SBook su қазақша рефераттар

Loading...


бет3/4
Дата29.03.2020
өлшемі237.5 Kb.
1   2   3   4


ІІ. Венн-диаграммасы


Айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілері сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуінің ортақ белгілері жазылады. Венн-диаграммасын мағынаны тану кезеңінде қолдану тиімді.
жіктік жалғауы тәуелдік жалғауы

ІІІ. Сұрақтар стратегиясы
Тақырып бойынша екі түрлі сұрақ қойылады. Бірі – күрделі, екіншісі – жеңіл. Оқушыға сұрақ қоюды үйретудің маңызы зор. Сұрақ неден туады? Қызығушылықтан, білмегендіктен, біреулерді тексеру үшін т.б. Сұрақ ойдан туады. Өз тыныштығын қалаған, ешнәрсеге қызықпаған адам сұрақ қоймайды, өйткені сұрақ ойымызды мазалауы мүмкін. Қандай сұрақ қоямын, қалай қоямын т.б. сұрақ қою әдісін сабақтың үш кезеңінде де пайдалануға болады.
ІҮ. Кестелер стратегиясы
Тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстарды графикалық бейнелеу.

  1. синтез кестесі

Сабақтың «ой шақыру» кезеңінде мұғалім оқушыларға осы сабақта өтілетін тақырыпты және қарастыратын сұрақтарды хабарлайды. Берілген ақпарат бойынша оқушылар бүгін өтілетін тақырыппен жұмыс істеу барысында кездесуі мүмкін және осы тақырыптың мазмұнын ашады-ау деген сөздермен мына кестенің 1-ші бағанасын толтырады.


Тақырыптың мазмұнын ашатын негізгі сөздер

Негізгі сөздермен байланысты фразалар

Мен үшін бұл ой неліктен маңызды

Тақырыпты өткенге дейін

1

2



3

Тақырыпты өткеннен кейін








Кестенің қалған бағандарын тақырыппен танысқаннан кейін «мағынаны тану» кезеңініде толтырады.


Ү. Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Бұл әдісте оқушы тақырып бойынша өз ойын жазбаша білдіреді де, мынадай тапсырмаларды орындайды.
1)

Бұл тақырып бойынша маған не белгілі еді?

Тақырыптан мен қандай жаңа ақпарат алдым?




2)


Ережеден үзінді

Ереже туралы пікір




«Ережеден үзінді» бөліміне оқушы өзіне әсер еткен, ұнаған тұстарын немесе керісінше, қарсы пікір тудыратынын, кейде келіспейтін тұстарын жазады. Келесі бағанға оқушы ережеден келтірілген үзінді туралы өз пікірін білдіреді, яғни, ол тұс несімен әсер етті, нені еске түсірді, жалпы себебін түсіндіреді. Күнделік жазғаннан кейін жұпта талқылау, топпен ой бөлісу жұмысын жүргізуге болады.


3)

Ережеден үзінді

Осы үзінді маған несімен әсер етті?

Мұғалімге сұрақ







Бұл әдіс арқылы оқушы ережемен ғана емес, сонымен қатар оқығаны туралы мұғаліммен де бөліседі. Күнделікті жазу арқылы оқушы жаңа сабақты өзі меңгеруге әрекет жасайды. Күнделіктің нақты тапсырмаларын орындау нәтижесінде оқушының ойлау әрекеті туындайды. ОЛ тақырыптан не үйренгенін және оған әсер еткен тұстарды, әсердің себеп-салдарын түсіндіруге тырысады. Мұғалім өзінің шеберлігіне қарай күнделіктің басқа түрлерін де ұйымдастыруына болады. Күнделік жазу әдісін «мағынаны тану», «ой толғаныс» кезеңдерінде қолданамыз.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы дамыта оқыту жүйесінің барлық қағидаларын ескереді. Атап айтсақ, «жоғары қиындықта оқыту», «баланың оқу процесін сезінуі», «балалардың барлығын дамыту» т.б. сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалу шарт:


  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

  2. оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

  5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

  6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылар осыған байланысты:

  • Сенімділікпен жұмыс жасау;

  • Бар ынтасымен оқуға берілу;

  • Пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

  • Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

  • Мен зат есімнің грамматикалық категориялары туралы не білемін?

  • Осы мазмұнна алған ақпарат менің бұрынғы осы тақырып туралы білетініме сәйкес пе?

  • Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуін қорытындылау

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. зат есімнің түрленуінен алған білімдерін

кеңейтіп, сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, мәтін ішінен тауып, талдауға баулу;

2.Тәрбиелік. Оқушылардың бойына ұлттық өнеге, шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық, өнегелік ортасын қалыптастыру;

3.Дамытушылық. Өтілген материалды тиянақты меңгеруге, жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау, сатылай кешенді талдау арқылы зат есімнің түрленуінен алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыру, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қайталау

Сабақтың типі: дәстүрден тыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: схема-таблицалар, қима қағазадар, тест сұрақтары, сурет салынған плакаттар, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. – амандасу, ай, күн атауын тақтаға жазу, оқушыларды ∆, □, ○, ◊ белгілері арқылы төрт топқа бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау. Қайталау сұрақтары арқылы оқушылардың білімін тексеру.

1. Қазақ тілінде қанша жаалғау бар?

2. Тәуелдік жалғауы дегеніміз не?

3. Септік сұрақтарын ата?

4. Атбегі, дәрігер сөздері қалай жіктеледі?

Қайталау мақсатында мына сызбаны толтыру.



«Бәйге» ойыны. Өтілген сабақтарды еске түсіргенне кейін әр топтың алдына «Көптік тобы», «Септік тобы», «Жіктік тобы», «тәуелдік тобы» аттар жазылып, қойылады. Ойынның шарты: Бес бөлімнен өтіп, «зат есімге» бірінші жету.


Бірінші бөлім: Ой толғау. (тест)


  1. Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер.

а) мектеп, оқушы, қыз

б) кітап, бөлме, дәрігер

г) үй, киім, бала

д) мұнай, газ, шаш

е) қалам, қала, мектеп

2. Жалқы есімді тап?

а) орман, көл, өзен

б) бала, бойжеткен

г) Алатау, Астана

д) үлкен-кіші, ақ-қара

е) кітап, дәптер

3. Зат есім атау септікте тұрса, сөйлемде қандай қызмет атқарады?

а) бастауыш

б) пысықтауыш

г) толықтауыш

д) баяндауыш

е) анықтауыш

4. Жуан, жіңішке буындарға бірдей жалғана беретін және бір ғана дыбыстан тұратын жалғау қай септікте?

а) табыс

б) атау


г) жатыс

д) көмектес

е) шығыс
Екінші бөлім. «Ойлан тап».
Кеспе қағаздарындағы сұрақтарға жауап беру. Тез әрі нақты жауап берген топ есепке алынады.


  1. Төмендегі өлең шумақтарынан жай септеулерді тап, әнімен айт.

Ақ көгершін, көгершін,

Қоғанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...