Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Қазақстандық қоғамның саяси мəдениеті



бет48/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
3. Қазақстандық қоғамның саяси мəдениеті

Қазақстанның, қазақстандық қоғамның саяси мəдениеті бүгінгі күні қоғамдық тұрмыстағы адамдардың мінез-құлықтары мен санасындағы шұбар ала, үзік-үзік суретті елестетеді.Қазақстанның қазіргі кездегі саяси мəдениетін саяси мəдениеттің қандай түріне жатқызуға болады?

Бұрын Қазақстанның саяси мəдениетінің үлгісі тоталитарлық болған, онда халықтың басым бөлігі бағынушы ролінде, яғни билік пен билік институттарының артынан көзсіз еретін. Қазақстан демократиялық өзгеру процесіне енгеннен кейін, яғни өтпелі кезеңде, мақсаты ретінде нарықтық экономика, қоғамдық өмірдің барлық жағын демократияландыру жарияланғанда, саяси мəдениеттің тоталитарлық үлгіден демократиялыққа трансформациялануы заңды болатын. Дегенмен үміт ақталмады, оған бүгінгі саяси шындық куə. Қазақстандық саясаттанушылардың айтуынша, шынайы демократия еліміздің өтпелі кезеңінің алыстағы мақсаты болып табылады.Егемендігін алып, құрылымдық трансформация жүргізе отырып, қазақстандық қоғам əлі де кеңестік шақтың қалдықтарынан толығымен арылған жоқ.Қазақстандық қоғамның саяси мəдениетінде өткен ғасырдың 90-шы жылдардың соңынан патриархалдандыру тенденциясының артуы байқалады, бұл тек Қазақстанға ғана тəн емес. «Xалық саясаттан шаршады» деген тезис қарапайым адамдардың жеке өмірлерімен кетуі туралы сұраққа жауап тəрізді. Саясаттан шаршау адамдардың материалдық жағдайларының жақсаруын күту мен үміттерінің ақталмауының салдары болып табылады.

Жалпы алғанда қазақстандық қоғамның саяси мəдениетіне мынадай ерекшеліктер тəн:

а) ұжымдық немесе рулық моральдің нормаларына бағдарлану;

б) саяси жəне басқа да мəселелердегі идеологияландыру (көбінесе бұл өткеннің қалдығы);

в) саяси лояльдік жəне биллікке бағынышты қатынас;

г) құқықтық нигилизм жəне құқықтық сананың жоғары емес деңгейі;

д) саяси конформизмге бейімділік (нақты саяси тəртіпке бейімділік);

е) саяси білім мен тəжірибенің жетіспеуі.

Осылайша, Қазақстанның саяси мəдениеті тоталитарлық саяси мəдениет пен авторитарлықтың арасындағы аралық типті білдіреді.Біздің қоғамның саяси мəдениетін демократияландыру бəрінен бұрын тұлғаның азаматтық мəртебесін шынайы өзгерту, билік механизмдерін жасау жолымен ғана мүмкін болады.

ƏДЕБИЕТТЕР


  1. Хан И.Г., Садырова А.Т. Саясаттану: оқу құралы. - Алматы КҚУ Ғылыми - баспа орталығы, 2011ж.



  1. Жамбылов Д. Саясаттану.– Алматы: «Жеті жарғы» 2003ж.



  1. Жамбылов Д. Саясаттану: оқу құралы.- Алматы, 1996 ж.

  2. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т. Мұстафиннің редакциясы. - Алматы, 1994, I-і бөлім.



  1. Политология. Энциклопедический словарь. – М., 1993.

  2. Хан И.Г. Политология. – Алматы, 2000 ж.

  3. Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. - Алматы, 1996 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік