Сценарий 7-мамыр
Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар және азаматшалар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштер мерекесі де келіп жетті. Құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары !Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз!
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Жүргізуші:
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Дей отырып сөз кезегін мектебіміздің директоры Кушенов Ержан ағайымызға, Таджиев Назархан ағайымызға, Кушенов Аман, Молдабеков Қайрат, Дабысов Тұрақбай ағайымызға береміз
Жүргізуші: Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
Жүргізуші:
Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз.
Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ — нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.
Келесі кезекті мектебіміздің жас мамандарының орындауында хорға береміз.
Ашылуы: Хор Қуандық Рахым «мен қазақпын» әні
Номер 1
Қалыбын адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл - қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді сіздерге бақыт жұлдыздарың,
Дей отыра келесі кезекті ойынға береміз
Номер 2: Ойынның аты «жасырын сурет»
Номер 3: Жеңіс дейміз жалауымыз желбіреп
Көктем күні нұрын төксе елжіреп
Тап осындай бейбіт күнге жеткізген
Батыр болған ағалар ғой ержүрек
Дей отырып келесі кезекті мектебіміздің музыка пәні мұғалімі
Жұмаділа Бақдәулет ағайымыздың орындауында «Жеңіс күні» әні
Номер 4
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелген мереке дей отырып келесі кезекті ойынымызға береміз. Ойынның аты «қарам-қарсы иықтар»
Ойын шарты: екі адамнан бір-біріне қарама қарсы тұрып, бір-бірінің иықтарына оң қолдарын қойады және сол қолдарын қалтларына салып қояды. Сосын менің айтқан дене мүшелерін тез оң қолдарымен ұстау керек.
Номер 5: Ойын «Жұлдызды жұмбақ».
Ойын шарты- әншілер, актерлер туралы жұмбақтар қойылады.
1.Жердің жүзін шарлайды,
Таксафонсыз болмайды.
Көліксіз де поездсыз,
Аяғы оның талмайды. (Серік Ибрагимов)
2.Үреді ит емес,
Маңырайды қой емес.
Ақырады ешкі емес,
Әзілден алыс емес. (Аманғали)
3.Ұстарамен алынбас,
Шашы ұзын лавилаз. (Лұқпан Жолдасов)
4.Футболшы емес стадионда жүреді,
Актер емес киноға түседі
Зрениесі нормальный, бірақ очки киеді
Түркістанда туылған, бірақ Алматыда тұрады. (Қайрат Нұртас)
5.Ұрмай соқпай жылатады,
Ханшайымым деп ұнатады? (Ғаділбек Жанай)
6.Аласа ғана бойы бар,
Күнде кешке тойы бар? (Сифулин Жолбарыс)
9.Анасының даусы тым керемет,
Баласы да ән шырқар бірге еліктеп, (Р. Рымбаева мен Ә. Оқапов)
10.Ашуына басқанда,
Зілтемірді көтереді аспанға. (Илья Илин)
11.Бір соққымен ұйықтатқан ,
Қарсыласын қиратқан.
Өзі айтады әкем орыс
Анам кәріс ал мен қазақ (Геннадий Головкин)
12.Сахнадан көресің
Ұлым дейді Төрешің? (Төреғали Төреәлі)
13.Әні тойдан қалмайды,
Аспаннан жұлдыз санайды? (А. Бегей)
14.Жарыстан жеңілмейді,
Жүрегі оның дірілдейді? (Жанар Дұғалова)
Номер 6 «Мимика» ойыны
Келесі кезекте кішкене қызықты, мағыналы үзіндіге береміз.
Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде , қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып дос болыпты. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жаудың қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
— Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа бере малым да, мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,- дейді.
Қолбасшысы ойланып отырып, оны сынамақ болады.
— Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болады. Ол – сенің көзің, мен сенің екі көзіңді ойып аламын!- дейді.
— Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды тезірек босат,- дейді жігіт.
Сөйтіп әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:
— Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, — деп түйіпті.
Біз сіздерге осы достардың достығындай достық пен ауызбіршілік, адалдық тілейміз.
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз — деп бүгінгі мерекелік кешімізде өз мәресіне жетті. Сау-саламатта болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |