Сәлімжанұлы Қонысбай Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Еңбек ардагері, профессор



бет1/7
Дата25.02.2022
өлшемі1.26 Mb.
#181579
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-апта
СЕМИНАР ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ прог негіз, Хаттама, Many researchers believe that it is necessary to give students a large number of tasks for independent performance Unfortunately this can cause some learning problems, Вариант 15 для ученика



Сәлімжанұлы Қонысбай
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Еңбек ардагері, профессор
1940 жылы дүниеге келген. 1967 жылы Қазақ Политехникалық Институтын бітірсімен, институт қабырғасында ғылыми жұмыстармен шұғылданған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 1974 жылы “Уату-іріктеу комплексінің жұмысында ауаны тазарту тәсілдерін іздестіру” деген тақырыпта техника ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғаған.

1975 жылдан бастап аталған институтта, қазіргі Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде, педагогикалық жұмысқа ауысады. Педагогикалық қызметі оқытушылықтан басталып, аға оқытушы (1975-1979ж.), доцент (1979-2003ж.), профессор (2003-2012ж) міндеттерін атқарады.

2012-2017жылдары Алматы Энергетика және Байланыс Университетінде профессор міндетін, 2018 жылдан С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде педагогикалық қызметін атқаруда.

2002 жылы “УНАТ” жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімімен “УНАТ” жоғары оқу орнының профессоры атағы беріледі.

2003 жылы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен инженерлік геометрия және компьютерлік графика мамандығы бойынша “Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің профессоры” академиялық атағы беріледі.

2015 жылы Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен “Академиялық профессор” атағы беріледі

Ғылыми және әдістемелік еңбегінің жалпы 72 атауы бар. Солардың ішінде “Начертательная геометрия” оқулығы, “Сызба геометрия” оқулығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынуы арқылы екі рет баспадан шыққан.

Ұзақ және адал еңбегі үшін көптеген құрмет грамоталармен ақшалай сыйлықтармен, ал 1990 жылы “Ветеран труда” медалімен, 2004 жылы “ҚазҰТУ ардагері” белгісімен, 2009 жылы “Айрықша еңбегі үшін” медалімен, 2010 жылы “Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері” атағымен марапатталған.



Кіріспе
Әртүрлі жәй және күрделі машиналарды, олардың бөлшектерін, күрделі құрылыстарды, үйлерді жобалау жұмыстары, әдетте, олардың кескіндерін жазықтық бетіне көрсетуден басталады. Бұндай кескіндерді сызба деп атайды.

Сызбалар, қойылған талапқа байланысты және әдейі даярланған мамандарға түсінікті болу үшін, ережелер бойынша орындалады.Қазіргі кезде адам өмірінде сызба қолданылмайтын саланы атау қиын. Себебі ғылым мен техниканың дамуына байланысты ақпарат алмастыру мекемелер арасында өте күшті дамыған. Ақпарат таратуда ғаламтор, радио, теледидар, кітап, журнал, газет сияқты құралдармен қатар сызба да қолданылады. Кейбір жағдайда сызба арқылы берілетін ақпаратты басқаша түрде беру мүмкін болмайды.

Геометрияның бір тарауы ретінде графика заттардың формаларын, өзара байланысын, олардың геометриялық заңдылығын сызба арқылы зерттейді. Геометрияның басқа бөлімдерінде сызба тек көмекші құрал ретінде қолданылса, графика ол геометриялық бейнелердің қасиеттерін зерттеуде тікелей негізгі құжат ретінде қарастырылады.

Әрбір оқушы графика заңдылығын тани келе, өзінің кеңістік елесін дамытады. Ал бұндай қасиет инженер және технолог мамандықтарына, күнделікті жұмысында әртүрлі машиналарды жобалауда, орындауда не жобалар бойынша оларды жасауда өте қажет.

Ұсынылып отырған еңбекте автордың техникалық университеттерде 50 жылдан астам уақыт iшiнде оқылған дәрiстерi негiзге алынған. Сонымен қатар автордың 2000 жылы жарық көрген «Основы начертательной геометрии» оқу құралы, 2001 жылы шығарылған «Начертательная геометрия» оқулығы және 2002 жылы шыққан «Сызба геометрияның негiздерi» оқу құралы, 2007 жылы шыққан «Сызба геометрия» оқулығы, 2015 жылы шыққан «Инженерлік графиканың теория негiздерi» оқу құралы, 2019 жылы шыққан «Графиканың теория негіздері» оқу құралы және осы жылы жарық көрген «Теоретические основы графики» оқу құралы сияқты еңбектердi пайдаланудағы тәжiрибелер ескерiлген.

Ескеретін жағдай, 2020 жылы авторы Сәлімжан Қонысбай «Инженерлік және компьютерлік графика» оқу құралы баспадан шықты. Университеттің кітапханасынан талап етуіңізге болады.

Кескіндерді салу үшін жазықтыққа проекциялау әдісі қолданылады. Егер бізге π΄ жазықтығы және А нүктесі берілсе (1-сурет), онда А нүктесі арқылы π΄ жазықтығымен қиылысқанша кез келген бір түзу жүргізіледі. Қилысқан А΄ нүктесі А нүктесінің проекциясы, π΄ жазықтығын проекциялар жазықтығы, ал АА΄ түзуiн проекциялаушы түзу деп атайды.

Кез келген мүсін нүктелердің жиынымен беріледі. Мысалы түзу сол түзудің кез келген екі нүктесі арқылы анықталады. Сондықтан түзудің кескінін (1-сурет) анықтау, оның екі нүктесінің проекциясы арқылы айқындалады. Жазықтық бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте, нүкте және түзу, екі параллель түзу, екі қиылысу түзуі, жазық мүсін арқылы берілетінін білеміз. Олай болса жазықтықтың кескінін алу үшін де тиісті элементтердің проекцияларын тұрғызу қажет етеді.

Егер проекциялаушы түзулер тек бір нүкте арқылы өтсе, онда проекция центрлік проекция деп аталады.




1-суретте проекциялаушы түзулер S нүктесі арқылы өткен. Олай болса проекция центрлік проекция деп, ал S нүктесі проекциялар центрі деп аталады. Суретшілердің салған суреттері, фото осы принципте орындалған. Сонымен қатар адамның көру қабілеті де, центрлік проекциялар принципінде қалыптасқан.
1 – сурет

2 - сурет

Центрлік проекциялардың ең негізгі құндылығы - тұрғызылған кескіннің көрнекілілігі, бірақ кескінді тұрғызу күрделі және кескін арқылы керекті өлшемдерді не заттың формасын анықтау көптеген қиыншылықтар туғызады. Сондықтан техникалық сызбаларда бұндай проекциялау шектеулі.

Егер проекциялаушы түзулер өзара параллель болса, онда проекция параллель проекция деп аталады.

Параллель проекциялауда проекциялаушы түзулердің бағыты берілуі қажет (2-сурет). Проекциялар жазықтығы π΄ және проекциялаушы түзу s берілген. Кеңістіктегі түзуінің параллель проекциясын салу үшін оның C және D нүктелерінен s - ке параллель түзулер жүргізіліп, олардың π΄ жазықтығымен қиылысу нүктелері және тұрғызылады. C΄D΄ арқылы жүргізілген ℓ ΄, ℓ түзуінің π΄ проекциялар жазықтығындағы параллель проекциясы деп аталады.

Проекциялаушы түзудің проекциялар жазықтығымен жасайтын бұрышы көлбеу (2-сурет) не тік (3-сурет) болуы мүмкін. Онда бірінші жағдай қиғаш бұрышты, екінші жағдай тік бұрышты параллель проекция деп аталады. CD кесіндісі және оның тік бұрышты проекциясы C΄D΄-тың арасындағы байланысты қарастырайық (3-сурет). C΄D΄ түзуіне параллель етіп C˚D түзуін жүргізсек, CC˚D тік бұрышты үшбұрыш пайда болады. Өйткені DC˚||C΄D΄ және CC΄ перпендикуляр π΄. Олай болса |C΄D΄|=|C˚D|=|CD|•cosα˚. Сонымен кесіндінің тік бұрышты проекциясы кесіндінің нақты ұзындығынан үлкен болуы мүмкін емес.

Параллель проекциялаудың кейбір қасиеттері:

- нүктенің проекциясы нүкте болады;

- түзудің проекциясы түзу болады;

- проециялаушы түзуге параллель орналасқан түзудің проекциясы нүкте болады;

- түзуге тиісті нүктенің проекциясы, сол түзудің проекциясында жатады;

- егер екі түзу параллель болса, онда олардың проекциялары да параллель болады.

- егер екі түзу қиылысса, онда

олардың проекциялары да қиылысады.

3 - сурет





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру