Семантикалық дұрыс және аномальді сөйлемдер


(4) (а) Муж Ирины — холостяк. (Иринаның күйеуі бойдақ)



бет5/6
Дата20.11.2021
өлшемі27.24 Kb.
1   2   3   4   5   6
(4) (а) Муж Ирины — холостяк. (Иринаның күйеуі бойдақ)

(б) Муж Ирины женат. (Иринаның күйеуі үйленген)

(в) Муж у Ирины трехкомнатный (Иринаның күйеуі үш бөлмелі).

Бұл сөйлемдер де аномальді. Бірақ олардың ақауын анықтау үшін бізгне шынайы әлемге жүгінудің қажеті жоқ.

Мысалы 2) сөйлемнің ақиқат-жалғандығын білу үшін біз А.С.Пушкиннің биографиясымен таныс болуымыз керек. Ал 4а сөйлемнің ақиқат-жалғандығын білу үшін шынайы өмірдегі фактілерді салыстырудың қажеті жоқ, бар болғаны «муж» және «холостяк» сөздерінің мағынасын білсек, жеткілікті. «Бойдақ» - некеде тұрмайтын ер адам, «күйеу» некеде тұратын ер адам. Бір адам бір уақытта әрі күйеу әрі бойдақ бола алмайды. Сөйлемді талдап қарағанда, логикалық қарама-қайшылыққа тап боламыз. Бұндай типтегі аномальді сөйлемдерді аналитикалық жалған сөйлем деп атайды.

Ал аналитикалық ақиқат сөйлемдер деп сөйлем қай әлем тұрғысынан қарағанда да ақиқат болып келетін сөйлемдерді айтады. Егер аналитикалық жалған сөйлемдердің негізі оның қарама-қайшылығында болса, аналитикалық ақиқат сөйлемдердің негізі оның тавтологиясында жатыр.

Тавтологияның мысалы ретінде 4б) сөйлемді қарайтын болсақ, бұл да аномальді сөйлем болып табылады. Өйткені сөйлемде бір рет берілген ақпарат қайталанып тұр. Яғни, бір ой бір рет берілгеннен кейін, сол мағынаны беретін екінші сөзді қолдану арқылы сөйлемде ешқандай жаңа ақпарат беріліп тұрған жоқ. Бұл коммуникацияның маңызды бір ережесі «Сөйленім ақпарат беруі тиіс» деген ережені бұзады. (высказывание должно быть информативно (о принципах (максимах) коммуникации см. [Грайс 1985]).

4в) сөйлем семантикалық аномалияның мәнсіз деп аталатын түріне мысал бола алады. Бұл типтегі сөйлемдердің 2) сөйлемдегі сияқты синтетикалық сөйлемдерден айырмашылығы бізге бұндай сөлемнің ақиқат болуы мүмкін әлемді елестету қиын. Ал 4а) сөйлемнен айырмашылығы бұл сөйлемде логикалық қарама-қайшылық емес, категориялық сәйкессіздік немесе категориялық қателік бар. Яғни бір категорияға жататын объектіге басқа бір категорияға жататын қасиетті телу. Адам жаратылысына жататын категориядағы объектіге ғимарат категориясына жататын объектіге тән анықтама телінген.

Барлық лингвистерге белгілі сөйлем: 5) Colorless green ideas furiously sleep. 'Бесцветные зеленые идеи яростно спят.(Түссіз жасыл идеялар ашулы ұйықтап жатыр) аномальді болып табылады және мұнда біз қарастырып өткен қателіктердің екеуі бар. Оның мазмұнында қарама-қайшылық бар, (зат бір уақытта түссіз әрі жасыл бола алмайды) әрі мәнсіздік бар (абстрактілі нәрсеге – идеяға ұйқыда болу күйі телінген және ұйқыдағы күйге тек қана әрекет үстінде көрінетін қасиет – ашулылық телінген).

Семантикалық аномальділіктің барлық түрлерінде де ортақ бір қасиет бар. Олардың бәрі де табиғи тілге қарама-қайшы келмейді және белгілі бір контексте қолданылу арқылы «кәдімгі», «қалыпты» мағынаға ие болуы да мүмкін.Олардың бәрі де стилистикалық фигуралар ретінде қолданылуы мүмкін. Мысалы «Иринаның күйеуі бойдақ» деген сөйлем, «Иринаның күйеуі бойдақ сияқты өмір сүреді» деген мағынаны беруі мүмкін. Қарама-қайшылық оксюморон деп аталатын стилистикалық фигураларда жатыр. Оксю́морон — стилистическая фигура художественной речи, сочетающая противоположные по смыслу определения или понятия, в результате чего возникает новое смысловое качество.

Тавтологиялық сөйлемдердің ішінде бір қарағанда 6 сөйлемдегі сияқты псевдотавтологиялар бірден көзге түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде