Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет3/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
3. Саясаттанудың негізгі қызметтері

Саясаттанудың пəні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрттанып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мəселелер шеңбері, жеке ғылыми пəн ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған əсер ететін мемлекет, партиялар жəне басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде карайды. Əлбетте, саясаттанудың бұл мəселелермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге əсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-əрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық катынастарды да зерттейді, ел аралық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.

Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тəртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүниежүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пəні мына бөлімдер-ден тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы жəне қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық жəне жергілікті басқару; көпшілік əкімшілігі, саяси институтгарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық кұқық).

Саясаттану пəні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, казіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялык қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндетгері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тəсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мəдениетті қалып-тастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мəні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы жəне қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі жəне мінез-кұлық, іс-əрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.

Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам жəне қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің калыптасуы мен даму зандылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен əдіс-тəсілдерін зерттейді.Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мəн-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай əдістерді пайдаланады. Əдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тəсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік жəне т. б. əдістер жатады.

Салыстырмалы əдіс əр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын жəне жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер кабылдауға көмектеседі. Бұл əдістің əсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тəжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

Жүйелеу əдісі саяси кұбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны кұрайтын элементтердің əлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялық əдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, əлеуметтік құрылым, мəдениет жəне т. б. жағдайына байланысты анықтайды.

Тарихи тəсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дəйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі жəне болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол əр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып білуді талап етеді.

Бихевиористік əдіс жеке адамдар мен топтардың іс-əрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл əдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-əрекеттерін талдау арқылы түсініп білуге болады дейді.

Нормативтік əдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға əуел бастан тəн ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс жəне мызғымас тəсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік əдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы жəне санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста жəне үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл əдісті ешкім жоққа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқарас сияқты бір ғана бұл əдістің шеңберінде қалуға жəне болмайды.

Жоғарыда аттары аталған əдістермен қатар басқа да əдіс-тəсілдер бар. Бұлардың бəрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі əдістемелерді пайдаланады.

Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік үғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мəнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: «саясат», «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тəртіп», «саяси партия», «саяси мəдениет», «саяси əлеуметтену», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам", «ішкі саясат», «сыртқы саясат» жəне т. б. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа коғамтану пəндері де (тарих, əлеуметтану, фəлсафа, құқықтану) пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пəніне сəйкес қолданады.

Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы окиғаларды танып-білуге, олардың саяси мəнін түсінуге жəне болашақты болжауға мүмкіндік береді.

Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тəртіп саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат пен саяси жетекшілердің іс-əрекеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси кайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.

Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-əрекеттерге жəне оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси əлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мəдениеттілігін қалыптастырады.

Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-əрекетіне тікелей əсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мəлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, сипаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық с-əрекетінде басшылыққа алынады. Саясаттану саяси өмірді жетілдіруді де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы жəне атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, коғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, əлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен əдістерін көрсетеді.

Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің, құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.

Саясаттану қызметі танымдық (гносеологиялық), сипаттамалық, түсіндірмелік, дүниетанымдық, реттеушілік, аксеологиялық (бағалау), болжамалық жəне əдістемелік (инструменталдық) болып бөлінеді. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның қөмегімен заң шығарушы жəне атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси – басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, əлеуметтік саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен əдістерін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде