі организмдер арасындағы қоректік қатынастың суретін сыздыру. (2 сурет).

Бақылау түрі:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Әдебиетпен жұмыс.

  3. Дәптермен жұмыс.

Әдебиеттер:

  1. А.Г. Воронов, Н.Н. Дроздов. Биогеография с основами экологии. М.: Академкнига, 2003.

  2. А.С. Бейсенова, Ж.Б. Чилдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, Ғылым, 2004.

  3. П.П. Второв, Н.Н. Дроздов. Биогеография. М.: Владос, 2001.

4. Интернет көздері

3-тақырып: Организмдердің жер бетінде таралу ерекшеліктері

Мақсаты: Биосферадағы тірі организмдердің таралу ерекшеліктерімен

танысу. Ареал түсінігін қалыптастыру және оның типтерін

ажыратуға үйрету. Эндемизм, реликт ұғымдарымен

таныстыру.



Көрнекті құралдар: 1. Қазақстанның физикалық атласы.

2. Дүние жүзінің зоогеографиялық картасы



Тапсырма:

  1. Ареал ұғымы, ареалдарды картографиялау, оның шекаралары

  2. Ареал типтерін (тұтас, бөлшектенген) анықтау, конспектілеу.

  3. Жеке бөлініп берілген организм (өсімдік не жануар) түрінің ареалын және таралу шекараларын анықтап, контур картаға түсіру.

  4. Эндемизм және реликт терминдеріне анықтама беру. Материктер бойынша эндемик және реликт жанурлар мен өсімдіктер түрлерін тауып, оны дүние жүзілік контур картаға түсіру.

  5. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарына сипаттама беріңдер. Кескін картаға түсіріңдер.

Бақылау түрі:

1. Ауызша сұрау.

2. Картамен, контурмен, атласпен, дәптермен жұмыс

Әдебиеттер:


  1. А.Г. Воронов, Н.Н. Дроздов. Биогеография с основами экологии. М.: Академкнига, 2003.

  2. Ярощенко П.Д. Общая биогеография. М.: 1975.

  3. Интернет көздері



4-тақырып: Жер шарындағы организмдердің биоәртүрлілігі

Мақсаты: Жер бетінде таралған организмдердің биоәртүрлілігімен

таныстыру, өсімдіктер және жануарлар систематикасын

талдап, түсіндіру.

Көрнекті құралдар: 1. Дүниежүзінің биогеографиялық картасы.


    1. Дүниежүзінің жануарлар картасы.

Тапсырма:

  1. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің негізгі типтерінінің кестесін дәптерге түсіру.

  2. Өсімдіктер систематикасына талдау жасау. Жеке берілген өсімдік түріне сипаттама беру, конспектілеу.

  3. Жануарлар систематикасына талдау жасау. Жеке берілген жануар түріне сипаттама беру, конспектілеу.

Бақылау түрі:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Әдебиетпен жұмыс.

  3. Дәптермен жұмыс.

Әдебиеттер:

  1. А.Г. Воронов. Биогеография с основами экологии. М.: М., 1987

  2. Афанасьев А.Л. Зоогеография Казахстана. Алматы, 1960.

5-тақырып: Аралдар биогеографиясы

Мақсаты: Аралдардағы тіршіктің таралуы, аралдар биотасы туралы

түсінікті қалыптастыру. Аралдар бірлестіктерінің

эволюциясымен таныстыру. Аралдар табиғатын

қорғауын түсіндіру.



Көрнекті құралдар:

1. Дүниежүзінің гипсометриялық картасы.



  1. Географиялық атлас.

  2. Зоогеографиялық атлас.

  3. Өсімдіктер картасы.

Тапсырма:

  1. Аралдағы тіршіліктің таралуына сипаттама беріңдер. Эцезис ұғымы.

  2. Аралдар биотасы, аралдар эволюциясына мәлемет беріңдер.

  3. Жеке бөлініп берген аралдар бойынша өсімдік және жануарлар дүниесіне сипаттама дайындандар.

Бақылау түрі:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Контурмен жұмыс.

  3. Дәптермен жұмыс.

Әдебиеттер:

1. Власова Т.В. Материктер мен мұхиттар географиясы. Москва, 1976

2. А.Г. Воронов. Биогеография с основами экологии. М.: М., 1987

3. Интернет көздері



5-тақырып: Жер шарының зоналды аудандастырылуы

Мақсаты: Жер шарындағы табиғат зоналарының аудандастырылуы

ерекшеліктерін және осыған байланысты өсімдіктер мен

жануарлар дүниесінің таралуын түсіндіру

Көрнекті құралдар:

1. Дүниежүзінің табиғат зоналарының картасы.

2. Географиялық атлас.

3. Зоогеографиялық атлас.

4. Өсімдіктер картасы.

Тапсырма:


  1. Табиғат зоналарының таралу ерекшеліктерін конспектілеу және оны контур картаға түсіру (Суық поляр даласы. Тундра. Орманды тундра. Қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты ормандары. Орманды дала және дала зонасы. Жартылай шөлейтті аймақтар. Шөлді зонасы. Субтропикалық құрғақ ормандар мен бұталар зонасы. Субтропиктер. Саванналар. Тропикалық сирек ормандар. Құрғақ және ылғалды тропикалық ормандар.).

  2. Әр табиғат зонасына тән өсімдікпен жануарлар дүниесін анықтау (кесте сызу)

  3. Жеке бөлініп берген зонаның табиғат жағдайына толық сипаттама

жасау.

Бақылау түрі:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Контурмен жұмыс.

  3. Дәптермен жұмыс.

Әдебиеттер:

  1. Географиялық атлас

2. А.Г. Воронов. Биогеография с основами экологии. М.: М., 1987

3. А.Г. Исаченко. Основные вопросы физ. Географии

4. М.И.Давыдова, А.И. Каменский, Н.П.Неклюкова. СССР

физ.географиясы. 1 т. Алматы, Мектеп, 1974.

5. Т.В.Власова. Материктер мен мұхиттар географиясы. М.: Просвещение, 1976

6-тақырып: Құрлықтың фауналық аудандастырылуы

Мақсаты: Жер шарынын фауналық аудандастырылуының

принциптерімен танысу. Фауналық патшалықтар, олардың



жіктелу себептерімен таныстыру

Көрнекті құралдар:

  1. 1. Дүниежүзінің табиғат зоналарының картасы.

2. Географиялық атлас.

  1. 3. Зоогеографиялық карта.

Тапсырма:

  1. Құрлықтың фауналық аудандастырылуын контур картаға түсіру (Н.Н. Дроздов бойынша, 1999).

  2. Фауналық облыстарға сипаттама беру: Австралия, Антарктика, Неотропика

  3. Эфиопия, ориенталдық (Үнді-малай), Голарктикаға облыстарына сипаттама беру, конспектілеу.

  4. Жеке бөлініп берген материк бойынша табиғат зоналарын анықта және оған тән эндемик, реликтілі жануарлар түрлерін жазу.

Бақылау түрі:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Контурмен жұмыс

  3. Дәптермен жұмыс.

Әдебиеттер:

  1. А.Г. Воронов. Биогеография с основами экологии. М. 1987

  2. А.Г. Воронов. Биогеография с основами экологии. М. 2003

  3. Е.Г. Григорьева, Н.У. Жақыпова. Биогеография. 1978.

4. Т.В.Власова. Материктер мен мұхиттар географиясы. М.: Просвещение, 1976


1-сурет. Жер шарының фауналық аудандастырылуы (Дроздов бойынша,1999)

I-Австралия облысы. Облыс тармағы: Ia - Құрлықтық, Ib - Папуастық, II-Антарктикалық облыс. Облыс тармағы IІa - Жаңа Зеландиялық, IІb - Оңтүстік, IIc -Патагондық, III-Неотропика облысы. Облыс тармағы: IIIa -Чилий, IIIb - Бразилия, IIIc - Орта Америка, IIId - Антиль; IV - Эфиопия облысы. Облыс тармақтары: IVа - Батыс Африкалық; IVb - Шығыс Африкалық; IVc - Кап; IVd - Мадагаскар; V -Үнді-Малай облысы. Облыс тармақтары: Va -Үнді; Vb - Малай; Vc - Полинезия; Vd - Гавай; VI-Голарктикалық облыс. Облыс тармақтары: VIa - Сонор; VIb - Канада; VIc –Арктикалық; VId - Евро-Сібірлік; VIe - Жерорта теңіздік; VIf - Орта Азиялық; VIg - Шығыс Азиялық.

7-тақырып: Құрлықтың флоралық аудандастырылуы

Мақсаты: Жер шарынын флоралық аудандастырылуының

принциптерімен танысу. Флоралық патшалықтар,

олардың жіктелу себептерімен таныстыру

Көрнекті құралдар:


        1. Дүниежүзінің табиғат зоналарының картасы.

        2. Географиялық атлас.

        3. Дүниежүзінің өсімдіктер картасы

Тапсырма:

  1. Құрлықтың флоралық аудандастырылуын контур картаға түсіру (Тахтаджян бойынша, 1978). (2 сурет)

  2. Өсімдік патшалықтарына сипаттама беру: Голарктика, Палеотропика, Неотропика.

  3. Голантарктика, Австралиялық және Кап патшалықтарына сипаттама беру, конспектілеу.

  4. Жеке бөлініп берген материк бойынша табиғат зоналарын анықтап және оған тән эндемик, реликтілі өсімдіктер түрлерін жазу.

Бақылау түрі:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Контурмен жұмыс

  3. Дәптермен жұмыс.

Әдебиеттер:

  1. А.Г. Воронов. Биогеография с основами экологии. М. 1987

  2. А.Г. Воронов. Биогеография с основами экологии. М. 2003

  3. Е.Г. Григорьева, Н.У. Жақыпова. Биогеография. 1978.

4. Т.В.Власова. Материктер мен мұхиттар географиясы. М.: Просвещение,

1976
2-сурет. Жер шарының флоралық аудандастырылуы.



(А.Л.Тахтаджян бойынша 1978)



2-сурет. Жер шарының флоралық аудандастырылуы. (Тахтаджян бойынша, 1978)
Голарктика патшалығы. Облыстары: 1-Циркумбореалды; 2-Шығыс Азиялық; 3-Атланттық-Солтүстік Американдық; 4.Жақпарлы таулар; 5.Макаронезиялық; 6. Жерорта теңіздік; 7. Сахара-Аравиялық; 8-Иран-Турандық; 9-Мадреандық; II-Палеотропика патшалығы. Облыстары: 10-Гвинео-Конголездік; 11-Судан-Замбиялық; 12-Карру-Намиб; 13-Әулие Елена және Возноссения аралдары; 14-Мадагаскар; 15-Үнді; 16-Үнді-Қытай; 17-Малазиялық; 18-Папуас; 19-Фиджий; 20-Полинезиялық; 21-Гавай; 22-Жаңакаледондық; III-Неотропика патшалығы. Облыстары: 23-Кариб; 24-Гвияндық; 25-Амазондық; 26-Бразилдік; 27-Андылық; IV-Кап патшалығы. Облыстары: Кап; V-Австралия патшалығы. Облыстары: 29-Солт-Шығыс Аустралиялық; 30-Оңтүстік-Батыс Аустралиялық; 31-Орталық Аустралия; VI – Голантарктика патшалығы. Облыстары: 32-Хуан-Фернандесс; 33-Чили-Патагондық; 34-субантарктикалық аралдар; 35-Жаңазеландия. 1-шекара патшалық, 2-шекара облыстар.

8-тақырып: Қазақстанның биогеографиясы

Мақсаты: Қазақстанның флорасының және фаунасының таралуы туралы түсініктеме беру. Қазақстан өсімдіктер және жануарлар дүниесін қорғауға үйрету. Қазақстан фаунасы мен флорасының генофондысы, биоәртүрлілігін есепке алу, оның практикалық маңызын ұқтыру. Қызыл кітап, оның рөлін ұғындыру

Көрнекті құралдар:

1. Қазақстанның гипсометриялық картасы.



  1. Қазақстанның атласы.

  2. Зоогеографиялық атлас.

  3. Өсімдіктер картасы.

Тапсырма:

1. Қазақстанның өсімдік дүниесіне сипаттама беріңдер.

2. Қазақстанның жануарлар дүниесіне сипаттама беріңдер.

3. Қазақстанның фаунасы мен флорасын қорғау. Қызыл кітаптың рөлі.



  1. Жеке бөлініп берген Қызыл кіаптағы жануар және өсімдік түрлеріне мәлімет беріп, оның таралу ареалын кескін картаға түсіріңдер.

Бақылау түрі:

1. Ауызша сұрау.

2.Контурмен жұмыс.


  1. Дәптермен жұмыс.

Әдебиеттер:

1. Власова В.Н. Материктермен мұхиттар географиясы. Москва, 1976

2. А.Г. Воронов. Биогеография с основами экологии. М.: М., 1987

3. Интернет көздері.



9-тақырып: Теңіздік және мұхиттық флора мен фаунаның әртүрлілігі.

Мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуы.



Мақсаты: Су жүйесінде тіршілік ететін организмдердің көптүрлілігімен

танысу. Әлемдік мұхиттың биогеографиялық

аудандастырылуы

Көрнекті құралдар:

1. Дүниежүзінің зоогеографиялық картасы.



2. Теңіз атласы.
Тапсырма:

  1. Теңіздер мен ішкі сулардағы (континеталдық) организмдердің әртүрлілігіне сипаттама беру, конспект жасау.

  2. Дүние жүзілік мұхиттың биогеографиялық аудандастырылуын контур картаға түсіру.

  3. Әр облысқа толық сипаттама беру: Арктикалық, Бореопацификалық, Бореоатлантикалық, Тропикоатлантикалық, Тропикоиндопацификалық, Антарктикалық.

Бақылау түрі:

  1. Ауызша сұрау.

  2. Контурмен жұмыс

  3. Дәптермен жұмыс.

Әдебиеттер:

  1. А.Г. Воронов. Биогеография с основами экологии. М. 1987

  2. Е.Г. Григорьева, Н.У. Жақыпова. Биогеография. 1978.

  3. Интернет көздері.



10-тақырып. Биосфераның географиялық қабықта алатын орны

Тапсырма:

  1. Биосфера географиялық қабықтың басты компоненті.

  2. Ауа – тіршілік ортасы.

  3. Су – тіршілік ортасы.

  4. Топырақ – тіршілік ортасы.

Бақылау формасы: конспект
11-тақырып. Биогеографияның басқа ғылымдармен байланысы

Тапсырма:

  1. Биология ғылымымен байланысы

  2. География ғылымымен байланысы

  3. Экология ғылымымен байланысы

  4. Биогеография – географиялық қабықтың басты компоненті ретінде.

Бақылау формасы: конспект
12-тақырып. Биіктік белдеулердің жалпы сипаттамасы.

Тапсырма:

  1. Биіктік белдеулер түсінігі

  2. Биіктік белдеудің флорасы

  3. Биіктік белдеудің фаунасы

  4. Қазақстанның биіктік белдеу ерекшеліктері

Бақылау формасы: коллоквиум
13-тақырып. Организмдердің таралу ареалы

Тапсырма:

  1. Эндемикалық жануарлар мен өсімдіктер.

  2. Реликтілі жануарлар мен өсімдіктер.

  3. Мәдени өсімдіктер орталықтары

  4. Қазақстанның эндемикалық жануарлары мен өсімдіктері

Бақылау формасы: эссе, тест
14-тақырып. Дүниежүзінің экожүйелері

Тапсырма:

  1. Ылғалды, мәңгі жасыл тропикалық ормандар.

  2. Саванналар, мангр ормандары

  3. Шөл мен шөлейттер. Далалар

  4. Қоңыржай белдеудің фауна, флоралық ерекшеліктері.

  5. Тундра

Бақылау формасы: тест
15-тақырып. Дүние жүзілік мұхиттың биологиялық ресурстары.

Тапсырма:

  1. Дүниежүзілік мұхиттағы биологиялық өнімділігі жоғары белдеулер

  2. Тынық мұхиты, ресурстарының ерекшеліктері

  3. Үнді мұхитының ерекшеліктері

  4. Атлант мұхитының тіршілік дүниесі

  5. Солтүстік Мұзды мұхит фаунасы мен флорасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік