Семей қаласы «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм жакатаева Макпал Чайсунуровна Педагог-психолог, өзін-өзі тану пәні мұғалімі. Тақырыбы: Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту


Осыған орай отбасылық тәрбиенің басты бірнеше міндеттері анықталды



бет6/7
Дата20.09.2021
өлшемі97 Kb.
1   2   3   4   5   6   7
Осыған орай отбасылық тәрбиенің басты бірнеше міндеттері анықталды:

· Бала денсаулығына қамқорлық;

· Оқуына көмектесу, жетекшілік ету;

· Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

· Шығармашылық икемділіктері мен қызығушылықтарын дамыту.

Еліміз тәуелсіздік алып, нарықтық қатынастарға көшкен уақыттан бастап отбасы тәрбиесіне де елеулі өзгерістер енді. Атап айтар болсақ, отбасындағы балалар тәрбиесіне әкелердің ықпалы азайды. Батыс елдерінің тәжірибесімен тіркелмеген некеде тұратын жас адамдардың саны көбеюде. Ал көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен жас отбасылар әлеуметтік тұрғыда неғұрлым қиын жағдайда қалып отыр. Бұл аталған себептер баланың отбасында адамгершілік құндылықтарын игерген тұлға ретінде дамуына кері әсер етері даусыз. Сондықтан отбасы жеке тұлғаның қалыптасу үрдісінде негізгі ықпал жасайтын әлеуметтік фактор дәрежесіне жетсін десек, ең алдымен оған қоғам мен мемлекет басты назар аударуы қажет. Ал өркениетті елдердің тарихына үңілетін болсақ, ауқатты мемлекеттің тірегі рухани, адамгершілік негізі қалыптасқан, ынтымағы жарасқан, инабатты отбасы болып отыр. Осы ретте бүгінгі таңда отбасы бірнеше әлеуметтік саламен тікелей байланыста болуы шарт. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі-мектеп.

Мектеп-мемлекеттік мекеме, онда қоғамның әр құбылысына жасампаз шығармашылық тұрғысынан баға бере қарайтын жоғары білімді мамандар жұмыс істейді. Мектеп-қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда, ауылды жерде және т.б. мемлекет атынан іс-әрекет жасай отырып, негізгі заңда жазылған (Конституцияда) білім беру саласындағы қағидаларды ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып, ынтымақтастықта іс жүзіне асыратын болады. Ал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, оқушылар ата-аналарымен сынып жетекшісі жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған. Олар:

1. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстыру (балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күні, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар).

2. Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру (мектептік, сыныптық конференциялар, ата-аналар университеттері, лекторийлер, кеңестер, тренингтер, ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрмелер ).

3. Ата-аналарды балалармен бірлескен іс-әрекетке тарту (жорық, серуен, саяхат, жөндеу жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер, түлектер кештері, туристердің мектептік слеті, отбасылық ойын байқаулары).

4. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне түзету жұмыстарын жүргізу.

5. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлылығына байланысты.

Мектеп ата-аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық мен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген игі бастамасын қолдап отыруы қажет.

Мектептің ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Ал мұнда пайдаланылатын әдіс-тәсілдер педагогикалық тұрғыда қолданылуына байланысты біртұтас жүйе ретінде үнемі бірін-бірі толықтырып отыруы өте маңызды.

Бала тәрбиесі -киелі ұғым. Еліміздің араға ғасыр салып жеткен тәуелсіздік тұсында жеткіншек ұрпақтың тәрбиесі туралы ой егеменді елдің әрбір азаматын толғандыруы керек. Біз ендігі жерде ұлттық салт-дәстүрді ұмытқан мәңгүрт ұрпақ емес, нағыз ұлтжанды, халқын сүйген, отаншылдық сезімі жоғары ұрпақ тәрбиелеуді өзімізге міндет етіп, осы жолда аянбай еңбек етуіміз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік