Саяси мәдениет түсінігі, мәні құрылымдық компонентер және саяси мәдениет қызметтері. Саяси мәдениет қоғамдык-тарихи негіздің ажырамас бөлігі ретінде


б) lс-әрекет саласында саяси мәдениеттi мыналар қамтиды



бет6/17
Дата02.01.2022
өлшемі59.39 Kb.
#147458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Виды flash накопителей
б) lс-әрекет саласында саяси мәдениеттi мыналар қамтиды:

· қоғамның саяси өмiрiне қатысу формасы мен денгейi (митинг, шеру, саяси көтерiлiс, партиялық қызмет);

· мемлекеттiк институттармен өзара әрекет формалары мен денгейi (конфронтация, әрiптестiк, әрiптестiк емес);

· азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекет формалары мен денгейi (саяси партия, қозғалыстар);

· саяси процесс субъектiлерiмен өзара әрекет формалары мен денгейi;

· электоралды мiнез-құлық түрлерi;



в) институттық денгейдегi саяси мәдениет сипаты мыналарды қамтиды:

· саяси жүйенi басқару әдiстерi (демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық);

· саяси шешiмдi қабылдау және жүзеге асыру әдiстерi;

· әлеуметтiк-саяси жанжалдарды реттеу әдiстерi;

· электоралдық процестер түрлерi (сайлау ұйымдастыру формалары мен әдiстерi);

· ұлттық мүдделердi қорғау тәсiлдерi (күштеу және мәжбүр ету, мәмiлеге келу).

Саяси сананың iшiнде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмiрiнiң әртүрлi жақтарын бейнелейтiн әдеттегi қалыптасқан түсiнiктерiжатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртiп, билiк тетiктерi мен басқару, шешiмдердi қабылдау мен iске асыру, билiк өкiлеттiгiнiң иелерi, саяси өмiрдегi өз орны, саяси қызметке қатысудың қүдiреттiлiгi мен тиiмдiлiгi жөнiндегi және тағы сол сияқты түсiнiктердi қамтиды.

Саяси мәдениеттiң келесi құрамдас бөлiгiне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол еркiндiк, теңдiк, әдiлдiк, әлеуметтiк қорғанушылық, автономия, төзiмдiлiк және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруiнен байқалады.

Саяси мәдениеттiң тағы бiр ерекшелiгi - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немiстер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет бiлдiредi. Немесе партияға деген көзқарасты алайық. Францияда бiрпартиялықты шеттен шыққан жөнсiздiк деп санайды. Сондықтан онда бiрпартиялық жүйе орнауы мүмкiн емес. Ал, кейбiр елдерде оған үйренiп кеткен, оның ешқандай сөкеттiгi жоқ сияқты. Демек, әрбiр елдiң, халықтың өз көзқарасы, қатынасы қалыптасқан.

Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстауда кiредi. Ол субъектiнiң саяси құбылыстарға қатынасын бiлдiредi. Ол саяси бiлiмiн көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрiнiс табуы мүмкiн.

Саяси мәдениетте әдет-ғұрып, жүрiс-тұрыстың да орны зор. Мысалы, екi жапондық кездессе бiр-бiрiне иiлiп сәлем бередi.

Сонда ол елдiң ғұрпын бiлетiн адам қайсысының қызмет бабында төмен тұрғанын бiрден байқайды. Себебi ол төменiрек иiледi.

Саяси мәдениеттiң ерекше белгiсiне саяси рәмiздер жатады. Әр халық өздерiнiң ғасырлар бойғы дәстүрлерiне сай ұлттық-мемлекеттiк рәмiздерiн жасайды. Оған ең алдымен Ту, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ақша белгiлерi және т.б. енедi.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенiң және оның институттарының қызмет етуi кiредi. Ол мемлекеттiң, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әртүрлi денгейде қабылданған саяси шешiмдердiң, саяси-әлеуметтiк шиеленiстердi ұғыну және зерттеудiң мәдениеттiлiгiн қамтиды.



Жалпы саяси мәдениет саяси процестер мен институттарға үш жақты ықпал етуi мүмкiн:

1 Саяси мәдениет ықпалымен саяси өмiрдiң дәстүрлi формалары өндiрiлуi мүмкiн;

2 Саяси мәдениет әлеуметтiк және саяси өмiрдiң қоғам үшiн жаңа, дәстүрлi емес формаларын өндiруi мүмкiн;

3 Саяси құрылыстың өткендегi және жаңа элементтерiн бiрiктiруi мүмкiн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді