Саяси мәдениет түсінігі, мәні құрылымдық компонентер және саяси мәдениет қызметтері. Саяси мәдениет қоғамдык-тарихи негіздің ажырамас бөлігі ретінде



бет11/17
Дата02.01.2022
өлшемі59.39 Kb.
#147458
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Виды flash накопителей
Либералды-демократиялық модельдегi саяси мәдениет пiкiрлер алуан түрлiлiгiн жоққа шығармайды, есесiне қарама-қарсылық жақтың қарсы ұстанымдарынан тиiмдi ортақ ойды iздейдi. Бұл саяси шешiмдегi сыңаржақтылықтан қорғайды. Бiрақ, бұл да идеологияның бiрi болғандықтан, оның кемшiлiктерi де бар. Мәселен, қоғамдағы барлық мәселелердi шешуге болады деген желеумен тарихи қалыптасқан дәстүрлi құндылықтардың құнарлы жақтары да ұмытылып кететiн кездерi де болады. Өйткенi, бұндай саяси мәдениет әлемдiк кеңiстiктегi саяси тәжiрибенiң кейбiр үрдiстi тұстарын механикалық түрде қабылдап, әлеуметтiк-тарихи ортада қалыптасқан ұлттық және дiлдiк ерекшелiктердi ескермеуi де мүмкiн. Бұл нақты тарихи қарастыруды қажет ететiн жағдай.

Саяси мәдениеттi кейбiр зерттеушiлер басқа түрде жiктеп, олармен құндылықтық бағдарлардың байланысын анықтап жүр. Мәселен, Габриэль Алмонд пен Сидней Вербаөздерiнiң «Азаматтық мәдениет» (1963ж.) деген еңбектерiнде саяси мәдениеттiң типологиясын жасай отырып, оларды қоғамдағы негiзгi саяси құндылықтармен тығыз байланыста болатынын көрсетедi. Бұл зерттеушiлер АҚШ, Англия, Германия, Мексика және Италия елдерiнде кең тараған саяси құндылықтарға компаративистiк талдау арқылы саяси мәдениеттiң үш типiн анықтайды. Бiрiншi типтi патриархалды деп атайды. Бұл тип қоғам мүшелерiнiң саяси өмiрге қызығушылық танытпайтындығымен ерекшеленедi. Әсiресе, осындай жағдай Африканың тайпалық қауымдастықтарында, кейбiр елдердегi автономиялық елдi мекендерде жиi кездеседi. Олар негiзiнен өздерiнiң iшкi тайпалық дiндерiнiң қалыптарымен, әлеуметтiк шектеулерiмен өмiр сүргендi қалайды. Саяси өмiрдiң мемлекеттiк деңгейi өкiлдерiн көп алаңдатпайды, күнделiктi тiршiлiктiң ауқымынан шыға алмайды.

Екiншi типтi мақұлдаушылар деп атайды. Бұл саяси мәдениеттiң құрылымына мемлекеттегi заңды мақұлдаушы, оған толық бағынушы азаматтардың iс-қимылын жатқызамыз. Олар қоғамның саяси өмiрiне аздап қатысады (сайлауға барады, ақпарат құралдарында айтылатын деректермен таныс). Бiрақ, бұл азаматтар енжар түрде жоғарыдан айтылған нұсқауларды орындауды ғана мақсат етiп, өзiнiң жеке басының саясатқа тiкелей араласуын қаламайды. Бұл авторитарлы қоғамда кеңiнен тараған саяси мәдениеттiң формасы.

Үшiншi типке саяси мәдениеттi белсендiтүрде дамытушылар жатады. Бұл азаматтар саяси процестегi барлық өзгерiстерге қатысып отырады. Қоғамның әрбiр саяси қадамын қадағалап, ондағы саяси оқиғалар жайлы өз пiкiрлерiн түйiндейдi. Әрине, бұл үш типтi де бiр қоғамнан кездестiруге болады және олар бiр-бiрiн толықтырып, бiр қоғамның тұтас саяси мәдениетiн анықтайды. Тек даму деңгейi биiктеген сайын әрбiр мемлекетте үшiншi типке жататындардың саны көбейе түседi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді