Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет38/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Білім (сауаттылық) цензі. Бұл ценз сайлауларға сауатсыз немесе білімі жоқ адамдардың қатысуына тосқауыл қоюды көздейді. Бірқатар елдерде бұл норманың болуы білімі жоқ адамдардың дербес таңдау жасай алмайтындығымен түсіндіріледі. Осы уақытқа дейін білім цензі Латын Америкасының жекелеген елдерінде сақталып отырған болса, көптеген елдерде мұндай шеттетуге заңмен тыйым салынады. Мәселен, тұрғындарының айтарлықтай бөлігінің сауаты жоқ Үндістан мен Пәкістанда көптеген адамдар сайлаулар кезінде өздері дауыс беріп отырған партия рәміздерінің қасына жай белгі қоюмен шектеледі. Адам мұндай жағдайда әріп танымаса да, өз сеніміне жақын және өздерінің мүдделерін абыроймен білдіре алады деген партияның немесе кандидаттың пайдасына саналы таңдау жасай алуы мүмкін. Осы ретте, әйелдердің сайлау құқықтарын қорғау ерекше рөл атқарады. 1789 жылғы француз революциясы кезінде Адам және азамат құқығы декларациясы қабылданғаннан кейін де әйелдер сайлау учаскелеріне бару мүмкіндігін алмаған еді. Көптеген шығыс елдерінде (негізінен ислам қоғамдары) қазіргі күннің өзінде әйелдер азаматтық құқықтары мен бостандықтарынан айырылған күйде қалып отыр. Дегенмен, қазіргі әлемнің заманауи даму жағдайы бірқатар елдердің қоғамдық және саяси өміріндегі әйелдердің рөлін көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі күндегі мемлекеттерде әйелдер орын алмайтын парламент жоқ десе де болады, тіпті оларға елдер мен үкіметтерді басқаруға да сенім білдіріледі. Мәселен, Исландия, Ирландия, Ұлыбритания, Үндістан, Пәкістан, Никарагуа, Филиппин, Жаңа Зеландия елдерінде президент және премьер-министр лауазымдарын әйелдер иеленді. Жалпы, сайлауларға қатысу демократияның қол жеткізген маңызды жеңісі екені сөзсіз. Жалпыға ортақ және тең сайлау құқығын қамтамасыз ету жолында көптеген көрнекті тұлғалар, саяси партиялар мен қозғалыстар ұзақ уақыттар бойы күрес жүргізді. Тек біздің күнімізде ғана сайлау құқығы адамзаттың басым бөлігінің игілігіне айнала алды. Дегенмен, әлі де болса көптеген мемлекеттерде адамдардың саяси құқықтары жоқ, мұндай елдерде дауыс беру көп жағдайда демократиялық емес жүйені жасыратын бетперде түріндегі бос ресмилікке айналады.

Сондықтан, еліміздің әрбір азаматы қоғамның маңызды мәселелері бойынша өз пікірін білдіре алу мүмкіндігін бағалап, оны белсенді түрде пайдалануы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік