Семинар СҰРАҚтары: Сөйлеу әрекетінің ғылыми негіздері

Loading...


Дата15.04.2020
өлшемі61 Kb.
түріСеминар
Семинар

СҰРАҚТАРЫ:


1.Сөйлеу әрекетінің ғылыми негіздері.

2.Психолингвистика ілімімен байланысы. Зерттеудің алғышарттары

3.Психолингистика ілімі туралы А.А.Леонтьевтің көзқарастары

4.Сөйлесім әрекетінің түрлері

Жауаптары:

1.Сөйлеу әрекетінің ғылыми негіздері.

Адамның сөйлеуі – мәнерлікті көрсетуге негіз болатын ерекше бай мұра. Дауыстың өзі сөйлеушінің көңіл-күйін көрсетеді. Сөйлеуші адамның санасының бағыттылығын, оның басқа мінез-құлық ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Адамның жан-дүниесін айқындауда сөйлеудің мүмкіндігі шексіз.Мінез-құлық тұрғысынан сөйлеу – субъектінің сыртқа өз ойын шығару, соның нәтижесінде оның маңызды психологиялық мүмкіншілігінің болуы. Сөйлеу бақылау үрдісін психологиялық феноменге айналдырады.Жеке ұлт тілінің қасиеттерін білу үшін Америка антропологы және тіл зерттеушісі Б.Уорф «ойды тіл билейді» дейтін болжам құрды және осы болжау жер жүзіне бірсыпыра пікір таратты. Бұл болжамда тек ой туралы ғана емес, қабылдау туралы да айтылады. Заттарды қабылдауда тілдің әсері бар дейтін Б.Уорфтың жорамалын түгелдей жоққа шығаруға болмайды. Қабылдау тілге қатысты деген адам бір нәрсе көзіне іліккенде, мысалы, галереядағы картиналарды көрген кезінде үнсіз сөйлеп, сол суреттер жөнінде іштей ойланады. Адам іштей сөйлемесе, көріністі қабылдай алмайтыны байқалады.

Осыдан 130 жылдай бұрын (1861 ж.) француз ғалымы П.Брока адамның ми қабығындағы сол жақ жарты шардың маңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатынын анықтаған. П.Брока мидың бұл бөлігін «сөздерді бейнелеудің қоөғаушы орталығы» деп атады. Кейінірек, 1874 жылы К.Вернике мидың осы бөлігінің самай жағындағы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д.Джексон (1835-1911 ж.) сынаған болатын.

Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен психологтар П.К.Анохин, Н.А.Бернштейн, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, Д.Н.Узнадзе, АҚШ-та Дж. Миллер т.б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлелдері жеткіліксіз екендігін ашып көрсетті. П.К. Анохин сөйлеу әрекетінің физиологиялық механизмін арнайы және бірнеше қызмет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары екенін дәлел- дейді. Сөйлеу мехонизімі- Н.И. Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі салалы процесс. Сөздерді қабылдау мен түсіну күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.

Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс және ол жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінеді. Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінің орталығы мидың желке бөлігінде орналасқан.

Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдауына байланысты.Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялы жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми

жарты шарларының белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазиялар денамикалық, эфференттік, афференттік қозғалысты және семантикалық, сенсорлы болып бөлінеді. Осы салада зерттеу жүргізген әйгілі псхолог ғалым А.Р.Лурия еді. «Афазия» деген грек сөзінің мәнісі- мидың зақымдануы салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не өзге адамдар мен қарым-қатынасындағы сөйлеу қабілетінің мардымсыздығы дегенді білдіреді. Сөйлеу қабілетінің мұндай кемістігінің түрлері әрқилы. Динамикалық афаразияға ұшыраған адам сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын болса, ал эфференттік қозғалыс афазиясында сөздер мен сөйлемдердің граммотикалық жүйесі бұзылады.

Афференттік қозғалыс афазиясы- сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Се- мантикалық афазия- әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай кемістігі бар адам «әкесі», «ағасы» деген сөздерді дұрыс айтқанымен, «әкесінің ағасы» не «әкесінің інісі» деген сөздердің мәнін ажырата алмайды. Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар сөздері дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінің мәнісін түсінбейді.

Сөйлеуде кездесетін афазиялық кемістіктердің бәрі де- жан жүйесі күйзеліске душар болған немесе өзінің кім екенін де аңғара алмай, әр түрлі сандырақтарды айтып, елірме ауруға ұшыраған, сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарда болып отыратын құбылыс.


2.Психолингвистика ілімімен байланысы. Зерттеудің алғышарттары

Психолинвистика тілді психикалық құбылыс ретінде қарастыратын тіл білімінің

саласы. Психолингвистикалық көзқарас бойынша, сөйлеуші мен тыңдаушының, жазушы мен оқушының ішкі жан дүниесі тілде өмір сүреді. Сондықтан психолингвистика ескі славян немесе грек сияқты «өлі» тілдерді қарастырмайды. Онда мәтіннің өзі ғана бар, мәтін жасаушының психикалық әлемі белгісіз. Психолингвистиканы жартылай лингвистика жартылай психология деп қарастыруға болмайды. Бұл – тілді зерттейтіндіктен лингвистикалық ілімдерге жататын, ілді белгілі бір аспектіде психологиялық құбылыс ретінде қарастыратындықтан –психологиялық ілімдерге жататын кешенді ғылым. Тіл - әлеуметке қызмет ететін таңбалар жүйесі болғандықтан, білімді беретін, қабылдайтын және әлеуметтік қарым-қатынасты қарастыратын білімдер аясына жатады. Адам баласы тілді толық меңгеру мүмкіндігіне ие болып туады. Дегенмен, бұл мүмкіндікті әлі шыңдау керек. Бұның қалай жүзеге асуын түсіну үшін психолингвистика бала тілінің дамуын қарастырады. Психолингвистика сондай-ақ сөйлеу процесінің дамуы мен қызметінің нормадан ауытқу принциптерін де зерттейді. «Нормада жоқ нәрсе –нормадан ауытқу» принципін ұстана отырып, психолингвистика балалар мен ересектердің сөйлеу ақауларын да зерттейді. Бұл келесідегідей ақаулар: өмірдің бастапқы кезеңінде тілді меңгеру процесінде пайда болған, сондай-ақ, кеш байқалған – ми жарақаты. Мүкістік, психикалық аурулардың болған ақаулар.

Психолингвистика шамамен 40 жыл бұрын АҚШ-та пайда болды деп саналады. Шыныда, 1950 жылдары АҚШ-та қалыптасып қойған ғылыми бағытқа қағаз жүзінде мәртебе (статус) беру мақсатымен американдық психолог «психолингвистика» терминін ұсынған. Дегенмен, қазіргі уақыттың өзінде де психолингвистика нақты белгіленген шекарасы бар ғылыми дәрежесіне көтерілген жоқ, сондықтан бұл ғылым тіл мен сөйлеудің қай аспектілерін зерттейтінін және осы мақсатта қандай әдістерді қолданатынын нақты көрсету екіталай. Бұған дәлел – кез келген психолингвистикалық оқу құралдарының мазмұны. Лингвистикалық еңбектерде міндетті түрде фонетика, лексика, грамматика жайында, психология оқулықтарында түйсіну, ес, сезім жөнінде сөз етсе, психолингвистикалық оқу құралдарының мазмұны сол еңбектің қандай ғылыми және мәдени дәстүрде жазылғанына байланысты. Көптеген американдық және ағылшын тілді психолингвисттер үшін (негізінен, білімі бойынша психологтар) тіл туралы ғылымның эталоны болған АҚШ-тағы беделді лингвистикалық теориялардың бірі – бірнеше нұсқалы Н.Хомскийдің генеративтік грамматикасы. Осы ретте, американдық дәстүрдегі психолингвистика Хомский идеясының негізінде қалыптасқан психологиялық болжаммен бақылаудағы сөйлеу әрекеті қаншалықты сәйкес келетінін тексеруге бағытталған. Осы тұрғыдан келіп бір авторлар – баланың сөйлеу тілін, екіншілері - әлеуметтік қарым-қатынатағы тілдің орнын, үшіншілері тіл мен тану процесінің өзара байланысын қарастырады. Француз психолингвисттері негізінен швейцар психологы Жан Пиаженің (1896-1980) ізбасарлары болып табылады. Сондықтан оларды қызықтыратыны негізінен: бала тілінің қалыптасуы және таным процестері мен интеллекттің дамуындағы тілдің рөлі. Еуропалық (сондай-ақ отандық) гуманитарлы дәстүр бойынша психолингвистиканың қызығушылығын, ең алдымен келу жолын (подход) (бұл психиканы оқудан әрі жатқан дүние) белгілеуден бастауға болады. Бұл тіді «таза қатынас жүйесі» деп (lanque – ХХ ғасыр басындағы структуралық лингвистиканың негізін салушы швейцар лингвисі Ф. де Соссюрдің терминінде) түсіну, бұнда тіл зерттеу мақсатында

сөйлеуші психикасынан алыстатылған құрылым (конструкт) ретінде көрініс береді. Психолингвистика бастапқыда реалды сөйлеу, түсіну үрдістерін (процесс) «тілдегі адамды» зерттеуге бағытталған (Француз лингвисі Э.Бенвенистің (1902-1976). Психолингвистиканы жеке пәні мен әдістері бар ғылым ретінде емес, сөйлеуді, қарым-қатынасты, таным үрдістерін зерттейтін ерекше ракурс деп таныды.

3.Психолингистика ілімі туралы А.А.Леонтьевтің көзқарастары

Ресей психолингвистикасының негізін қалаушы А.А.Леонтьев бұл ғылымға (психолингвистикаға) бірнеше анықтама берген. Бірінші анықтамада басқа ғалымдардың психолингвистика жөніндегі пікірлерін жинақтаған: «Тілдік жүйе мен тілдік қабілеттің өзара қарым-қатынасын қарастыратын ғылым». Келесі анықтамасы мынадай: «Психолингвистика пәні біртұтас тілдік қызмет және оның кешенді модельдеу заңдылықтарын зерттейді». Осыған байланысты Ресей тіл білімінде «психолингвистика» терминіне синоним ретінде «тілдік қызмет теориясы» деген сөз тіркесі қолданысқа ие болды. 1989 ж. А.А.Леонтьев «Психолингвистика пәні сөйлеудің тууы (сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін жасауы - речепроизводство) және сөйлеуді қабылдау (речевосприятия) процестерінің құрылымдарын тілдің құрылымен (кез келген немесе белгілі бір ұлттық) қарым-қатынаста зерттейді. Психолингвистикалық зерттеу бір жағынан, тілдік қызметке, екінші жағынан, тілдік жүйеге қарым-қатынастағы адамның

тілдік қабілеттеріне анализ жасауға бағытталған,» - деп есептеді. Ал 1996 ж. А.А.Леонтьев: «Психолингвистиканың мақсаты қоғамда және жеке тұлғаның дамуында тілдік қызметпен (сөйлесім әрекеті) байланысты сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін жасауы мен қабылдау механизмдерінің қызметінің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады, » - деп жазды. Сонымен қатар, А.А.Леонтьевтің мынадай анықтамасы бар: «Психолингвистика – сөйлеудің қалыптасу (речеобразования) процесін, сондай-ақ тілдік жүйемен қарым-қатынастағы сөйлеудің қабылдану мен қалыптасуын зерттейтін ғылым».

Бұл анықтамада психолингвистиканың үш пәндік орталығы бар екені ескертіледі:

1. сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін жасау (индивидуалды сөйлеу актында);

2. сөйлеуді қабылдау (индивидуалды сөйлеу актында);

3. сөйлеудің қалыптасуы (нәрестенің жеке тұлға ретінде қалыптасу процесінде).
4.Сөйлесім әрекетінің түрлері

Адамның сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Біріншіден, сөйлеу қабілетіне, өзінің психикалық және физиологиялық механизіміне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі- хормен сөйлеу және қарапайым түрде қайталау болып отыратын- жаңғырық сөзі болып бөлінеді. Осы негізде сөздер атауы сөздер мен коммуникативті сөйлеу болып та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат-міндеттерді көздейтін түрі

бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы түрде активті сөйлеу мен сөйлеудің құрылысын талап ететін реактивті сөйлеу болп жіктеледі. Сондай-ақ, сөйлеудің тағы бір түрі қосалқы сөз деп аталады. Сөй- леудің қосалқы түрі сөйлеудің қалыпты құрылысын қатаң талап етпесе де, өздігінен сөйлеу түрі болып саналады. Қосалқысөйлеуге, мәселен, жазба текетерді оқу жатады.

Сөйлеу әрекетін топтастырып ажыратуда ерекше маңызы бар жайт- сөйлеудің еркін болуы. Бұл сөйлеуді топтастырып бөлудегі үшінші негіз болып сангалады. Ал төртінші негіз бойынша сөйлеу сыртқы және ішкі белгілеріне орай жіктеледі. Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді сыртқы сөз- дауыстап естіртіп сөйлеу және іштей сөйлеу (үнсіз сөйлеу) деп екі топқа бөлеміз.

Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекшіқызмет атқаратын түрі- коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен қолданылады.Сөйлеудің бұл түрі: а) монологтық сөйлеу (дара адамның сөйлеуі), ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесу, әңгімелесуі), б) үнсіз (іштей) сөйлеу, в) жазба сөзболып төрт топқа бөлінеді. Сөйлеудің бұл салаларының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

а) Монологтық сөйлеу- сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі.Мұнда айтылуға тиісті ой-пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт пен жағдай тыңдаушыларға жете түсіндіріледі. Соған орай ол жүйелі, дұрыс ырғақты, екпінді, бет, дене құбылыстары мен қимыл-қозғалыстар арқылы

қажетті сөздерді өзгелерге жеткізудің әдіс-тәсілдерін қамтиды.

ә) Диалогтық сөйлеу- оқиға мен болмыс көбінесе, нақты тақырыпқа құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады. Бұл — сөйлеудің ұтымды бір түрі.

б) Үнсіз (іштей) сөйлеу- адамның практикалық іс-әрекеті мен теориялық мен теориялық ой-пікірі жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы. Мысалы, бір жерге бару үшін адам немен барады, қалай барады, алдымен соның бәрін



жоспарлап алады. Іштей сөйлеуде адамның ерні жыбырлап, тілі қозғалады, дыбыс сыртқа шықпайды. Ішкі сөйлеудің психологиялық мәселелері психолог А.Н. Соколовтың зерттеулерінде қамтылған.

в) Жазу сөзі-мұны монологтықсөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу сөзі ауызша сөйлеуге қарағанда, ой-пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде жеткізеді. Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс. Жазба сөз мәдениеті жоғары адам өз ойы мен пікірін ұтымды, бейнелі, әрі түсінікті етіп білдіре алады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...