Саясаттану пәні бойынша дәрістер дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

Loading...


бет1/58
Дата20.09.2021
өлшемі281.03 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

САЯСАТТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР

Дәріс № 1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

 1. Саясаттану, оның пəні мен əдістері

2. Саяси ғылымның құрылымы

3. Саясаттанудың негізгі қызметтері



1. Саясаттану, оның пəні мен əдістері

Саясаттану, антикалық заманда пайда болып (Платон, Аристотель, Цицерон), Батыс Европа мен АҚШ – та қалыптасты. XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиалық пəн ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мəртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО – ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Бүгінгі таңда АҚШ – тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пəн ретінде оқылады, əлемнің ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды.

Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққы қарсы, буржуазиалық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Кеңес Одағы қирағаннан кейін, 1990 жылдан бастап ТМД-ның елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пəн ретінде өтілуде. Саясаттану қазіргі қоғамдық жəне саяси құрылыстың мəн – мағынасын терең түсініп – білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саясаттану сөзі гректің «саясат» жəне «ілім» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Ол саясаттың адам жəне қоғам арасындағы қарым – қатынастары туралы жинақталынған ғылым жəне саяси биліктің қалыптасу мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен əдіс – тəсілдерін зерттейді.

Саясат, қоғам өмірінің саяси өрісі саясаттанудың объектісі болады. Саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету, өзгеру заңдылықтары саясаттанудың пəні болады. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мəн – мағынасын түсініп – білу үшін бірталай əдістерді пайдаланады.

Саяси құбылыстарды жəне процестердi əр түрлi əдiстер, яғни метод (грек. Methodos – зерттеу жолы) арқылы зерттейдi. Əдiстер арқылы логикалық операциялар өткiзiледi. Саясаттануда ең бiрiншi құнды – нормативтi амал қолданды: саяси əрекеттер нормаларға жəне жалпы қоғам теңдiктерiне талпынуы қажет. Ең бiрiншi идеалды саяси тəртiп ұйымдастыру қажет, жəне шын мəнiсiнде болатын қатынастар. Тарихи əдiстердi қолдану барысында, яғни өткен замандағы саяси құбылыстардың пайдалы əдiстерiн қазiргi кездегi саяси құбылыстардың пайдалы əдiстерiн саяси проблемаларды шешуде қолдану. Оны ең бiрiншi Н. Макиавелли қолданды. Əлеуметтiк əдiстерде саяси ғылымның дамуына үлес қосты, яғни ол арқылы өмiр сферасын, мемлекеттiң əлеуметтiк


табиғатын, оның билiгi мен басқаруын зерттейдi. Антропологиялық тəсiл немесе əдiс саяси өмiрдегi адамзаттың, яғни адамның сапасы биоəлеуметтiк дамуы болып зерттеледi. Бихевиористiк əдiс ХХ ғ. 20-30 жылдарында пайда болды. Ол саяси тəртiптi, яғни жеке тұлғаның немесе топтың өзiндiк тəрбиесiн зерттейдi.

Бихевиоризмге сəйкес:



  • Саяси ғылымның жұмысы – болып жатқан құбылысқа бейне беру.

  • Iс-қимылдың өзi «стимул» жəне «реакция» қарым-қатынасын анықтайды.



  • Саяси тəртiптiң негiзiнде мотивтер жатыр.

Бихевиористі əдiс саясат дүниесiн бiртұтас ретiнде көрсете алмады, сондықтан 50-60 жылдары ХХ ғ. ортасында жүйелi қатынас енгiзiлдi. Бұл жүйеде саясаттың құрама бөлшектерiнiң iшкi байланыстары ашылып, оның сыртқы ортаға əсерiн зерттейдi.Қоғамның дамуы барысында саясаттың орнын белгiлейдi.

Саяси ғылымның ең маңызды əдiсi – психоанализ. Оны негiздеушi австриялық врач-психиатр З. Фрейд:

1.Саяси əрекеттердi иррационалды факторды, яғни саяси тəрбиедегi психологиялық механизмдi ескерген жөн.

2.Тұлғаның саяси қылығы негiзiнен адам мінезіне байланысты.

Ресей саяси ғылымына салыстырмалы əдiс сəйкес келедi. Бұл құбылыс басқа мемлекеттердегi дамымалы əдiстердi қолдана отырып Ресейдiң құқылы демократиялық мемлекет құруына үлес қосады. Саяси ғылым қоғам арасында əлеуметтiк мəнiсi бар қызметтерді атқарады (лат. Functio-атқару). Саясаттану қызметтерiне мыналар жатады:


  • Танымдық - теоретикасы – ол мемлекеттiк қатынастар табиғаты мен саясиқұбылыстары туралы бiлiмнiң жиналуы жəне қоғамның даму эффект түрлерiн зерттейдi.



  • Болжамдық – ол берiлген саяси шешiмдердi қабылдау негiзiнде дүниежүзiндегi саясаттың дамуы мен оның қоғаммен қызығушылығын зерттеу.



  • Тəжірибелік – ол қоғамның шын мəнiсiндегi алдын ала диагностикажүргiзуiн анықтайды, яғни əлеуметтiк процесс жүруi.



  • Мəдени қызмет – ол мемлекет азаматтарына керектi бiлiм, яғни билiк, құқық, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастың пайда болуын, қолдануын үйрену.

Əдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тəсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік жəне тағы баска əдістер жатады.

Салыстырмалы əдіс əр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын жəне жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Жүйелеу əдісі саяси құблыстарды басқа қүрделі құрылымының бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің əлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін қарастырады.

Социологиялық əдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, əлеуметтік құрылым, мəдени жəне т. б. жағдайына байланысты анықтайды.

Тарихи тəсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дəйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі жəне болашақтың байланымын айқындай отырып қарастырады.

Бихевиористік əдісі жеке адамдар мен топтардың іс - əрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.

Нормативтік əдіс қоғамның игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға əуел бастан тəн ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Диалектикалық - материалдық əдісі табиғаттағы, қоғамдағы жəне санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен – бірі тығыз байланыста жəне үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі əдістемелерді пайдаланады.Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Саясатқа берілген анықтамаларды екі топқа бөлуге болады. Мемлекеттік іс – əрекет пен саясатты байланыстыру біріншісіне жатады жəне бұндай көзқарас, антикалықта пайда болып, бүгінгі күнде өзінің мағынасын жоғалтқан емес.

Ежелгі грек тілінде саясатты «мемлекет басқару өнері» немесе мемлекеттің аумағы шегінде (ішкі саясат) жəне одан тыс жерде (сыртқы саясат) оның мақсаттарын белгілі бір əдіспен жүзеге асыру дегенді білдіреді. Саясаттың негізгі элементі билік болу себебінде, саясатты саяси билікпен байланыстыру екіншісіне жатады жəне бұл көзқарас бүгінгі күнде біріншісіне қарағанда артығырақ болады. Себебінде, саяси биліктің институттары арқылы өздерінің мүдделерін іске асыратын əртүрлі топтардың əрекеттестерінің өрісі саясат болады деп белгілейміз.

Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін өткен заманда ғұлама ғалымдардың, данышпан дарындардың саралы саяси ой – пікірлерін оқып үйренудің манызы зор. Саяси ғылымның дамуының негізгі кезеңдері:

1.Ежелгі Шығыстың саяси ойлары.

2.Ежелгі Греция мен Римнің саяси ойлары.

3.Орта ғасыр мен Кайта өрлеу дəуіріндегі саяси ой – пікірлері.

4.Жаңа замандағы саяси ой.

5.Қазіргі саяси концепциялар мен теориялары.

АҚШ-да Колумбия колледжiнде 1857 жылы Ф. Либер тарих жəне саяси ғылыми кафедрасы негiзделдi. Бұл құбылыс политологияның өзiндiк академиялық пəні туғандығын көрсетедi. 1948 жылы ЮНЕСКО ұсынысы бойынша Парижде халықаралық колоквиум өткiзiлдi, бұл жиналыста Еуропа жəне Америка саясаттанушылары саяси ғылымның мəселелерін талқылады. Бұл жиналыста «саясат ғылымы» терминiн қолдануда келiсiм бердi, ал оның пəнi ретiнде мыналар ұсынылды:



  • Саяси теория (саяси теория жəне идея тарихы);



  • Саяси институттар (конституция, орталық басқару, аймақтық жəнежергiлiктi басқару, экономикалық жəне əлеуметтiк басқару, т.б);



  • Партиялар, топтар жəне қоғамдық пiкiр (саяси партия, топтар жəнеассоциациялар, басқару жүйесiне азаматтардың қатысуы);



  • Халықаралық қатынастар (халықаралық саясат, саясат жəне халықаралықұжымдар, халықаралық құқық).

Саясаттану анықтамасы бiр дауыспен қабылданған, яғни бұл ғылым саяси ұйымдарда билiк орнатуды құратын, оны бөлшектерге бөлiп, шын мəнде шығарады. Бұның өзiнде институттар, қоғам жəне жеке тұлға қатысады.

Саясаттану пəнiне айтарлықтай бiр пiкiр алынбайды, яғни саясат ғылымын зерттеуде екi көзқарас бар.



  • Саясаттану – мемлекет туралы ғылым, яғни оның пəнi тар мағынадаберiледi. Бұл дəстүр Аристотельмен қаланған.



  • Саясаттану – билiк туралы ғылым. Бұл түсiніктi Н. Макиавелли негiздеген. Бұл саладағы саясаттану пəнi кең мағынада берiлген.

Əр мемлекеттерде жəне ұлттар арасындағы əлеуметтiк-экономикалық, мəдени шарттарда билiк институты құрылуда. Бұл құбылыстар саясаттану дамуында еуропалық жəне америкалық мектептер деп бөледi.

  • Еуропа дəстүрiне сəйкес саясаттану – саяси тарихы, саяси философиясы,саяси социология, т.б туындылары бар саяси ғылым. Еуропалық саясаттанушылық мектебi үшiн жалпы əлеуметтiк, философиялық аспектiлер, мемлекет əрекеттерiн жəне басқа саяси институттарды зерттеу жатады.



  • Американдық саяси ғылымға жоғары бағдарлама мен қорытынды функциялары қасиеттерi тəн. Американдық зерттеушiлерi саясаттану ғылымын психологиялық, функционалды жағынан қарастырды. Мысалы, Т. Парсонс жəне Р. Даль билiктiң басты функциясын ресурстардың бөлiнуi мен жалпы қоғамдық тəртiптiң болуында көредi. Басқа американдық саясаттанушы Д. Истон саяси ғылымның пəнiн тəсiлдер ретiнде көрген, өйткенi əр түрлi тəсiлдердi қолдана отырып қоғамға, билiк институттарына қандай да шешiм қабылдаған.

Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бəрінің зерттеу объектісі ортақ - қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та əрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пəні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған лəзім.Саясаттану ең алдымен фəлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фəлсафа - табиғат, қоғам жəне таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің, түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын жəне т. с. с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан, ол басқа пəндер сияқты саясаттануға жалпы əдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фəлсафалық тұрғыдан дəлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мəселелерді, кұбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын карастырғанда фəлсафа тұжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде фəлсафа саясаттануға жүгінеді.

Саясаттану экономикалық, теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дəлелдей отырып, ол процестердің негізінде əр түрлі əлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық, саясатты дайындау жəне іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.

Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық, адамдардың, қоғамдағы қатынастары мен тəртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың кұқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық жəне мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Құқықты К. Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.

Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық-əдістемелік негізі іспеттес. Саяси үкіметжүйесінсіз əлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар, құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те əдеттегі қызметін атқара алмайды.

Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі - əлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір зандылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде карайды. Ал əлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, əлеуметтік ортаның саяси салаға етер əсерін зерттейді. Оның айналысатын мəселелері адамды жəне қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады жəне саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, əлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс əсіресе, саясаттануды сандық əдіс-тəсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.

Тарих болса жүйелі, дəйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді.Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тəн зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.

Қазір еліміз тəуелсіздігін алып, шын мəнінде, демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пəнін окыпүйрену болашақ, мамандарға ауадай қажет.

Бұрынғы Кеңес Одағында саясаттану буржуазиялық ілім, ғылымға қарсы теория деп саналып, ол оқу орындарында оқытылмады. Коммунистік Партия бұқараның саяси сауатын көтеруге мүдделі болмады. Себебі, халықтың, саяси мəдениеті жоғары болса, тоталитарлық кұрылыстың өзі көпке шыдамаған болар еді.Əкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тоталитарлық жүйеден демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жұртшылықтың саяси мəдениетін түбегейлі өзгертуді талап етеді. Саясаттануды оқып үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті жəне заң шеңберін де, демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай білуді, əлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалықсыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институттарының қызметі негізгі адамгершілік құндылықтарды, əсіресе, əрбір тұлғаның еркіндігі мен абыройын, оның табиғи, ажырамас құқықтарын мойындап, қадірлеуге негізделеді.Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық жəне саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, кұқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты - адамды күрделі əлеуметтік-саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен катар, ол азаматтарды демократиялық тəртіпті жəне оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі, берік саяси тəртіпсіз жеке адамның шын мəніндегі еркіндігі болуы мүмкін емес. Бұрын саяси білімнің мақсатын негізінен азаматтардың арасында «этикалық парызды» насихаттауға, оларды мемлекет жəне оның шығарған заңдарын сыйлаушылықты, азаматтық міндеттерін орындауға əрқашан дайын болуды калыптастыруға саятын. Ең алдымен тек мемлекеттің қажеттілігін ескеретін мұндай тəсіл, көзқарас Еуропада, əсіресе Германияда, XX ғасырдың 60-жылдарына дейін орын алды. Ал АҚШ-та көптеген жылдар бойы саяси білімнің пайдалы нəтижеге жетуді көздеген прагматикалық бағыты басым дамыған. Ол азаматтарды өзінің өмірлік мəселелерін басқа адамдармен өркениетті қарым-қатынаста, ынтымақтастықта шешуді үйретеді. Əртүрлі дау-дамай, шиеленістерді онша ауыртпалықсыз, қатты қиналтпай реттеуге баулиды. Қазір демократиялық елдерде саяси білім жүйесі еуропалық жəне америкалық ғұрыптарды біріктіруге, бүкіл мемлекетпен қатар жеке тұлғалардың мүдделерін үйлестіре, ескере отырып шешуге тырысады.

Біздің заманымызда қандай кəсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мəдениет əр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен жəне мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп əрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді. Азаматтардың көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара əкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі жəне ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар

Loading...