Саясат «Саясат» ұғымы қоғамдық өмірге тікелей қатынасы бар күрделі ұғым. Адам қоғаммен біте қайнасқандықтан саясаттан тыс қала алмайды

Loading...


Дата02.04.2020
өлшемі24.76 Kb.
Саясат

«Саясат» ұғымы қоғамдық өмірге тікелей қатынасы бар күрделі ұғым. Адам қоғаммен біте қайнасқандықтан саясаттан тыс қала алмайды. Аристотель саясатты «жалпы игілік» пен «бақытты өмірді» мақсат тұтқан қоғамдасудың өркениетті формасы деп түсіндірсе, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген неміс философы Освальд Шпенглер «саясат жоғары мағынасындағы өмір, ал өмір дегеніміз – саясат» деп оны жоғары бағалаған.



Саясаттың басты ерекшелігі оның әртүрлі мүдделерді үйлестіре алатын, әлеуметтік қатынастарды реттеп, қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін қабілетінде жатыр.

Саясаттың бір тұтас әлеуметтік құбылыс ретіндегі өз құрылымы мен элементтері бар.

Саясат екі бағытта: 1. Сыртқы 2. Ішкі

Саясаттың қызметтері. Саясаттың қоғам өмірінде атқаратын қызметтері сан қилы. Қоғам дамуының деңгейіне орай оның қызметтері де өзгеріп отыруы мүмкін.


  1. Қорыту. Рационалдандыру қызметі.

  2. Саяси әлеуметтендіру қызметі.

  3. Гуманитарлық қызметі.

  4. Басқару және реттеу қызметі.

  5. Жалпы іс-әрекетті тиімділендіру және жұмылдыру қызметі.

  6. Қоғамның тұтастығын және орнықтылығын қамтамасыз етуқызметі.

Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:

1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды.

2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады.

3) Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау.

5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.б.



Саяси жүйе құрылымы:

1) Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар және т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады.

2) Саяси қатынастар қоғамдық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді.

3) саяси ережелер саяси жүйенің үшінші бөлігі болып табылады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. 4) Саяси мәдениет - саяси жүйенің төртінші белгісі. Ол саяси сана мен іс әрекетті, саяси қатынастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұжырымдамаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің зерттеушілік қызметі адамдардың іс әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді.

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.

Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:

1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;

2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды;

3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;

4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;

5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Билік басына келу жолдары:

Монархия (Абсолюттік, Конституциялық)

Республика (Парламенттік, Президенттік)

Диктатура

Басқару формалары

Республика

(res-іс, publicus-қоғамдық, жалпыхалықтық. Жоғарғы мемлекеттік билікоргандары сайлау арқылы тағайындалады. Саяси партиялар үлкен рөл атқарады. Үкімет парламентке есеп береді. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Парламент жетекші рөл атқарады. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Мысалы: Италия, Германия. Президент-мемлекет басшысы. Президентті парламент емес халық сайлайды. Президент Үкімет мүшелерін тағайындайды және қызметтен босатады. Президент-Республика Қарулы Қүштерінің Бас Қолбасшысы. Президенттің ерекше вето құқығы бар.



Монархия:

(грек.monarchia – өзі билейді)

Монархия деп мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектеусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуін айтамыз. Мысалы: Россия - XVI-XIXғ. Франция –XVI-XVIIIғ. Англия – XV-XVII ғ. Түркі монғол мемлекетіндегі Шыңғыс хан ұрпақтарының шексіз билігі. Монарх билігі конституциямен және парламентпен шектеледі. Мысалы: Қазіргі жағдайдағы Жапонияда – императордың болуы. Англияда – королеваның болуы.

Сұрақтар:

Мемлекеттің үш функциясы?

Билікке келу жолдары?

Мемлекеттің басқару формалары?

Монархияның екі түрі?

Абсолюттік монархия дегеніміз не?

Конституциялық монархия дегеніміз не?

Республикалық басқарудың екі түрі?

Диктатура дегеніміз не?

Мемлекеттің құрылуының түрлері?.

Абсолюттік монархияның конституциялық монархиядан айырмашылығы неде?

Президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңдар?

Тоталитаризмнің авторитаризмнен айырмашылығы неде?

Тарих пәнімен байланыстырып буржуазиялық революцияға дейін монархиялық атап өтіңдер?

Ең бірінші рет парламенттік республика қай елде, қандай тарихи оқиғадан кейін орнатылды?

Фашистік диктатура қашан, қандай елдерде орнатылды, көсемдері-кімдер?

Қазақстан ... республика.1933 жылы Германияда фашистік … орнатылды. 17 ғасырда Ресейде ... монархия билігі күшейді. Францияда революциядан кейін король билігі … шектелді.

Саяси мәдениет

«Саяси мәдениет» терминін түңғыш рет айналымға мәдениет пен саясаттың өзара әрекеті проблемасын (ХҮIII ғасырдың соңы) зерделеген неміс ағартушысы И. Гердлер енгізді, ал саясат ғылымындағы саяси мәдениет теориясын ХХ ғасырдың орта шенінде ғана — Алмонд, С. Верба, М. Дюверже және басқалары ресімдей бастады.



Саяси мәдениет — бұл адамдардың бұдан бұрынғы ұрпақтары тәжірибесін жүзеге асыратын, саяси процесс субъектілерінің тікелей қызметінде көрінетін, тұтастай алғанда олардың осы процеске, оның негізгі элементтеріне қатынасын белгілейтін және сол арқылы қоғамның саяси өмірін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін нұсқауларының, бағдарларының және мінез-құлық үлгілерінің тарихи қалыптасқан, біршама тұрақты жүйесі.

Саяси мәдениет көрінісінің негізгі мән-жайлары:

адам мен қоғамның саяси идеяларды, көзқарастарды, тұжырымдамаларды игеру деңгейі;

өткендегі және казіргі саяси ойлау қажеттілігінің дәрежесі;

саяси құбылыстарды бағалаудың құзыреттілігі.

Саяси мәдениет өзінің иеленушілерімен — әртүрлі әлеуметтік ортақтығымен бірге дамиды.

Саяси мәдениетте адамдардың (ұлттардың, таптардың, партиялардың, әр алуан жіктердің, топтар мен жеке-дара адамдардың) өздерінің түбегейлі мүдделері жөніндегі мемлекетке, саяси билік режиміне қатынасы айқындалады. Бұл тұрғысында саяси мәдениет саласындағы мәдениет,саяси өмір мен қызметтің белгілі бір жүйелі сапасы және тәсілі, саяси идеялардың, сенімдердің, нормалардың, институттардың және т.с.с. бірлігі мен өзара байланысында дамуын әрі сабақтастығын қамтамасысыз ету нысаны ретінде түсіндіріледі.

САЯСИ МӘДЕНИЕТ ТИПТЕРІ

Әрбір қоғамдық-саяси жүйеге айырықша, өзіндік базистік модель сәйкес келеді. Қандай да модель адамның саяси қауымдастықтағы орнын қалай бағалайды, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы қандай деген мәселелерге назар аударған жөн. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда төмендегідей екі ірі моделді бөліп көрсетуге болады:

– либералды-демократиялық;

– тоталитарлы-авторитарлық.

Габриэл Алмонд пен Сидней Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген

классикалық еңбегінде саяси мәдениеттің үш негізгі типі атап көрсетіледі:

1) патриархалдық (дәстүрлі, шіркеу мектебі бойынша) – бұл жерде қоғам

мүшелерінің мемлекет туралы білімі, саясатпен байланысты эмоциясы мен

пайымдауы «нөлге» жақын, халықтың басым көпшілігінің саясатқа ден қоюы

көзге көрініп тұрады, адам дәстүрлі байланыстарды ұстанады, жергілікті және

этникалық ынтымақтастыққа сүйенеді;

2) азаматтық – ол адамның саяси жүйеге деген бәсең қатынасына сүйенеді.

Жеке адам үкіметтің беделін мойындайды. Бұл мойынсұну, тәуелді болу,

бағыну позициясы.

3) белсенділік немесе қатысу мәдениеті. Бұл тип қоғамның саяси жүйесінің

өміріне азаматтардың белсенді қатысуымен сипатталады. Жеке адамның

позициясы белсенді, ол саясатқа қатысудың жолдары мен әдістерін іздеуде

мүдделі екендігін білдіреді.

Осы типологияның негізінде басқа варианттар да бар. Сол сияқты саяси

мәдениеттің аралас типі бар екендігі мойындалады, ол кең көлемде алғанда

саясат әлемінің қарама-қайшы бейнесін көрсетеді. Саяси мәдениеттің әртүрлі типтері болады, мысалы: партиялық-саяси, мемлекеттік-бюрократиялық, консервативті және т.б. Соңғы уақыттарда азаматтық мәдениет туралы мәселе талқылануда. Азаматтық мәдениет (Алмонд, Верба) – аралас мәдениет, мәдениеттің шіркеулік, азаматтық және белсенділік модельдеріне тән қарама- қайшы позициялар мен бағыт-бағдарлардың жиынтығы. Біздің елімізде бұл проблема азаматтық қоғам құру жағдайында белсенді жүре бастады.

Саяси мәдениетті игеру процесі саяси әлеуметтендіру деп аталады. Оны

зерттеп білу, яғни адамдар саясат туралы қашан және қалай біледі деген

сұраққа жауап беру болады.

Қазіргі заманғы саяси идеологияның негізгі түрлері: либерализм және неолиберализм, консерватизм және неоконсерватизм, социал-демократия, коммунизм, фашизм.

Саяси идеология

Қазіргі кезде табиғатына қарай идеология прогрессивтік және реакциялық, либералдық және радикалдық, ұлтшылдық және шовинистік болып жүр. Сондай тарихи тәжірибеге орай антифашизм, антикоммунизм идеялары да өрістеу үстінде.



Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі – либерализм. (Латынның либералис – еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді.Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды.

Консервативтік (латынның консервативус-қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының(1789ж) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүлікшілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философ және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1733-1859) және т.б. жатады. XIX ғасырдың аяғы XX басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер еңгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70-жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды.Ол жеке адамның құқықтары бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды.

Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К.Маркс(1818-1883) пен Ф.Энгельс(1820-1895). Олар жаң-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализм орнататын бірден-бір құрал — социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И. Ленин басқарды. Рюрмистік идеялар немістің социал-демократы Э. Бернштейн еңбегінде дамытылды.

Сонымен қатар социал-демократия идеологиясы, фашизм, неофашизм идеологиялары бар. Фашизм (Италияның фашизмо-бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джентилье, О. Шпенглер.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...