Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет33/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Демократиялық режимнің белгілері:

1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;

2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;

3) мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;

4) сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;

5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;

6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі;

7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;

8) биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.

Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм, фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер. Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:

1) бір саяси партияның үстемдігі;

2) бір ресми идеологияның болуы;

3) бір меншік түрінің болуы,

4) саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығару;

5) қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;

6) халықтың төмен экономикалық деңгейі,

7) мәжбүрлеу мен жазалау шаралаының үстемдігі;

8) сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы әрекеттер және т.б.



ƏДЕБИЕТТЕР

  1. Хан И.Г., Садырова А.Т. Саясаттану: оқу құралы. - Алматы КҚУ Ғылыми - баспа орталығы, 2011ж.



  1. Жамбылов Д. Саясаттану.– Алматы: «Жеті жарғы» 2003ж.



  1. Жамбылов Д. Саясаттану: оқу құралы.- Алматы, 1996 ж.

  2. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т. Мұстафиннің редакциясы. - Алматы, 1994, I-і бөлім.



  1. Политология. Энциклопедический словарь. – М., 1993.

  2. Хан И.Г. Политология. – Алматы, 2000 ж.

  3. Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. - Алматы, 1996 ж.
















Дәріс №9. Сайлау жүйелері және сайлау

  1. Сайлау жүйелері

  2. Сайлаулар

Әрбір азамат өз елінің саяси бағытына қалай ықпал ете алады. Сайлаулар — тұрғындардың мемлекет өміріне қатысуының пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады. Белгілі бір кандидатқа дауыс беру мемлекеттің одан кейінгі даму бағытын айқындайды. Сайлаушылар осы арқылы елдің саяси болашағына қатысты өз көзқарасын ұсынатын үміткерлердің бағдарламаларына қатынасын білдіреді. Азаматтардың сайлауларда өз ерік-қалауларын білдіруі билікке және заңнамалық үдеріске ықпал ету тәсіліне айналады. Қазақстанда жалпыға ортақ сайлаулар жолымен Президент, Парламент депутаттары және жергілікті өкілді органдар болып табылатын мәслихат депутаттары сайланады. Халық белгілі бір нақты кандидатқа дауыс бере отырып, өзіне жақын әрі түсінікті саяси ұстанымды қалайтынын білдіреді. Демек, азаматтар сайлауларға қатысу арқылы мемлекетті басқаруға қатысады. Азаматтардың саяси белсенділігі, олардың өз қажеттіліктері мен саяси мақсаттарын түсінуі қоғамның демократиялық даму көрсеткішін білдіреді. Қоғамның ертеңгі күні қандай бағытқа өзгеретіні, оны және оның балаларын не күтетіні — әрбір дауыс берушіге тікелей байланысты. Бізге сайлау нәтижелері сол елдің саяси даму болашағын ғана емес, сонымен қатар экономиканы, мәдениетті және азаматтардың жеке өмірін айқындаған бірқатар жағдайлар жақсы таныс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар