SBook su қазақша рефераттар

Loading...


бет4/4
Дата29.03.2020
өлшемі237.5 Kb.
1   2   3   4

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.



  1. Мына өлең шумақтарынан жікжік жалғаулы зат есімді тап, қай ақынның өлеңі?

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

3.Зат есімнің жай және тәуелді септеу түрлерін тап?

Айдағысыз малды бол,

Ағайынның алды бол,

Отыз ұлды орда бол,

Оман жұрттың басы бол,

Лұқпандай мың жаса.

Береке болсын басыңа,

Құт дарысын басыңа!

4. Мақалдардан жай және тәуелді септеуді тап.

Жақсы ат аяғынан қалады,

Жақсы адам тамағынан қалады.

Аққу құстың төресі

Жалғыз жүріп оттамас.
Үшінші бөлім. Поэзия бөлімі.
Плакатқа салынған сурет бойынша өтірік өлең құрастыру. Мысалы:

Құмырсқа мен арыстан

Жер бетінде алысқан.

Тасбақа мен қарлығаш

Көк жүзінде жарысқан.
Оқулықпен жұмыс.

55- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауды жалғап жазу.

Төмендегі сөздерге сатылай кешенді талдау жасау.

Көлдің, оқушылар. Атбегі, елім. (әр топ бір сөзден алады.)

Үлгі:

1. Құрамына қарай: бір, екі, үш



Зат есім құрамды.

2. Тұлғасына қарай: негізгі, туынды

3. Құрылысына қарай. дара, күределі

4. Лексикалық мағынасы.

5. Сұрағы.

6. Мағыналық топтары

а) жалқы, жалпы

ә) деректі, дерексіз

б) нақты, нақты емес.

Төртінші бөлім. Перфокарта.



1

2

3

4

3

2

4

1

1. Көптік жалғау, 2. Септік жалғау, 3. Жіктік жалғау, 4. Тәуелдік жалғау.



  1. Сенің атың тұра тұрсын, менің атым жүре тұрсын.

  2. Орманда өрт бұрқ етті.

  3. Қонақтар шайларын ішті.

  4. Шамдансам жығар асаумын, Шамырқансам сынар болатпын.

Бесінші бөлім. Венн-диаграммасы.

айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы


Көптік тобы: 1. Зат есім мен сын есімнің айырмашылығы мен ұқсастығы.

Септік тобы: 2. Жіктік жалғауы мен септік жалғауының айырмашылығы мен ұқсастығы.

Жіктік тобы: 3. Көптік жалғауы мен септік жалғауының айырмашылығы мен ұқсастығы.

Тәуелдік тобы: 4. Тәуелдік жалғауы мен септік жалғауының айырмашылығы мен ұқсастығы.


Қорытынды. Зат есімге бірінші жеткен топтың оқушыларына жақсы жауаптары үшін жұлдызшалар үлестіру.
Бағалау. Әр топ бірін-бірі бағалайды. Егер бағасының арасында келіспеушілік болса, мұғалімнің пікірі тыңдалып оқушы бағаланады.
Үйге тапсырма. Қайталау, сабақтан алған әсерлері туралы өз пікірлерін жазып келу

Қорыта келгенде, адам баласының барлық таным процестері тіл заңдылығын білуден, оқудан, ой сауатын ашудан басталады. Сондықтан зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың маңызы ерекше зор.

Мектепте оқушы зат есімнің грамматикалық категорияларымен танысады, сөздердің түрленуі мен сөйлемдегі өзгерісін, олардың ғылыми жүйесімен әр алуан фактілерін зерттеп біледі. Соның нәтижесінде оқушылар өздерінің тілден алған білімдерін молайтады, жазу, сөйлеу тілін дамытады, дұрыс оқуға үйреніп, ұғу қабілеттілігін жетілдіреді, грамматикалық, орфографиялық ережелерді үйренеді, сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің тиімді дағдысын қалыптастырады. Оқушылар зат есімнің грамматикалық категорияларын оқу арқылы қазақ халқының ана тіліндегі сөз байлығын меңгереді, сөздерді түрлендіріп, олардан алуан түрлі ұғым беретін мағыналарды туғызады, сөйлемдер құрап логикалық ойын дамытады, соның нәтижесінде грамматикалық категориялар мен оның қызметін талдап білетін болады. Мысалы, ақыл, айып, аз, адам, ел, сыйла деген сөздерді грамматикалық байланысқа енгізбей, осы қалпында атайтын болсақ, оқушылар ондағы сөз мағынасын түсінгенмен, олардан тиянақты ой түйе алмайды. Егер осы сөздерді грамматикалық байланысқа енгізіп:

1. Болат әкесінің ақылын тыңдады.



  1. Арсыз адамды ел сыйламайды, десек, белгілі бір тиянақты ойды білдіреді. Бұдан оқушылар грамматикалық категорияның қызметін түсінеді. Зат есімнің грамматикалық категорияларының бұл сияқты қызметтерін оқушылар мектеп жасына дейін ана тілінің сөйлеу нормасында практикалық тұрғыда білетін болса, оны ғылыми тұрғыда оқып үйренеді, өздері ізденіп олардың ішкі заңдылықтарын түсінеді.

Зат есімнің грамматикалық категорияларының ғылыми жүйесін оқушыларға білгізу үшін, оның өзіне тән белгілерін дұрыс танытатындай және практикада қолдана білуге жол ашып, үйрететіндей әдіс-амалдарын қолданып отыру керек болады. Ол үшін қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдер оқушыларға зат есімнің грамматикалық категорияларының ғылыми жүйесін жаттамалы түрде оқытпай, оның тілдегі нақтылы қызметін көрсете отырып, оған оқушылардың өздерін іздендіру жолымен байқата үйретсе және оқушылар шығармашылық тұрғыда біліп, практикада қолдана білсе, сонда ғана оқушылар зат есімнің грамматикалық категорияларын саналы түсіне алады. Бұл талаптарға сай болу үшін, мұғалім қазақ тілін оқыту әдістемесін терең біле отырып, оларды бір түрлі әдіспен ғана түсіндірмей, әр түрлі әдістерді қолданып, ол жөнінде оқушылардың өздерін іздендіріп отырады.

Жоғарыда айтылғандардан зат есімнің грамматикалық категорияларын жақсы білгізу оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дұрыс сөйлей білуге және сауатты жазуға үйрену жағынан маңызы ерекше зор екендігін байқаймыз.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, 2003ж.

  2. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, «Қайнар» 1993ж.

  3. Исаев С.М., Назарғалиев К., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі. 6-сынып, (оқулық) Алматы, «Атамұра» 2002ж.

  4. Исаев С.М., Қасымова Г. Қазақ тілі. 7-сынып (оқулық), Алматы, «Атамұра» 2003ж.

  5. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы, «Қазақ университеті» 1993ж.

  6. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, «Рауан» 1992ж.

  7. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының мәселелері. Алматы, 1996ж.

  8. Қараев М.Ә. Қазақ тілі. Алматы, «Ана тілі» 1993ж.

  9. Қойшыбаева А. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Алматы, «Рауан» 1996ж.

  10. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Мектеп» 1988ж.

  11. Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі (әдістемелік нұсқау) 6-сынып, Алматы, «Атамұра» 2002ж.

  12. Исаев С., Қасымова Г., Назарғалиева К. Қазақ тілі (әдістемелік нұсқау) 7 сынып. Алматы, «Атамұра» 2003ж.

  13. Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Ана тілі» 1991ж.

  14. Исаев С.К., Назарғалиева К. Қазақ тілі. (әдістемелік нұсқау) 7-сынып, Алматы, «Рауан» 1995ж.

  15. Білімдегі жаңалықтар. №4, 2004ж.

  16. Қазақстан мектебі. №5, 2005ж.

  17. Қазақстан мектебі. №3, 2005ж.

  18. Қазақстан мектебі. №3, №4, 2004ж.

  19. Қазақ тілі мен әдебиеті. №4, 2006ж.




www.sBook.su – қазақша рефераттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...