Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет22/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Авторитарлық лидер өз қызметінде қысым көрсету, мәжбүрлеу, бағындыру әдістеріне басымдық беріп, бағынушысының жақсы атқарушы болуын талап етеді. Демократиялық лидер бағыныштыларына еркіндік пен жауапкершіліктің белгілі бір дәрежесін бере отырып, олардың дербестігін, бастамасын қолдауға ұмтылады.

Алайда, көшбасылық функцияның типінен, оны жүзеге асыру тәсілінен тәуелсіз көшбасылық:

а) ортақ мақсатқа жету жолында топ мүшелерін біріктіруді;

ә) осы топқа кіретін адамдар арасындағы өзара қатынастарды реттеуді;

б) топтық құндылықтардың қалыптасуы мен олардың жүйеленуіне ықпалын тигізуді қамтамасыз етуге міндетті.

Саяси көшбасылық – саясат сферасында жүзеге асатын әлеуметтік лидерліктің бір формасы. Саяси лидерлік тұлғадан кәсіби қызмет үшін қажетті қасиеттердің бар болуын талап етеді. Бұл қасиеттер әртүрлі болып келеді. Оларды жалпы түрде былай топтауға болады:

1. Салмақты саяси шешімдер қабылдауға қажетті дағдылардың, іскерлік пен білімнің болуы. Бұл үшін адамдардың мүдделерін білуі, оларды біріктіре әрі саясат сферасына икемдей алуы керек.

2. Мақсаттылықты, ерік пен ұйымдастырушылық талантты талап ететін шешімдерді жүзеге асыра білу қабілеттілігі.

Саяси көшбасылардың функциясын тиімді түрде жеке индивид, тұлға емес, саяси партияға ұйымдасқан саяси топ атқара алуы мүмкін. Саяси партияның лидер ретіндегі басымдығының өзі сонда, ол мүшелері саясат сферасын өздерінің қызметі үшін таңдаған әлеуметтік-белсенді топтың саяси энергиясын өзінде біріктіреді. Саяси өмірдің тарихында партиялықтың дамуы саяси ынтымақтас топтардың пайда болуынан саяси партия тәрізді саяси ықпалды құрылымдардың құрылуына дейінгі жолдан өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында демократиялық қоғамның қажетті құрылымы көппартиялық саяси жүйені қалыптастыру процесі белсенді жүргізілуде. Біздің еліміздегі барлық саяси партиялар қызметтерін ҚР Конституциясының шеңберінде жүргізуге, парламенттік партиялар есебінде «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарды орындауға міндетті. Олардың негізгі міндеттері өкілетті органдарда сайлауға қатысу, осы негізде билік құрылымдары арқылы өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру. Бұл мәселенің іске асуымен партияның шынайы ықпалдылығы және саяси салмағы өлшенеді.

ƏДЕБИЕТТЕР


  1. Хан И.Г., Садырова А.Т. Саясаттану: оқу құралы. - Алматы КҚУ Ғылыми - баспа орталығы, 2011ж.



  1. Жамбылов Д. Саясаттану.– Алматы: «Жеті жарғы» 2003ж.



  1. Жамбылов Д. Саясаттану: оқу құралы.- Алматы, 1996 ж.

  2. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т. Мұстафиннің редакциясы. - Алматы, 1994, I-і бөлім.



  1. Политология. Энциклопедический словарь. – М., 1993.

  2. Хан И.Г. Политология. – Алматы, 2000 ж.

  3. Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. - Алматы, 1996 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік