Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Дәріс№12. Саяси сана мен саяси идеология



бет49/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58
Дәріс№12. Саяси сана мен саяси идеология

1. Идеология құндылықтардың жүйесі ретінде

2. Заманауи саяси идеологиялар

1. Идеология құндылықтардың жүйесі ретінде

Идеология ұғымы жəне мəні. «Идеология»ұғымын ғылыми айналымға француз философы А. де Треси X V I II ғасырда енгізді: идеология - адамзаттық идеяның сезімдік тəжірибеден пайда болу заңдары туралы ғылым, оның басты қағидаларына саясат, этика жəне т.б. сүйенуі тиіс.

XIX ғ. ортасында (К. Маркс пен Ф. Энгельс) - идеология: артында қоғамның белгілі бір кластары мен топтарының қызығушылықтары тұратын теория.Саяси ғылымда идеология - кімде кімнің қызығушылықтарына қызмет ететін идеялардың кез келген жүйесі. Бұл көзқараста тек пролетарлық жəне буржуаздық емес, сонымен қатар шаруалар туралы, ұсақ буржуазия, ұлттық идеология айтылады.

Идеология теориялары:

а) аксиологиялық (Ф. Ницше, XIX ғасырдың аяғы);

б) психологиялық (З. Фрейд, В. Парето, XX ғасырдың бірінші жартысы);

в) əлеуметтанулық (К. Мангейм, XX ғасырдың бірінші жартысы);

г) «деидеологизация» тұжырымдамасы (Э. Шилс, Д. Белл, С. Липсет, Р. Арон, XX ғасырдың екінші жартысы).

Идеология қоғам өмірінің феномені ретінде сол немесе басқа да шынайылыққа қатынас, адамдардың, кластардың, партиялардың, саясат пен биліктің субъектілерінің көзқарастары, қызығушылықтары, мақсаттары көрінетін көзқарастар мен идеялардың жүйесін білдіреді.Идеология жəне саясат. Идеология жəне саясат қоғамның экономикалық, материалдық өмірінің негізімен, сондай-ақ оның мəдени жəне рухани негіздемелерімен анықталатын қоғамдық сананың түрі болып табылады, олар тарихи жəне қоғамдық процестерге тікелей қатысты. Идеология саясат тəрізді əмбебап, яғни ойлардың, іс-əрекеттердің, мінез-құлықтың түрлі аумақтарын қамтуға жəне олардың бағыттарын («ойлау бейнесін», «əрекет бейнесін», «ерекше қызығушылықтар»), мақсаттары мен құралдарын анықтауға қабілетті.

Қазіргі кездегі саяси ғылымда саясат пен идеология қоғамдық сана мен қоғамдық ұйымдардың неғұрлым экспансивті (өктем), жабысқақ жүйелері ретінде қарастырылады. Саясат пен идеология қоғамдық өмірдің барлық салаларына еніп қана қоймайды, сонымен қатар бір бірімен үйлесім табады. Дегенмен жалпы ереже бойынша, идеологияның саясатқа өзара енуінің белгілі бір шектері болады. Бұл қажет, себебі гиперидеологизация саясатты құртады, оны қоғамдық маңызы бар міндеттерді анықтау мен шешуге қабілетсіз етеді. Басқа салдары болып тоталитарлық жəне тирандық тəртіптер, репрессиялар, соғыстар, дағдарыстар табылады. Саяси тəжірибе көрсетіп отырғандай, идеологияның артық болуы саясаттың деидеологизациясының, оны идеологиялық басымдықтардан құтқару қажеттілігін тудырады.Саяси идеология сол немесе басқа да топтың билікке тартылысы мен осы мақсатқа сəйкес ұмтылатын бағынуды ақтайтын белгілі бір доктрина ретінде қарастырылады.

Саяси идеология элитаның билік үшін күрестегі рухани қаруы, «құралы» ретінде болады.

Саяси идеологияның басты қызметтері:

а) бұқаралық саяси санаға ықпал ету жəне ол үшін саяси өмірде көрсеткіштер мен бағдарлар жүйесін қалыптастыру;

б) саяси бағдардың, сызықтың берілген идеология арқылы жағымды бейнесін қалыптастыру;

в) азаматтардың неғұрлым кең шеңберіне арналған саяси мінез-құлық мотивациясы.

Саяси идеологияның қызмет ету деңгейлері:

а) теориялық-концептуалдық, əлеуметтік философияның деңгейі деп атайды. Бұл деңгейде белгілі бір кластың (ұлттың, мемлекеттің) құндылықтар мен идеалдарын ашатын саяси- идеологиялық теориялары, негізгі ережелері қалыптасады, дайындалады, «өңделеді»;

б) бағдарламалық-саяси, бұл деңгейдің шеңберінде əлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар саяси элитаның талабының, ұранының, бағдарламасының мақсатына трансформацияланады. Мұнда басқару шешімдерін қабылдау мен азаматтардың саяси мінез-құлықтарын ынталандыру үшін нормативті базаны қалыптастыру жүреді.

в) өзектендірілген, идеологияның мақсаттары мен принциптерін, олардың саяси шынайылықта, істе жүзеге асырылуын бұқаралық сананың түйсіну деңгейін сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   58




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік