Семинар сабақ Тақырыбы: «Тұлға теориясындағы әлеуметтік-когнитивтік бағыт»

Loading...


бет1/2
Дата09.04.2020
өлшемі140.73 Kb.
түріСеминар
  1   2
Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті


Семинар сабақ

Тақырыбы: «Тұлға теориясындағы әлеуметтік-когнитивтік бағыт»

Орындаған:Жетпісбаева Б.Н

Тексерген: Бапаева С.Т

Топ: ППФ 108

Алматы 2020 жыл
Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт

Талданатын мәселелер:

  1. Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт (А.Маслоу)

  2. Тұлғаның гуманистік теориясына сипаттама.

  3. Абрахам Маслоу - өзін-өзі кемелдендіру тұжырымдамасы туралы.

  4. Гуманистік психология өкілдері көзқарастарының салыстырмалы талдауы.

Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған. Біріншісі:«клиникалық» американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық» өкілі Маслоу. Осы екі бағыттың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақтақтар біріктіреді.

Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты онша тұрақты дамуға творчествоға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады.

Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі- ол индивидтің тұтастығы.

1. Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет. Уникалды –ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз.

2. Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциялы бар.

3. Творчестволық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты,барлық адамға тән.

Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді.Маслоу болжамы бойынша орташа адам өз қажеттіліктерін мынадай ретке қанағаттандырады.

Иерархия- бір-біріне бағынышты белгісі байынша бір ретке орналастыру. Қажеттіліктердің осы барлық дәрежеде меңгерген адам, толық өзін-өзі жетілдірген болып саналды. Иерархиядағы қажеттіліктерінің кезектесуі адам мотивациясы ұйымдасқанның негізгі принципі болып табылады. Дәл осындай иерархия кейбір адамда сақталуы мүмкін.

1. Физиологиялық қажеттілік: тамаққа, ауаға физиологиялық белсенділікке, сенсорлық стимуляцияғ деген қажетіліктер.

2. Қорғанысқа деген қажеттілік: қорғанысқа, тұрақтылыққа, белгілі бір дәрежеде тәртіп пен реттілікке белгілі бір жүйенің, заңның болуына деген қажеттіліктер.

3.Қарым-қатынас қажеттілік: белгілі бір әлеуметтік топқа жату, қарым-қатынас, достық, махаббат деген қажеттілік. Достыққа, махаббатқа деген қажеттілікті екі топқа бөлінеді.

4.Өзін-өзі сыйлау қажеттілік- өзін-өзі сыйлау, басқалардың өзін сыйлауын қажетсіну.Бұған кіретін жетістік, сенімділік,біліктілік, тәуелсіздік, еркіндік, түсініктер, өзін-өзі сыйлаудың қалыптары.

5.Өзін-өзі өзектерндіру деңгейіндегі қажеттіліктер, метақажеттіліктер деп аталады. Метақажеттілікті сипаттайтын негізгі түсініктер.: тұрақтылық, тұрақты даму, бейсаналы жетілу, қарапайымдыолық, эстетикалық, сезімдердің болуы.

Маслоу өзін-өзі өзектендіруші тұлғаға тән мынадай сипаттарды көрсетеді.

Реалдылықты неғұрлым эффективті қабылдау. Адамның өзін-өзі басқаларды жалпы табиғаты солай, сол күйінде қабылдауы.Тәуелсіздік белгілі бір дәрежеде іс-әрекетті пікірлердің тәуелсіз болуы.


«Гуманизм» терминін қазақ тіліне аударғанда «ізгілікті» деген сөздің мазмұнымен тұстас келеді, олай болса, белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін гуманистік ортаны құруда, алдымен, педагог қауымының бойында ізгілікті қасиеттердің табылуы шарт. Гуманистік психология теориясының негізін салған американдық психолог А.Маслоу (1908–1970). ХХ ғасырдың 60-шы жылдары өзін-өзі өзектендірген, ізгілікті қасиеттерді бойына жинаған адамға тəн қасиеттер деп келесілерді көрсеткен екен:



  • шындықты толығымен қабылдау жəне оған адекватты қатынаста болу (өмір шындықтарын бұрмалаусыз қабылдау, түсіну);

  • өзін жəне өзгелерді қабылдау (өмірде əркімнің өз орыны бар, ешкімде біреудің қалауына сəйкес болуға міндетті емес, адамды барлық болмысымен қабылдау жəне сыйлай білу);

  • өзінің сүйікті ісімен кəсіби тұрғыда айналысу, сол іске бағдарлану;

  • əлеуметтік ортадан тəуелсіз болу, өзіндік дербес пікірінің болуы;

  • басқа адамдарды түсуге қабілетті, адамдарға деген кеңпейілділік;

  • тəжірибесімен бөлісу, объективті баға бере білу;

  • жақсылық пен жамандықтың мақсаты мен тəсілдерін ажырата білу (мақсатқа жетуде кез келген тəсіл тиімді бола бермейді);

  • жүріс-тұрыстың шынайы болуы;

  • əзілге бейім болу;

  • өзін дамыту, қабілеті мен потенциалды мүмкіндіктерін ашып, шығармашылық жұмыста, махаббатта, өмірде өзін-өзі өзектендіру;

  • жаңа мəселелерді шешуге дайын болу, өз тəжірибесіндегі міндеттер мен қиындықтарды саналы сезіне білу, өз қабілеттерінің мүмкіндігін білу.

Қазіргі білім саласындағы жаңа формация педагогтеріне қойылатын талаптар мен құзыреттілік моделі жасалуда. Педагогке қойылған талаптарға сəйкес болу үшін педагогтың өзімен жұмыс жасауына тура келеді. Алдымен бұл өзгерістер адамның ойлау стилін өзгертуден бастауды қажет етеді.

«Мен қандаймын?» жəне «Қандай болуым керек?» деген сұраққа дəйекті жауап алу үшін білім беру жүйесінде қолданылған гуманизмге қарсы бағыттағы технократизм парадигмасының сипатына тоқталып кетейік.

Технократизм адам іс-əрекетін ұйымдастыруда қаталдық (əміршілдік) формасын көздейді жəне өз атауында тұрғандай механикалық, техногенді сипатқа ие. Механикалық принципті негізге алған автоматтандырылған жүйе адамға дайын жүріс-тұрыс пен ойлау тəсілін қолдануды талап етеді. Бұл ойлау жүйесіне стереотип болып қалыптасып, оның өмір бойына созылады, өйткені адам оның шектеуінен шыға алмайды, бойындағы əмбебап мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Технократия принципін ұстанушылар барлық жағымды қасиеттерді біріктіретін жүріс-тұрыс моделін аз уақыт ішінде адам бойында қалыптастыруды көздейді, бірақ адамның адам ретіндегі құндылығы, өзіндік рухани байлығы, өзін жетілдіру мəселелері назардан тыс қалады. Технократизм парадигмасы адамға нұсқау беру арқылы көптеген шектеулер қояды, ол қоғамға, əлеуметтік топтарға, тіпті кеңістігі мен шығармашылығы жағынан шектейді. Адамзаттың табиғатпен үйлесімді даму мүмкіндігін шектейтін технократизм идеясын сынға алған кеңес философтары В.Соловьев, П.Флоренский, А.Карсавин, С.Булгаков жəне Н.Бердяев өз еңбектерінде оның адам ойлауын бір сарынды етіп, толыққанды дамуына шектеу қоятынын ашып көрсетті

«Білім ол — күш» деген ұранды басшылыққа алған технократ-оқытушы дайын білімді оқушы бойына қалыптастыруға тырысады, оқушы тарапынан айтылған сын, ұсынылған жаңа бастама, идея технократия парадигмасында қолдау таппайды, өйткені бұл парадигманың саясаты əміршілдік стильде жүзеге асырылады. Жəне бұл парадигмада қалыптасқан жолдан ауытқуға немесе қателесуге болмайды, себебі техникаға негізделген идеяда қысқа уақытта сандық мақсатқа жету керек, қатенің себебін анықтап жəне салдарын жоюға, сапаға мəн беруге уақыт мүмкіндік бермейді. Əміршілдік жүйе өз бағдарламасын ұсынатындықтан, адамның рухани дамуына, өмірдің мəнін ұғынып, табиғатпен үйлесімді өмір сүруіне де əсер етеді. Дайын сүрлеумен жүруді көздейтін бұл парадигма үшін адамның діни нанымдары, эстетикалық талғамы, құлықтылық қасиеттері, ата-бабадан келе жатқан салт-дəстүрлері мен мəдениеті маңызды емес, тіпті дінді жоққа шығарып,  қалыптасқан ұлттық дəстүрді жойып, өз əмірін орындатқыза алады, сөйтіп, адамды автоматтанған іс-əрекеттің құлына айналдырады. Билік жəне заң үшін қоластындағылардың бір бағытта жүргені, берілген бұйрықтардың уақытылы орындалғаны, ұсынылған модельге сəйкес болуы өте ыңғайлы. Табиғи үйлесімділіктен, сұлулықтан, рухани байлықтан, діни нанымнан айырылған адамда, əлем туралы, өзі туралы бұрмаланған түсініктің қалыптасуына əкеледі.

Адамзатты қалыптасқан осындай жүйенің құрсауынан азат ету бойынша ғалымдардың ой пікірлері өз ұлтының тарихи даму кезеңдеріне байланысты: мысалы, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген неміс философтары И.Гете жəне Ф.Шиллер технократия жағдайында адам тұтастығын қалпына келтіріп, индивидті тұйықталудан құтқарудың түрлі тəсілдерін қарастырды. Ф.Шиллер «əр адам еркіндікте өмір сүруге құқылы, жəне оған қол жеткізудің бір жолы — рухани сұлулық», — деп санады.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген кеңес философтары П.Флоренский, В.Соловьев, Л.Карсавин жəне Ж.Маритен адам тұтастығын сақтауда əмбебап, кіріктілген тұжырымдама ұсынды. Ол дінге негізделген, əлем тарихындағы барлық құндылықтарды біріктіруге қабілетті «интегралды гуманизм» жүйесі болды.

Қайта өрлеу дəуіріндегі гуманистік ойлар: «гуманизм» терминін (лат. humanitas — адамшылық) қолданды, яғни humanitos — адамның тəрбиесі жəне білімі, оның жоғарғы дəрежеге жетуіне мүмкіндік туғызу деген мағынаны білдіреді. Гуманизм қайта өркендеу дəуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен əлеуметтік қозғалыс. Гуманизм адамзат жəне барлық басқа болмыс бастауларынан адамзаттың жоғары тұратындығын білдіреді.

Дамушы мемлекет ретінде бізде технократизмді басшылыққа алған саясатты бастан өткердік, демократиялы елде өмір сүріп жатқандықтан, оқытушылардың əміршілдік принципін басшылыққа алуы тəрбиеленушілермен қарым-қатынаста қарама-қайшылық тудырып, қақтығысты жағдайлардың туындауына мүмкіндік береді. Сондықтан гуманистік парадигманы жүзеге асыруға психологиялық тұрғыда дайын болу үшін А.Маслоудың «Гуманистік психология» теориясымен танысып көрелік.

«Гуманистік психология» теориясы психологиялық дені сау, өз дамуының шегіне жететін, өзін өзектендіре алатын үйлесімді тұлғаның қалыптасуын көздейді жəне оның негізгі ұстанымы  əр адамды біріккен, əмбебап, ұйымдасқан тұтастық ретінде қарау. Гуманизм теориясы бойынша, «адам тағдырына деген жауапкершілікті өз қолына алып, ұсынылған мүмкіндіктердің арасынан  еркін таңдау жасай отырып, өмір бойы өзін жетілдіруге тырысуы қажет» деп түсінген американ психологы А.Маслоу əр адамның толысуына жəне өзін өзі жетілдіруге деген потенциалды мүмкіндіктері бар деп көрсетеді. Адамның өзін жетілдіруінде мотивация ықпалының басым екенін айтады.

Мотивация — адамды əрекет жасауға итермелейтін, оның жүріс-тұрысын басқаратын, бағыттылығы мен белсенділігін анықтайтын жəне өз қажеттілігін қанағаттандыруға деген қабілеті.



  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...