Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет47/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
2. Саяси мəдениеттердің жіктелуі

Саяси мəдениеттің жіктелуі негізінде түрлі көрсеткіштер жатыр. Е. Вятр саяси мəдениеттердің идеологиялық түрлерге негізделген жіктелуін ұсынды. Ол дəстүрлі саяси мəдениетті, сословиелік демократияның саяси мəдениетін, социалистік саяси мəдениетті қарастырды.Саяси мəдениеттің дəстүрлі түрі құл иеленушілік пен феодалдық құрылымға сəйкес келеді жəне үш түрге бөлінеді:

а) дəстүрлі тайпалық саяси мəдениет;

б) дəстүрлі теократиялық саяси мəдениет;

в) дəстүрлі деспоттық саяси мəдениет.

Дəстүрлі саяси мəдениетпен қатар буржуазиялыққа дейінгі кезең саяси мəдениеттің сословиелік демократияның саяси мəдениеті сияқты түрін де келтіреді. Мұнда тұрғындардың басым бөлігі толығымен саяси процестерге қатысудан шеттетіледі.Тарихта осы саяси мəдениеттің екі түрі белгілі: кейбір грек халқының, республикалық Римнің жəне кейбір итальяндық ортағасырлық қалалардың патриципанттық мəдениеті, сонымен бірге дворяндық саяси мəдениет.

Буржуаздық қоғам саяси мəдениеттің екі түрін біледі: демократиялық жəне автократиялық.

Бірінші түрі, өз кезегінде, екі түрде, яғни консервативті- либералды жəне либералды-демократиялық түрде болады.

Социалистік саяси мəдениет марксизмнің пайда болуымен байланысты, ол тоталитарлық саяси жүйенің көрінісі болды, тобырдың инициативасын саяси процестің субъектісі ретінде жоққа шығарды.

Саяси мəдениеттердің билік етудің сипатымен байланысына негізделген келесі типологиясы демократиялық, авторитарлық жəне тоталитарлық саяси мəдениеттерді бөліп көрсетеді.

Демократиялық саяси мəдениетке нағыз демократиялық құндылықтар мен идеалдарға бағдар, құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам, саясатқа еркін араласу, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы плюрализм, адамның құқығының басымдығы жəне т.б. тəн.

Авторитарлық саяси мəдениетке келесі басымдықтар тəн: мемлекеттің анықтаушы ролі, қоғамда бір ғана саяси партияның орын алуы, мемлекеттің

қызығушылықтары жеке тұлғаның, əлеуметтік топтардың қызығушылықтарынан басым тұрады. Құндылықтар болып «бірегей идеология», «саяси тəртіп», «саяси бірлік» табылады.

Тоталитарлық саяси мəдениет сана мен саяси шынайылықта қатаң идеологиясы бар мінез-құлық стереотиптерін, азаматтардың саясатқа қатысуының мемлекеттік бағытталатын жəне бақыланатын түрлерін бекітуге тырысады. Оған көпшіліктің əлеуметтік қорқынышқа, позитивті өзгерістердің болуы мүмкін екендігіне сенімсіздікке негізделген саяси апатиясы мен утилитарлы конформизм тəн.60-шы жылдардың ортасында Г. Алмонд мен С. Верба түрлі елдердің саяси жүйелерін зерттеу негізінде (Англия, АҚШ, Мексика) саяси мəдениеттің үш «таза» типтерін көрсетті:

а) патриархалды - артта қалған елдерде тоталитарлық жəне авторитарлық саяси тəртіптердің басымдылығымен көрінеді. Саяси мəдениеттің патриархалдық түріне саяси білімнің, саяси ролдердің болмауы, бұқараның басым бөлігінің сауатсыз болуы тəн;

б) бағынушы - белгілі бір саяси білім тəн, адамдардың саяси институттардың бар екендігінен хабары бар, оларға қатысты сезімін білдіреді, оларды бағалайды жəне оларға қатысты мінез - құлық түрлерін дайындайды, бірақ осылардың барлығы бəсең түрде болады, яғни саясат пен қоғамдық өмірге араласуы төменгі деңгейде;

в) партиципаторлы, азаматтық (белсенді) - саяси институттардың

легитимділігінің, қоғамдық саясаттың бағыты мен мазмұнының

консенсусымен, қызығушылықтардың плюрализміне шыдамдылықпен сипатталады. Xалықтың басым көпшілігі (АҚШ, Ұлыбритания) іштей саяси жүйеге бағдарланған, бірегей мемлекеттің азаматтары ретінде өзара сенімге ие. Саяси мəдениеттің азаматтық түріне қоғамдағы саяси ролдердің айқын шектелуі, азаматтардың үш негізгі қағидаға, яғни тұлғаның еркіндігіне, бұқараның тұрмысының жақсаруы мен елдің қауіпсіздігіне ортақ қызығушылығының болуы тəн.

Саяси мəдениеттің батыстық жəне шығыстық түрлері Батыс пен Шығысадамдарының саяси саладағы құндылықты бағдарларының айырмашылықтарының негізінде қоғамдардағы тіршілік əрекетінің түрлері, діни дүниеге көзқарастардағы ерекшеліктер, өмірдің мəні туралы философиялық көзқарастар жатыр.

Батыстық жəне шығыстық саяси мəдениеттердің ерекшеліктері:

а) батыстық түріне азаматтардың саяси процестерге саяси қатысуының «партиципаторлық» үлгісі тəн, шығыстыққа - «бағынушы-партиципаторлық» саяси мəдениет;

б) батыс саяси мəдениетіндегі саясаттың басты элементтері ретінде индивидтер, түрлі саяси бірлестіктер болса, шығыстықта - рулық, этникалық, отбасылық қауымдастық;

в) батыстық типтегі саяси мəдениетте феномендер модернизм мен дəстүрдің диалектикасы арқылы дамиды, саяси мəдениеттің шығыстық типі дəстүрдің негізін салушы роліне бағдарланған;

г) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қатынасы тұрғысынан батыс саяси мəдениетінде олардың арасында белгілі бір «консенсус» байқалады, өйткені батыстық қоғамда орта қабаттың саны көп, материалдық өмір сүру деңгейі жоғары. Саяси мəдениеттің шығыстық түрінде мемлекеттің азаматтық қоғамның қалыптасуы процесінен басымдығы байқалады, мұнда элита мен бұқара арасындағы кəдімгідей «алшақтық» орын алған. Егер азаматтық қоғамды батыстық саяси мəдениетке тəн ерекшелік деп қарастыратын болсақ, онда Шығыста ол енді қалыптасып келеді.

Заманауи саяси тəжірибе көрсетіп отырғандай, саяси мəдениеттің батыстық жəне шығыстық түрлерінің құндылықтары араласып келеді (Жапония, Гонконг-Қытай, Қазақстан-Ресей). Олардың саяси мəдениеттерінде азаматтардың саясатқа қатысуларының əдістерінің, құндылықты бағдарларының, мінез - құлық үлгілерінің, түрлерінің араласуы жүруде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік