Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Дәріс № 3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

Loading...


бет12/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Дәріс № 3Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

1. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде.

2. Саясаттың түрлері, бағыттары және негізгі белгілері.

3. Саясаттың қоғамдық өмірдің басқа салаларымен өзара байланысы



 

Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарда саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.

Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.

Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.

Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, .Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Қазіргі саяси ғылымда саясаттың табиғаттын түсіну өте күрделі ұғым болып отыр. Саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуымен мәні жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар бар. Соның бірнеше бағыттарын көрсеткен жөн:

- Теологиялық бағыт – мұнда саясаттың пайда болуы, құдайдың құдыретімен түсіндіріледі.

- Географиялық бағыт - Жан Боден, Ш. Монтескье: Саясат геогроафиялық себептерден пайда болды, бұл құбылыс қоршаған ортаның ерекшеліктеріне байланысты түсіндіріледі.

- Биологиялық бағыт - Н. Макиавелли, Т. Гоббс зерттеулері бойынша саясаттың көзі адамдардың биологиялық алғышарттарымен байланысты түсіндіруге бағыт береді.Бұл бағытты жақтаушылар саясатты ортақ игілік көпшіліктің мүддесі үшін жеке адамның өзімшілдік мінезін тізгіндеу мақсатында пайда болған дейді.

- Психологиялық бағыт – адамның психологиялық қасиеттерінің саясат құбылысының түсініктеріне, сезімдеріне, данышпандығына байланысты дейді.

- Конфликттік бағыт- Шмидтің пікірінше: саясаттың табиғаттың әртүрлі топтың мүдделеріндегі қайшылықтарға сілтеме жасап, тұтастығын сақтау үшін шиеленісуді реттеу керектігімен түсіндіреді.Саясаттың сонау ертеде пайда болғанынан бастап, қазіргі күнге дейін оның түсінігі жөнінде бірнеше көзқарастар мен аңықтамалар кездеседі. «Саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады» деген өркениетті ерте дүниеден жеткен сөз бар. Расында, адам баласының қоғам мүшесі бола тұра саясаттан тыс қалуы мүмкін емес. Саясат ең ауыр, сонымен бірге, ең қадірлі де қасиетті және ең таза жұмыс. Сондықтан онымен айналысқан жандар жоғарғы мәдениетті меңгеруге тиіс. Оны «былғаныш» саясатқа айналдыратын да өзіміз, ішкі мәдениеті жоқ жан мінбеге көтерілгенде де, қолына қалам алғанда да таз қалпында қалады. Ондай адамның іс-қимылына қарап бүгінгі саясат пен демократияға баға беру үлкен қателік. Қазақтың ортағасырлық ірі тарихи тұлғаларының бірі Жүсіп Баласағұн саясаттың маңызы туралы былай деген екен:

Саясатпен жұртын заңын түзетер,

Саясатпен елін-жерін күзетер,

Бұл саясат бек қақпасын зерлейді,

Саясатпен бектер елін жөндейді,

Ел былығы саясатпен арылар,

Алаяқтар есебінен жаңылар.

Елді тұтас ұстағысы, әділ билегісі келетін басшыға бұлардан басқа да үш қасиет керек. Қаһарман жігерлілік, жомарттық және шырын тіл. Бек те, ұлық та, құл да, күң ді тілге, сөзге жүгінген. «Түксиген жүз, іріген сөз, құр кердең» елді бектен жирендіреді, өнерлі, ойлы «даңқы өсіп, төрден орын тиеді», дейді тағы да сол бабамыз.

Саясатты жетік білу әр адамға ісінің ілгерлеуіне кепілдік берері рас. Инженер бұрын тек өз ісін, өндіріс процесін ғана білсе, қазір оның қоғамның дамуына тигізер әсерін, пайдасы мен зиянын есептеп, біліп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғамымыз тірелген әлеуметтік-экономикалық, керек десеңіз, рухани тығырықтан жол тауып, шыға аларымыз хақ. Қазір барлық қоғамдық ғалымдарда саяси сипат бар деп дәлелденетіндігі белгілі. Рас, экономикалық саясат, демографиялық саясат, экологиялық, жағрапиялық, энергетикалық т.с.с. саясаттар бар. Ал қоғамдағы шиеленістердің баршасын саясаттану шешуге жәрдемдеседі.

Саясатты екі бағытты бөліп қарау керек. Бұл ретте Платонның «Диалог» деген еңбегінде саясатты екі тұрғыда қарастырылады:

1) Саясат - билік, билікті жүргізу.

2) Саясат – жетекшілік, басшылық ұғымын түсіндіреді.

Саясаттың қиындығы оның көптеген адамдардың тобын қамтитындығында жатыр. Мысалы, дүкенде нан болмай қалды делік. Осыдан барып әртүрлі түсініктер мен өсек-аяңдар таратылуы мүмкін. Ол бара-бара саяси мәселеге де айналып кетуі ықтимал. Бүгінгі таңда нарықтық экономика да сондай саясат туғызып отыр. Саясатқа жеке адамдар ғана емес мемлекеттік құрылымдар да қатысады. Черчилль айтқандай, саясат әлемінде мәңгі дос та, мәңгі жау да жоқ, мәңгі ұлт мүддесі ғана бар. Мемлекет тағдырының қашанда саясат арқылы реттелетіндігі содан болса керек. Алайда саясаттың да әр түрі бар. Мәселен, стратегиялық тұрғыдағы үлкен саясат болады, сонымен бірге кезеңдік шешімдерге негізделген тактикалық саясаттар болады. Айталық, Қазақстан бұрын мұнайды Ресей арқылы сыртқа шығарып жүрді. Оның толып жатқан күрделі жақтары бар. Іргедегі үлкен ел, біздің даму жолымызға әлі де ықпалы мол, сол себепті мүмкіндігінше оларды ренжітпеуге тырысамыз. Алайда тағы бір тиімді жобаның реті келіп тұр. Ол – мұнайымызды Иран арқылы сыртқа шығару. Не істеу керек? Ресей ренжиді деп отыра береміз бе, әлде тиімді деген ұғымнан келіп шешім қабылдаймыз ба? Жалпы экономикалық мүдденің тактикалық саясаттан биік тұрғаны абзал ғой.

Саяси билік саясаттануда жетекші рөл атқарады. Істің мәні кім кімге билікті жүргізуінде жатыр. Мәселенің түйіні саяси билік жән материалдық билікте тұр. Саяси билік қоғамға экономикалық жағынан үстем таптардың, топтардың, жіктердің жүргізетін билігі.

Саясаттың басты элементі – саяси билік. Саяси билік саяси шындықтың идеяларын құрады. Осының барлығы саясаттану пәнінің зерттеу объектісі. Дегенмен саясаттануда негізгісі саяси биліктің қалыптасуы туралы заңдылықтар. Оның объектілері мен субъекті саясаттанудың пәні болып табылады. Мысалы зерттеушілердің бір тобы саясатты – адамдардың өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған, саяси билікті басып алуға, қолында ұстап тұруға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекттің, ұлттың, үлкен әлеуметтік топтың, не жеке адамның қызметі деп түсіндіреді. Ал, екіншілер, саясат - ол мемлекеттің басқарушылық істеріне қатысу, оның қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау дегенді білдіреді. Үшіншілер, саясатты – ол басшылар мен бағынушылар арасындағы қарым қатынастардың бір түрі.

Бірақ бәрі саясаттың негізгі маңызды мәселесі - билікке қатысты жағдайдан көрінетіндігін байқайды. Саяси сала мен оны анықтайтын факторларды талдампаздық модель ретінде түсіндіруге болады. Ол модель әлеуметтік ықпалдар мен қатынастар саласын, саясат өрісі саяси құбылыстың үлкен жиынтығын қамтиды. Сондықтан, қоғамның саяси өмірі осылардың негізінде қалыптасады. Мұндай саясат өрісі саясаттың қызметін факторларынан көрінетін әлеуметтік кеңістікті белгілейді.Саясаттың негізгі мәселесі билік болып табылады. Өйткені, саясат топтар мен басқа да әлеуметтік бірлестіктер арасындағы өзара қатынастардың ерекше түрі ретінде мемлекеттік билікті қолға алып, ұйымдастыруымен байланысты. Сондықтан, саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік, халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат - ол қызмет болса, екіншіден ол - өнер, «мемлекетті басқару өнері» болып табылады /Аристотель/.

Сонымен, саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс - әрекет болып табылады .Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі. Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар жатады:

- саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді ұйымдастырудағы тиімді әдіс–тәсілдерді анықтау;

- сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау.

Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.

Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату.

Оларға мыналарды жатқызуға болады:

- достық қарым – қатынас орнату.

- сауда қарым – қатынастарын орнату.

- экономикалық қарым – қатынастарды орнату.

- әскери қарым – қатынас орнату.

Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір – бірінсіз болмайды. Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін қажет.

Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, пайдалана білу. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешуі болып табылады.

Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады.

Адам – саяси жануар, жан иесі. Аристотель көрсеткендей қандай болмасын қоғамда адаммен саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол әр кез өзіндік уақытта өзгеріп отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай, адам баласының сол ортаға қалыптасуының өзі осы саясат тұрғысынан жекелеген немесе қоғамдық жағынан көріп, ғылымды оқу барысында білеміз.

Міне, бұл саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде алып қараудағы бірден бір кепіл. Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта болмайды. Ендіше, саясатсыз қоғам болады деу болмас. Әрине, қоғам – саясат, саясат барлық қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып саналады.

Саясаттың мәні, құрылымы және қызметі. Саясаттың түрлері, негізгі бағыттары. Саясаттың қоғамдық өмірдің басқа да бағыттарымен байланысы. Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап – тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарда саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады.

Саясаттың негізгі мәселесі билік болып табылады. Өйткені, саясат топтар мен басқа да әлеуметтік бірлестіктер арасындағы өзара қатынастардың ерекше түрі ретінде мемлекеттік билікті қолға алып, ұйымдастыруымен байланысты. Сондықтан, саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік, халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат - ол қызмет болса, екіншіден ол - өнер, «мемлекетті басқару өнері» болып табылады /Аристотель/.

Сонымен, саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс - әрекет болып табылады. Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.

Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі.Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар жатады:

- саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік күштерді ұйымдастырудағы тиімді әдіс–тәсілдерді анықтау;

- сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау.

Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.

Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату.

Оларға мыналарды жатқызуға болады:

- достық қарым – қатынас орнату.

- сауда қарым – қатынастарын орнату.

- экономикалық қарым – қатынастарды орнату.

- әскери қарым – қатынас орнату.

Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір – бірінсіз болмайды. Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін қажет.

Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, пайдалана білу. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешуі болып табылады.

Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады.

Адам – саяси жануар, жәнтік. Аристотель көрсеткендей қандай болмасын қоғамда адаммен саясат қатар жүрген. Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол әр кез өзіндік уақытта өзгеріп отырады. Қоғамның, заманың өзгеруіне сай, адам баласының сол ортаға қалыптасуының өзі осы саясат тұрғысынан жекелеген немесе қоғамдық жағынан көріп, ғылымды оқу барысында білеміз.

Міне, бұл саясаттың қоғамдық құбылыс ретінде алып қараудағы бірден бір кепіл. Қоғамсыз адамзат баласы болмайды, ал адамзатсыз қоғам, орта болмайды. Ендіше, саясатсыз қоғам болады деу болмас. Әрине, қоғам – саясат, саясат барлық қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып саналады.

Әдебиеттер.

1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. М., 1997.

2. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.

3. Жамбылов Д. Саясаттану. – Алматы., 2003.

4. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.

5. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...