Семинар тақырыбы: Қазақ қоғамындағы әйел бейнесі: өткені мен бүгінгіне қатысты әлеуметтік көзқарастар



бет1/16
Дата05.08.2022
өлшемі110.41 Kb.
#278198
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ОСНОВА ТУРЕГЕЛЬ
микро 15

Диссертациялық жұмыс тақырыбы: Босанғаннан кейінгі депрессиядағы әйелдермен әлеуметтік жұмыс

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР
Тақырыбы: Қазақ қоғамындағы әйел бейнесі: өткені мен бүгінгіне қатысты әлеуметтік көзқарастар


МАЗМҰНЫ:


КІРСІПЕ
1 Тақырыптың теориялық-методологиялық негізі
2 ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЕПРЕССИЯЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТТАМАСЫ
2.1 Дамыған және дамушы елдердегі аналардың босанудан кейінгі депрессиясын өткеруі мәселесі және оның әлеуметтік тұрғыдан зерттелуі
2.2 Төмен және орта табысы бар елдердегі аналардың психологиялық денсаулығы және балалар денсаулығының жағдайы
3 ҚАЗАҚСТАН ДЫҚ ӘЙЕЛ СОЦИУМЫ: АНАЛАРДЫҢ СӘБИ СҮЮІ МЕН ОДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ
3.1. Қазақ қоғамындағы әйел бейнесі: өткені мен бүгінгіне қатысты әлеуметтік көзқарастар.
3.2 Қазақстандық әйелдер қауымының өмірге сәби алып келуінен кейінгі депрессиялық бұзылыстар мен оның алдын алуға қатысты шаралар
3.3 Әйелдермен әлеуметтік жұмыс жасау және оны жетілдіру жолдары

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзекттілігі: Әйел амдамға қатысты көзқарас әр қоғамда әр түрлі болған. Көне өркениеттер кезеңінен бізге келіп жеткен материалдарға қарасақ, көптеген елдерде әйел адам рөлінің төмен болғанын көреміз. Демократияның негізін қалаған көне Грек ойшылары Платон мен Аристотель әйел адам мен ер адамның әлеметттік теңдігі тралы мәселе көтергенде, ер адамның басым тұрғанын көрсетуге тырысады. Дүниеге сәби әкелу мәселесіне келгенде Аристотель әйелдер тек қана ма­те­риалдық роль атқарады, ал ер адам ұрпа­ғы­на жан береді деп пайымдаған. Оның ойынша, әйел адам да өсуге және қоз­ғалу­ға қабілетті, белгілі бір дәрежеде рационалдыққа ие, бірақ бұл рационал­дық­тың күші жоқ. Ол пікірін жалғастыра ке­ліп, әйелде сәбиге жан беретін элемент – энтелехия жоқ, сондықтан әйел – жаңа өмірді бағып-қағатын ыдыс-қо­рап қана деп тұжырымдайды. Бұл көзқарас бүгінгі дамыған қоғам үшін жат, негізсіз пікір деп айтуға болады. Өйткені әлемді бесігімен тербеткен аналар қай кезде болмасын отбасының қамқоршы-ұйытқысы, үйлестірушісі, ең бастысы АНА ретінде өмірге сәби әкеліп, оның әр қадамын қалыптастырушы. Ал бүгінгі постиндустриалды қоғам үшін немесе сапалы тауар мен қызметтер өндірісі туралы қамқорлық Аналар жағдайынан қарағанда да таныс болып отыр. Өйткені бүгінгі қоғам үшін ана мен бала жағдайы, әсіресе босанудан кейінгі ананың депрессиялық жайдайларды басынан өткеруі қоғамда кең етек алуда. Сол себепті де бұл мәселені нақтылап, оған әлеуметтік тұрғыдан зерттеу жүргізіп, нақтылау жұмыстың өзектілігін негіздеп отыр.

Данышпан Сократтың өзі әйел мә­селесіне келгенде: «үш нәрсені бақыт деу­­ге болады: сенің жабайы жануар емес­ті­гің­ді, сенің грек екендігіңді және сенің әйел емес, еркек екендігіңді» деп, мен­сінбеушілік көрсеткен екен. Антикалық ой­шылдардың, әсіресе, Аристотельдің әйел­ге деген бұл көзқарасы кейінірек ор­та­­ғасырлық діни философияның әйел адам туралы түсінігіне негіз болып, әйел­дер жетілмеген тіршілік етуші, тек нәп­сінің объектісі ретінде қарастырылды.


Теңдік мәселесі кеңінен қарас­ты­рыл­ған Жаңа дәуір философиясының көр­нек­ті өкілі Рене Декарт өзінің таза ой әді­сін ұсына отырып, бұл әдіс «әйелдерге де жарайды» деп ашық айтқан екен. Оның бұл әдісі ойдың жалпы универсалийлерден жеке универсалийлерге қарай дененің әсерінсіз, таза ақыл-ойға негізде­ліп қоз­ға­латын әдіс. Декарт әйелдерде дене­ден бас­қа ақылдың да бар екенін теріс­ке шы­ғармайды. Бірақ белгілі фило­софтардың арасында әйелдердің жоқ екендігіне назар аударады және нағыз философ Сократ сияқты өз өмірі толығы­мен философия ісіне арнаған адам, ал әйелдер бұлай жа­сау­ға қабілетсіз деген пікір білдіреді.
Өткен тарихты айтпағанның өзінде, қа­зір еркіндік символы болып жүрген Еу­ро­паның өзі күні кешеге дейін әйелді ер адамдардан төмендетіп, дискрими­нация­ға ұшыратып келді. Қарап отырсақ, мынадай парадокске тап боламыз: қазіргі заманғы әлемдегі демократиялық үрдістің өзі оған әйелдерді саяси тұрғыдан қатыс­тырмауға ұмтылады екен. Тіпті, алдың­ғы қатарлы Еуропа университеттерінің басым көпшілігі әйел адамдарға есіктерін жиырмасыншы ғасырда ғана аша бастады.
Шындығында, интеллектуалдық да­му жағынан да, физикалық потенциалы жағынан да әйел адам ер адамнан еш кем емес, ол ой еңбегімен де, дене еңбегімен де айналысуға толық құқылы. Бірде-бір ел­дің бірде-бір заңы әйел адамның ер­кіндігін шектемеуі тиіс.
Әрине, әлемдегі көптеген мемлекеттер бұл салада оң істерге қол жеткізді. Әйел адамдар ел басқару ісіне тікелей ара­­ласып отырған Америка, Германия, Фран­ция, Испания, Финляндия, Норвегия сияқты елдерде ғана емес, өзімізде де би­лік басындағы әйелдер саны көбейе бас­тады. Ежелден келе жатқан Томирис, Ай­ша Бибі, Домалақ Ана, Айғанымның дәстүрлерін қазіргі қазақ әйелдері тамаша жалғастыруда. Айталық, 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыста да, қазіргі қиыншылықтарда да отбасының негізгі ауыртпашылығын өзінің нәзік иығына жүктеп алған қазақ әйелі еді.
Бірақ әлем деңгейінде де, қоғам дең­гейін­де де мәселе әлі де болса шешілмей тұр, ол саяси философияның талдау объек­тісіне де айналды.
Соңғы ойға байланысты сұрақтар Ба­тыс философиясында да, бізде де естіліп қа­лады. Әйелдің философияның объек­ті­сіне айналуымен келіскенмен, субъек­тісі болуын терістеушілер арамыздан табылып жатыр. «Қазір біздің елімізде док­тор ғылыми дәрежесіне ие әйелдер саны көбейіп кетті. Бұл абсурд» деген пі­кір­ді де естідік. Біздің ойымызша, әйелдің интеллектуалдық қабілеті туралы мұндай ой білдіру қисынсыз.
Әйелдің қоғамдағы орны туралы айт­қанда К.Маркстің «әйелге көзқарас не­гізінде адамның жалпы мәдениетінің дең­гейі туралы айтуға болады» деген және Ф.Энгельстің «қоғамдағы әйел эманси­пациясының деңгейі – жалпы эманси­пация­ның табиғи өлшемі» деген сөздері есімізге түседі.
Қазақтың ғұлама ойшылы М.Әуезов­тің тұжырымдары олардың пікірлерінен де мықты. Ер адамның қоғамда алатын орнын суреттей келіп: «Қай уақытта, қай ха­лықта болсын, білім жолында жұрт қа­тарына жетерлік халық болу жолында ең керекті шарт – ақ жүректі екпінді ерлер. Халықты ілгерілететін солар. Оларсыз мақ­сатқа жақындау мүмкін емес» деген сипаттама береді. Бірақ ойшыл от­ба­­сындағы, халықтың өміріндегі әйел адам­ның ролін бұдан да жоғары баға­лайды.
М.Әуезов адам қызметінің екі түрін атап көрсетеді. Біріншісі – пайдаматанды көздеген тіршілік қамы, хайуани салахият, екіншісі – «менен жақсылық тарап, адам баласына әлім келгенше пайдамды тигізсем екен деген жол. Бұл – инсаният, яғни адамдық жолы». Философ жазушының ойынша, адамдық жолына түспесе, жақсылықтың бәрі жамандыққа айналады. Сол баланы үйрететін, «адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген – әйел. Адам баласының адамшылық жолындағы таппақ тарақияты әйел халіне жалғасады». Себебі дейді кемеңгер жазушы, баланың тәрбиесін жүзеге асыратын – баланың әкесі қандай ғалым болса да, ол емес, қой сауып, тезек теріп жүрген ана­­сы және ана берген тәрбие арқылы бойы­на сіңген адамгершілік өрнек бала­ның бойында қара тастай орнықты болады.
Әйелдің қоғамдағы ролін көтеру, оның ер адаммен теңдігін орнықтыру ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары «Ай­қап», «Қазақ» басылымдары арқылы қо­з­­ғаған басты әлеуметтік тақырыптардың бірі болды. Мемлекет, шаруашылық, бі­лім, ғылым, тіл, денсаулық сақтау, мә­де­ниет секілді күрделі, ұлттың болашағын айқындар мәселелердің қатарында олар қазақ әйелі мәселесін алғашқылардың бірі болып бастады. Жаңа өмірге деген мұн­дай талпыныстың ел арасында кең қол­дау тапқаны соншалық, қарапайым оқырмандардан келген хаттар тасқыны өте мол болды және аталған басылымдар оларды мүмкіндігінше көп жариялап отырды.
Қазір сол пікірлерді оқи отырып, қа­зақ­тың әйел туралы түсінігінің жоғары бол­ғаны, әйел теңдігі мәселесіне жоға­ры­да айтылған М.Әуезов сияқты көзі ашық зия­лылардың ғана емес, қарапайым оқыр­манның да батыл араласқаны, маз­мұнды пікір түйіндегені таң қалдырады. Мы­салы, Тілеубайқызы Сақыпжамал «Қа­зақ қыздарының аталарына» деген ма­қаласында: «Ер баланы оқытасыздар да, бізді оқытпайсыз, қыздар оқыса, бұ­зылады дейсіз. Бұзылған әйелдер оқы­ған­нан бұзыла ма екен? Оқу адамды бұза ма екен? Біле білсең, қыз баланы көбірек оқыту керек. Қыз бала түбінде бала-шаға­ның анасы болады. Ана надан болса, ба­ла­ға жақсы өнеге бере алар ма?!», – дейді.
Қазақ халқы әйелді жоғары бағалады. Қыз баласына қырық үйден тыю бере оты­­рып, қыз күнінде де, кейінгі жат жұрт­­тық өмірінде де оны қадірлеп, қол­дан келер құрметтің бәрін жасауға тырыс­ты. Бәріміз білетіндей, қазақта тұрмысқа шыққан қыздың төркініне қонаққа келуі салты ерекше бір құбылыс. Басқа елдің, басқа отбасының босағасын аттаған, елі­не, жеріне, өзі туып-өскен үйіне төркіндеп кел­ген қызын қазақ құдайындай күтеді, тө­ріне шығарып, жылы-жұмсағын қызы мен жиендерінің аузына тосады, оны үй шаруа­сынан босатып, асықпай демалуына жан-жақты жағдай жасайды. Осы дәс­түрдің қазақ халқында әлі күнге дейін сақ­талып отырғанының өзі де басқа ха­лық­тарда көп кездесе бермейтін құбы­лыс.
Әлеуметтік өмірде маңызды орынға ие қызға, әйелге деген осындай құрметті жы­раулардың толғауларынан да көруге бо­лады.Қай жырау болсын, әйел мәсе­лесіне соқпай кетпейді.
Жыраулар жырлаған қазақ әйелі ең әуелі сұлу әйел. Сұлулық – әйелдің та­би­ғи қасиеті. Белгілі қазақ философы Ғари­фол­ла Есім тамаша жеткізгендей, «Әйел бол­мысы оның еркектен өзгешелігінде де­дік, бұл ерекшелік неден көрінеді десек, ең алдымен айтарымыз, ол әйелдің сұлу­лығы және оның сұлулыққа шексіз ын­тық­тығы. Әйелдердің сұлулыққа құмар­лығында сәбилікке ұқсастық бар. Оны біз әйелдердің қылығы деп түсінеміз. Сұлу­лық­тан қашқан әйел – қылықсыз әйел, яғни өз табиғатына қарсы болған жан. Сұлу емес әйел жоқ».
Бұл түсінік философиялық антро­по­логияның антикалық дәуірден қазіргі ке­зеңге дейін жалғасып келе жатқан на­тура­листік немесе биологиялық бағыты өкіл­дерінің көзқарастарына ұқсас. Фило­софиялық антропологияның Демокриттен бастауын алатын бұл бағыты адамды тек материалдықтан тұратын тіршілік ету­ші деп қарастырады, сондықтан таби­ғат заңдары тіршілік етіп отырған нәр­селер­дің бәрін қамтиды, тіпті адамның адам­гершілігі де соларға бағынады деп пайымдап, жоғары нәрсенің бәрін тө­мен­мен байланыстырады, адам рухының қа­білеттерінің бәрін сезімдікке тәуелді ете­ді. Бұл тұрғыдан қарастыратын болсақ, әйел ең алдымен сұлулық, құштарлық, нәп­сі объектісі ғана және ер адамның әйел адамға назар аударғандағы басты ұста­нымы осы.
Қазақ халқының түсінігінде әйел био­­логиялық тіршілік етуші, әдемілік пен әсем­діктің үлгісі ғана емес, М.Әуезов ай­тып кеткендей, тәрбие қазығы, ошақтың ұйыт­қысы. Әйелдің отбасында атқарған осы қызметіне қазақ ерекше мән беріп, ұлт­тың болашағын, ағайын мен ағайын ара­сындағы, жалпы елдегі ынты­мақ­тас­тық пен бірлікті көбіне әйелге байланыс­ты деп түсінген. Мысалы, қазақ ақын-жы­рауларының туындыларының ара­­сында әйелдің табиғи сұлулығына арналғандары өте көп болғанымен, олар барлық ер адам атаулыға тән сұлуға ын­тық­тықпен, аруға құмарлықпен, оның сән-салтанатын өлең­мен суреттеумен шектелмейді. Жы­рау­лардың ойынша, қазақ әйелінде әлеу­меттік мазмұн басы­мырақ болуы тиіс, ол қоғамның белсенді мүшесі және оның әлеуметтік қызметі өте маңызды.Қазақ­тың түсінігінде әйел адам ең әуелі өз ері­нің сенімді жары және ошақ­ты сақ­тау­шы. Жар таңдау, отбасылық одақ құру – адам­ға тән қатынастардың арасындағы ерек­ше сала, сондықтан қазақ халқы бұл іс­ке аса мән берген. Жыраулар туындыла­рын­да жар таңдау мәселесіне байланысты ер адамға арнап айтылған өлеңдердің көп кез­десетіні де сондықтан. Осындай пікір­лер Шал ақында (Уа, жігіттер,/ Әйел алсаң қарап ал ақылдысын); Ақтам­бердіде(Мінезді болса алғаның,/ Одан артық жар бар ма); Майлықожада (Көргенді жерден қыз алсаң,/ Атыңды ерттер жүгендеп); Ақ­танда (Ал­тыншыдан не жаман?/ Алғашқы ал­­ған әйелің,/ Көп ішінде кеңкілдеп,/ Тіл ал­ма­ған сол жаман); Қашағанда (Біздің елде сіз­дер­дей жас келіндер/ Сөйлемейтін еді ғой тө­мен бұғып), т.б. жырауларда көптеп кез­десе­ді.
Бұл ой, әсіресе, қазақ әйелінің әлеу­мет­тік келбеті қоғаммен бірге өзгеріске ұшы­рап, отаршылдық саясат кезінде кү­шейе бастады. Әрине, қазақ әйелінің бойын­да теріс қасиеттер бұрын болмаған, олар тек отаршылдықпен келді деген пі­кір туындамауы тиіс. Сөз жоқ, әрбір саналы тіршілік иесі секілді қазақ әйелінің бойында да жағымсыз қасиеттер болған (қазір де кездеседі), бірақ олар тұрмыстың отаршылдық кезеңде өз­геруіне байланыс­ты күшейіп, айқын кө­ріне бастады.
Қазақ әйелінің отбасындағы ролінің ерек­ше екендігін байқаған орыс миссио­нер­лерінің қазақты орыстандыру жол­дары­ның бірі ретінде қазақ жігіттерін орыс қыздарына үйлендіруді ұсынғаны тегіннен-тегін емес, себебі, тәрбие орыс тілін­де, орыc дәстүрі бойынша жүргізіледі де, қазақтан туған бала түбінде орысқа оп-оңай айналып шығады. Бұл дәстүрдің кеңес­тік заманда «интернационалистік неке» деген атпен кең тарап, қазіргі кезге дейін жалғасып отырғаны бәрімізге бел­гілі. Сондықтан да қазақ әйелінің отба­сын­дағы ролін сақтап қалуға тырысқан жы­раулар осы кезеңдегі туындыларында әйел мәселесін көбірек сөз етті.
Қазіргі қазақ әйелі туралы айтсақ, не­г­ізінен алғанда ол қазақ әйелінің клас­сикалық үлгісін сақтап қалды және жаңа мазмұнмен толықтырды деп нық айта аламыз. Тілді философиялық тұрғыдан зерттеуші Фердинанд де Соссюр «әрбір ха­лық өз тілінің кереметтігіне сенімді» де­мекші, менің өзім үшін қазақ әйелі – ең кө­рікті, ең ақылды, ең парасатты, ең зиялы әйел. Қоғамымыздың қай саласын алсақ та, ата-анасына сүйікті қыз, жұмы­сын­да озық қызметкер, отбасында адал жар, аяулы ана, кемеңгер әже, ағайын-бауыр арасында жақсы қарындас, қамқор апа, ибалы келін, мейірімді ене, тату абысын, сенімді құрбы болып жарқырап жүрген қазақ әйелін көресіз. / Гүлжихан Нұрышева . ф.ғ.д./.

Әйел - әлемнің ажырамас бөлігі. Әйел - адамзаттың анасы. Әйел - тіршіліктің бастау бұлағы. Әйел - бақа басты еркектің қосағы. Әйел - отбасының өзегі. Әйел - шаңырақтың шамшырағы. Әйел - сұлулықтың символы. Әйел - әдеміліктің асыл тәжі. Әйел - Тәңір-Тағаланың мейірімінің сынығы. Әйел - нәзіктіктің қас үлгісі. Әйел - Алланың рахымының жерге түскен шағылысы. Әйел -Алланың ұлы аманаты.


Тіршілікте әйел атаулының еркектердің алдына шығып, әлемге билік жүргізіп, ұшпаққа шыққан кезі ана еркі дәуірі екені белгілі. Иә, біз тарихтың түп-қойнауы ерте дәуірде еркектердің қабілетіне деген қоғамдық сұраныс артқанға дейін әйелдердің билігі орнаған «матриархат» кезеңі болды деп жатамыз. Бірақ, қазақ тарихында «матриархат» дәуірінің болып-болмағаны жөнінде тарихшыларымыз жақ ашпайды. Тек, Батыс тарихшылары негізін салып берген еуроцентризмнің теория-методологиясына сүйене келе ежелгі дүние тарихының оқулықтарында матриархат дәуірі болған деп болжамдайды. Әйтсе де, ғылымда гипотезаға рұқсат берілгенімен, ол нақты ғылыми шындықты білдіре бермейді.
Матриархат қоғамын жасаған «Амазонка» қауымы туралы алғашқылардың бірі болып ізденіс жасаған швеицариялық ғалым И.Я. Бахофен «Ана құқығы» (1861) және американдық Л.Г. Моргана «Көне қоғам» (1877) атты шығармаларында көне түркілерде ана еркі қоғамының болғанын нақты атап көрсетпейді. Осы екі ғалымның матриархаттық концепциясын қуаттаған Ф.Энгельс «Отбасы, жекеменшік және мемлекеттің шығу тегі» атты шығармасында алғашқы қауымдық қоғамда ұжымдық өмір сүрудің алғашқы тұрпаты ана еркіне негізделген деп біледі. Сондай-ақ, бұл ана еркі кезеңінің жер бетінде ғұмыр кешкен барлық халықтарға тән екенін қадап айтады. Қанша уақыттан бері қасаң түсінікке айналған осы теорияны соңғы кездері ғана базбір тарихшылар жоққа шығаруда (X.М. Думанов, А.И.Першиц. Матриархат: новый взгляд на старую проблему).
Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың шығармасында б.э.б V ғасырға дейін өмір сүрген «Амазонка» атты әйелдер қауымының төрткүл дүниеге билік жүргізбек болып, төңірегіндегі елдерге шапқыншылық жасаған. Осетин халқының ежелгі эпостарының бірінде осы «Амазонка» әйелдерінің бір кездері Қаратеңіздің теріскейіндегі скиф тайпаларында шабуылдағаны баяндалады. Осы соғыстарда сарматтар қолға түскен «амазонкалықтарға» үйленіп, олардан ұрпақ та тараған екен. Зерттеушілер осы оқиғадан кейін матриархаттық жөн-жоралғылардың скиф тайпаларына тарала бастағанын айтады (В.А.Кузнецов. Нартской эпос и некотрые вопросы истории осетинского народа)
Ал, сарматтармен бір кезеңде қатар көршілік өмір кешкен сақ тайпаларында матриархаттық қоғам болды ма ? Тарихшылар Зарина мен Тұмар ханшайымның билік құрғанына қарап, сақ дәуірінде де ана еркі қоғамының белгілерінің болғандығын айтады. Сондай-ақ, антропологтар Есік қорғанынан және Берел қорғанынан табылған «Алтын адамдардың» сүйегі әйел адамдікі екенін дәлелдеді. Одан өзге Еуразия даласынан сақ дәуіріне тән қаншама әйел мүсінді балбал тастар табылды. Осыған қарап сақ қоғамында ана билігінің орнағандығы нақты тұжырымдалмаса да, матриархаттық институттардың болғанын болжаймыз.
Көне түркілер «Ұмай ананы» космогониямен байланыстырмағанымен, олардың танымында әйел затының табиғат құбылыстарына қатыстылығы хақында көптеген түсініктер орын алған. Ғарыш кеңістігіндегі денелердің пайда болуы мен қозғалысы және жер бетіндегі жаратылыс жөнінде мифиологиялық бай пайымдаулары осыған дәлел бола алады. Айталық, Х.Әбішев «Аспан сыры» атты еңбегінде: «...Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. Әсіресе, Ай сұлуырақ болып, мақтанып, Күн оны қызғанып, Айдың бетін тырнап, оған дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі қарауытқан дақ «аламыш» содан екен деседі. Айдың кеш туғанын және кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге жақындап барғанда Ай қорғалап, бетін жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдейді», (Х.Әбішев. Аспан сыры. Алматы 1962) деп Ай мен Күннің жаратылысы мен қозғалысы хақында көне мифтік әңгімені жеткізеді. Бұдан басқа қазақ фольклорында «Ай астындағы Айбарша», «Ай бетіндегі жетім қыз, «Күн астындағы Күнекей» атты ертегілердің бар екені белгілі. Сонымен бірге, жеті қарақшы мен үркер жұлдыздары хақында М.Исқақов «Жетіқарақшы Үркердің қызын ұрлапты» дейтін ертегінің бар екенін жеткізсе, жас ғалым Ақеділ Тойшанұлы Құс жолының Ай анасының аспанға шығып, қызын іздегенде аққан сүтінен пайда болған деп есептелетін ертегінің бар екенін алға тартады (Ақеділ Тойшанұлы. Түрік-Моңғол мифиологиясы. Алматы 2009). Х.Әбішев қазақ мифиологиясында Венера жұлдызын Шолпан, Жарық жұлдызы, Тұлқатын, Нарық жұлдыз, Зуһра деп атайтын түрлі сипаттағы ертегілердің бар екенін екшеп өтеді (Х.Әбішев. Аспан сыры. Алматы 1962). Осы Шолпан жұлдыз туралы мифтік әңгімелердің бірінде Зуһра (Шолпанның арабша атауы) атты Алланың сүйікті құлын Әза мен Әзайаның зина жасауға мәжбүрлегенін, Зуһра олардан құтылу үшін Алланың мың есімін жаттап үйреніп аспанға ұша алатын қабілетке ие болып, зеңгір көкке көтеріліп Шолпан жұлдызға айналғандығы айтылады. Ал, көктемгі жауыннан кейін табиғаттың сәнін келтіретін кемпірқосақ туралы қазақ мифологиясында аспан елінде ғұмыр кешкен бай кемпірдің қойларын жауыннан кейін сауып, табиғаттың тамаша шұғыласының содан пайда болатыны баяндалады (Қазақтың мифтік әңгімелері. Құрастырған Ш.Ыбыраев, П.Әуесбаева. Ғылым баспасы. Алматы 2002).
Қазақтың аңыз-әңгімелерінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі көптеген жер-су аттарын әйел затымен байланыстырады. Мәселен атақты Бурабайдағы «Биші қайыңдар» туралы мынадай қызықты ертегі бар: «Ертеде кешқұрым сауыққой жастар алаңқайға жиналып, емін-еркін күліп ойнайды. Бұндай думанда бір топ сымбатты биші қыздар да мың бұралып билейді. Сондай қызықты сауықта жасырын келіп, тамашалап тұрған хан еріксіз айқайға басып: «Ғажап! Мың жасаңдар, қарақтарым!» деп таңдана дауыстайды. Сол кезде ел иесі ханның келгенінен именіп, қымсынған биші қыздар сол қалпында қайыңға айналып, қатып қалыпты» деседі (Ежелгі Қазақстан аңыздары. Аруна. Алматы 2006).
Еліміздің әр аймағында әйел затына қатысты «Бәйбіше», «Келінтас», «Қырық қыз», «Отаутас», «Маржан төбе», «Қызтөккен», «Балқаш көлі», Келіншек тау», «Қыземшек» секілді көптеген жер-су аттары бар. Сонымен бірге, «Айша бибі», «Ақбикеш», «Домалақ ана», «Бабажан қатын», «Қарашаш ана», «Гауһар ана» секілді әулие аналарымыздың кесенелері бой көтерген қасиетті орындар да бар. Ал, бұл жер-су аттары мен қасиетті орындар туралы ел ішінде небір қызықты сырға толы әңгімелер шертіледі.
Қазақтың Исламға дейінгі фольклорын тыңғылықты зерттеген С.Қасқабасов көне жыр-дастандар мен ертегілерде ана еркі дәуірі белгілерінің көптеп кездесетінін алға тартады. Әлбетте, ғалым ағамыздың кейбір пікірлерімен келіспеуге де болады. Дегенмен, дәлелді һәм қисынды тұжырымдарын жоққа да шығара алмаймыз. В.Я.Проптың ғайыптан туу мотивіне жасаған тұжырымдамасын негізге алып, С.Қасқабасов кейіпкерді ғайыптан туғызатын «Ер Төстік», «Әлібек батыр», Итыгиль», Шыңғысхан секілді мифологияларды матриархат дәуірінің жемісі деп бағалайды. Қазақтың дүниетанымындағы «жерік болу» ұғымының астарында ана еркі дәуірінің атрибуты жатқанын бажайлайды. Оған көне аңыздардағы ер адамның жан-жарының жерігін қандыру үшін қандай қауіп-қатер болсын тайсалмасатан басын бәйгеге тігетінін мысалға алады. Дегенмен, С.Қасқабасов жерік болудағы тотемдік байланыстарды матриархаттық қоғамнан патриархалды дәуірге өткен кезеңіне жатқызады. Мәселен, «Әлібек батыр» ертегісінде «Перзентсіздік зарын тартқан бай мен кемпір жұртқа мазақ болған соң жер-жерді шарлап кетеді. Әдеттегідей, оларға аян беріледі. Олар қуанып еліне қайтады. «Бірнеше күндер, айлар өткенде, кемпір-шал баяғы өздерінің шыққан мекен-жайларына келіп жетеді. Елге келген соң бірнеше күндер, айлар өтеді. Күндерде бір күн кемпір арыстанның етіне жерік болып: «Шалым! Тілегіңіз бір перзент еді. Олай болса, мен бала кезімде ойнап жүргенде, өзіміздің ауылдың артында бір Аралтоғай деген бар еді, Аралтоғай ішінде Шабақ тоғай бар еді, соның ішінде бір арыстан бар еді, дәл соның етіне жерік болдым» - дейді. Шал кемпірдің айтуымен барып, арыстанды өлтіріп алып келеді. Келе сала арыстанның етін тай қазанға асып пісіреді де үлкен астауға турап, жерік болған кемпірге бере бастайды. Кемпір арыстанның етін астаудан қос қолдап ол ұртына бір, бұл ұртына бір тықты. Үш күн, үш түн ұйықтайды. Содан кемпір Әлібек батырға жүкті болады» деген ертегіні, сондай-ақ, «Алпамыс батыр» жырындағы Байбөрінің қабыланды атып өлтіріп, оның жүрегін, бауырын, қоң етін бәйбішесіне жегізетін эпизодтар патриархалды қоғамның белгісі деп қарастырады (С.Қасқабасов. Жаназық. Астана 2002). Сонымен қатар, А.Веселовскийдің «кувада» салтын (әйел босанарда еркектің үйден кетіп қалуы) аналық дәуірге жатқызуын негізге алып, С.Қасқабасов кейіпкердің әкесі үйде жоқта тууын да матриархат дәуіріне тән мотив деп тұжырымдайды. Егер, бұл мотивті аналық дәуірге арқау етсек, онда кейіпкердің әкесі жоқта дүниеге келуін суреттейтін «Қозы Көрпеш, Баян сұлу», «Көрұғлы» жырларында да матриархаттық белгілер бар деген сөз. М.О.Косвеннің пайымдауынша ер-жігіттің қалыңдығына үйленгеннен кейін қайын жұртында тұрақтауы матриархаттық белгіге жатады (Косвен. М.О. Матриархат.). Қазақтың әдет-ғұрпында қыздың қалың малын толық өтеуге шамасы келмесе, күйеу жігіт қайын жұртында «күшік күйеу» болып жалданып жұмыс істейтін болған. Олай болса, қазақтың дүниетанымындағы «күшік күйеу» ұғымы да ана еркі дәуірінің сарқыншағы екені даусыз. Сонымен бірге, кейде қайын атасының өтінішімен күйеу жігіт қайын жұртта қалатын кездері де болады. Мысалы, «Көрұғлының» Ә.Жұмағазин нұсқасында кейіпкер өзінің атастырып қойған қызы Ақмеденді ерлік көрсетіп иеленгенімен, қайын атасы Көзейдің өтінішімен біраз жылға қайын жұртында тұрақтайтын эпизод кездеседі (Бабалар сөзі. 49 том. Астана 2009). Фольклоршы ғалымдар аңыз-әңгіме мен эпостардағы қыздың күйеу таңдауын да аналық дәуірдің сарқыты деп біледі. Оғани «Қамбар батыр» жырындағы Назымның Қамбаға сөз айтуын мысалға алады (С.Қасқабасов. Жаназық. Астана 2002). Қыздың күйеу таңдауы қазақтың өзге жыр-дастандарында да кезігеді. Айталық, «Ер Тарғын» жырында Ақшаханның қызы Ақжүніс күйеу жігіт Тарғынды өзі таңдаса, «Қыз-Жібек» дастанында да Жібектің Төлегенге көңілі ауады. Сондай-ақ, «Дудар қыз» және «Күн астындағы Күнекей қыз» ертегілерінде қыз жігітті өзі таңдап, оған шарт қояды. Яғни, қазақ қоғамында қыздың күйеуді таңдауы кең етек алмаса да, жыр-дастандарда мұндай элементтердің аз да болса ұшырасуы, біздің мәдениетімізде ана еркі дәуірінің сынықтары бар екенін көрсетеді.
Қорқыт ата әйелді пайымдауы. Түркілердің Исламға дейінгі дүниетанымынан сыр шертетін жауһар туындылардың бірі «Қорқыт ата кітабы» екені әмбеге аян. Бұл тарихи шығармада түркілердің әйел туралы пайымдаулары да көрініс береді. «Қорқыт ата кітабын» терең зерттеген Ә.Қоңыратбаев туындының бүгінге жеткен нұсқасына мұсылмандық құндылықтардың да кіріккенін айтады. Десекте, «Қорқыт ата кітабындағы» нәзік жандыларға қатысты пайымдаулар көне түркінің әйел танымын әйгілейтіні анық. Қорқыт атаның пайымдауынша әйел төрт түрлі болады. Оның бірі - ниеті қураған әйел, екіншісі - ынсапсыз әйел, үшіншісі - үйдің құты болған әйел, төртіншісі - кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы осы. Отбасының құты (тірегі) болған әйел даладан бір қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап аттандырып салады. Бұлар - Айша мен Фатимадан бата алған әйелдер. Хан ием, мұндай әйелдер өссе де көп емес, бәлки аз. Сіздің ошағыңызға да сондай әйел кез болсын. Одан соңғысы - ынсапсыз, қанағатсыз әйел. Ондай әйел таңертең төсегінен тұрып, беті-қолын жумастан тоғыз тоқаштың бәрін аударыстырып, ең тәуірін таңдап жейді, аузын томпайтады, бір шелек айранды басына көтеріп, қарынды қампитады, содан соң маңдайын сабалап, жылана бастайды да: Қараң қалғыр, осы күйше мен қайдан душар болдым. Бір күн қарным тойып ас ішпедім, жүзіме күлкі келмеді, аяғыма ілген кебісім болмады, бетімнан перде түспеді. Ерім өліп басқаға тисем, бағым ашылар еді, сол үмітім өшпесін», - дейді. Хан ием, ондай әйел мың болса да, өсіп-өнбесін, сіздің ошағыңызға кез бола көрмесін. Одан соңғысын салақ әйел дейміз. Ондай әйел төсегінен тұрған соң беті-қолын жуады, үйдің ол шеті мен бұл шетіне қарайды да, күбіні абыл-құбыл пісіп, көрпе-төсегін жинайды. Содан соң «шуу!» - деп ауыл кезіп, түс қайта үйіне оралады. Келсе үйі ұрланған, қазан-аяғын ит жалаған, бие-бұзау сүйкеніп, үйдің қорадағы байлаулы қалған сиыры мөңірейді. Келе сала әйел көршілеріне барып, шаптыға бастайды: «Ау, қыздар-ау, Зылихам, Зүбайрам, Руғейдам, бикештерім. Уа, азамат туған жігіт-желеңдерім, Айна-Мәлік, Құтлы-Мәлік қайда едіңдер? Ойбай-ау, үйім құлап қалыпты, түнде қайда жатамыз? Мені ерігіп жүр дедіңдер ме? Зәру жұмыс болған соң кетіп едім ғой. Үйіме неге көз қырын салмадыңдар? «Көрші ақысы - Тәңір ақысы деген қайда? - деп, безек қағады. Хан ием, ондай әйел мың болса да өсіп-өнбесін, сіздің ошағыңызға кез болмасынЕң соңғысы - адам тілін алмайтын кесір (қырсық) әйел. Үйге түзден бір ұятты қонақ келіп, ері оған: «Орныңнан тұрып, нан әкел, желік, қонағың да жесін» - десе, әйелі еріне: «Үйде піскен нан жоқ», - дейді. «Барыңды бер», десе, әйелі: «Не сандалып отырсың, үйіңнің әлдеқашан қу молаға айналғанын білмейсің бе? Үйде ұн жоқ, диірменге кеткен түйе қайтқан жоқ, оның не әкелері белгісіз. Дастарханымды жемесе, берерім жоқ», - деп бармағын көрсетеді, еріне сыртын беріп, дастарханды кісі алдына лақтырып тастайды. Ондай әйелге мың сөз айтсаң, соның бәріне жауап қатады, бірақ ерінің айтқанын құлаққа ілмейді. Ондай әйелді Нұх пайғамбардың көз жасынан пайда болғандар дейміз. Хан ием, сізді Алла осындай әйелдерден сақтасын, ондай әйел сіздің ошағыңызға кез болмасын» (Қорқыт ата кітабы оғыздардың батырлық жырлары: Орыс тілінен аударған Ә. Қоңыратбаев, М.Байділдаиев. - Алматы: Жазушы, 1986.)
Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. Оның ішінде жасау, дүние де әйелдің өзіне тән. Еректің әлемі үйдің босағасынани шықққаннан кейін басталады. Үй - әйелдікі, түз еркектікі. Киіз үйде әр нәрсенің, әр заттың өз орны болғаны сияқты әрбір отбасы мүшелерінің де жанұяда өз орны бар. Бұл тәртіп, жүйе бұзылмауы тиіс. Яғни, әйелге тән заттар өз тарапында болып, еркек жағына ауысып кетпеуі керек» (Д.Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. Түркістан 2004 Қазақтың дүниетанымын оның тұрмыс-тіршілігімен айшықтауға болады. Оның ішінде әйел мен ердің мәртебесі де тұрмыс-салттағы дәстүрлі түсініктермен бағамдалады. Мәселен, Атам Қазақ: «Еркек үйдің иесі, әйел үйдің шегесі» деп, әйел мен еркектің ерік-міндеттерін дәлме-дәл көрсетеді. Яғни, көшпелі халықтың патриархалды түсінігінде еркек шаңырақ иесі саналса, әйел сол отаудың отын жағып, ошағын қайнатып, үйдің берекесін кіргізетін жан. Бұл туралы көне түркінің дүниетанымын тереңірек зерттеп жүрген Д.Кенжетай былай деп тұжырымдайды: «Әлемді кеңістіктер мен бағыттарға бөлу арқылы мәденилендіру құбылысын киіз үйдің еркектік және әйелдік тарапқа бөлінуінен де көруге болады. Бірақ киіз үйдегі ең маңызды қазық - әйел болып табылады. Өйткені бұл кеңістік (ғарыш) - әйелдікі. Оның ішінде жасау, дүние де әйелдің өзіне тән. Еректің әлемі үйдің босағасынани шықққаннан кейін басталады. Үй - әйелдікі, түз еркектікі. Киіз үйде әр нәрсенің, әр заттың өз орны болғаны сияқты әрбір отбасы мүшелерінің де жанұяда өз орны бар. Бұл тәртіп, жүйе бұзылмауы тиіс. Яғни, әйелге тән заттар өз тарапында болып, еркек жағына ауысып кетпеуі керек» (Д.Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. Түркістан 2004. Қазақ «екі жарты, бір бүтін» деп әйел мен еркектің теңдігін паш еткен. Жаратылыс заңдылығында әйел сұлулық пен нәзіктіктің үлгісі саналса, еркектің пешенесіне қайрат-күш пен жігерді сарқа жұмсау жазылған. Еркек әйелдегі жіңішке, нәзік сезімнен құралақан болса, әйел қанша тырысқанымен еркектегі қайрат-күшпен иық тірестіре алмайды. Демек, бірінде жоқ сезім екіншісінде бар, бірінде бар қабілет екіншісінде жоқ. Әйел өзінің жаратылысына тән нәзіктікті қажет ететін үй шаруасымен, бала тәрбиесімен шұғылданса, еркек те өзінің жаратылысына сай қайрат-күшті қажет ететін түздің жұмысын атқарады. Яғни, әйел мен еркектің бір-бірінсіз төрт аяғын тең басып өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан да қазақтың дүниетанымында еркек пен әйел тең саналады.

Босанғаннан кейінгі депрессия – бұл босанғаннан немесе жүктіліктен кейін нәрестенің туылуымен аяқталмайтын 10-15% әйелдерде кездесетін психикалық бұзылыс. Босанғаннан кейінгі депрессия неге пайда болады, оны ешкім нақты білмейді. Жай депрессияның себептері анықталмайынша, олар бұл көптеген факторлармен байланысты жағдай деп болжайды: бейімділік, гормоналды тепе-теңдік, тұлға түрі, жеке тәжірибе және жарақат. Жүктілік және босану – бұл гормоналды тепе-теңдікті өзгертетін, денсаулығына әсер ететін және жиі психологиялық жарақат тудыратын, яғни депрессияның пайда болуының барлық себептерін күшейтетін оқиғалар. Бірақ бұл сау және өркендеген әйелдерде де, салыстырмалы түрде оңай жеткізілгеннен кейін де болады.


Босанғаннан кейінгі депрессия жиі кездесетін әйелдерге әсер етеді: Жүктілікке дейінгі психологиялық бұзылулар, баланы күтуге көмектесетін немесе жай ғана қолдау көрсететін жақын адамдардың жоқтығы, серіктесімен шиеленіс және т.б. Кейде босанғаннан кейінгі депрессияда да ер адамдар босанғаннан кейінгі депрессиямен ауырады. Бірақ әйелдерге қарағанда жиі кездеседі: 25 әкенің тек 1-інде ұқсас белгілер байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру