SBook su қазақша рефераттар

Loading...


бет2/4
Дата29.03.2020
өлшемі237.5 Kb.
1   2   3   4


  1. Еңбеккерлер трактормен (немен?) жер жыртады, комбайнмен (немен?) астық орады. Қасым жолдастарымен (кімдермен?) экскурсияға кетті. Біз баяндаманы ықыласпен (қалай?) тыңдадық.

Бұл сөйлемдердегі трактормен, комбайнмен деген сөздер немен деген сұраққа жауап беріп, істің нендей құралмен істелетінін білдіріп тұр. Сол сияқты жолдастарымен деген сөз кімдермен? Деген сұраққа жауап беріп, істің бірлестігін білдіріп тұр.

Сөйтіп, оқушыларға түсіндірген септік жалғауының түрін, сұрағын, мағынасын, қосымшаларын жинақтап, өздеріне бала, шеге деген екі сөзді ауызша септетіп, олардың жауабын ақ, қызыл бормен әр септіктің тұсына жазып тұру керек. Осындай жұмыстың нәтижесі тақтада мына түрде көрінуі тиіс:


1. Атау кім? не? бала шеге

  1. Ілік кімнің? ненің? баланың шегенің

  2. Барыс кімге? неге? балаға шегеге

  3. Табыс кімді? нені? баланы шегені

  4. Жатыс кімді? неде? балада шегеде

  5. Шығыс кімнен? неден? баладан шегеден

  6. Көмектес кіммен? немен? баламен шегемен

Бұл көріністен жоғарыда айтылғандардан басқа бала, шеге сөздеріндегі септік жалғауларының дәл кім? не? сұрақтарындағыдай түрленіп тұрғанын, буын үндестігіне байланысты қосымшалардың жуан, жіңішке түрлерге варианттанып тұрғанын айту қажет. Бұдан соң дыбыс үндестігіне байланысты да әр септіктің қосымшаларының түрлі вариантта келетінін мына кесте арқылы түсіндіреміз.




Септіктер

Септіктердің жалғаулары

  1. Атау

  2. Ілік

  3. барыс

  4. табыс

  5. Жатыс

  6. Шығыс

  7. Көмектес

Жоқ

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е

-ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н

-да, -де, -та, -те, -нда, -нде

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен

-мен, -бен, -пен


Бұл көрнекі құралды жаңа материалды жинақтап қорыту ретінде пайдаланамыз. Септік жалғауының жалғанатын сөздерінің соңғы дыбыстарының әуеніне қарай түрліше болып келетіні осындағы жалғауларды көрсету арқылы түсіндіріліп, сөздердің осындай жалғаулар арқылы түрленуі септеу делінетіндігі тұжырымдалады.

Сонымен қатар мектеп бағдарламасында септеудің жай септеу мен тәуелді септеу деген түрлері кездеседі. Жай септеу деп жалғауларының тікелей зат есімдердің және басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын, септелуін айтсақ, ал тәуелді септеу деп септік жалғауының зат есім немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тәуелді түрлеріне жалғануын айтамыз. Септік жалғауының жай септеу түрі мен тәуелді септеу түрін салыстырып оқытуға болады.
жай септеу тәуелді септеу

1. қалам қаламым

2. қаламның қаламымның

3. қаламға қаламыма

4. қаламды қаламымды

5. қаламда қаламымда

6. қаламнан қаламымнан

7. қаламмен қаламыммен


Осылайша жаңа сабақ материалы түсіндірілген соң, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады:

  1. Кеспе қағазымен жұмыс істеу. Кеспе қағазымен жұмыс істеудің мазмұн-мақсаты түрліше болып келеді. Септік жалғауын оқушыларға меңгертуде екі түрлі мазмұнда құрастырылған кеспе қағазын ұсынуға болады. Атап айтсақ, бірінші түрінде бірнеше жеке сөздер жазып, оларды дұрыс септеуді талап етеміз. Екінші кеспе қағазында қысқа сөйлемдер жазылып, ондағы септік жалғаулы сөздерді таптырып, оларды сұрағы мен қосымшасына ажыратып, қай септікте тұрғанын таптыру мақсат етіледі.

  2. Тақтамен жұмыс істеу. Тақтамен жұмыс істеу күнделікті оқытылып жүрген сабақтардың әдетіне әбден қалыптасқан әдіс-тәсілдің бастысы. Тақтаға екі оқушыны қатар шығарып, тақтаны екіге бөліп, екеуіне екі сөзді сұрағымен қоса 7 септікте септеу талап етіледі.

  3. Үнтаспамен жұмыс. Сабақ үстінде қолайлы деп тапқан жерлерде техникалық құрал-жабдықтарды пайдаланудың мәні үлкен. Сабақ материалын сналы түсіндіруде, сабақты қызықты өткізуде, уақыт мерзімін ұтуда үнтаспаны пайдаланудың да пайдасы мол. Кеспе қағазы арқылы ойландыру үшін берілген тапсырмалардың жауаптарын үнтаспаға жазып алып, оқушылардың өздеріне қайта тыңдатып, дұрыс-терісін байқатып, жіберген қателерін түзеттіреміз. Бұл арқылы оқушыларды ойланып, ұқыпты жауап беруге дағдыландырамыз да, аңғарымпаздыққа баулимыз.

Бұл жұмыс түрлерін оқушылардың біліміне қарай бірлі жарымын аралас жүргізуге болады.

Зат есімнің морфологиялық көрсеткіштерінің келесі бір түрі – жіктік жалғауы. Мұнан бұрынғы өтілген жалғаулар сияқты жіктік жалғау да сөз бен сөзді байланыстырады. Жіктік жалғауы септік жалғаулары сияқты кез-келген сөз арасын байланыстыра бермейді, тәуелдік жалғауы тәрізді арнаулы бір тіркесті ғана байланыстырады. Атап айтсақ, бастауыш пен баяндауышты өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанып тұрған сөзін ілік жалғаулы сөзге тәуелді етіп тұрса, жіктік жалғаулы сөз өзі жалғанып тұрған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? екендігін білдіретіні, сонымен қоса, іс-әрекеттің, қимылдың қай жақта істелгенін, істелетінін білдіретіні салыстыру әдісі арқылы түсіндіріледі. Тақтаға мұғалім деген сөзді жазып, оған тәуелдік жалғауын қосып, мұғалім сөзінің оқушыларға тәуелді екені айтылады. Осыдан кейін мұғалім сөзін тақтаның орта тұсына жазып қойып, оған ең алдымен -мін қосымшасын жалғап, мұғаліммін сөзінің кіммін? Деген сұраққа жауап болып тұрған мағынасын аңғартамыз. Мұнан соң –мін қосымшасынан мен сөзінің ұғымы туып тұрғанын түсіндіріп, мен сөзін мұғаліммін сөзінің алдынан жазып қойып, мұғаліммін деген сөздің астынан мұғалім сөзін қайта жазып, оған -сің қосымшасын қосып жазып, қандай өзгеріс болғанын оқушылардың өздеріне айтқызып, -сің қосымшасынан сен деген ұғымның туып тұрғанына көздерін жеткізіп, сен сөзін мен сөзінің астына мұғалімсің дегеннен бұрын жазып қоямыз. Жіктік жалғауының қалған жалғауларын да түсіндіріп І, ІІ, ІІІ жақтарға бөлінетінін білдіреміз. Сөйтіп бұл мысал арқылы жіктік жалғауы жалғанған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? нешінші? екендігін аңғартатын категория екенін танытсақ, келді, оқыды деген етістіктерді үш жаққа қойып:


І жақ мен келдім, оқыдым

ІІ жақ сен келдің, оқыдың

сыпайы сіз келдіңіз, оқыдыңыз

ІІІ жақ ол келді, оқыды

деген тұлғаларда түрлендіріп айтуға болатынын көрсетіп, жіктік жалғаулары қимылдық ұғымды білдіретін сөздерег жалғанғанда, қимылдың, іс-әрекеттің қай жақта болатынын, не болмағандығын білдіретінін айтамыз.

Сөйтіп, жіктік жалғауы сырттай қарағанда тәуелдік жалғауына ұқсас болғанымен, бір-біріне ұқсамайтын мынадай айырмашылықтарына тоқталу керек:



  1. Тәуелдік жалғауы мағына жағынан меншіктілікті, тәуелділікті білдірсе, жіктік жалғауы заттың кім? не? қандай? нешінші? екендігін білдіреді.

  2. Тәуелдік жалғаулы сөз үнемі ілік жалғаулы сөзбен байланыса, жіктік жалғауы үнемі атау септігіндегі есімдіктермен қарым-қатынасқа түседі.

  3. Тәуелдік жалғауы кез-келген есім сөздерге жалғана береді, ал жіктік жалғауы тек қана адамға, мамандыққа байланысты ұғымды білдіретін сөздерге ғана жалғанады. Сонымен қоса, қимылды білдіретін етістік сөздерге талғамсыз жалғана береді, мұндай қасиет тәуелдік жалғауыныда жоқ.

Жіктік жалғауының ең басты мазмұны тілшілік болмысы қазақ тілінде айқын. Оның ең басты болмысы қазақ тілінде тек адамның іс-әрекетімен, адамның жеке басының қасиет, сапасына, адамның құндылық қырларын айқындай алатын сөздердің ғана жіктеле алатындығы. Жансыз заттардың жіктелуі жанды болса да адамдық тұлғаға тән болмағандықтан, сөздердің жіктелуінің де жіктік жалғауының өзіне тән табиғаты бар екендігін айғақтайды. «Мен кітаппын», «Мен дәптермін» деп айту мүлде саналы ойға жат болар еді. Ал «Мен ұстазбын», « Сен ұстазсың» деу тек адамға ғана тән екенін аңғарамыз. Бұдан шығатын қорытынды – жіктік жалғауы қазақ тіліндегі кез-келген сөзді жіктей бермейді. Белгілі бір мағына бірлігін талғау жіктік категориясының еншісіне енген. Мысалы, ұстаз, шебер, оқушы деген сөздердің өз ішінен мағыналық жіктелуі бар. Ұстаз – ұстаз болып, еңбек еткен адам; шебер – шеберлікке жетудегі еңбек үлесі; оқушы – оқу оқитын әрекеті бар; яғни адамға тән әрекет етушілік бар. Ал шөп өсті, егін шықты жіктеуге тән емес екендігі айқын. Мұнда өсімдіктің шығу әрекеті бар болғандықтан, жіктелу бар. Сол себепті жіктік категориясында қимылдық әрекеттің негізінен туған сөздер ғана жіктеледі деген тілші, ғалымдардың пікіріне сүйенуге тура келеді. Ал қоғамдағы қарым-қатынас адамдар арасындағы бір тұлғадан екінші тұлғаға бағытталғандықтан, қарым-қатынас, іс-әрекеті аталып отырған жіктік категориясы арқылы көрініс табады.

Жіктік жалғауының есім сөздер мен етістік сөздерге жалғану ретін және олардың қосымшаларын төменде берілетін кесте арқылы түсіндіреміз.




жақ

жекеше

көпше

мысалдар

мен

І біз


біздер

-мын, -мін

-бын, -бін

-пын, -пін


-мыз, -міз

-быз, -біз

-пыз, -піз


баламын, баламыз

үлкенмін, үлкенбіз

қазақпын, қазақпыз


сен, сіз

ІІ сендер

сіздер


-сың, -сің

-сыз, -сіз



-сыңдар, -сіңдер

-сыздар, -сіздер



баласың, баласыңдар

үлкенсің, үлкенсіңдер

қазақсыз, қазақсыздар


ол

ІІІ олар

жоқ

жоқ


бала, балалар

үлкен, үлкендер

қазақ, қазақтар


Осы кесте арқылы жіктік жалғауының қосымшалары есім сөздер тобына жалғанатынын айтып, бұндай сөздердің жіктелуінде ІІІ жақта ешқандай жіктік жалғауының қосымшасы болмайтыны білдіреді. Есім сөздерге жалғанғанда, жіктік жалғаулары заттың кім? не? екендігін білдіреді.

Жіктік жалғауларының қосымшаларымен таныстырып өткен соң, оқушыларға инженер, оқушы, ұшқыш, ұзын, кіші, оқы, бер, оқыған деген сөздерді ауызша да, жазбаша да жіктетіп жаттықтыру керек. Сонымен қоса, тақтаға сөйлемдер жаздыртып, түбіріне, қосымшаларына талдатылады. Оған мына сөйлемдерді алуға болады:


  1. Сен сабақты жақсы оқисың.

  2. Ол ұшқыш болып шығады.

  3. Алыстан маңыраған қойлар даусы естіледі.

  4. Біз жазда пионер лагерінде болдық.

Жаттығу жұмысы кезінде жіктік жалғауы жалғанған сөздер үнемі сөйлемнің баяндауышы болатыны да аңғартылады.

ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл – уақыт талабы», - деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату – қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді. Озық технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі таңдағы мектептердің іс-тәжірибелеріне дамыта оқыту жүйесі біртіндеп енгізіліп, жатыр. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алатын нысана деп білеміз.

Дамыта оқыту жүйесінің сабақтары оқушының ойлау мен практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Ал, ойлау мен практикалық іс-әрекет арқылы оқушының шығармашылық қасиеті дамитынын білеміз. Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын ұстанған мұғалім дайындықсыз сабақ өткізе алмайды. Бұл мұғалім еңбегінің шығармашылығының болуын талап ететін жүйе. Бұл жүйедегі оқытудың мықсаты, мазмұны, формасы, әдісі, баға қою тәсілі дәстүрлі оқыту жүйесімен ешбір сәйкестік таппайды. Дамыта оқыту жүйесінің нәтижесінде оқушы өз пікірін айтуға, оны дәлелдеуге, салыстыруға, болжам жасауға, қорытынды жасауға және өз білімін қажетіне орынды пайдалана білуге үйренеді. Дамыта оқыту жүйесі белгілі бір технологяны қажет етеді. Сондай технологиялардың бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бұл технология осы таңда қазақ және орыс тілдеріндегі мектеп, басқа да білім беру мекемелелрінде қолданып жүрген технологияларының бірі. Аталған педагогикалық технология арқылы ұйымдастырылатын сабақ мынадай 3 кезеңнен тұрады:

І. Ой шаақыру.

ІІ. Мағынаны тану.

ІІІ. Ой толғаныс.

Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты боып келеді.

І. Ой шақыру кезеңі.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданылатын әдістер

Оқушының тақырып жайында не білетінін анықтау, белсенділігін арттыру, алдағы жұмысқа қызығушылығын ояту.

Оқушы бұрын білетіндерін еске түсіреді, оны жүйелейді, өз көршісімен бөлісіп ойын ортаға салады және жаңа білім жайлы болжамдар жасап, сұрақтар қояды.

  • кесте стратегиясы

  • топтау стратегиясы

  • сұрақ стратегиясы, т.б.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі.



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданылатын әдістер

Оқушы қызығушылығын сақтау, бұрынғы білетіндері арқылы біртіндеп жаңа білімді игеру.

Оқушы мәтінді оқиды, тыңдайды. Әр түрлі белгілер қойып, оны талдайды, жазбаша жұмыс түрлерін жүргізеді, көптеген тапсырмалар орындайды, яғни жаңа білімді өзі игеруге әрекет жасайды.

  • сұрақ стратегиясы

  • күнделік стратегиясы

  • джик со стратегиясы т.б.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі.



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қолданылатын әдістер

Оқушының сабақтың басында жасалған жұмысына қайта келіп оны толықтыру, өзгеріс енгізу.

Жаңа ақпарат арқылы бұрын білетінін толықтыру, яғни не үйренгенін саралау.

  • кесте стратегиясы

  • синквейн стратегиясы

  • эссе стратегиясы, т.б.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлымысы көптеген стратегиялардан немесе әдістерден тұрады. Бұл әдістердің өзіндік қолдану ерекшеліктері бар. Енді сол әдістердің ішінде қайсысы зат есімнің грамматикалық категорияларын меңгертуге тиімді екенін қарастырып көрейік.


І. Топтау стратегиясы
Тақырып мазмұнын ашатын негізгі сөздерді графикалық бейнелеу. Бір-бірімен байланыстыра отырып, мәтінді дөңгелектермен сызықтар арқылы жүйемен топтау. Мысалы, ең ортасындағы дөңгелек тақырып, ал айналасындағы осы тақырып мазмұнын ашатын негізгі ұғымдар. Мысалы, сен зат есімнің грамматикалық категориялары туралы не білесің? деген сұрақ бойынша жасаған оқушының жұмысына назар аударайық.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...