Сейтенова Гүлғаслайым Төлеуқызы Түсінік хат



Дата10.09.2017
өлшемі52.5 Kb.
#19995

Бастауыш сынып оқушыларына арнап

«Қозғалмалы ойындар» жинағын құрастырған

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



Сейтенова Гүлғаслайым Төлеуқызы

Түсінік хат

Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл-

әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атаймыз. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы оқушыларды шапшаңдыққа, икемділікке, төзімділікке , спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, спортқа баулу, шыңдау, қызықтыру болып табылады. Соның ішінде қимыл қозғалыс ойындарының орны ерекше. Оқушыларды мынадай ойын түрлерімен қызығушылықтарын арттыруға болады. Мыс: «Айгөлек», «Соқыртеке», «Ақсүйек», «Ақсерек, көксерек» «Қызыл ту» ойындарының барлығы төзімділікке, шапшаңдыққа, икемділікке үйретеді. Оқушылардың дене тәрбиесіне деген құштарлығын дамытады.

Қолға, аяққа және басқа дене мүшелеріне лайықтап алынған қимыл-қозғалыстағы ойындарды жүзеге асыру мақсатында жүгіріп, секіріп, лақтырып, өрмелеп ойнайтын ойындарды өткізу жоспары құрылды.

Қимыл-қозғалыс ойындары және спорт ойындары арқылы салауатты өмір салтын жақсы сақтауды басшылыққа алу.

Қимыл-қозғалыс ойындарының бала ағзасына келтіретін пайдасы өте көп екенін ұғындыру, мақсат, міндеттерін түсіндіру.

Ойын кезінде балалар тез достасып, ұйымшылдыққа, тез шешім қабылдауға, ептілікке, жауапкершілікке, намысқойлыққа, шыдамдылыққа, бірін-бірі кешіре білуге үйренеді. Өз бетіше қимыл әрекет жасауға үйренеді. Оқушылардың психологиялық дағдысы дұрыс қалыптасуына ықпалы зор. Жасқаншақ бала батыл, әлсіз бала күшті, тұйық бала ашылады. Қимыл – қозғалыс ойыны кезінде ойынның шартын дұрыс түсініп, шартты бұзбау. Бұл балалардың әдептілік, инабаттық, адамгершілік, сыпайылық, достық қарым-қатынас тәрбиесі артады. Тәртібі нашар бала жөнге салынады.

Қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруде дене жаттығулары мен спорттың алатын орны ерекше.

Қорыта айтқанда оқушыны жан-жақты жетілдіре отырып келешегіміздің жеткішегін жігерлі де батыл, білімді де саналы, қайратты да төзімді етіп тәрбиелеу.

Тақырыбы:

Қозғалмалы ойын арқылы оқушының ой-өрісін дамыту



Мақсаты:

Қимыл –қозғалыс ойындарын үйрету. Оқушылардың өмірге деген қызығушылығын ояту, белсенділікке, өзі-өзі танып білуге, достыққа, икемділікке, ұйымшылдыққа баулу, сонымен қатар ой-өрісін дамыту, дене мүшелерін жетілдіру, сана-сезімін қалыптастыру.



Міндеттері:

  • Қимыл -қозғалыс ойындарын үйрену;

  • Ойынның шартын, мақсат-міндетін білу;

  • Өзін-өзі дұрыс ұстай білу;

  • Ойын ұйымдасқан түрде өтуіне мүмкіндік туғызу;

  • Ойында белсенділік таныту;



Ерекшеліктері:

Қимыл-қозғалыс жатығулары оқушылардың ой-өрісін дамытады. Өзін-өзі бағалайды, құрметтейді, намысқа тырысады. Ептілк, батылдық, белсенділік, тез шешім қабылдағыш, саналылыққа үйретеді.



Қол добы

Дайындық. Қыз балалар мен ұл балалар төрт командаға бөлінеді. Диаметрі 10-12м шеңбер сызылады.

Ойын мазмұны. Келісім бойынша бір командада допты аспандатып жоғары лақтырады. Егер оны өз командасының біреуі қағып алса, бір ұпай қосылады. Ал қарсыласынан біреу алса, онда допты солар лақтырады. Сөйтіп ойын жалғаса береді..

Ережесі. А) Қай командада 6 ұпай жиналса, сол жеңіске жетеді.

Б) Доппен тұрған балаға қарсыластары тиіссе айып добы лақтырылады.



Медодикалық нұсқау. Допты қолда көп ұстауға болмайды және ол тек жоғары қарай лақтырады. Ойынға барлық балалардың қатысуын мұқият қадағалау қажет. Жерге түскен жоп, талас доп болып табылады. Оны мұғалім не капитанның біреуі қарсылас қомандаларының екі ойыншы арасында тұрып, жоғары лақтырады.

Ойынның методикалық маңызы. Коллектившілдікке үйренеді. Өзімшілдіктен аулақ болуға ұмтылады. Ұстамдылыққа, шұғыл шешім қабылдауға үйренеді.

Сымсыз телефон.

Бір қатарда отырған балалрдың ең біріншісіне ойын бастаушы келіп, бір сөз айтады. Оны отырған балалар кезегімен бір-бірінің құлақтарына сыбырлап айтып шығады.

Ойын бастаушы ең соңғы баладан «қандай сөз естідің?» деп сұрайды., ол өзі естіген сөзді айтуы керек, егер ол сөз бастапқы сөзден бөлек болса, екінші, үшінші ... баладан өз сөзінің дұрысын естігенше сұрай береді. Қай бала шатасса, сол бала орнынан тұрып, соңғы жаққа барып отырады.

Ойынды 2-3 рет қайталағаннан кейін жаңа ойын бастаушы сайланады.



Аңшылар

Бұл ойын екі топтық командалардың жарысы ретінде де ойналады, бұдан шыққан топ ойыннан ұтылған болады. (Жалғыз қалған ойыншыға сыйлық беруге болады). Ойын жүргізуші күні бұрын сызылған шеңберің бойынша үш ойыншыны тұрғызады, оларға бірбірден доп беріледі, бұлар – «аңшылар». Қалған балалар «үйректер» - шеңбердің ішіне орналасады. Ойын жүргізуші «тоқта» деген кезде, «үйректердің» бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» көздеп ұра бастайды. «Үйректер» доптан бұлтара қашып, оны өздеріне тигізбеуге тырысады. Ойын «үйректердің» бәрі ойыннан шыққанша созылады да, келесі ойында «үйректер» мен «аңшылар» орын ауыстырады.



Аңшылар (ІІ түрі)

Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – үйректер – шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – аңшылар – шеңбер бойымен қатар тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушісінің белгісі бойынша доп лақтырып үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшерінде ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді.



Шеңбердегі доп

Мақсаты: Допты екі қолмен домалатуға үйрету.

Ойын мазмұны: Шеңбер жасаған балалардың ортасында тұрған мұғалім допты бір балаға қарай домалатады да, оған сұрақ береді. Ал бала допты ұстап, қайта домалатқанша сол сұраққа жауап беріп үлгеруі керек. Егер жауап бере алмаса, ол бала ортаға шығап, ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойын қызықты өтуі үшін кластағы балалар бірнеше топқа бөлінуге де болады.

Методикалық нұсқаулар: Ойынды бірнеше рет қайталағаннан кейін, балалар қалыптарын өзгертеді. Егер жүресінен отырған болса, тік тұрады, ал жәй тұрған болса, молдас құрып отырады. Ойын соңында допты бір-біріне қарай домалатып жаттығады.

Допты ұстаушы.

Мақсаты: Допты лақтырып, қағып алу әдісіне, ептілікке үйрету.

Ойын мазмұны: Ойнаушылар үш-үштен бөлініп, бірнеше жерде тұрады.

Екі шеткі балалардың ара қышықтықтары 4-5м. Олар бір-біріне допты әр түрлі әдістермен лақтырып, қағып алады. Ал ортада тұрған бала сол допты қағып алуға немесе қолын тигізуге тырысады. Егер қолы тисе доп лақтырған баламен орын ауыстырады.

Методикалық нұсқаулар. Ойын аяқталғаннан кейін балалар өз беттерінше допты екі қолдарымен кезекпе-кезек алысқа лақтырып жаттығады.

Үйімізге барамыз.

Дайындық. Балалар санамақ арқылы ойын жүргізушіні сайлайды. Ойнаушылар санынан біреуі кем кішкене шеңберлер зызылады.

Ойын мазмұны. Бір жерде жиналып тұрған балалар «Үйге барамыз» деп бес рет айқайлап айтады да, бытырай жүгіріп, бір үйге ие болуға тырысады. Үйсіз қалған бала ойынды жалғастырады. Бір балаға келіп, «Сіз алма сатасыз ба?» деп сұрайды, гоған үй қожасы: «Жоқ қарағым алманы Жания сатады! Деп, екінші балаға жібереді. Ойын жүргізуші осылай қыдырып жүргенде, басқа балалар келісіп, орындарын ауыстырып отырады. Егер үйсіз қалған бала орындарын ауыстырып жүрген балалардың орнын алса, ойынды басқасы жүргізеді.

Ережесі: А) Орын ауыстыруға келіскеннен кйін міндетті түрде орындау керек.

Ә) Екі бала арасында талас туса, ойын жүргізушінің айтқаны болады.

Б) Ойын үш минут сайын қайталанып отырады.

Методикалық нұсқау. Үйлер алдын ала дайын болу керек. Ойын жүргізуші өз ойынан диалог мазмұн жасай алады.

Ойынның педагогикалық маңызы. Зерек болып өсуіне, жолдастық қарым-қатынасқа адал боуына үйренеді. Айналаны дұрыс бағдарлау, батыл қимыл жасау, тез шешім қабылдау сиықты қабілеттерін арттырады.

Бөдене мен түлкі

Ойыншылардың санына байланысты, диаметрі 6-8 м шеңбер сызылады. Бір бала «Түлкі» саналады. Оның көзі ақ шытпен байланады. Қалғандары «бөдене» болып «ұшып» жүреді.



Ойын мазмұны. «Түлкі» жүгіріп жүріп, «Бөденелерді» ұстауға тырысады. Егер ұстай қалса, сол баланың атын айтуы керек. Дұрыс тапса екеуі орын ауыстырады.

Ережесі.

А) ойын шеңберінен шыққан бала ұсталған болып саналады.

Ә) «Түлкіге» қолдарын тигізуге болмайды.

Методикалық нұсқау. Балалар ойын кезінде «Түлкінің» шеңберден шықпауын қадағалап, көмектесіп отырулары керек. Ойын соңында қолға түспеген және ұстағыш бала аталып өтеді.

Ойынның педагогикалық маңызы. Айналаны тез бағдарлауға, бұлтарып жүгіруге жаттығады. Ептілікке, батылдыққа, өзара көмекке үйренеді.

Мысық пен торғайлар

Дайындық. Ойыншылар арасынан екі-үш «Мысық» таңдап алынады. Қалған балалар диаметрі 6-8 м шеңбер ішінде ойнап жүреді.

Ойын мазмұны. Мұғалімнің белгісі бойынша ортадағы баллар шеңбердің «Торғай» болып «ұшып» шығып, ортасында «Мысықтар» ғана қалады. Екінші белгі берілгенде «Торғайлар» шеңбер сызығынан екі аяқпен әрі-бері секіре бастайды. Ортадағы «Мысықтар» оларды қуып жүріп, қолдарын тигізуге тырысады. Қолы тиген балалар ойыннан шығып отырады.

Ережесі.

А) Қолмен итермей, саусақтарын жәй тигізеді.

Ә) Секірмей тұрған бала ұсталған болып саналады.

Методикалық нұсқаулар. Ойын екі-үш минут жүргеннен кейін ұсталмаған балалар арасынан келесі «Мысық» болатындарды таңдайжы.

Ойынның педагогикалық маңызы. Екі аяқпен секіруді жетілдіреді. Төзімділікке, жылдамдыққа, батылдыққа жаттықтырады.



Лақтырып, қағып ал!

Мақсаты: Доппен әртүрлы қимыл жасауға үйрету.

Ойын мазмұны: Балалар қолдарындағы доптарымен әр түрлі жаттығулар жасап жүреді. Мұғалімнің «бір-екі-үш» деген сөзінен олар джоптарын аспандата лақтырып, онан жүресінен отырып, қайта тұрып, допты қағып алулары қажет. Допты қағып алал алмай қалған балаға біп айып ұпайы беріледі. Ойын соңында айып ұпайы жоқ бала жеңіске жетеді.

Методикалық нұсқаулар. Ойынды қорытқаннан кейін балалар екі-екіден бөлініп, жүгіріп келе жатып, допты бір-біріне екі қолымен кеуде тұсынан лақтыруға, қағып алуға үйренеді.

Қуалама доп.

Мақсаты: Епті болуға, жылдам жүгіруге, коллективпен бірге қимыыл жасауға дағдыланады.

Ойын мазмұны: Балалар екі командаға бөлінеді. Ара қашықтықтары 4-5м. Ойын бастаушы ортада тұрып, қолындағы допты мейлінше алысқа лақтырады. Әр қомандадан бір-бір бала сол допты қуа жөнеледі. Ал жеткені допты оң қолымен жерге соғып секіртіп, ойын бастаушының қолына табыс етеді. Сөйтіп доп әкелген бала өз командасына бір ұпай қосады. Ойында көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Методикалық нұсқаулар. Бес-бестен бөлініп, ұл қыздар болып, баскепбол ойынының ең қарапайым түрін ойнайды.

Ботақан.

Дайындық. Ойынға қатысушылар арасынан «Атан түйе» мен «Мыстан кемпір» сайланады. Қалғандары «ботақандар».

Ойын мазмұны. Балалар санына қарай бір немесе екі топқа бөлінеді. Атан түйелердің артынан бірінің белінен ұстап, сап түзеп тұрады. «Мыстан кемпір» қолына таяқ ұстап келіп, «Түйені» сөзге айналдырады. Сондағы мақсаты, бір «Ботақанды» сұрап алып қалу, бірақ оған «Түйе» көнбейді. Қулығын арттыра алмаған мыстан, енді күшке салады. Жүгіріп ұстайын дегеніне «Түйе» оңға, солға бұрылып, кемпірге дол бермейді. Ал кемпір ебін тауып ұстап алса, үйіне апарып, жауып қояды.

Ережесі. А) Балалардың біреуі қолын жіберіп қойса, ойын тоқтатылады.

Ә) Диалог біткеннен кейін ғана мыстанға ұстауға болады.



Методикалық нұсқаулар. Диалогтарды өз беттерімен ойлап айтулары керек. 3-4 мин сайын ойын жүргізушілерді ауыстырған жөн. Бір топта оннан артық бала болмауын қадағалау. Ойын соңында ерекше көзге түскен балаларды атап өтеді.

Ойынның педагогикалық маңызы. Қимыл бірлігін арттырып, ұйымшыл болуға, ауыз бірлікке, жақсы жолдастыққа тәрбиеленеді.



Бос орын.

Мақсаты. Допты лақтырып, қағып алуға үйрету. Айналаны бағдарлауға жаттықтыру.

Ойын мазмұны. Сыныптағы балалар он-онан бөлініп, араларынан екі-үш ойын бастаушы сайланады. Әр топтың баласы өзіне диамерті екі метр шеңбер сызып, соын ортасында тұрады. Қолына доп ұстап тұрған ойын бастаушы добын бір балаға, ол келесі балаға лақтырып ойнап тұрады. Ортада допсыз қалған ойын бастаушылап сол лақтылған допты қағып алуға тырысады. Доп олардың біріне тиген кезде мұғалім ысқырады. Сол кезде шеңберде тұрған балалар тез орындарын ауыстырулары керек. Егер ойын бастаушы бір орйынға ие бола қалса, орынсыз қалған бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

Методикалық нұсқаулар. Екі-екіден бөлініп, баскетбол кәрзеңкесіне кезекпен жопты екі қолымен төмен лақтырып, бір-бірлеріне ұпай салып ойнайды.

Сақина салмақ.

Ойнаушылар екі-екіден бөлініп, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші қолына сақина алып, ортаға шығады. Бірінші отырған баладан бастап, біріктірілген екі алақан ортасынан екі қолын өткізіп, бір баланың қолына басқаларға білдірмей сақинаны тастап кетеді.

Барлық балалардың қолынан ұстап өтіп, бір шетке барып: «Бір, екі, үші, сақинам ұш» дегенде, қолында сақинасы бар бала ортаға тез жүгіріп шығуы керек. Егер ол шыға алмаса, келесі жолы ойынды жүргізеді. Ал қасында отырған көршісі сезіп қалып, ұстап қалса, онда айып төлеп өз орнында қалады.

Ойынды бір-екі рет ойнағаннан кейін, отырған балалар орындарын ауыстырады, басқа ойын жүргізуші сайланады.



Жапалақ

Дайындық. Ойнышылардың арасына бір-екі «Жапалақтар» сайлаймыз. Қалғандары «Көбелек» болып «ұшып» жүреді.

Ойны мазмұны. Жүгіріп жүрген балалар мынандай өлең айтады:

Қанат қағып ұшқанда,

Қиын оны ұстауға.

Бірақ оның өмірі,

Ұқсамайды құстарға.

Көктем қандай керемет,

Көз тартады таңертең.

Неше түрлі гүл өссе,

Сонша түрлі көбелек.

Мұғалім кенет «Түн болды» деп белгі береді. Сол сәтте «Жапалақтар» «ұшып» келіп, қозғалмай бір қалыпта тұрған балаларды аралап өтеді де, қозғалып қалғандарын өздерімен бірге ілестіріп, алып кетеді. Ойын осылайша бірнеше рет қайталанады.



Ережесі. А) «Жапалақтар» 15 секундтан артық ұшпауы керек.

Ә) Бала тұрысын әдейлеп біреу бұзса, ол ұсталады.



Методикалық нұсқау. Балалардың қимыс-қозғалыстарына шек қоюға болмайды. «Жапалақтардың» өзара әңгімелесіп жүргендері дұрыс. Ол ойынды қызықты етеді.

Ойынның педагогикалық маңызы. Тепе-теңдікті ұстап тұруға үйренеді. Ұстамды, батыл болуға тәрбиеленеді. Жәндіктер жайлы ұғымдары кеңейеді.

Күн мен түн.

Дайындық. Балалар тобының бірі –«күн», екіншісі – «түн» болып екі топқа бөлінеді. Олардың бір-бірінен 10-15 м жерде өз «үйлері» болады.

Ойын мазмұны. Мұғалімнің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Мұғалім «Күн» деп белгі бергенде, сол топтың балалары үйіне қарай жүгіре жөнеледі. Ал «түн» тобындағылар оларды үйлеріне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылардың қатарына қосылады. Сөйтіп ойын алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

Ережесі. А) Жүгіруге тек белгіден кейін ғана рұқсат етіледі.

Ә) «Үйге» жеткен балаларға тиісуге болмайды.

Б) бұлтарып жүгірмеу керек.

Методикалық нұсқау. Ережені мүлтіксіз орындай үшін балалардың арасынан төрешілер сайлау керек. Команданың ара қашықтығы 2-3 м аспауы керек.

Ойынның педагогикалық маңызы. Балалар ептілікке, жылдамдыққа, мұқият тыңдауға үйренеді.



Қызыл жалау.

Көлемі 10х5м бекетсызылады. Ойнаушылар екі команда болып, шабуылшы, қорғаушыларға бөлінеді. Әр командаға бір-бірден қолбасшы сайланады. Алаңның түкпіріндегі екі бұрышына екі жалауша тігіледі.



Ойын мазмұны. Санамақ арқылы ойын бастаушы екі команда белгілейді де, бір команда екінші команданың бекетіне қолбасшыларының бастауымен шабуылға шығады, қызыл жалауды алып кенлуге тырысады. Ал сол бекеттің қорғаушыларын шабуылшыларын қуып жетіп, қолын тигізсе қолға түскен болып, бір орында тұрып қалады. Қай команда қолдарына қарсыластыраның жалауын бұрын түсірсе, солар жеңіске жеткен болып саналады.

Ережесі. А) Екі команда бір мезгілде шабуылға шығады.

Ә) Қолға түскен балаларды құтқаруға болады.

Б) Жалаушаны лақтыруға болмайды.

Методикалық нұсқаулар. Бекетті түрлі түсті бояулармен алдын ала сызып, дайындап қою керек. Ережені бұзған балаларға уақытында ескерту беріліп отырады. Талас туа қалса екі қолбасшыда да ойынды тоқтатып, дауды келісіммен шешеді.

Ойынның педагогикалық маңызы. Алға қойған мақсатқа жұмыла атсалысып, ұйымшылдық, жолдастық көмек арқылы ғана жетуге болатындығына көз жеткізеді. Сондай-ақ ойын әр баланың өзіне тән ерекшеліктенрінің жан-жақты ашылуына көмектеседі.

Ақ терек пен көк терек

Дайындық. Балалр екі топқа бөлінеді. Бір-бірлерінен 10-15м жерде қол ұстасып, қарама-қарсы тұрады. Әр топтың ойын бастаушысы болады.

Ойын мазмұны.

Бірінші топтың бастаушысы:

Ақ терек пен көк терек

Шауып алдым бәтерек

Бізден сізе кім керек? –

деп екінші жақтан сұрайды. Оған қарсыластары былай деп жауап береді.

Ақ терек пен көк терек

Шауып алдым бәйтерек

Сонау тұрған ... өзі керек!

Есімі аталған бала қарсы топқа қарай жүгіріп барып, ұстап тұрған қолдарының бірін бөліп өтуі тиіс. Егер тізбекті үзе алмаса, өзі сол тапқа қосылады. Үзсе бір баланы өз командасына алып кетеді. Келесі кезек екінші топқа беріледі. Сөйтіп ойын бір топта жалғыз бала қалған ойналады.



Ережесі. А) қолдары ажыраған екі баланы алуға болады.

Ә) қолмен соғып өтуге болмайды.



Методикалық нұсқау. Өлеңді бәрі бірдей атқаны жөн. Жүгіргенде бар күшін салуын қадағалау керек.

Ойынның педагогикалық маңызы. Балаларды дұрыс қимылдауға жаттықтырады.

Ордағы қасқыр

Алаңның ортасынан аралығы 40-50 сантиметрдей сызық сызылады. Бұл-қасқыр жатқан ор. Қалған ойыншылар қойшы, лақ болады да, сол сызықтың бір жағында жайылып жүреді. Мұғалімнің ескертуі бойынша қозы, лақтар ордың екінші жағына өтуі керек. Ал қасқырлар өтіп бара жатқандарды ұстап алуға тырысады. Қолға түскен не секіріп үлгермеген қозы, лақтар ойыннан шығады. Мұғалімнің келесі ескертуі бойынша қозы, лақтар қайтадан жүгіреді. Қолға түспеген қозы, лақтардың саны қасқырлардың санымен бірдей болғанда, ойын тоқтатылады. Ойынның басында қасқырлардың саны қозы, лақтардан екі есе аз болады.



Шалма

Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншы әлгі жіпті екі қолына, яғни төрт саусақтың негізіне бір шалып орайды да, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңыршақ» пайда болады. Екінші бас бармақ және сұқ қолымен «ыңыршақтың» екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда «кереге», үшіншіде «керегені» үстінен астына қарай алып «шаңырақ», төртіншіде шаңырақты екі шынашақпен айқастырғанда «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ», осылайша ары қарай «астау», «кереге», «шынтақ»-«астау», «кереге», «шыптақ» болып қайталана береді.



Лек

Мұнда ойыншылар ең алдымен кезек алысады. Содан кейін біріншіден бастап әр қайсысы өз кезегінде шөлдікті қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, түсірмей соғады да, таяғын шеңбердің ешіне тастайды. Ал екінші кезектегі ойыншы шөлдікті түкен жерінен алып соққан ойыншының таяғын көздеп оны қайтадан шеңбердің ішіне лақтырады. Егерде таяққа тигізсе не шеңбердің ішіне түсірсе, онда соққан ойыншы ойыннан шығып қалады, ал ең бірінші шөлдікті жерден көтеріп, түсірмей соққан кезде де тигізе алмаса, онда да ойыннан шығып қалады. Ал лақтырған ойыншы не таяққа тигізе алмай, я болмаса дөңгелек сызықтың ішіне түсіре алмаса, онда бірінші ойыншы әр соққанда үш реттен соғады. Сөйтіп, қай жерге апарып түсірсе, сол жерден дөңгелек сызыққа дейін таяғымен өлшеп, снап келіп екінші ойыншыға ұпай салады. Бірінші ойыншы жоғарыдағыдай себептерден ойнай алмай ойыннан шығып қалса, үшініш ойыншы соғушы болады. Ойын осылайша бәрі ойнап біткенше, жалғаса береді.



Айдапсал

Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табу керек. Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына отырады. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар оның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т.б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.



Монданақ

Оқушылар ойын басқарушының айтуымен сәл тізелерін көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады /тізелерінің астынан орамал өтетіндей болу керек/. Содан олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отыратындай бос орын қалады. Осы орынға ойын басқарушы отырады. Осы кезде қасында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартып қалып, тез дізесінің астына тыға қойып: «әне ктті монданақ, міне кетті монданақ» деп өлеңдетеді. Бұл дауысқа барлық ойыншылар қосылады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің шеңбер бойымен біріне-бірі беріп жылжытып, ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын басқарушының мақсаты-осы орамалды ұстап алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орын ауыстырады, сөйтіп, ойынды жалғастыра береді. Ойыншылар болса орамалды ттізелерінің астына жүгірте отырып, қайткен күнде де ойын басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса, оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады.



Қимақ

Ойын мазмұны. Бұл ойында жіп керіп, сол керілген жіпке әр түрлі ұзындықта сан алуан заттар байлап қояды. Мынадай заттар: қалам, өшіргіш, конфет, кітап т.б. әр түрлі ойыншықтар және ойын көңілді болу үшін бос қағазды да қомақтап орап қояды.

Ойынның шарты: бір адамның көзін байлап, ойын бастаушы оның қолына қайшы ұстатып, «Осылардың ішінен қалағаныңды қиып ал», -дейді. Ол қиған затын алады. Егер бірінші рет қия алмаса, екінші мәрте әрекеттенуге болмайды.

Методикалық нұсқау. Ережені мүлтіксіз орындай үшін балалардың арасынан төрешілер сайлау керек. Жіп пен ойыншының ара қашықтығы 2-3 м –ден аспауы керек.

Ойынның педагогикалық маңызы. Балалар сезімталдық, болжағыштық қасиеттерін дамыту.

Әріп таңдау

Ойын мазмұны. Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әркім өзіне бір әріп таңдап алады.

Ойын басқарушы:

-Сен қандай әріп таңдадың?

-Ойын басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әріптен басталатын сөздермен ғана жауап беру керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай тез айту шарт.



-Сенің атың кім?

-Асан


-Қайдан келдің?

-Ақтөбеден

-Қайда барасың?

-Алматыға

-Онда не өседі?

-Алма т.б. осындай әртүрлі сұрақтар қояды. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай, болмаса тоқтап қалған жағдайда, ойыншы ортаға шығып, өнерін көрсетеді. Ойын келесі ойыншымен жалғаса береді



Ойынның шарты:

А) әріп таңдау

Ә) сұрақтарға мүдірмей тез жауап беру

Ойынның педагогикалық маңызы. Оқушылардың тапқырлық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын ұшқырлау.

Жасырылған зат

Ойын мазмұны. Оқушылар партада отырады. Ортаға ойыншы мен ойын басқарушы шығады. Ойын басқарушы ойыншының көзін байлайды. Алды бұрын жасыруға бір зат алынады. Сол затты ойын басқарушы бір жерге жасырады Содан кейін көзі байланған ойыншының көзін ашады. Ойыншы әлгі заттты іздейді. Отырған оқушылар көмек көрсетеді. Ойыншы жасырылған заттың қай бағытта екенін қолдарын шапалақтау арқылы белгі береді. Егер ойыншы жасырылған затқа қарай жақын келсе қолдарын қатты шапалақтайды, ал жасырылған заттан алыстап бара жатса қолдарын ақырын шапалақтайды. Бағыты мүлдем өзгерсе онда қолдарын шапалақтамайды. Жасырылған затты тапса Ойын басқарушы болып, ойынды ары қарай жалғастырады.

Жасырылған затты таба алмаса, өз өнерін көрсетеді.



Ойынның шарты:

А) шапалақтың соғысына назар аудару

Ә) уақытты үнемдеуге тырысу

Үй үстіндегі кім?

Ойын мазмұны. Бұл ойынға қатысушылардың бірі жұдырығын түйеді де, столдың үстіне қояды. Оның үстіне басқалар да жұдырықтарын қоя бастайды. Бірінің үстіне бірі қойылған қолдар бірнеше қабат үй сияқтанып биіктей түседі. Егер ойнаушы аз болса, әр ойыншы қос жұдырығын қоюға болады. Ең үстіңгі қолдың астындағы жұдырықтың иесі бастап, қалғандары қоштап мынадай сөздерді айтып шығады:

-Үй үстіндегі кім?

-Исамын

-Неғып жүрсің?



-Ұшамын

-Тезірек ұш

-Қорқамын

-Кейінірек ұш!

-Асығамын

-Секіріп түс

-Жығыламын

-Астыңдағы не?

-Келі

-Ішіндегі не?



-Тары

-Жүзің неге сары

-Жас шіркін кәрі

Осы сөздерді айтып болғаннан кейін ойнаушылар түгелдей:

Ат та, жымпи,

Көжені іште тымпи!- деп қолдарын алады да, тым-тырыс бола қалады. Кім бұрын күліп қойса, сол айып тартады.



Айгөлек

Айгөлек ойыны кең алаңда өткізіледі. Ойнаушылар саны мен жас шамасна қарай екі тапқа бөлінеді де, арасы 1-20 адымдай жерде қол ұстасып, қарама-қарсы тізбек құрады. Бала көп болса, ойында соншалықты қызықты өтеді. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады.



  • Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар,

Ақ терек пен көк терек

Бізден саған кім керек?

Екінші топтың ойыншылары жауап береді:



  • Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Теміршіден дем шығар,

Үзеңгіден тер шығар,

Ақ терек пен көк терек

Шолпан атты /шақыратын баланың не қыздың атын айтады/ қыз керек, - дейді.

Қарсы топтан шақырылған қыз не бала тізіліп тұрған топтың әлсіз жерінен үзіп өтуге тиісті. Егерде ол үзе алмаса, онда сол қатарда қалады, ал үзсе, онда өзі қалаған ойыншының бірін өз тобына ала келеді. Ойын аяқталғаннан кейін екі жақтың ойыншылары саналады, қай жақ көп болса, сол топ ұтқан болып есептелінеді.



Сақина жасыру

Бұл ойын жасөспірімдердің арасында ойналып жүр.

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына қолын кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолдың әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен «сақина кімде?» - деп сұрайды. Осы кезде барлық ойыншы тыныштаады. Кезекші сақинаның кімде екенін табуы керек. Егер кезекші сақинаның кімде екенін тапсы, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, ол өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетед де, өз қызметін қайтадан атқарады. Егер кезекші үшке дейін таба алмаса, ол басқа кезекшімен орын ауыстырады.

Ақшамшық

/сақина жасырудың ІІ түрі/

Ойын жүргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін екі алақанының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүгіріп, бәріне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуіне ғана тастайды, сақина жасырған адам оны байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң, ортаға келіп: «Ақшамшығымды бер»№ - деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын білсе, орнынан тұрғызбауға тырысады. Ал сақина алған ойыншы білдірмей тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады, ол тұра алмай қалса, өзі тартады. Айыпкер көпшіліктің ұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма, - әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс /көпшіліктің ұйғарымына қарсыласуға болмайды/.

Сонан кейін ойын қайтадан басталып, жалғаса беретін болады.

Арқан тартыс

Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардығ саны 10 баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тек ортасында белгі ретінде қызыл мата байланады.

Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі ... деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері /жұп/ бір жаққа, бір дегендері /тақ/ екінші жаққа бөлінеді.

Арқанның қызыл мата байлаған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Ал ойнаушылар арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Егерде арқанға қолдары сыймаса, онда ойнаушылар бірінің белінен бірі ұстайды.

Ойын жүргізушісінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойын мақсаты – екі команданың бірі не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншы ойыннан шығып қалады.

Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына өткізсе, сол ұтқан болып есептелінеді. Ойнаушылардың өзара келісімдері бойынша ойынды тағы да жалғастыруға болады.



Арқан тартыс/ІІ түрі/

Бұл ойынды ойнау үшін он-он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындалады. Ол тақтайлардың ортасы арқан өтетіндей етп тесіледі. Содан кейін қар жөнтектеліп, аққалаға ұқсатылып үйіледі. Оның орта шені таяқпен тесіледі де, әлгі арқан өткізіледі. Содан тақтайшалар аққалаға екі-үш қарыстай тақап әкелініп, арқан түйілетін болады. Тақтайшалар өздеріне қарай кейін сырғып кетпейтіндей жайда болуы керек. Бәрі дайын болған соң, команда екі топқа бөлінеді де, екі жаққа ерсілі-қарсылы басталады. Аққала қай топқа қарай құласа, жеңіс солардікі болады.



Арынды арқан

Ойнаушылар дөңгеленешеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екі ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады ал балалар арқанды аяқтарының астынан өткізіп секіруі керек. Кімде-кім арқаннан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша ортада өнер көрсетеді.

Немесе былайда ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылай бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.

Белбеу тастау

Ойнаушылар дөңгелене отырады. Ойын жүргізушісі топ сыртын айнала жүгіріп, белбеуді өзінің қалаған ойыншысының артына білдірмей тастап кетуге тырысады. Сөйтіп, ол қайта айналып келгенше, артына белбеу тасталған ойыншы оны білмеген болса, ойын жүргізушісі белбеуді алып, сол ойыншыны «орныңды тап» деп, шеңберді айналдыра сабалап, қайтадан орнына келіп отырғанша қуалайды. Ал артына белбеу тасталғанын біліп қойса, онда ол ойыншы белбеуды ала салып, белбеу тастаған ойыншыны өзі босатқан орынға жеткенше сабалап қуалайды.

Көпшілік жағдайда ойыншы өзіне белбеу тастағанын біліп қояды, өйткені ол белбеудің бар-жоғы қолымен байқап отырады.

Ойын көгалдарда, кең алаңда ойналатын болғандықтан, ойнаушылар санының көп болғаны дұрыс.



Белбеу тастау (ІІ түрі)

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, арасы 15-20 метрдей екі сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізушісі бірінші топ ойыншыларының біреуіне қолындағы орамалды береді. Ол жүгіріп жүріп, екінші топтағы бір қыздың (баланың) артына орамалын қалдырады да, өз орнына қайта жүгіреді. Орамалды тауып алған ойыншы қуып жетіп ұрса, онда қарсыласымен бірге өз тобына келеді, ал куып жете алмаса, қарсы топқа өтеді. келесі кезек екінші топтың ойыншысына беріледі. Осылайша барлық ойыншылар орамалды бір-бір реттен тастап шыққанша ойын жалғаса береді.



Белбеу тастау (ІІІ түрі)

Ойыншылар екі топқа бөлініп (ұлдар мен қыздардың араласып ойнауына болады), бір-біріне 50-60 метрдей қашықтықта қарама қарсы тұрады. Екі топтың дәл ортасындағы сызыққа жалау байлап, түбіне белбеу немесе шиыршықталған орамал тастайды.

Кезек бойынша бір топтың басшысы өз ойыншыларының біреуінің атын атайды. Берілген белгі бойынша әлгі екі ойыншы ортадығы жалауға қарай жүгіреді, бұрын жетіп, белбеуді алуға ұмтылады. Бұрын жеткен ойыншы белтеуді ала салып, жете алмаған ойыншыны қарсы топқа жеткенше кері куып барады да, қолындағы белбеуді сонда тастай сап, өзі кейін қашады. Енді әлгі қуылып келген ойыншы жаңағы ұтылған ұпайларын қайтарып алуға тырысады.

Ойынның қорытындысында қай топтың ойыншылары қарсыластарына көбірек белбеу жұмсаса, сол топ ұтқан болып есептеледі.



Бұрыш

Оны бес не тоғыз адам ойнайды.

Ойын жүргізушісінің бұйрығымен белгілі бір арақашықтықты сақтап (3-5 м) 4 ойыншы бұрышқа тұрып, олар екі-екіден орындарын ауыстырады. Ойын жүргізушісінің мақсаты – төртеуінің ортасында тұрып, осы кезде босаған орынға тұра қалу. Ойынның шарты түсінікті болу үшін, әрбір ойыншының тұрған жерін бормен белгілеп қойсада болады. Сөйтіп, орнынан айырылған ойыншы ойын жүргізушісі болады да, ол да бос орын іздейді. Ал тоғыз ойыншы ойнағанда әрбір қабырғаға 3 адамнан тұрып, өзара екі-екіден орын ауыстырады.

Бұғнай

Ойын жүргізушісі ойынға қатысушыларды айнала отырғызып жүгіріп, бірінші «бұғнай», екінші «бұғнай», үшінші «бұғнай», т.б. деп бас-басына реттік санмен атап шығады да, кез-келген бірін мәселен, он жетінші бұғанайды дауыстап шақырады. Аты аталған бұғанай орнынан ұшып тұрып, келесі біреуін шақыру керек. Әдетте, малдасын құрып не жүресінен отырған балалар бірден тез тұра алмай қалады, ал кейбір сасқалақ ойыншы аты аталмаса да орнынан атып тұрады. Мұндай ойыншылар айыпты саналып, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді.



Дауыста, атыңды айтам

Ойыншылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойынша тұрған ойыншылардың кез-келгеніне ұсынып – дауыста, атыңды айтам, - дейді. Таяқтың екінші ұшын ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі дауысын бұзып шығарады... (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншысының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады: осылайша үш ойыншыны анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.



Жаяу тартыс

Ойынға қатысушылардың ішіннен екі ойыншы ортаға шығады да, екі басы біріктіріліп түйілген арқанды мойындарына іліп қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – ойыншылардың бірін-бірі тартып, белгіленген межеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептелінеді. Ал ұтылған ойыншының орнына басқа ойнышы келеді. Осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана, жеңіске жеткен ойыншы жариялынады.



Жаяу аудырыспақ

Мұны балалар «Батырлыар соғы» деп те атайды. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әркім бір-бір даланы ат қылып мінеді де, соның үстінде отырып тартысады. Астыңғы балалар тыныш тұрады. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сонысы жеңіледі.



Жаяу көкпар

Ойын күні бұрын белгіленген жетде өткізіледі. Ойынға қатысушылар санына шек қойылмайды.

Ойнаушылар көмбе қасындағы сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізушісінің белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкперды екі жүз, төрт жүз, әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі екінші көмбеге кім бұрын әкелсе, сол ұтқан болады. Егер де екінші бір ойыншы жол ортада қуып жетіп, басып озатындай шамасы болса, көкпарды қарсыласының қолынан алып кете береді. Ал көкпарды алып келе жатқан ойыншыныңмұндай жағдайда қарсыласуына болмайды.

Жая көкпар (ІІ түрі)

Ойынның бұр түрінде ойнаушылар екі немесе адан да көп топқа бөлінеді де, енді көкпарды көмбеге бұрын әкелген ойыншының өзі емес, сол ойыншының тобы жеңімпаз атанады. Ойын қайталанған жағдайда жаңа ойыншылар ғана қатысады.



Көрші

Ойнаушылар екі-екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушісінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.

Ойын жүргізушісі: - Саған кімнің көршісі керек? – деп сұрайды.

Сыңар ойыншы: - Маған Ақылбектің көршісі керек, - деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысың, әлде татумысың», -деп сұрайды. Егер ол «аразбын» десе, сыңыр ойыншыға келіп көрші болады. «Татумын» десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін аза тартады – сыңар ойыншының ұйғарымымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші тауып алса, сыңары кетіп қалған ойыншы көрші іздейді, осылайша ойын жалғаса береді.



Қарагие

Қарагие – жас балалар арасында көп тараған ойындардың бірі. Ойын көгалды жерді алаңдарда ойналады. Ойынға барлық бала қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайыңнан жонылған ұзындығы 2-2,5 метр бір басы үшкір сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап, кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды.

Ойын жүргізушісі көмбеден 15-20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты – әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушісінің өзіне де ойнауболады. Қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ойыншы ұтқан болып саналады.

Қарамырза

Ойын басталмас бұрын, оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойнаушыларға бірдей «ойнаймыз» дейді. «Ойнаймыз» деп дабырласып отырып, қатарлас отырған бірі екіншісіне «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» - дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем алушы: «Уағалайкумассалам, бірінші Қарамырза!» - деп ажауап беруі керек, егер байқамай «Уағалайкумассалам» деп жауап қайтарса, онда сәлем алушы ұтылады.

Осылайша қатар отырған ойнаушылар бірін-бірі аңдып шатастыруға тырысады. Әр амандасқан сайын «Қарамырзалардың» саны екінші, үшінші, төртінші болып арта береді де, сәлем алушы сол нөмірді жаңылмай айтуы керек.

Сөйтіп, аздан соң ойнаушылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген жақ» «жеңілген жаққа» жаза белгілейді: олар ән айтып, би билеп дегендей жаза өтейді. Содан кейін ойынды қайта жалғастыруға болады.



Қамалды қорғау

Ойнаушылар үлкен шеңбердің бойына қатарға тұрады. Шеңбердің ортасына қамал, яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойындағы тұрған ойыншылар боппен «қамалды» атқылай бастайды, ал қорғаушы болс допты «қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде-кім допты «қамалға» (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.



Қындық-сандық

Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне-бірі арқаларын тіреп тұрып шынтақтасады. Ойын жүргізушісі белгі берген кезде екеуі бірдей алға еңкейіп бірін-бірі өрден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептеледі. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Ұпайды көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.



Ұшты-ұшты

Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра атйып отырады. Шарт бойынша тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал кімде-кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай қалғаса береді:



  • Ұшты, ұшты - тарғақ ұшты (Ұшады)

  • Ұшты, ұтшы – жарғақ ұшты (ұшпайды)

  • Ұшты, ұшты - үкі ұшты (Ұшады)

  • Ұшты, ұшты - үйрек ұшты (Ұшады)

  • Ұшты, ұшты - тырна ұшты (Ұшады)

  • Ұшты, ұшты - тырма ұшты (Ұшпайды)

Орамал тастау

Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатар жасап тұрады. Ойын жүргізушісі қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы біреуіне тастады да: «Қа»,- деп дауыстайды, ал орамал тастаған ойыншы оны қағып алып, ғаз, - дейді, болмаса да дейді. Сонда қағаз, қала т.б. сөздер шығады. Айтылған сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы, са, - деп дауыстаса са-дақ, са-қа, са-бын, са-рын сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы бірінші буынға қосылып атау сөз шығатындай екінші буынды уақытында тауып айта алмаса, ортаға шығып өнер көрсетеді. Одан кейін орамалды қрсыластар тобына өзі лақтырады. Осылай ойнаушылар орамалды бір-біріне лақтырып ойынды жалғастыра береді.



Сиқырлы таяқ

Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойыншы ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды 1-ден бастап түнел нөмірлеп шығады. Ойының шарты бойынша ойын жүргізушісі қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлап қалса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.



Соқыр теке

Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып орталарына орамалмен көзін байлап «соқыр текені» шақырады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыр текені» тиіп-қашып жүріп түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмай қалса да дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойын ойнап жүргенде «соқыр теке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншы көзін байлап ортаға шығады да, «соқыр теке» болады, сондықтан олар бір орында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыр текенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн.



Тапшы, кімнің дауысы?

Шеңберде тұрған оқушылардың бірі ортаға шығып, көзін байлайды да, ойын басқарушы болады. Ал қалғаны:

«Секір-секір» деген кім,

Білгіш болсаң, таба ғой.

Тауып ал да, өзің кеп,

Сол орынды ала ғой, -

деген өлеңді айтып, шеңберді айналып жүреді.

«Секір-секір» деген сөзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар соны айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір...» деп айтқан баланы табуға кіріседі. Тапса айтқан бала ортаға шығады да, ойын басқарушы болады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемес М.Т.Тұрыскелдин, К.Т. Құрманбаева

Алматы қаласы «Атамұра» 1998ж.

  1. Мектеп жасындағы балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Ғ.Дүкенбаева

Алматы «Рауан»1992 ж.

  1. Қимыл қозғалыс ойындары М.Т.Тұрыскелдина Алматы «Атамұра» 1999ж.

4.Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі. Төтентай Базарбек

Алматы «Рауан» 1994
Каталог: uploads -> doc
doc -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді