Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Құлдық дəуірдегі саяси ой – пікірлер



бет5/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
1. Құлдық дəуірдегі саяси ой – пікірлер

Барлық ғылымдар адамзат қоғамы сияқты біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтайтын, құлдырайтын кезеңдері де болады. Тарихта белгілі ең алғаш өркениеттіліктің ошағы болып саналатын Ежелгі Шығыс-Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдері болып келді. ХV ғасырға дейін Шығыс мəдениеті Батыс мəдениетіне қарағанда жоғарғы дəрежедегі өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар дами түсті. Шығыс елдерінде жоғарғы билік монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан жəне т.т.) қолында болды. «Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың илігі үшін қызмет етеді» деген көзқарас қалыптасты. Патша əлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға əкелік қамқорлық көрсетті, ал оның қол астындағылар оған талап қоюға құқылығы болмады. Себебі билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердің тəртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дəстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тəртіп өмір бақи өзгерместей көрінді. Ондағы өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағандықтан туып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тəртіпті, шындықты, əділеттілік, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құралы деп есептелінді.

Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдермен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Грецияда ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық жəне құл иленушілік демократия орынына алды. Билеу түрі сан алуан болатын жəне жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына əкелді. Сондықтан олар саяси мифтан теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ойшылдар көп. Солардың ішінде ең көрнектілері Платон мен Аристотельге тоқталамыз.

Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты - Аристокл. Ол жасында спортпен көп шұғылданды, жоғарғы көрсеткіштерге жетті. Жауырыны кең болғандықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кеткен. Сол атпен ол адамзат тарихында мəңгілік қалды. Платон атақты фəлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шəкірті болды. Ол қаза тапқаннан кейін қатты қайғырып, біраз елді аралап кетеді. Кейін Афинаға қайта оралып өз мектебін - академиясын ашады. Платонның екі жүздей еңбегі бар. Соның ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» жəне т.б.Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары жəне т.т. жасаулары керек. Сөйтіп, олардың бəрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудін арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай – бəріне бірдей қызмет ету керек. Бірақ мұнда Платон адамдарды бəрін теңдестірген деген ой тумауы керек. Керісінше ол адамдарды үш үлкен əлеуметтік топқа (сословиеге);

1) əкімдер;


  1. қорғаушылар;

3) өндірушілер етіп бөлді.

Ол əкімдерге фəлсафашыларды жатқызды. Қорғаушыларға əкімдердің ниеттерін іске асыратындарды, мемлекет қорғайтындарды жатқызды. Өндірушілерге егіншілер мен қолөнерлер, мемлекеті материалдық жағынан қамтамасыз ететін адамдарды жатқызды. Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке бөлгісі келмеді. Себебі, мұндай қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты. Платон жеке меншікке қарсы болды. Жеке меншік адамдар арасында жанжал туғызады. Сондықтан барлығына бірдей ортақ болғанын жөн көрді.

Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия жəне тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принціптері – адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.

Ертедегі гректердің саяси ойларын одан əрі дамытқан фəлсафашы, ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384-322ж.ж.) болды. Ол он жеті жасында Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітіріп 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салғаннан кейін біраз елді аралап б.з.б. 342-340 жылдарында Македония Патшасы ІІ Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тəрбиелейді. Кейін Афинаға оралып өзмектебін ашты. Осында ол сясат пəнін алғаш рет енгізіп, сол пəннен өзі сабақ берді. Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемелекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты-адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құлиеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.



Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, əкім қаншалықты жақсы болғанымен ол сезімге, ашуға берілмей қоймады, ал заң болса парасаттылығын жоғалтпайды. Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті қолдады. Сонымен қатар, адамдардың байып шектен шығып кетуін қолдамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.


Саяси ойдың дамуына айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда əсіресе атақты ойшыл, мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106-43 жж.) өмір сүрді. Оның «мемлекет туралы», «заңдар туралы», «міндеттер туралы» көпке əйгілі еңбектері орын тапты.Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі – адамның бірігіп өмір сүруі жəне жеке меншікті қорғау мақсатында туындайды деді. Қоғамға жəне жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының «мінезі мен еркіне» байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушының санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) жəне демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың əрқайсысының кемшілігі мен жақсы жақтары да бар. Цицерон мүліктік тендік идеясына қарсы болды, қоғамдық – саяси қатынастарда əлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті əділеттілік деп санады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар