“Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы” Орындаған: Жумамуратова Тумарис ҚТӘ-312



Дата10.06.2022
өлшемі0.97 Mb.
#267715
Байланысты:
Жумамуратова Тумарис ҚТӘ-312 ХХ ҒАСЫР 14 ПРАКТИКА
БУРИ

“Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығы”

Орындаған: Жумамуратова Тумарис ҚТӘ-312

Өмірі

  • Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.
  • Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған. Омбыдағы оқытушылар курсын, Орынбордағы жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімін бітірген.
  • Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастайды.

1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында білім ала жүріп Мағжан Жұмабаев хатшылық еткен. Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1921 жылы Ақмола губерниясы мемлекеттік саяси басқармасының төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921-1922 жылдары әр түрлі қызметтер атқарып, ел арасында астық жинау жұмысын жүргізген.

  • 1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында білім ала жүріп Мағжан Жұмабаев хатшылық еткен. Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1921 жылы Ақмола губерниясы мемлекеттік саяси басқармасының төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921-1922 жылдары әр түрлі қызметтер атқарып, ел арасында астық жинау жұмысын жүргізген.
  • 1922-1926 жылдары Орынбордағы жұмысшылар факультетінде оқыған.
  • 1926-1928 жылдары баспасөз орындарында қызмет атқарып, республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
  • 1928 жылы Петропавл қаласының «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және Жазушылар бөлімінің жетекшісі болған.
  • 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» альманағын шығарған.
  • 1932-1935 жылдары Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімінде оқыған.
  • 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы болып, 1936-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарған.
  • 1937-1941 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институттың профессоры болып, қазақ әдебиетінен сабақ берген. 1943-1951 жылдары екінші рет Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарған.
  • 1958-1969 жылдары Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне, 1965-1969 жылдары Араб елдерімен достық жөне мәдени байланыстар қоғамы қазақ бөлімшесінің төрағалығына сайланған.

Шығармалары

  • Жиырма жасынан поэма жаза бастады.
  • 1928 жылы "Сұлушаш" дастаны, 1931 жылы "Адасқандар" романы және тағы басқа туындылары жарық көрді. "Сұлушаш" дастанында ғашықтық, махаббат мәселесін көтере отырып, әлеуметтік мәні зор түйіндерді толғаған. Ал "Адасқандар" романы қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романдардың бірі саналды. Ол бұл романды едәуір өзгерістер енгізіп, 1959 жылы "Мөлдір махаббат" деген атпен қайта бастырып шығарды.

Ата тегі

  • Сәбит Мұқанов текті тұқымнан. Сырымбет таулары Сәбит Мұқановтың арғы аталарының атымен аталған. Арғы тегі бақсы, балгер болған. ХХ ғасырдың маңында әкесі Мұқан Шүкейұлы әбден кедейленіп, жалшылықта жүрген. Қазақта тас кедей деген болмаған. Кәдімгі өлгенінен күнін көріп отыр деген кедейдің өзінің бірер ірі қарасы, мінер аты, сауын сиыры, бес-алты жантығы болған. Бай ағайын болса малын бағысады, содан ырзық айырады, несібе алады. Сәбит Мұқановтың әкесі жалшылықта жүрді деген сөзді осы ыңғайда түсінуіміз керек. Сәбең, сегіз қыздан кейін жылап жүріп көрген перзенті. Одан кейін бір қарындасы болған. Олардың біразы шетінеп кетеді, бойжеткені тұрмысқа кетеді. Өзі «Өмір мектебінде» баяндайтындай біраз уақыт апасының қолына кетіп күн көреді.

https://www.youtube.com/watch?v=60j0TN4VH_U

  • https://www.youtube.com/watch?v=60j0TN4VH_U
  • Сәбит Мұқанов жайлы деректі фильм. Өз дауысы сақталған туынды.

Отбасы

  • Сәбит Мұқанов екі рет үйленген. Бірінші жары көп тұрмай қайтыс болған соң, екінші рет шаңырақ көтереді. Жұбайы – Мәриям Қожахметқызы Мұқанова. Мәриям апаймен жазушы 47 жыл отасқан.
  • Мәриям Мұқанова "Менің Сәбитім", "Сағынышым Сәбитім" естеліктерінде былай дейді:
  • "Мен он алты жасымда Сәбитке тұрмысқа шықтым. Сәбит екеуміз 47 жыл бірге өмір сүрдік... Сәбиттің жиі айтар сөзі "шашыңнан айналайын Мәриям" болушы еді. Расында да шашым ұзын болатын. Екі шешем (туған анам мен әжем) шашымды қымызбен жуып мәпелейтінін білетін Сәбит: "Бір үйдің еркетотайы едің, қайдан білейін күте алып жүрсің бе, жоқ па шашыңды" - дейді. Бақсам мені жассынады, жайы болмай жүр ме деп ойлайды екен ғой. ...Содан бір күні Мәриям деп шақырып алып, түюлі шашымды тарқаттырды. Өргізді. Жаңа көргендей үңіліп, әр қырынан қарайды. Жас кезім, қатты қысыламын. Бірақ ештеңе демеймін".

“Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында із қалдырған...

  • Сәбит Мұқанов 1973 жылы 18 сәуірде Алматы қаласында қайтыс болды.
  • Алматы қаласында Сәбит Мұқанов атындағы көшеде ескерткіш мүсіні орнатылып, әдеби мемориалдық мұражай-үйі жұмыс істейді.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы