Семей-2021 Дүниеге көзқарас мынадай бөлімдерден тұрады: Сенімділік

Loading...


Дата05.05.2021
өлшемі22 Kb.
түріРеферат

Реферат

Тақырыбы:Көзқарас және оның құрылымы.

Тобы:УА-903

Орындаған:Ерланқызы Ж.

Семей-2021

Дүниеге көзқарас мынадай бөлімдерден тұрады:

Сенімділік.Бұл руханилықтың ішкі әлеуметтік — психологиялық бөліктері, ол арқылы дүниеге көзқарастық білімдер қабылданады немесе керісінше алынып тасталынады. Сенімділік — тек қана зерделіліктің тұрғысы емес, сонымен қатар ол әсершең күй-жағдай, берік психологиялық бағытталғандық, өзінің принциптерінің, идеяларының, көзқарастарының әділеттілігіне деген көзі жеткендік. Сондықтан сенімділік дүниеге көзқарастың құрылымындағы ең қажетті элементтерінің бірі болып табылады.

Құндылықтар.Бұл белгілі бір социумның, адамдардың қажеттіліктеріне, қызығушылығына негізделген айналамыздағы қоршаған әлемге деген болымды не жағымсыз қатынастар. Оларды адамдар өмір барысында ұғып алады. Өзінің мән мағанасымен құндылықтар білімдерден өзгеше. Білімдерге нақты шындыққа тырысу тән — олар объективті танымға ұмтылады, ал құндылықтар өздерінің қажеттіліктеріне, қызығушылығына сәйкес айналамыздағы қоршаған әлемге деген адамдардың ерекше қатынасы.

Идеалдар.Бұл ең ақырғы мақсатқа ұмтылдыратын ойдағы жетілгендік мөлшерлер үлгісі. Идеалдардың маңызды ерекшелігіне оның ақиқатты бейнелеудегі озықтылығы және ол өзімен өзіне де аксиологиялық қызметтерін атқаратындығы жатады. Дүниеге көзқарастық құндылықтар — бұл субъектінің барлық қарекеттерінің өрістеріндегі өмірлік бағдарын айқындайтын мәдениеттің және өмірдің ең жоғары құндылықтары.

Нанымдар.Бұл әлеуметтік ақпараттарды, өлшемдерді, құндылықтарды және қоғамдық өмірдің идеалдарын қабылдаудың тәсілі және түрі. Олар өзіндік тәжірибенің немесе өзінің танымдық тәжірибесінің нәтижесіне байланыссыз, көптеген онсыз да айқын фактілерді немесе шындықтың объективті сипаттарын қабылдай береді; өткен ұрпақтардың тәжірибесін игеру құралы; келешекке деген үміттері.

Тіршілік нормалары.Бұл тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыстағы құлықтардың қажетті шарттарының үлгілері, қызмет стандарттары, оларды орыңдау жеке адамдардың немесе адамдар тобының қарекеттерін қоғамдық талаптарға бағындырудың қажетті жағдайы болып табылады.

Сонымен қатар дүниеге көзқарастың бұл құрылымдық бөліктерінің астары екі деңгейге бөлінетіндігін ескеруіміз керек; біріншісі, Әлемді сезім арқылы білу (Әлемді сезіну, Әлемді қабылдау, Әлемді елестету, Әлеммен әсерлену); екінші денгей, Әлемді ұғымдар арқылы түсіну. Нақ осындай, дүниені ұғымдар арқылы түсінудің ерекше түрін философия ұсынады, Философия — дүниеге көзқарастың ең жоғарғы деңгейі және теориялық тұрғыда реттендіріліп, ұтымды — жүйеленген көзқарастың түрі.

Адамдардың дүниетануы екі түрлі жолдар (немесе деңгейде)арқылы қалыптасады. Ол жеке стихиялы түрде құрылуы мүмкін. Әркім жеке өзінің өмір тәжірибелерінің негізінде, сонымен қатар аңыздар мен ауыз-екі түсініктер және діни, немесе философиялық түсініктердің үзінділерінің негізінде өзі үшін белгілі бір көзқарасты қалыптастыра алады. Келесі жағынан кәсіпқой — идеологтар (шамандар, теологтар, философтар) осындай көзқарастарды жүйеге келтіріп адамдар арасына ендіруге тырысады. Жалпы дүниеге көзқарастың негізгі түрлеріне: мифологиялық, күнделікті (немесе үйреншікті), діни, көркемділік, табиғи жаратылыстық (натуралистік), философиялық көзқарастар жатады. Бұлардың бәрі дерлік адамзаттың рухани дамуында маңызды роль атқарды. Тарихи тұрғыда олардың негізгі үш түрін ерекше көрсетуге болады: мифологиялык, діни және философиялық.

Мифологиялық көзқарас — ертедегі қоғамның даму сатыларының алғашқы кезеңдерінде қалыптасты. Ол дүниенің, жануарлардың, адамдар тегінің пайда болуы, әлемнің жаратылысы, табиғат құбылыстарындағы апаттардың себептері туралы, қоршаған әлемде өз орнын айқындау жәйлі алғашқы түсініктердің, аңыз-әңгімелердің ең бірінші тарихи үлгісі.

Адамзаттың қарапайым тайпалары үшін айналасындағы аспан жұлдыздары, күн, тау мен өзендер, өсімдіктер және т.б. — жанды болып көрінді, олар да адам, не жануарлар сияқты өздеріне тән қызметін орындайды. Осылайша адамдар өзін қоршаған ортаны өзіне ыңғайластырып жаңа болмыс — мифтік болмысты орнатты. Бұл олардың алғашқы табиғат философиясы, әрине дөрекі, бірақ шындап оймен толықтырылған және анық түсінуге болады.

Ежелгі мифтер әртүрлі жағдайларды басқаратын рухтың бейне-бейнелерін суреттейді. Ішіңдегі ең құдіреттілері мен күштілері кейін адамдар сиынатын Құдайға айналады. Рух пен құдайлар адамдарға өте ұқсас, бірақ тек қана адам бейнесінде болу шарт емес. Уақыт өткен сайын мифтердің саны өсе түсті, олар азды-көпті біртұтас көзқарастарды құрайтын үлкен мифологиялық жүйеге және алғашқы пұтқа табынатын діңдерге қосыла бастады. Кейінгі монотеистік діндер сол мифтердің ауқымынан өсіп шығып және олардың көп жақтарын өздерінің бойына ендірді.



Діни көзқарас. Дүниеге көзқарастың тарихи екінші үлгісіне (типіне) дін жатады. Діни көзқарас ертедегі қоғам дамуының жоғарғы сатыларында құрылды. Дүниеге діни көзқарас мифология сияқты, ақиқатты фантастикалық түрде бейнелеумен қатар табиғаттан тыс күштердің бар екендігіне сендіруімен ерекшеленді. Жаратылыстан тыс күшке сену — діни дүниетанудың негізі. Мифте адам өзін табиғаттан бөлмейді, құдайлар табиғи «жер» әлемінде өмір сүреді, адамдармен қатынасады. Мифтік бейне өзінен-өзі анықталған, сол себептен сенімге мұқтаж болмайды. Діни сана әлемді екіге бөледі: бірі «жер» әлемі, сезім мүшелеріне ғана берілген, табиғи, енді бірі «аспан», табиғаттан тыс, ең сезімді әлем.
Ф.Энгельстің айтуынша «Дін дегеніміз — ең ертедегі замандарда адам баласының өз бастары мен өздерінің төңірегіндегі сыртқы табиғат жөніндегі сауатсыздық түсініктерінен туған». Дін ұғымы мейлінше аумақты, көп нәрселерді қамтитын кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңірі), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп оларды кие тұту.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...