Семинар Рай категориясы

Loading...


Дата14.04.2020
өлшемі28.88 Kb.
Изтлеуова Райымгуль 302-топ

10-семинар

Рай категориясы

Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модалъдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы болып табылады.

Етістік модальдылық мәнге өте бай сөз табы. Белгілі қимыл, іс-әрекеттің белгілі субъекті тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеушінің көзқарасы, пікірі, бағасы (анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы, орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрық мәндері т.б.) қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық (категориялық) көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамтый алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді.

Мысалы, адам-су, білгіш-сіну, жетім-сіреу, білген-су, жүр-іңкіреу, кел-гіштеу сияқты сөздер қимыл, іс-әрекетті білдіретін етістік қана емес, сонымен бірге -сы, (-сі), -сін (-сын), -сір, (-сыра), -іңкір (-ыңқыра), -гіште (-ғышта) т.б. қосымшалар қимылға бәлдену, тыраштану „әлденемедегі бола қалып, болып көріну", бәлсіну, менсінбеу, бұлдану, зартұту, зәрулік, тапшылық көру, тең еместікті сезіну, қимылдың қайталануы және оның мардымсыздық, жағымсыздық сипаты, қимылдың күшейтпелі, үдей түсу мәні т.б. сияқты модальдық реңктер үстейді. Сондай-ақ негізгі етістік пен модаль сөздерінің тіркесінен құралған тіркесті түбір етістіктер де әр түрлі модаль мәндерін білдіреді: барған (-атын), сияқты (тәрізді), айтуға тиіспін (тиістімін), айтуың керек (қажет, мүмкін, тиіс) т.б.



 Бұл сияқты етістік қосымшалары мен тіркесті түбір етістіктердің модальдылық мәні күмән тудырмайды, бірақ рай категориясының ауқымына енбей жүр, себебі, біріншіден, модаль мән, реңк тудыратын қосымшаларда категориялық сипат жоқ, барлық етістікке я етістіктің белгілі бір грамматикалық тобына әрдайым жүйелі түрде жалғана алмайды, екіншіден, олардың көпшілігінің І (-сы, -сі, -сын -сін, -сындық, -ғыш-та, -ғыш-те т.б.) сөзжасамдық қасиеті бар немесе жоғарыда көрсетілгендей, лексика-грамматикалық сипаты бар, етістік түбірінің грамматикалық сипатына (2-жақ жекеше бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуі, тікелей жіктелмеуі, сол тұлғасында қолданыла алмауы) сай келеді, үшіншіден, негізгі етістік пен модаль сөздің көмекші мәнде тіркесуі етістік табиғатында таза грамматикалық категория емес, лексика-грамматикалық құбылыс ретінде жеке қаралуы тиіс. Өйткені соңғы үлгінің таза морфологиялық сипатынан гөрі семантиклық (мағыналық), синтаксистік (қатынастық, қызметтік) мәні басым сияқты көрінеді және ол модаль сөздердің көпшілігі осы мәнде – қызметте есім сөздермен тіркесіп келіп те сөйлемді аяқтап (предикатты қызметін атқарып) ойдың, модальдығын да білдіріп тұрады. „Модаль сөздер мен модаль шылаулардың ашық рай формаларымен жиі қолданылуы нәтижесінде көптеген аналитикалық модаль тіркестер туған. Немесе кейде модальдылықты екі түрге бөліп, рай арқылы модальдылықтың берілуі объективті модальдылық деп, арнаулы жеке сөздер арқылы берілуі субъективті модальдылық деп те көрсетіледі. 
Негізінен алғанда, рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі бөлініп көрсетіліп жүр. А.Ысқақов жалпы бұл сияқты рай түрлерін жоққа шығарғанымен, рай категориясын (етістіктің модальдығын) қимылдың, іс-әрекеттің ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай екі топқа реальды немесе ашық (негізгі) және неғайбыл (жәрдемші) немесе ирреалды рай деп бөледі. Бұлай бөлуге негіз болып отырған бұл рай түрлерінің семантикалық сипаты ғана емес (реальды мән және ирреальды мән) сонымен бірге неғайбыл (ирреальды рай түрлері бұйрық рай, шартты рай, қалау рай) белгілі морфологиялық тұлғалар жүйесі арқылы берілсе, ашық (негізгі) райда арнаулы грамматикалық көрсеткіштер болмайды", сөйтіп, олар арнаулы көрсеткіштерінің болу-болмауына қарай „бір-біріне қарама қарсы қойылып қаралады".

И.Маманов дәстүрлі төрт райдың үстіне „шарттылық рай мен өкініш рай" деп тағы екі түрін қосқан". Айта кету керек, ғалымның шарттылық рай деп отырғаны ашық райдың бір түрі де, өкініш рай дегені ниет, тілек мәніндегі қалау райдың бір түрі сияқты.

Ашық рай – қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде болу-болмауын білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі қимыл, іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты (өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақ өтетінін) сипатын білдіру, сөйтіп, ашық рай, бір жағынан, етістіктің рай категориясының бір түрі болса, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз екінші жағынан ашық рай екен де, енді ашық райдың сипаты шақ категориясы мен оның түрлері шеңберінде қарастырылады.

Бұйрық рай—айтушының тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, бұйыра, сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылды, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына. Бұйрықтық, негізінен алғанда, 2-жаққа байланысты болып отырады: Тыңда, дала, Жамбылды (Ж). Ғылым таппай мақтанба(А).Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!(Ы.А)Енді сен жүре бер, аздан соң жауабын өзім берейін (Ә.Ә.) „Көктің құсы, жаздың аңы аман тұрғанда, оң көзім, екі қолым аман тұрғанда, мені қарны ашып өзегі талады деп ойламаңдар (С.М.) Өзіңіз шаршағансыз, осында қона кетіңіз (М.Г.) Тоңғандарың мына тұс-тұсындағы ауылдарға барып, жылынып қайтыңдар(М.Ә.).Құдықты шапшаң қазып, самауырды тез қойып жіберіңдер (М.Ә.) Сендер ананы Горькийше сүйіңдер (С. Бақб.).

Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тіле), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады. Тілегім бақыт тап та, өмірлі бол, Қорлықпен ағармасын қара шашың (Қ.А.) Шөл дала сусын ішсін, шөлі қансын. Алма өссін, гүл бақшасы жапырақ жарсын. Сайрандап адам ұлы кең дүниеде, Бұлбұл құс бойы балқып, әнге салсын (Ж) Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез (А). К,айратпен кіріп жалынбай, Ақылмен тауып ойласын. „Мен қалайға салынбай, Жылы жүзбен жайнасын.(А).

1-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйткені одан (сөйлеуші) өзіне-өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді ғой. Соған қарап 1-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен шығару керек деген де пікір жоқ емес. Сөйле десең, сөйлейін сөз келгенде ... – Жолдан адасып көп күн жүрсек, бізге тамақ керек болар, үйректі де ұстап алайық, -деді (Ы.А) Алдымда толған мақсат, толған таңдау, Алайынмынасын ба, анасын ба? (С.Т.) Мен не болсам, болайын,сен аман бол (А) Мен өлейін, сен сау-ақ бол (А). – Хан мен уәзір ақылдан айрылыпты, өлтірейік екеуін жынды екен, -деп(А).

Сөз жоқ, бұйрықтық мағынаны білдіруде 2-жақ пен 1 және 3-жақтардың арасында айырмашылық бар екені айтылып жүр. „Бұйрық райдың үшінші жағындағы етістіктер қаулы, қаралар, үндеулерде де жиі қолданылады. Мұндай мағына бұйрық райдың бірінші жағында да бар. Бұл айтылғандардан басқа бұйрық райдың бірінші, үшінші жағындағы етістіктер сөйлем ішінде басқа сөздермен байланыса айтылуына қарай, бұйрық мағынасын көрсетпейтін де кездері болады".

Бұйрық райдың құрамында бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәнді білдіретін бірінші және үшінші жақ пен олардың көрсеткіштері болуы бұйрық райдың түрлену парадигмасына, тұлғалық жүйесіне байланысты. Мағыналарында бұйрықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрық райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3-жақта және жекеше-көпше түрленуі бір парадигмалық жүйенің көрсеткіші болып табылады. Жіктелу үлгісі:

Мен бар-айын, келе-йін, сөйле-йін, біз бар-айық, кел-ейік, сөйле-йік.

Сен бар- , кел- , сөйле- . Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер, сөйле-ңдер.

Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз, Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер, сөйле-ңіздер.

Ол бар-сын, кел-сін, сөйле-сін, Олар бар-сын, кел-сін, сөйле-сін.

Жіктелу үлгісінен көрінетіндей, бұйрық райдың 1-жағында жекеше -айын, -ейін, -йын, -йін,көпше -айық, -ейік, -йық, -йікжалғауы жалғанса, 2-жақ жекеше анайы түрінде арнайы қосымша жоқ, бірақ бұл – етістіктің түбір тұлғасы емес, нөлдік форма, өйткені түбір болса сол сөз табының түрленуіне негіз болатын бастапқы тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі) грамматикалық тұлға, сол түбірге жалғанатын тұлға, демек, бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі) мен түбір тұлға омоформа болып табылады. „Бұйрық рай формасының екінші жақ жекеше түріне ертеде -ың, -ің, -ң қосымшасы жалғанып айтылатын болған. Мұны бұйрық райдың екінші жақ сипаты түріндегі және екінші жақ көпше түрінің құрамындағы -ың, -ің, -ң қосымшасы (ал-ың-дар, ал-ың-ыз) дәлелдей алады. Сонымен қатар өзбек тілінде қазірде де екінші жақ бұйрық райға -ың, -ің, -ң морфемасы жалғанып айтылады". Сондай-ақ „бұйрық рай формасының үш жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып, сөйлеушінің бір істі орындау туралы өзіне, туындаушыға және бөгде адамға не затқа қаратып, сыпайы тілек түрінде айтуын білдіреді: айтайын-шы, айтайық-шы, айт-шы, айтыңдар-шы, айтыңыз-шы, айтыңыздар-шы, айтсын-шы т.б. Әрине, олардың мағынасы бұл сөздердің айтылу сазына, интонациясына да байланысты.



Шартты рай—қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына -са, -сеқосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райлы етістік 3-жақта ықшамдалған түлғада (жедел өткен жақ тұлғасы сияқты) жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлға болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады.

Жекеше Көпше

Мен айт-са-м, сөйле-се-м Біз айт-са-қ, сөйле-се-к

Сен айт-са-ң, сөйле-се-ң Сендер айт-са-ңдар, сөйле-се-ңдер

Сіз айт-са-ңыз, сөйле-се-ңіз Сіздер айт-са-ңыздар,

Ол айт-са- , сөйле-се- сөйле-се-ңіздер

Олар айт-са, сөйле-се-

Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да, де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады. Көзімді ашып, алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен (Ғ.М.) Тыс қанша көріксіз болса да, қоңыр үйдің өз күні балқып тұр екен ғой! (М.Ә).

Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнінде сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады: Шіркін, биыл оқуға түссем!Осы отырысыңды әкең көрсе!Сен машинамен келсең,біз бәріміз есік алдына шығып тосып тұрсақ! Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп ғой, еді, екен,. етті(ма, ме) сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-өкінішін, болжам, ниетін т.б. білдіреді: бар-са-м екен, сөйле-се-ң етті, бар-са-ңыз ғой, жолық-са еді т.б.

Сондай-ақ -са, -сетұлғасына -шы, -ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, екінші жақта кейде -ң жіктік жалғауының орнына -й тұлғасы айтылады

мен барса-м-шы біз барса-қ-шы

сен барса-ң-шы, біз барса-й-шы, сендер

сіз барса-ңыз-шы, барса-ңдар-шы

сіздер барса-ңыздар-шы.

Шартты райлы етістік игі едісөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: бар-са игі еді, жолық-са-м игі еді т.б. Болжамды сияқты модальды реңкті білдіріп, шартты райлы етістік керексөзімен де тіркесіп қолданылады: айт-са керек, көнбе-се керек т.б. Бұлардың барлығында да шартты райлы етістік жіктеліп келеді де, көмекші сөз сөйлем баяндауышын тиянақты етіп отырады.

Қалау рай – сөйлеушінің қимыл іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады, негізгі етістіктерге -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып тәуелденіп барып (тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп, яғни жақтық, жекешелік-көптік мән үстеліп), оған кел (келді, келеді) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Жіктелуі:

Менің оқы-ғы-м келді (келеді) біздің оқы-ғы-мыз келді (келеді)

Сенің оқы-ғы-ң келді (келеді) сендердің оқы-ғы-ла-рың келді (келеді)

Сіздің оқы-ғы-ңыз келді (келеді) сіздердің оқы-ғы-ла-рыңыз келді (келеді)

Оның оқы-ғы-сы келді (келеді) олардың оқы-ғы-сы келді (келеді)

Сөйтіп, бұл тұлғалы қалау рай етістік синтаксистік сипаты жағынан жақсыз сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.

Кейде сөйлемде қалау рай конструкциялы тіркестің ілік септігіндегі сөздің септік жалғауы түсіп қалып та жұмсалады, бірақ ілік септік тұлғасындағы сөз логикалық субъекті болғанмен, грамматикалық субъект болып таныла алмайды. Бұл – ауызекі сөйлеу тілдің әсері болу керек.

Сондай-ақ етістік түбіріне -ғай,-гей, -қай, -кейқосымшаларының үстелуі арқылы және осы тұлғаға еді көмекші етістігі тіркесу арқылы немесе шартты рай тұлғалы етістікке игі, екен сөздерінің тіркесуі арқылы да тілек мәнді қалау рай жасалады. Жіктелуі:

Мен бар-ғай-мын, бар-ғай едім, барса игі едім, көрсем екен, біз бар-ғай-мыз, бар-ғай едік, бар-са игі едік, көрсе-к екен.

Сен бар-ғай-сың, бар-ғай едің, барса игі едің, көрсең екен, сендер бар-ғай-сыңдар, бар-ғай едіңдер, көрсең-дер екен.

Сіз бар-ғай-сыз, бар-ғай едіңіз, барса игі едіңіз, көрсе-ңіз екен, сіздер бар-ғай-сыздар, бар-ғай едіңіздер, барса игі едіңіздер, көрсе-ңіздер екен.

Ол бар-ғай, бар-ғай еді, барса игі еді, көрсе екен Олар бар-ғай, бар-ғай еді, барса игі еді, көрсе екен.



Рай категориясын сипаттамасы туралы және білдіретін мағынасы мен тұлғасына қарай бөлуде жалпы түркі тілдерінде болсын, қазақ тілінде болсын әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Ғалымдар арасында рай категориясына әртүрлі анықтамалар беріліп, оларды жіктеп бөлуде қайшы көзқарастар орын алып келді. Рай категориясын түрліше түсіну, оны модальдықпен ажыратпай қарастыру түрлі көзқарастың пайда болуына себеп болды. Осыған байланысты профессор С. Исаев рай категориясы етістіктің модальдық мәнін толық қамти алмайтынын дәлелдеп, олардың арасындағы айырмашылықтарды талдап берді. Ал рай категориясын бөлудегі бірізділіктің болмауы (олардың саны үштен он беске дейін жетеді) түркі тілдерінде рай категориясы әлі жеткілікті зерттелмегенін байқатады.

Етістіктің семантикалық, грамматикалық құбылыстары күрделі болып келетін түрі – рай категориясы. Екі тілді тіл білімі сөздігінде:

«Рай – етістіктің сөйлеп тұрған адамның тұрғысынан алып қарағанда шындық болмысқа деген қатысын көрсетеді. Рай модальдық қатынасты, сөйлеушінің іс-қимыл, әрекетке деген субъективтік қатысын көрсететін грамматикалық тәсіл», – делінген.

Ал, рай категориясына орыс тілінің лингвистік-энциклопедиялық сөздігінде: «Наклонение – грамматическая категория, выражающая отношение действия, названного глаголом, к действительности с точки зрения говорящего» – деп анықтама берілген.



Жалпы тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де ғалымдар арасында рай категориясына осындай әр түрлі анықтамалар беріліп, оларды жіктеп бөлуде қайшы көзқарастар орын алып келеді. Рай категориясын түрліше түсіну, оны модальдықпен ажыратпай қарастыру түрлі көзқарастың пайда болуына себеп болды, кезінде академик В.В.Виноградов рай тұлғасы туралы:

«Ол іс-әрекеттің модальдығын, яғни іс-әрекеттің сөйлеуші жақ белгілеген шындыққа қатынасын айқындайды», – деп анықтама берді. Бұл пікірді көптеген лингвист-ғалымдар И.И. Мещанинов, Е.И. Коркина, Н.Е. Агазаде және т.б. қолдайды.

Қазақ тіл білімінде академик В.В. Виноградовтың пікірін профессор А. Ысқақовтың қолдағанын, рай мен модальдықты бірлікте қарастырғанын автордың мынандай анықтамасынан байқауға болады: «...сөйлеуші лебізінің, я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы берілу жүйесі модальдық (рай) категориясы деп аталады. Модальдық категориясының етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі етістіктің райы деп аталады. Олардың әрқайсысында өзіне ғана тән, өзгелерінде жоқ модальдық мән бар»

КАхановтың, М. Томановтың пікірлері де осындай: «Рай категориясы модальдылықты, ісәрекетті шындыққа қатынасын білдіретін грамматикалық категория. «...Рай – сөздің белгілі бір формасымен берілген модальдылық». «Рай деп, әдетте әр түрлі етістіктің модальдық мән беретін тұлғалары аталады»

А.Ысқақов райды модальдықтың шындықты ақиқат (реалды), ақиқат емес (ирреалды) тұрғыда білдіруіне қарай топтайды. «Модальдық категориясы арқылы айтылатын пікірдің ақиқатқа қатынасы не реалды болып, не неғайбыл болып көрінуге тиіс. Осындай ерекшеліктеріне қарай, демек амалдың (әрекеттің, қимылдың) ақиқатқа қатынасын білдіруіне қарай етістіктің райлары іштей сараланып, ашық (негізгі) және неғайбыл (жәрдемші) райлар деп аталатын екі салаға бөлінеді»

Белгілі ғалым И.Маманов райды модальдықтың объективтік және субъективтік болып бөлінуіне қарай топтайды. И.Мамановтың ойынша «ашық рай сөйлеушінің қимылдың болу-болмауы туралы объективті шындықты баяндауын көрсететін етістіктің арнайы формасы». Яғни, қимыл объективтік шындыққа қатысты болады. Ал, райдың басқа түрлері сөйлеушінің бір іске субъективті көзқарасын білдіреді. Басқаша айтқанда, сөйлеушінің бір істі қалауы, өкінуі, шарт қоя сөйлеуін көрсетеді.

Осыған байланысты профессор С.Исаев: «Рай категориясы етістіктің модальдық мәнін толық қамти алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді. Мысалы, ... білгішсіну, жүріңкіреу, келгіштеу ... сияқты сөздермен негізгі етістік пен модаль сөздердің тіркесімен құралған тіркесті түбір етістіктер (барған сияқты, айтуға тиіспін, айтуым керек)



де әр түрлі модальдық мән беретіні күмән тудырмайды, бірақ рай категориясының ауқымына енбей жүр, себебі, біріншіден, модаль мән, реңк тудыратын қосымшаларда категориялық сипат жоқ, барлық етістікке я етістіктің белгілі бір грамматикалық тобына әрдайым жүйелі жалғана алмайды, екіншіден, олардың көпшілігінің (-сы, -сі, -сын, -сін, -сындық, -ғым, т.б.) сөзжасамдық қасиеті бар немесе лексикаграмматикалық сипаты бар, етістік түбірінің грамматикалық сипатына сай келеді, үшіншіден, негізгі етістік пен модаль сөздің көмекші мәнде тіркесуі етістік табиғатында таза грамматикалық категория емес, лексика-грамматикалық құбылыс ретінде жеке қаралуы тиіс», -деп, олардың арасындағы айырмашылықтарды талдайды.

Жалпы түркі тілдерінде болсын, қазақ тілінде болсын білдіретін мағынасы мен тұлғасына қарай рай категориясын бөлуде әр түрлі пікірлер қалыптасты.

Ең алғаш рай категориялары туралы өзінің 1860 жылы жазған «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде Н.И. Ильминский қазақ тілінде төрт рай: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, тұйық рай бар деп тұжырымдаса, 1894 жылы жарық көрген «Краткая грамматика казах-киргизского языка» атты еңбегінде П.М.Мелиоранский рай категориясын бес түрге бөледі: бұйрық рай, қалау рай, шартты рай, ашық рай, тұйық рай.

1897 жылы миссионерлер қоғамы басып шығарған В.В.Катаринский еңбегінде рай категориясының сегіз түрін көрсетеді: бұйрық рай, ашық рай, қалау рай, тұйық рай, шартты рай, күмән рай, шарттылық рай, қарсылықты рай.



Ал кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі жылдары жарық көрген Г.Архангельскийдің «Қазақ тілі грамматикасы» (1927 ж.) мен К.Кемеңгеровтың «Қазақ тілі» оқулығында (1929 ж.) жоғарыда айтып өткен В.В.Катаринскийдің «Қырғыз тілі грамматикасынан» еш айырмашылығы болмады.

Қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы, ірі қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлы өзінің «Тілқұрал» оқулығында етістіктің рай тұлғасының он бес түрін атап көрсетті: тұйық рай, билік рай, ашық рай, шартты рай, ереуіл рай, реніш рай, қалау рай, сенімді рай, сенімсіз рай, болжал рай, мұң рай, көніс рай, азалы рай, теріс рай, қалау рай.

А.Байтұрсынұлы берілген осы он бес райдың ішінен қазіргі біз айтып жүрген қалау райды қалай түсінген?

«Қалау рай дегеніміз – істі көңіл қалау-қаламауын көрсететін сөз, мәселен, барсам екен, бармасам екен, айтсаң екен, айтпасаң екен, білдірсе екен, білдірмесе екен деген сияқты сөздер қалау рай болады» деп, анықтама беріп са екен тұлғасын ғана қалау райға енгізеді. Ал, -ғай(-гей) тұлғасын (алғаймын, алмағайсың, тұрғайсың, тұрмағайсың, болғай, болмағай) сенімді рай түріне жатқызады.

са игі еді тұлғасын (барса игі едім, бармаса игі едім, алса игі едің, алмаса игі едің, жүрсе игі еді, жүрмесе игі еді) теріс рай түріне жатқызады.



Түркі туыстас тілдерде де рай тұлғасын бөлуде бірізділік көрінбейді. Олардың саны үштен он екіге дейін жетеді.

Н.П.Дыренкова хакас, ойрот, шор тілдерінде рай көрсеткіштерінің төрт түрін көрсетсе, [11, 66-83], Е.И.Коркина өз еңбегінде якут тілінде он түрлі: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, мүмкіндік рай, бекіту райы, болған істі білдіру райы, болмаған не істелмеген істі білдіру райы, үндеу райы, болжау райы, мақсат райы бар екенін жазады.

У.Б.Алиев қарашай-балкар тілінде рай категориясының жеті түрін көрсетеді: белгісіздік, бекіту (утвердительное), растау немесе қолдау (подтвердительное), шартты, бұйрық, қалау, салыстырмалы (относительное).

Н.К.Дмитриев башқұрт тілінде бес рай: ашық, бұйрық, шартты, қалау, тұйық райларын атаса, А.А.Юлдашев алты түрін көрсетеді: ашық, бұйрық, шартты, қалау, міндеттілік, ниет райлары. Ал, ұйғыр тілінің грамматикасын жазған В.М.Насилов пен Э.Н.Наджип ұйғыр тілінде үш райды атаса (ашық, шартты, бұйрықты-қалау), қазіргі ұйғыр тілі мамандары алты түрін көрсетеді (ашық, бұйрық, қалау, шартты, күмән, мақсат).

С.А.Джафаров азербайжан тіліндегі «Түркчэ сэрф нәһф» деген еңбекте рай категориясының он екі түрі, У.И.Гасановта сегіз түрі, Т.Демирчизаде мен Д.Гулиевтің грамматикасында он түрі, бұдан кейінгі еңбектерде де рай тұлғаларының саны әр түрлі екенін жазды.



Осындай бірізділіктің болмауы туралы белгілі түріктанушы Н.А.Баскаков былай деп жазды: «Түркі тілдеріндегі рай және шақ категориялары әлі жан-жақты зерттелген жоқ. Түркі тілдері грамматикасының көпшілігінде бұл категориялар қалыптасқан дәстүрлі схема (латын, грек, батыс европа, орыс тілдерінің грамматикалары) бойынша берілген, яғни нақты бір тілдегі әрбір тұлға салыстыру арқылы анықтамай, олардың беретін мағынылары шынайы зерттелмей, ерекшеліктері мұқият есепке алынбай жазылған».




Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...