Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының жастар саясатының мәнін, мақсаты мен міндеттерін және жастар арасында тарихи сананы қалыптастырудың маңызын ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Осы тақырыпты талдау барысында жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттарын, «Нұр Отанның» жастар қанатының қызметін, 2004 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңын, жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мәселелері қамтылуы керек. Сонымен қатар тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясатына, Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырғау, Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтуінің маңызына назар аударылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |