Саяси жүйе: түсінігі және мазмұны



Дата19.11.2021
өлшемі38.07 Kb.

Саяси жүйе: түсінігі және мазмұны.

«Жүйе» ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға ең алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи. бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым бұл жүйеге өзара байланыста тұратын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Оның пікірінше, егерде жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, оның барлық тұтастығы өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.

Әлеуметтануда қоғамды жүйелік тұрғыдан талдаған - Т.Парсонс болып саналады. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйеліктен (экономикалык, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады дейді. Жүйеліктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға жауап қайтарады.

Саяси жүйе теориясының пайда болуы XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Дэвид Истон атымен байланысты. Еңбектері: «Саяси жүйе» 1953 ж, «Саяси анализ шегі» 1965 ж, «Саяси өмірге жүйелік анализ» 1965 ж. Истон саяси жүйені өздігінең дамитың, өзін-өзі дамытатың, сырттаң келіп түскен импульстерге жауап беретін организм тәріздес деп есептеді.

Саяси жүйе 1- сурет.




Мемлекет

Саяси партия,

қоғамдық ұйымдар





Саяси мәдениет

Нормативтік

құқықтық актілер


Талап Кіріс

Қолдау

Шығыс



Мемлекет- саяси жүйенің ең басты элементі болып табылады.

Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар – елдегі саяси партиялар мен әр түрлі ұйымдар.

Нормативтік құқықтық актілерге – елдегі ең басты заң, конституция азаматтық т.б. заңдар жатады.

Саяси мәдениетқоғамдағы барлық, шешімдерді орындау жатады. Мыс: Әскер қатарына бару, салықты уақытында төлеу, мемлекетің шығарған заңдары мен шешімдерің орындауы т.б.

Саяси жүйе – сыртқы ортамен кіріс және шығыс принцптері арқылы байланысқа түседі. Кірістің 2 түрі бар. 1. Талап: оған азаматтардан саяси жүйеге келіп түсетін өздерінің мұқтаждықтары мен тілектері жатады. Мыс: жалақыны, зейнетақыны көтеру, жолдардың жасалуы, медициналық көмек т.б., Қолдау: халық егер саяси жүйе өз амаматтарын қаңағаттандырса, ондай саяси жүйеге өз қолдауын білдіріп, ниеттестіктерін білдіреді. Мыс: Жастар – Нұр Отанмен бірге деген сияқты лозунгтер.



Шығыс – саяси жүйеге халықтан келіп түскен талаптарды, орындап шешім шығаруды айтамыз. Мыс: жалақыны, зейнетақыны көтеруі, жолдардың жасалуы т.б.
Организмдегідей саяси жүйенің де бір элементі өзгеріске ұшыраса, онда барлық саяси жүйе жұмыс жасауы баяулайды.

Саяси жүйенің мүмкіндіктерің Г. Алмонд мынадай қылып бөлді:



  1. Топтар мен жеке адамдардың жүріс тұрысын басқаруға байланысты, реттеу мүмкіндігі.

  2. Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және т.б. қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі.

  3. Қорларды, игіліктерді, қызметтерді бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі.

  4. Әлеуметтік ортаның талаптарына жауап берерліктей, өзгерген жағдайларға биімделу мүмкіндігі.

Алмонд саяси жүйені, саяси мәдениетіне байланысты 4-ке бөлді:

  1. Англо- американдықадамның еркіндігімен, қауіпсіздігімен, әлеуметтік қамтамасыз етілуімен, материалдық жағдайынның жақсы болуымен сипатталады. Билік пен ықпал әр түрлі топтарға тең бөлінеді, билік тармақталады, бірінің ісіне бірі араласпайды.

  2. Континенталдық- европалық – саяси мәдениеттің көптүрлілігімен сипатталады, мұнда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа жүйе қатар жүреді. Мыс: европа елдеріндегі монархиялық құрылыстын сақталып қалуы.

  3. Индустриаланға дейінгі немесе жартылай индустриаланған – бұндай саяси жүйеде биліктің тармақталуы айқын болмайды, бірінін-ісіне бірі араласа береді. Саяси мәдениет әртүрлі болып келеді. Мұндай саяси жүйеге күштеу тән.

  4. Тоталитарлық – қоғамда бір ғана саяси партия, бір ғана идеология үстемдік етеді. Барлығы мемлекеттің, партияның бақылауында болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік