Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Элитаны қалыптастырудың екі түрлі жүйесі қалыптасқан

Loading...


бет18/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Элитаны қалыптастырудың екі түрлі жүйесі қалыптасқан:

1. Гильдий жүйесі;

2. Антрепренерлік жүйесі.

Бұл сұрыптау жүйелері өмірде таза күйінде өте сирек кездеседі. Дегенмен антрепренерлік жүйе демократиялық мемлекеттерге, ал гильдий жүйесі тоталитарлық режимге тән болып келеді.

Гильдий жүйесіне тән ерекше сипаттар мыналар:

1. Жабықтық. Элитаның құраманына кез келген адам өте алмайды, жоғары қызметке элитаның төменгі буынындағы адам біртіндеп, сатылап көтеріледі. Жоғарыға ұмтылған қызметкер әр қадамын аңдып басып, аяғының ұшымен жүреді, жоғарының көзіне түсуге ұмтылады, шыдамдылық көрсетуге мәжбүр.

2. Элита құрамына кіруге ұмтылғандар мен элита ішіндегі қызмет сатысымен көтерілушілерге қойылатын сүзгі, формальды талаптар көп: партия мүшесі екендігі, жас мөлшері, еңбек стажы, білімі, осының алдындағы қызмет дәрежесі, істеген жерінен берілген мінездемесі т.б. Осындай талаптардың кез келгеніне сәйкес келмеген үміткерді кері қағым тастау оп – оңай.

3. Селектораттың, сұрыптау жасайтын адамдар тобының құрамы өте аз және ол топқа кім кіретіні құпия ұсталады. Негізінен алғанда элитаның құрамын жоғары лауазымды басшылар тобы анықтайды. Оның шешімімен ешкім таласа алмайды. “Айттым болды, кестім - үзілді” принципі билейді.

Гильдий жүйесі ішкі текетірес қайшылықтарға, ашық бәсекеге, әбігерлікке, бей – берекеттікке жол бермейді. Сонымен қатар, басқару жүйесінің бюрократтануына, консерватизмге, конформизмге, элитаның қоғамнан бөлініп, ақсүйек топқа айналуына мүмкіндіктер туғызып жол ашады.

Кеңестер одағы тұсында гильдий жүйесін бізде номенклатура деп атайтын. Номенклатура құрамы мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынып, реттеліп отырды. Оның құрамында болып, қызмет басқыштарымен көтерілудің басты өлшемдері мыналар:

1. идеологиялық және саяси конформизм;

2. жоғары тұрған басшыға “адал” қызмет ету, ыңғайына жығылу, ретін тауып жағыну;

3.көзге түсу;

4. туыстық және жершілдік байланыстар, жең ұшынан жалғасу, “бармақ басты, көз қысты” принципіне жүгіну;

5. өзіндік позицияның болмауы, аппараттық ойындардың айла – тәсілдерін игеру;

6. дер кезінде жұмысы жөнінде көзін тауып хабарлай білу, тапсырылған істі тігісін жатқызып орындау, т.б.

Сүзгінің мұндай нормалары адал, іскер, қабілетті, өзіндік ой – пікірі бар адамдарды шетке ығыстырады да, дарынсыз, жалтақой, сұрқай басшылардың типін қалыптастырады. Бізді ұзақ жылдар бойы осындай номенклатуралық қасиеттерді бойына әбден сіңірген “қайраткерлер” басқарып келді. Қабілетті, белсенді адамдардың өсуіне бір ғана номенклатуралық жол бар еді. Олар номенклатураның талаптарына бас иіп, өздерінің табиғи қасиеттері мен қабілеттерін “өшіріп”, аппараттық ойынның тәртібін қабылдауға тиіс еді. Болмаса қызметтен айырылып, өз жөнін табатын. Номенклатуралық элитаның өз ішіндегі қарым – қатынас өте күрделі. Саяси және басқарымдық шешімдер қабылдау ісіне қатысуға ұмтылу – ішкі ашық жүргізілмейтін күрес объектісіне айналады. Мұнда қызмет лауазымы, мәртебе, бірінші басшымен көңілдестік шешуші роль атқарады.

Антрепренерлік жүйе гильдий жүйесіне қарама-қарсы.

1. Ол ашық жүйе. Қоғамның әр қатпарының, түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің элита құрамына өтуіне кең мүмкіндіктер бар.

2. Мемлекеттік қызметке ұмтылғандарға қойылатын формальды талаптар саны аз.

3. Селектораттың аумағы кең, тіпті елдегі бүкіл сайлаушылар элита құрамын анықтауы мүмкін.

4. Элита құрамына өту үшін талас үлкен бәсекеге, шиеленіскен таласқа толы.

5. Таңдау, сұрыптау барысында үміткерлердің беделі, қабілеті, іскерлігі, көрегендігі, саяси белсенділігі – бәрі үлкен мәнге ие болып, міндетті түрде ескеріліп отырады.

Жоғарыда айтқанымыздай, антрепренерлік сұрыптау жүйесі негізінен демократиялық қоғамға тән. Америка Құрама Штаттарында оны - истеблишмент деп атайды. Бүгінгі Қазақстан жағдайына келсек саяси элитаның қалыптасу жүйесі өте күрделі екенін аңғарамыз. Кеңестер одағы тұсында қалыптасқан номенклатуралық жүйені бұзу оңайға түсе қойған жоқ. Жетпіс жылдан сатам уақыт бойы қанға, сүйекке сіңіп, сананы жаулап алған әдет – салтты бір - жар жылда мүлде серпіп тастау, әрине, өте қиын екені түсінікті.

Біріншіден билік тұтқасын ұстап, айтқаны жүріп тұрған номенклатураның жоғары эшолондарындағылардың көбі Одақ ыдырап, тәуелсіздік енді ғана жарияланып, ел іші абыр – сабыр болып жатқанда өз үлестерінен айырылып қалмаудың амалын әбден қарастырды. Отырған креслоларын оңтайлы ауыстырды, есіктің маңдайшасындағы жазбаларды өзгертті, бұзылып жатқан дүниеден қарпып қалуды, жиенінің немесе құдасының атына фирма аша қойып май шелпектен қомағайлана асауды да ұмытқан жоқ. Ең қиыны – олар ұстаған билік тұтқасынан ажырамауға жан салып, тоталитарлық бұйрықшыл - әміршіл басқару әдістерін бірсыпыра уақыт жалғастыруға мейлінше тырысты. Номенклатураның жұрнағы әлі де етектен тартуынан тиыла қойған жоқ.

Екіншіден, ел билеген коммунистердің арасында өз елінің шынайы патриоттары да аз емес-ті. Тәуелсіздік пен демократияны, ең алдымен солар қолдап шықты. Одан басқа да тәуір қызмет орнына отырғызса, қай қоғамға да талғамай қызмет атқара беретіндер де баршылық болатын.

Үшіншіден, біздің елімізде гильдий – номенклатуралық жүйенің ыдырауымен бірге, демократия жолын таңдап, батыл саяси реформалар жасауға бет бұруымызға орай антрепренерлік сұрптап таңдау жүйесі біртіндеп қалыптасып, күш ала бастауда. Номенклатуралық жүйенің қазанына түсіп үлгермеген, тоталитаризмнің тепкісін көп көре қоймаған, ешкімнің алдында именуді бастан кешірмеген, білімді, қабілетті, батыл шешімдерге бара алатын жастарға жол ашып, үлкен сенім көрсетіп, аса жауапты мемлекеттік саяси істердің тұтқасын қолдарына ұстату дәстүрі нық қалыптасып келеді.

Қазақстанда, міне, осындай қат – қабат кереғар процестер жүріп жатыр. Алайда соңғы бағыттың болашағы үлкен, қарымы кең екені даусыз.Кез келген елдің айбыны, мәртебесі, ұлттық рухының биіктігі, ішкі тұтастығы “ел бастаған – көсеміне, қол бастаған батырына, сөз бастаған шешеніне” байланысты екені – тарихта сан мәрте дәлелелденген ақиқат. Ал көсемдікті де, шешендікті де, батырлықты да бір басына жинақтап бүкіл билік тұтқасын асқан шеберлікпен ұстаған асыл тұлғалар ел жүрегіне жол тауып, халықтың шынайы маңдайына біткен бағына айналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...