Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Саяси партиялар жəне партиялық жүйелер



бет44/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
2. Саяси партиялар жəне партиялық жүйелер

«Партия» ұғымы латын тілінен енген, «бөлім», «бөлемін» дегенді білдіреді. Партия əлеуметтік қабаттар, кластар мен мемлекетке қатысты делдал ретінде болады, бірақ қызығушылықтар топтары мен қоғамдағы басқа да бірлестіктерден ерекшелігі, ол Р. Доуздың анықтамасы бойынша ең саяси болып табылады.Ол қоғамның əлеуметтік қабаттарының жəне белгілі бір кластардың қызығушылықтарын, қажеттіліктері мен мақсаттарын білдіреді, саяси билік механизмінің қызмет етуіне қатысады. Партияның іс-əрекетінің маңызды жағы болып саяси сананы қалыптастырудан көрінетін қоғамға оның идеологиялық ықпалы табылады.

Саяси партия - қоғамдағы белгілі бір əлеуметтік қабаттар мен топтардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін білдіретін ұйымдасқан, ерікті жақтастарды білдіретін қоғамдық өмірдің институты, мемлекеттік билікті əр түрлі саяси əдістермен жаулап алуды мақсат тұтады.Саяси партияларды біріншіден, партияларға тəн ұйымдасқан құрылым мен дайындалған саяси бағдарламасы жоқ саяси қозғалыстардан, екіншіден, мемлекеттік билікті жаулап алуға емес, оны жүзеге асыратындарға ықпал етуге қол жеткізуге тырысатын қысым топтарынан айырып алған дұрыс.Заманауи бұқаралық партиялар Европада XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Саяси ғылымда партиялардың тарихи қалыптасу процесі М. Вебер ұсынған сызба бойынша қарастырылады:

а) аристократиялық үйірмелер (категориялар);

б) саяси клубтар;


в) бұқаралық партиялар.

Партиялар ішкі бірлестіктерге ие тұрақты иерархиялық ұйымдарды білдіреді. Құрылымында партиялар мыналардан тұрады:

а) партия көшбасшылары;

б) ми штабы, партияның идеологтарынан; в) партиялық бюрократия;

г) бюрократияға жатпайтын партиялық актив; д) партияның белсенді емес мүшелері.

Саяси партияларды басқа «саяси ойындарға» қатысушылардан мына көрсеткіштер бойынша айырады:

а) ұйымның ұзақ мерзімділігі, оның өмір сүруінің ұзақтығы. Бұл көрсеткіш партияны өздерінің негізін қалаушыларымен бірге жоғалып кететін əдеттегі камарилийлер мен клиентелдерден ерекшелеуге мүмкіндік береді;

б) ұлттық орталықпен (жетекшілікпен) жүйелі байланысты қолдайтын тұрақты жергілікті ұйымдардың болуы, бұл партияның парламенттік топтан айырмашылығын білдіреді;

в) жергілікті жəне орталық жетекшілердің билікке, күреске назар аударуы. Бұл партияны қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан (кəсіподақ, жастар жəне т.б. ұйымдары) ерекшелейді;

г) қоғам жағынан бұқаралық қолдаудың болуы. Аталған көрсеткіш партиялар мен қысым топтарының арасындағы айырмашылықты көрсетеді, қысым топтары əдетте сайлаулар мен парламент өміріне қатыспайды: олар партияларға, үкіметке жəне қоғамдық пікірге жасырын ықпал етеді.

Оның басқа ұйымдардан айырмашылығын көрсететін басты белгі - мемлекеттік билік үшін ашық күреске бағдарлану.

Саяси партияның қызметтері:


  1. саяси - мемлекеттік билікке ұмтылу, саяси құрамды толықтыру, электоралды;



  1. идеологиялық қызмет - партиялық идеологияны дайындау, партиялық үгіт-насихат;



  1. əлеуметтік қызмет - өкілділік, бұқараның мобилизациясы, саяси əлеуметтену.

Бұл саяси партияның қызметтерінің жалпыланған сипаттамасы.

Саяси партияның қоғамның саяси институты ретіндегі басты қызметтеріне мыналар жатады:

а) саяси мақсатты анықтау жəне билікке қол жеткізу;

б) үлкен əлеуметтік топтардың қызығушылықтарын анықтау, қанағаттандыру;

в) саяси жүйенің барлық деңгейлері үшін саяси көшбасшылар мен элитаны таңдау, сұрыптау;

г) партиялық идеологияны дайындау, саяси бағдарламаны жасау жəне жүзеге асыру, үгіт-насихат жүргізу жəне қоғамдық пікірді қалыптастыру;

д) саяси əлеуметтендіру, азаматтардың билікке қатысудағы қасиеттері мен қабілетін қалыптастыру;

е) биліктің жоғарғы жəне жергілікті органдарын қалыптастыру бойынша сайлау кампанияларын дайындау жəне өткізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік