Семинар 10 Модуль Кәсіпкерлікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету Тақырып Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру



бет2/3
Дата03.01.2023
өлшемі41.93 Kb.
#405677
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
кәсіпкелік тақырып 10
Блок 1 құрылыс, Блок 1 құрылыс, Блок 1 құрылыс, Блок 1 құрылыс, Блок 1 құрылыс, 1-нұсқа пиза, Библиотечная реклама, 1614361303, syllabus-pnni-ataui-informatikani-oitu-distemesi, тест 1 (копия), Сөж реферат, Физика лоренц күшң, 8-сынып. олимпиада мат. ауд. кезең. қазақ тілі2, 6 дәріс
2.Кәсіпкерлік құпияның мәні.
Кәсіпкерлік құпия-бұл таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы мәліметтерді құпиялауға (мәліметтерді пайдалануға шектеу қою) кәсіпорынның ,кәсіпкердің заңмен қорғалатын құқығы.Кәсіпорын мен кәсіпкерлер таралуы олардың нарықтағы позициясын әлсірететін және бәсекелестері үшін қызығушылық тудыратын,өз қызметінің барлық жақтары туралы ақпаратты құпияда қстауға құқықтары бар.
Кәсіпкерлік құпия-бұл ең алдымен өндірістік құпия,ғылыми-зерттеушілік,жобалық-конструкторлық,технологиялық зерттеулердің,қосалқы міндеттердің жеке шешімдері және нақты өндіріс үрдісінде пайа болатын нәтижелер.Ол өндіріске дайындалып жатқан өнімнің жаңа түрлері,олардың өзіндік құны мен болжамдық бағасы,өндірісті ұйымдастыру және т.б. туралы ақпарат болуы мүмкін.Сонымен қатар нақты өндірістік үрдістерінің басқару әдістеріне қатысты арнайы техникалық шешімдер де болуы мүмкін.Құпияның коммерциялық мәні мәмілеге қатысушылардың оны дайындауымен және жүзеге асыруымен тікелей байланысты.Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің жіктелуі 28-суретте көрсетілген.
Ірі кәсіпорындар ақпараттың таралып кетпеуін (оның ішінде өнеркәсіптік тыңшылық нәтижелері),яғни бәсекелестерге қандай да бір артықщылықтар беретін немесе оларға өткізу мен табыс алудың көзі болуға айналатын кәсіпорынның ғылыми-техникалық,коммерциялық,өндірістік қызметтері мен бөлімшелерінің қызмет ету нәтижелерін қайтарымсыз түрде қолдануға мүмкіндік беретін жағдайлардың алдын алу мақсатында сақтық шаралар жүзеге асырылады.Сонымен қатар кәсіпорындар өздері өз қызметінің нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларға ақпарат береді,коммерциялық және өндірістік жетістіктерімәліметтер таратады.Дегенмен ,өндірістік үрдістердің мәнін ашып көрсетпейді.Бұл жағдайда кредиторлар мен сатып алушылар тарапынан оларға деген сенімді арттырады,өнім өткізу нарығын кеңейтеді,бағалы қағаздар нарығындағы акциялар курсын арттырады және т.б.
Ақпарат нарықтық экономикада тауар болып табылады.Сондықтан да оны алу,сақтау,беру,пайдалану нарықтық экономика заңдарына бағынуы керек.
Коммерциялық құпия кәсіпорын меншігі болып табылады.Оның мақсаты-бәсекелік күресте кәсіпорынға экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз етіп отыру.Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат бірқатар талаптарға жауап беруі керек.
1.Ақпаратты ашық қолдану кәсіпорын үшін зиянмен байланысты.
2.Ақпарат заңдық негіздік тұрғыдан жалпыға белгілі және жалпыға қолжетімді болып табылмайды.
3.Кәсіпорын экономикалық және басқа да тиімділікті қамтамасыз ету үшін құпиялылықты сақтау бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.
4.Ақпарат қорғауды қажет етеді.
5.Бұл мәліметтерді құпияда ұстау кәсіпорынға зиян тигізбейді.
Экономикалық жүйеде нарықтық механизмдердің қалыптасуы коммерциялық құпияның құқықты негізінің қалыптасуын қажет етеді.Ол кәсіпорынды және ұйымды әділетсіз бәсекелестерден қорғау,интеллектуалды қызмет өнімдерін,яғни өнертабыстарды,инновацияларды,компьютерлік бағдарламаларды,басқарушылық шешімдерді қайтарымсыз қолдануды болдырмау мақсатынан туындайды.
Заңнамаға сәйкес кәсіпорынның коммерциялық құпиясын құрайтын ақпаратты мемлекеттік органдарға бермеуге құқығы бар.Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізбегі кәсіпорын басшысымен анықталады.
Коммерциялық құпия келесідей ақпараттардан тұрады:
-Кәсіпорынның сауда қатынастары;
-Қаражаттар айналымын ұйымдастыру мен олардың мөлшері;
-Өткізу нарықтарының жағдайы;
-Банктік операциялар;
-Жабдықтаушылар мен тұтынушылар;
-Патенттердің мазмұны;
-Капиталдар құрылымы;
-Инвестициялар жоспарлары;
-Жасалған контрактілер,
-Тауарға деген бағалардың қалыптасуы;
-Табыс мөлшерлері мен өндіріс көлемдері.
-Өндірістік құпия келесідей ақпараттардан тұрады:
-Өндіріс пен технология тәсілдері;
-Еңбеті ұйымдастыру;
-Техникалық жаңалықтар мен өнертабыстар;
-Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен сипаты:
-Іскерлік ақпарат мыналарға қатысты:
-Кәсіпорын қаржылары (қаржылық есептілік,клиенттермен есеп айырысу жағдайы,қарыз,несиелер,төлем қабілеттілік,табыс,өнімнің өзіндік құны);
-Өндірісті дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарлары,оның ішінде жаңа технологияларды,өнертабыстарды,ноу-хауды пайдалану;
-Өнімді өткізу жоспарлары мен көлемдері(маркетинг жоспарлары,сауда операцияларының сиапты мен көлемі,бағалар деңгейі,қойма қорлары);
-Өз өнімінің бәсекеге қабілеттілігін,экспорт пен импорт тиімділігін,нарыққа шығудың болжамды мерзімін талдау мәліметтері;
-Жарнама қызметінің жоспарлары;
-Сауда және басқа клиенттердің,делдалдардың,бәсекелестердің тізімі,олармен өзара қатынас туралы,қаржылық жағдайы туралы,контрактілердің шарттары туралы мәліметтер;
-Басқару әдістері мен ұйымдастыру;
-Кәсіпорын персоналының беделі мен сипатын бағалауы;
-Еңбектң ұйымдастыру жүйелері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы