Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет50/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
2. Заманауи саяси идеологиялар

Либерализм. Өзінің рəсімделген сəтінен бастап (X V I I -X V I II ғғ.) қазіргі уақытқа дейін либерализм əлеуметтік - философиялық, саяси ойлардағы басым бағыттардың бірі жəне адамзатқа ықпал ету деңгейі бойынша əлеуметтік-саяси ағымдардың ең көлемділерінің бірі болып табылады.

«Классикалық» либерализмнің, оның тарихи дамуының алғашқы кезеңінің авторлары болып Локк, Вольтер, Юм, Кант, Монтескье жəне т.б. саналады.

«Классикалық» либерализмнің идеялық-адамгершіліктік концептуалдық өзегі келесідей жағдайларды құрайды:

а) адам тұлғасының шексіз құндылығы жəне барлық адамдардың бастапқы («туылғаннан бастап») теңдігі;

б) жеке дара еріктің автономдылығы;

в) адамның рақымшылдығы мен рационалдығы;

г) адамның белгілі бір айрылмас құқықтарының болуы (өмір сүру құқығы, еркіндік, меншік құқықтары);

д) жалпыға ортақ консенсус негізінде жəне адамның табиғи құқықтарын сақтау мен қорғау мақсатында мемлекет құру;

е) мемлекет пен индивид арасындағы қатынастың келісімдік сипаты;

ж) заңның əлеуметтік бақылаудың құралы ретіндегі үстемдігі жəне «заңдағы еркіндік» «осы қоғамдағылардың əрбіріне ортақ, тұрақты заңға сəйкес өмір сүру...жəне басқа адамның ұдайы, белгісіз өзіндік үстем еркіне тəуелді болмау...» (Локк) құқығы мен мүмкіндігі ретінде;

з) мемлекеттің іс-əрекетінің көлемі мен саласының шектелуі;

и) қорғаныс - ең алдымен мемлекеттік араласудан — адамның жеке өмірін жəне қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы оның іс-əрекет еркіндігін (заң шеңберінде) қорғау;

й) жақсылық пен жамандық, тəртіп пен анархия арасындағы таңдауда бағдар беруші ролін атқаруға тиісті индивидтің ойларына қолжетімді ақылдың жоғарғы ақиқатының болуы - Консерватизм. Бұл ұғымды екі мағынада түсіндіруге болады:

а) қоғамдық өмірдегі дəстүрлі таптаурындарды, мызғымайтын құндылықтарды қорғауға, төңкерістік өзгерістерді жоққа шығаруға, халықтық қозғалыстарға сенімсіздікке бағдарланған саяси философия. Бұл жағынан ол либерализм идеологиясына жауап ретінде XV II I ғасырда рəсімделді жəне Эдмунд Берк, Ж.де Местра, Л.де Боландалардың есімдерімен байланысты;

б) үлкен қоғамдық топтар сияқты жекелеген индивидтерге де тəн ақыл-ой шабыты. Ол салт-дəстүрді ұстанумен, тұрақтылықпен, тəртіппен сипатталады, төңкерісті жоққа шығарады жəне қоғамдық таптаурындардың реформалануына күмəнмен қарайды, көбіне ол діни болады. Мұндай ақыл-ой шабыты алдын ала белгіленген жоспар бойынша ақылды əлеуметтік тəртіптің қалыптасуын теріске шығарады.

Заманауи консерватизмнің əлеуметтік философиясы келесі ережелерге келіп тіреледі:

а) дінмен санкцияланатын əмбебап моральдық тəртіптің болуы;

б) өркениетті мінез-құлқының артында күнəһарлық жасырынып жатқан адамның табиғаты;

в) ойдың, сондай-ақ дене дамуынан көрінетін адамдардың табиғи теңсіздігі;

г) қоғамдық класстар мен топтардың қажеттілігі жəне оның салдары ретіндегі заңның күшімен əлеуметтік теңдікті жасауға тырысудағы ессіздік;

д) жеке бостандыққа қол жеткізу үшін, əлеуметтік тəртіпті қорғау үшін жеке меншіктің маңыздылығы;

е) дəстүрлі нормалар прогрестің басты қозғаушы күші болып табылады. Саяси ғылымда консерватизмнің үш негізгі түрін көрсетеді: дəстүрлік,либертаризм, неоконсерватизм.

Дəстүрлік классикалық нарықтық капитализмге тəн адамгершіліктік дəстүрлер мен əлеуметтік таптаурындарды сақтауға назар аударады.

Либертаризм (буржуазиялық) индивидтің шексіз еркіндігі идеяларын ұстану ретінде. Осы бағыттың шеңберінде ұжымдық құлдыққа жол ретінде түсіндіріледі. Индивидтің құқығының ұжым алдындағы біріншілік мəселелері де осылайша қарастырылады, ары қарай, мемлекеттің экономикаға араласуына жол берілмейді.

Неоконсерватизм «əлеуметтік либерализмнен» қоғамдық даму, адамның саяси, əлеуметтік, тарихи белсенділігі идеясын қабылдады. Билікке, тəртіп пен дəстүрге элитарлық жəне аристократиялық көзқарастардан шегіне отырып, саясатпен əлеуметтік қатынастарды демократияландыру қажеттілігін мойындады. Сонымен бірге неоконсерватизм мемлекеттік капитализмге, жалпылау мен ұлтшылданудың социал-демократиялық саясатына қарсы шықты. Басым аргумент ретінде ол өндірістегі «əлеуметтанулық» əдістердің пайдасыз екендігі туралы тезисті ұсынды.

Социал-демократтардың идеологиясы. Социал-демократияның идеологиялық негізі болып демократиялық социализмнің доктринасытабылады. Демократиялық социализмнің басты құндылықтары ретінде еркіндік, теңдік, əлеуметтік əділеттілік пен ынтымақтастық жарияланады. Аталмыш доктринаны жақтаушылар социализмнің мəнін нағыз демократияның қоғамның барлық, яғни саяси, экономикалық жəне əлеуметтік салаларында жүзеге асырылуынан көреді.

Осылайша, демократиялық социализм доктринасы «əлеуметтік серіктестік», «əлеуметтік-нарықтық шаруашылық» тұжырымдамаларына негізделеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік