Саурова А. М баға қалыптастыру Мазмұны Кіріспе



Дата10.09.2017
өлшемі216.5 Kb.
#19960
Саурова А.М

Баға қалыптастыру

Мазмұны

Кіріспе

  1. Нарық экономикасындағы бағаның рөлі.

  2. Баға қалыптастыру негіздері.

  3. Бағаны қалыптастыру жүйесіндегі баға саясаты.

  4. Маркетинг және бағаны қалыптастырудағы бағалық стратегия.

  5. Бағаның құрамы және құрылымы.

6. Тақырыптар бойынша тест сұрақтары.

7. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 



 

Пәннің мақсаттары және міндеттері.

    1. “ Баға қалыптастастыру ” курсының оқыту мақсаты – қоғамда бағалардың зандылықтарын және динамикасын қалыптастыруын зерттейтін ғылым ретінде студенттердің баға қалыптастастыру бойынша білім алуы болып табылады және де олардың халық шаруашылық басқаруында , өндірісті тиімді қамтамасыз етуінде және әртүрлі пішімдерде кәсіпкерлік қызметтерінде қолдану.

    2. Курстің міндеттері—баға қалыптастырудың нарықтық механизмің теориялық негіздерін зерттеу , студенттерге бағаның деңгейлері және құрылымдары туралы , баға қалыптастырудың принциптері және факторлары туралы бойынша жүйелі білімін қалыптастыру.

    3. Курсті оқыту нәтижесінде студент білуі қажет:

  • көп жылдық тәжірибенің нәтижесінде қалыптасқан баға дегеніміз не, баға қалай қалыптасады, бағаның түрлері, қызметтері туралы,баға қалыптастырудың ерекшкліктерін .

  • Баға қалыптастырудың негізгі принциптері механизмі, баға қалыптастыру процессінің сыртқы факторлары туралы, стратегиялардың бағалық саясаты , бағаға бәсекенің әсері турелы білуі керек.

  • практикада бастапқы бағаны аңықтауды білу , баға қалыптастырудың әдістерін таңдау және стратегияларды өндеуді.

 

 

 1ТАҚЫРЫП



НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАҒАНЫҢ РӨЛІ

1.Баға ұғымы.

2.Баға түрлері.

1.Баға дегеніміз не ?

Баға – тауарлық өндіріспен негізделген экономикалық категория, бұнда басты түрде экономикалық қатынастар нарық арқылы көрінеді.Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Баға ол сатып алушы өзінің алған тауары үшін немесе көрсеткен көмегі үшін сатушыға төлейтін ақша сомасы.

Баға өмірге ақшамен бірге келеді. Ақша тауарлы эквивалент ретінде қолдана бастағаннан кейін , яғни құн өлшемі, мынадай сұрақ туды. " Қандай ақша саны тауардың айырбас құнын көрсетеді, яғни қанша ақшалай бірлік төлеу керек?". Осыған байланысты құнның анықтау әдістері пайдалана бастады. Бұл анықтау әдісі және баға тұрақтылығы баға қалыптастыру механизмі немесе баға қалыптастыру деп аталады. Сондықтан бағаның бастапқы қызметтері болып :


  • өлшемді (жоспарлы –есептік)

  • ынталандыру

  • тарату, бөлу және қайта бөлу.

Баға қалпына келесі факторлар әсер етеді:

  • саяси

  • экономикалық

  • әлеуметтік

Баға қандай да болсын экономикалық жүйенің басқару инструменті болып табылады және өнеркәсіппен халық шаруашылығын басқаруда ең басты роль атқарады.

Адам Смит нарық жағдайына қарап бағаны экономикаға бағытталған ,,көрінбейтін қол ,, деп атаған. Жоғары бағалар тұтыну ресурстарын қамтамасыз етеді, ал төмен бағалар сұраныс тудырады.



2. Баға түрлері.

Нарық жағдайында жаңа бағалар пайда болды, олар келесі топтарға бөлінеді :



  1. қызмет көрсету айналымы бойынша:

  • көтерме бағасы

  • сатып алу бағасы

  • бөлшек баға

  • қызметтік – тарифтік баға.

  1. мемлекеттік реттеудің әсер етуінен тәуелді :

  • нарықтық еркін бағалар – бұл баға өнім өндірушілер қойған немесе сұраныс және ұсыныс негізінде қызмет етеді.

  • реттеу бағасы – ол басқару органдарымен қойылған баға.

Реттеу бағалары мыналарға бөлінеді:

  • шекті бағалар – бұл жоғары баға, оны өнеркәсіп өзінің өніміне , қызметіне қоя алмайды.

  • бір қалыпты баға – бұл баға аңықтау қалпында қойылған баға, бұны тек қана оны қолдайтын органдар мен нарық субъектілері өзгерте алады.

  1. Белгілеу әдісі бойынша :

Қатаң және бірқалыпты бағалар – бұл бағалар келісім шартқа қол қойылған кезде қойылады, өнім және қызмет көрсеткенге дейін өзгертілмейді. Келісім шарт мыналар бойынша жүргізіледі:

  • жедел жеткізумен

  • қысқа мерзім бойынша

  • ұзартылған мерзімді алдын- ала қарастыру.

Жылжымалы баға—алдын-ала келісімде қаралған уақытта бекітілген , келісім уақытында қалыптасқан баға. Нарық бағасы өзгерсе ( жоғары немесе төмен ) қарастырылады. Әдетте 2-5 шегінде қайта қаралады.

Қозғалмалы баға әдетте ұзақ мерзімді келісімде қойылған өндірістік шикі заттқа , азық-түлікке орнатылады.

Сырғымалы баға – ол бастапқы келісілген бағаны қарастыру жолымен , өндірістік шығынды есептегендегі, келісімді орындау кезендегі баға.

Сырғымалы баға ұзақ мерзімде дайындалатын тауарларға тағайындалады. Мысалы, кемені т.б өндірістік жабдықтау.

4. Ақпарат алу әдісі бойынша :


  1. Басылатын (публикуемые ) бағалар—маманданған және фирмалық ақпарат көзін жариялайтын баға. Осы бағаға сатушылар мен сатыпалушылар елісімде бағаны анықтаған кезде сүйенеді.

  2. Басылатын бағаларға : анықтамалы , прейскуранттық, биржалық котировкалар , аукцион, сауда бағасы жатады.

  • анықтамалық баға – басылатын бағаларында- журнал, газеталарда жарияланады.

  • есептеу бағасы дербес тапсырыс бойынша стандатталмаған құралдарға қолданылады.

5.Уақыт факторын есебі бойынша:

  • тұрақты баға - әрекет мерзімі анықталмаған баға,

  • маусымдық – уақыт кезеңімен анықталатын мерзім.

  1. Транспорттық шығынды ескеру бойынша , франко бағаларының келесі түрлері болуы мүмкін:

  • франко- аттандыру станциясы, танспорт шығыны жөнелту станциясына дейін болатын , ла қалған шығындары бағасынан жөғары төленетінің көрсетеді.

  • франко- тағайындау станциясы, (САҒ) тауар бағасына оны вагоннан түсіргенге дейінгі транспорттық шығын қосылады, сатушы тағайындау станциясына дейінгі барлық шығынды төлеуге міндетті.

  • франко- сатып алу қоймасы (ЕХ WORKS) сатушы тауарды сатып алушыға өз зауытында береді.

  • СІҒ, САҒ сияқты және тауардың жойылуынан сақтандыру келісімін баға құрастырғанда ескертеді.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Тақырып 2



Баға қалыптастыру негіздері.

  1. Баға жүйесі.

  2. Баға қызметтері.

  3. Жоспарлық баға қалыптастыру принциптері.

  4. Нарықтық бағалардың қалыптастыру принциптері.

  1. Жоспарлы экономикадағы бағалар бір белгілі тұтастық, бірлестік дәлірек айтқанда, бағалар жүйесін қалыптастырады.

Бұл жүйе белгілі элементтерден , оның ішінде негізінен, көтерме және сатып алу бағасы, бөлшек баға және қызметтерге тарифтан тұрады.

Көтерме бағамен мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың өнеркәсіптік өнімі өткізіледі.

Колхоздар мен совхоздардың ауыл шаруашылық өнімі ұйымдардан сатып алу бағасымен алынған.

Құрылыс өнімдеріне баға сметалық құн құрылысшы ұйымдармен толық және жартылай салынған объектілерге есеп айырысу үшін қолданылады.

Бөлшек бағамен халықтық тұтыным тауарлары сатылады.

Тарифтік баға деп әртүрлі қызметтерге орнатылады ( транспорттық, тұрмыстық, коммуналдық).

Біртұтас баға жүйесінде әрбір бөлек баға және бағалар тобы өзара байланысты. Оның негізінде қоғамдық қажет еңбек шығындарын жасаудың объективті процестері жатады және осында әрбір нақты өнім мен қызметке жұмсалатын еңбек шығындары, басқа өнім мен қызметке шыққан еңбек шығыны мен қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығына тәуелді. Бағалардың өзара байланысы халық шаруашылық салалары, барлық ұйымдар мен өндірістердің өзара байланысын белгілейді. Сондықтан, тасымалдау қызметтеріне тарифтік бағадан, өнеркәсіптін қазып шығаратын және өндейтін салаларындағы шығындар көлемі тәуелді. Шала фабрикат және дайындау өнімін шығаратын ауылшаруашылық шикі зат бағасына сатып алу баға деңгейі әсер етеді. Социализм кезіндегі баға жүйесі қалыптастырған бағалардың өзара байланысымен қатар, социализмге шаруашылықты жоспарлық ұйымдастырудың бөлінбей тін бірлестігі тән, сонымен бірге баға жүйесі , халықтық шаруашылықтың жоспар жүйесінің элементі ретінде қарастырылады. Сонымен, орталықтандырылған халық шаруашылығын жоспарлау кезінде болған социализмде бос еркін баға, өндірушімен тұтынушы арасындағы келісім баға қалыптастыру мүмкіншілігі болған жоқ.



  1. Баға қызметтері.

Бағаның ішкі мазмұнының көрінісі болып, оның экономикалық табиғаты өзгерген кезде, өзгеретін қызметі саналады.

Келесі негізгі қызметтерді қарастырайық:

жоспарлы- есептік, ынталандырушы және бөлу.

Жоспарлы- есептік қызмет әрбір өнімнің өндірісі қанша шығын қажет ететінің көрсетеді, баға арқылы бөлек салалардың тиімділігін анықтайды, олардың даму қатнастарын қалыптастырады, өткізілген шараларға баға береді.

Ынталандырушы қызметі пайда көлемінің көбеюіне,сонымен қатар, өндірістін өсуіне, өнім сапасын жоғарлату ынтасына, ғылыми- техникалық жетістіктерді өндіріске еңдіруіне ықпал жасайды.

Бөлу қызметі жалпы пайданы салалар арасында қайта бөлу құралы ретінде қолданылады, яғни мемлекет жасалған пайданың бөлігін алады да, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге қайта бөледі.


  1. Жоспарлық баға қалыптастырудың принциптері.

Баға қалыптастыру келесі негізгі принциптерге сүйінеді.

    1. Партиялық принципі баға жоспарлаудың бірінші принципі. Партиялық құжаттарда , мемлекеттін барлық экономикалық және саяси мәселелері баға мәселесінде қыилысады делінген. Совет мемлекеті өмір сүрген жылдардың барлығында, партия баға қалыптастыруды әрбір келесі әлеуметтік экономикалық мәселені шешу үшін қолданылды.

    2. Баға жүйесінің мақсатты бағыты. Бұл принцип бойынша баға қатнасы қолданылатын әлеуметтік экономикалық мәселелер анықталады, яғни өндіріске және тұтынуға бағаның әсерін саналық қолдану.

    3. Жоспарлаудың үздіксіздік принципі. Алдымен бұл принцип өнімнің белгілі түрінің өндірілу процесінің барлық сатыларында бағаның қалыптасуын білдіреді, яғни бұл өнімді шығаруға жобалау тапсырыстан бастап, соңғы сатысы өнімнің моралдық төзу кезіне дейін.

    4. Мемлекетік тәртіп принципі. Бұл принцип өзінің біліктілік шеңберіне байланысты, мемлекеттік ұйымдармен қалыптастыратын баға, өнім мен қызметті өткізумен байланысты есеп айырысу кезінде, барлығына міндетті және жалғыз баға екендігін көрсетеді. Бағаның мемлекеттік тәртібін бұзу заңсыз болып табылады.

    5. Бағаны жоспарлау мен оны сақтауды бақылаудың бірлістігі принципі. Баға қалыптастыру құқығы бар мемлекеттік ұйымдарға бұл бағаны сақтауды бақылау міндетті болады. Бағаны қалыптастыру және баға жүйесін ұйымдастыру аз , бұл бағалар қарсылықсыз қолданылып, баға жүйесі іс жүзінде жұмыс істеуі керек.

    6. Демократиялық орталықтандыру принципі. Бұл принцип жоспарлаудың басты ұйымдастыру принципі болып табылады және ол барлық негізгі өнім мен қызметтерге мемлекеттік орталықтанған баға қалыптастыру министерстволар мен ведомстволарға одақтық республикаларға, облыстар мен жергілікті органдарға берілетін баға қалыптастыру саласындағы құқықтар мен міндеттерде тұрады.

4. Сатып алу және нарықтық бағалардың қалыптастыру принциптері.

Экономикалық дәлелденген сатып алу бағасы тауар өндіруші мен мемлекеттік мүддесін бірдей қорғайтын, өндірістін тиімділігн жоғарлатуға ықпал ететін баға.

Сатып алу бағасын экономикалық дәлелдеудің негізгі принциптері:



    1. Өндіріс шығындарын қайтару қажеттілігі. Сатып алу бағасы бәрінен бұрын тұтынылған өндірістік шығындарды қайтару мүмкіншілігін қамтамасыз етуі керек. Өзіндік құн бағаның минималды шегі ретінде қарастырады.

    2. Кеңейтілген ұдайы өндіріспен экономикалық ынталандыру үшін қор жинау қажеттілігі. Өзіндік құн бағасы өндірістік шығындарды өтеумен қатар ұдайы өндіріс үшін жеткілікті пайданы қамтамасыз ету керек. Сондықтан, баға өзіндік шығыннан жоғары болу керек.

    3. Аймақ бойынша бағаның дифференциациясы. Табиғи – экономикалық жағдайы нашар зоналар үшін баға жоғары, ал жағдайы жақсы аймақтар үшін баға төмен болу керек.

    4. Өнімнің сапасына байланысты бағаның дифференциациясы. Өнімнің сапссын есепке алу – экономикалық дәлелденгенсатып алу бағасының міндетті шарты.

    5. Өнімді өткізу мерзіміне байланысты бағаның дифференциациясы. Ерте дақылдар, кеш дақылдарға қарағанда жоғары бағамен өткізіледі, сондай-ақ, жылыжайда өсетін дақылдар. Бұл шарамен, қиын жағдайда өнімнің өндірісіне кеткен қосымша шығындар өтелуі қарастырылады.

    6. Мемлекет ішіндегі нарықтық конъюктураны және дүние жүзілік бағалар деңгейін есептеу.

Экономикалық дәлелденген баға ішкі нарықта қалыптасқан

ауыл шаруашылық өнімнің ұсынысын, оған деген сұранысын және баға деңгейін есепке алу керек. Атап айтқанда, ауыл шаруашылық өніміне дүние жүзілік бағалар деңгейі, өнім сапасының, шығындар мен тиімділіктің шын өлшеуіші болып табылады.Сатып алу бағасы мен қатар, ауыл шаруашылық өнімнің маңызды бөлігі нарықтық бағамен өткізіледі. Өйткені, нарықтық баға кәдімгі ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады. Нарықтық баға өнім сапасы мен өндіріс шығындарының арасындағы шартты норматив болып саналады. Кімнің сапасы жоғары , ал шығындары төмен , ол қосымша пайда алады және керісінше. Бәсеке жағдайындағы нақты бағалар нарықтық бағадан төмен, тең немесе жоғары болуы мүмкін. Ол нарықта қалыптасқан нақты жағдайларға байланысты.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

  1. Тақырып

Бағаны қалыптастыру жүйесіндегі баға саясаты.

1. Баға саясатының мәні және әртүрлі нарық түрлеріндегі бағаны қалыптастыру.

  1. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-тендігінің шарттары.

  1. Баға саясатының мәні және әртүлі нарықтық түрлеріндегі бағаны қалыптастыру.

Қандай да болмасын баға процедурасы бағалық саясатты зерттеп дайндаудан басталады. Баға саясаты бағаны аңықтау үшін қолданылатын қызметтің саналы басшылығы болып табылады.

Әдетінше, баға саясаты мақсаттардың логикалық үйлесуінен, мүмкіншіліктерінен, өнеркәсіптін құралдарынан тұрады. Баға саясаты негізгі принциптерді, фирмалар өз практикасында қолдануға тырысатын ережелерден тұрады. Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы бағаға әртүрлі сыртқы факторлар, нарықтың түрлері, бәсекелестіктер, сатыпалушылар мемлекет және т.б әсер етеді. Сатушының баға саясаты қазіргі жағдайда төрт негізгі нарық түрлеріне тәуелді. Осы төрт негізгі нарық түрлерінің әрбіреуі бағаны қалыптастыру саласында өз меселелерін қояды.



Таза бәсеке нарығы. Бұл нарық түрінің ерекшелігі -- бір тауардың сатушылары мен сатыпалушыларының көпшілігі. Мысалы, ет, металл, бидай және т.б. Ерекшклігі мынада, сатушы өз тауарына нарықты бағадан жоғары баға сұрай алмайды. Өйткені, сатыпалушылар оларға қажетті тауарды қандай да болмасын мөлшерде басқа сатушыдан еркін баға мен алады. Сонымен бірге сатушы нарықтық бағадан төмен баға сұрамайды. Өйткені, ол өз тауарын нарықтық бағамен сата алады. Бұл нарықтың түрінде сатушылар маркетингтің стратегиясын зерттеп дайндауға көп

уақыт жұмсамайды.



Монополистік бәсеке нарығы. Бұл нарық түрінің ерекшелігі—бірыңғай бағамен емес бағаның кең диапозоныңда келісім жасайтын сатушылардың көпшілігі. Бұл диапозон сатушылардың сатыпалушыларға тауардың әр түрлі варианттарын ұсынуға мүмкіншілігімен түсіндіріледі. Тауарлар бір-бірінен сапасымен, қызметтері, сыртқы пішінің безендіру және тауарларға жалғаспалы көрсетілетін қызметтермен ерекшеленуі мүмкін. Сондықтан, сатыпалушылар ұсыныстың айырмашылығын көріп, тауар үшін әр түрлі ақша төлеуге дайын. Ерекшелену үшін сатушылар бағадан басқа әр түрлі ұсыныстар жасауға тырысады және тауарларға таңба атауларын иелену, жарнама,жеке сату әдістерін пайдаланады.

Олигополистік нарық. Бұл нарық түрінің ерекшелігі – бағаны қалыптастыруға және нарыққа сезімтал сатушылардың аз санынан тұрады. Тауарлар бір-біріне ұқсас емес болуы мүмкін. Сатушылардың аз саны жаңа талапкерлердің бұл нарыққа өтуі қиынға түсетіндігімен түсіндіріледі. Өйткені, әрбір сатушы бәсекелестердің стратегиясы мен әрекетіне сезімтал. Олигополисшы бағаны түсіру нәтижесінде пайда алам деп сеңбейді және бағаны көтере алмайды. Өйткені, оның үлгісіне басқа сатушылар бас бұрмаған жағдайда ол бастапқы бағаға келуі немесе сатыпалушыларын жоғалтуы мүмкін.

Таза монополия нарығы. Бұл нарықтың түрі жалғыз сатушымен сипатталады. Бұл сатушы мемлекет және ұйым бола алады. Мемлекеттік монополия бағалар саясаты көмегімен әр түрлі мақсаттарға жетуді көздей алады, егер тауар тұтынушылар үшін өте маңызды болса және олар ол тауарды толық бағамен ала алмаса, онда бағаны өзіндік құнынан төмен қоя алады және тұтынушылардың санын азайту үшін жоғары баға қоя алады. Сонымен бағалар саясатының мүмкіншіліктері мен мәселелері нарықтың түрлеріне байланысты өзгереді. Дәлелді бағалар саясаты негізінде нарықта орын алу, сәйкес жетістіктерге жету мүмкін. Бағалар саясаты икемді болуға тиісті, әрқашанда тиімділігі тексеріліп, керек жағдайда өзгертіліп отырылуы қажет. Қазіргі уақытта нарықты экономиканың баға саясатына әсер ететін төрт нарық түрлері белгілі.

Баға саясаты тұтынушылардың мүмкіншіліктері мен көзқарастарының бағамен өзара тығыз байланысының негізінде құрылады. Бұл байланыс сұраныстың заңы және бағаның икемділігімен анықталады. Сұраныстың бағалық икемділігі тұтынушылардың баға өзгерістеріне сезімталдығымен анықталады және сұраныс көлемінің өзгеруі баға өзгеруіне қатнасы ретінде есептелінеді. Икемді сұраныс бағалық икемділік бірден үлкен ( ИK> 1) жағдайда орын алады, яғни бағадағышамалы өзгерістер сұраныстың көп өзгеруіне әкеледі. Бұл жағдайда жалпы табыс бағалар төмендегенде өседі және азаяды, егер бағалар жоғарласа. Икемді сұраныс келесі жағдайлар сақталғанда болуы мүмкін :



    1. өнімнің басқа түрлеріне қарағанда ұсыныстың озық өсуі,

    2. сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшактықты қысқарту.

Икемсіз сұраныс бағалық икемділік бірден кіші жағдайда

( ИК< 1) орын алады, яғни бағаның өзгеруі сұраныс көлеміне сәл әсер етеді. Соңғы табыс бағалар өскен кезде жоғарлайды, төмендеген кезде азаяды. Икемсіз сұраныс келесі жағдайлар сақталғанда болуы мүмкін :



    1. тауардың жоқтылығы немесе оны алмастырушы тауардың жоқтылығы,

    2. сатыпалушылар бағаның көтерілуін бірден байқамағандықтан,

    3. сатыпалушылар бағаның өсуін тауар сапасының өсуіне немесе инфляцияның өсуіне және т.б. жағдайларға сәйкес деп ойлайды.

Бірінші және екінші сұраныстың болуы келесі екі критерияларға негізделеді ; тауардың алмастырушыларына қол жетерлік және қажеттіліктердің маңыздылығы. Егер тұтынушылар ұқсас тауардың көптілігінен біреуін ғана аламын десе, онда сұраныс икемді және бағаның өзгеруіне тәуелді, ал сатыпалушы бір фирманың тауарын ерекшелеген жағдайда сұраныс икемсіз болып табылады және бағаның өзгеруі сұранысқа әсерін тигізбейді. Баға саясатын жүзеге асыру үшін, нақты шараларға сүйеніп, келесілерді анықтау керек

  1. масштабтарын, нарықтың сыйымдылығын, техникалық және саудалық сервиздің пішімдерін,

  2. тауардың барлық мерзімінде оны зерттеп дайындауға және өндіруіне кеткен шығындар қисығын,

  3. болжам бойынша бағаның болашақтағы динамикасы,

  4. техникалық прогресстің даму қарқының, басқа фирмалар жағынан бәсекелестіктің деңгейін.

  1. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-тендігінің шарттары.

Сұраныс -- өнімнің қоғамдық қажет құрамы мен көлемін көрсетеді.

Ұсыныс – түпкілікті сатуға түсетін өнімнің жиынтығы болып табылады.

Айырбас сферасындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара қатнасы және өзара байланысы, олардың тепе-тендікке тырысуы, тауарлы өндірістін маңызды экономикалық заңдылығын, сұраныс пен ұсыныс заның көрсетеді. Бұл заң ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкестік бұзылған жағдайда көрінеді. Тауардың нарықтық бағасы және тұтынушылардың сұранысың анықтайтын көлемі арасында белгілі ара- қатынас болады. Бұл қатнас график және сұраныс қисығы арқылы көрсетіледі.

Нарықтық баға

 

 



 

 

Сұраныс көлемі

Бұл сұраныс қисығы.

Нарықтық бағалар мен өндіруге және сатуға ықыласты

өнімнің көлемі арасындағы байланыс ұсыныс қисығымен көрсетіледі.



Нарықтық баға

 

 

 



 

ұсыныс көлемі

 

Берілген екі графиктерді біріктіру арқылы жаңа қиылысқан график саламыз . Осының арқасында тепе-тендік нүктесін табуымыз мүмкін.



Нарықтық баға

Өнім көлемі

 

 



 

График бойынша қиылысқан нүкте тепе-теңдік бағаны аңықтайды. Тепе-теңдік баға кезінде тауарларға тапшылықта және артықшылықта болмайды.

 

 

 



 

 

 



4 Тақырып

Маркетинг және бағаны қалыптастырудағы

бағалық стратегия.

  1. Бағалық стратегия негіздері.

  2. Стратегия түрлері.

  3. Баға стратегиясының әзірлеу кезендері.

  1. Баға стратегиясының мазмұны және түрлері. Баға стратегиясы белгілі бір нарықта өндірістің үйлесімді нәтижесіне жету мақсатында өнеркәсіптің өніміне бағаны және бағалық байланыстарды еңгізуіне және бақылауға талдау жасау. Бағалық стратегия пайданың көлемін және нарықтағы өнеркәсіптердің үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалық стратегия тауардың қызмет көрсету мерзімінің барлық уакытында толық тауарлық номенклатура бойынша және әрбір тауарға жеке өнеркәсіптің нарықта бағалық іс- әрекетінің стратегиялық бағыты болып табылады. Маркетингте стратегиялардың көп түрлерін анықтайды. Олардың негізгілерін қарастырайық .

  2. Стратегия түрлері.

  1. Жоғары бағалардың стратегиясы немесе қаймақты қалкып алу стратегиясы жаңа тауарларға бағаларды анықтайды. Жоғары табыстары бар тұлғаларға бейімделіп , алдымен тауарларға өте жоғары баға қойылады. Бұл адамдар үшін бағалық фактор негізгі емес жіне олар тұтынушылық қасиеттер мен сапалық мінездемелерді қажет етеді. Бастапқы тұтынушылық сұраныс өзгерген және өтімі азайған кезде баға орташа деңгейге дейін төмендейді. Енді өнімнің сұранысымен өтімі орташа табыстары бар тұлғалардың сегменті арқылы көбееді. Баға орташа деңгейге дейін төмендеген кезде де сұраныс азайса, баға әбден төмендетіледі және ол тауарларға енді жаппай тұтынушының қолы жетеді. Бұл стратегия арқылы нарықтың барлық сегменттерінен қаржылық қаймағы алынады. Осы стратегияны таңдап алған кәсіпорындар қысқа мерзімді мақсаттарды көздейді, яғни тез арада қаржылық жетістікке жетуді.

  2. Нарыққа берік еңу стратегиясы.Бұл стратегия ұзақ мерзімді мақсаттарға бағдарланады. Ол келесі жағдайларда тиімді

  • тауарға жеткілікті жоғары сұраныс болғанда,

  • таурға сұраныс икемді болғанда,

  • баға өскен жағдайда тұтынушының бәсекелестердің бар тауар таңбаларын немесе өзара алмастыратын тауарларды сатып алу мүмкіншілігі ,

  • төмен бағалар бәсекелестерді қызықтырмайды,

  • төмен бағаоар тұтынушыларға бұл тауардың сапаы төмен деп ойлауға мүмкіндік бермейді.

3) Дифференциалданған бағалар стратегиясы. Бұл стратегия әр түрлі нарықтар , сегменттер және сатыпалушылар үшін жеңілдіктермен және шегерімді бағалардың орташа деңгейіне орната алтын фирмалар тәжерибесінде қолданылады. Бұл стратегия сатыпалушыларды жазалауға немесе көтермелеуге , сатуды ынталандыруға немесе қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл стратегия келесі жағдайларда нәтижелі

  • оңай сегменттелетін нарық,

  • сұраныстың жоғары өсімталдылығы мен нарық сегменттерінің анық шектерінің бар болуы ,

  • тауарды қайта сатуға мүмкін болмауы.

4) Жеңілдік бағалар статегиясы.Бұл бағалар сатыпалушыларды қызықтыру мақсатында және уақытша шара ретінде сатуды ынталандыру үшін қолданылады. Бұл стратегия бойынша бағалар өндіріс шығындарынан төмен қойылып, тұрақты сатыпалушылар жөнінде сатуды ынталандыру және де жатып қалған тауардан қоймаларды босату үшін қолданылады.

5) Икемді, иілгіш бағалар стратегиясы. Бұл стратегия бағалардың өзгеруін сатыпалушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты қарастырады. Ұқсас емес тауарлардың әрбір партиясы және ұзақ мерзімді пайдалану тауарлар бойнша жеке келісім жасаған кезде қолданылады.

  1. Тұрақты , стандартты , өзгермейтін бағалар стратегиясы. Бұл стратегия ұзақ мерзім бойнша тауарларды өзгермейтін бағалар бойынша сатуды қарастырады. Бұл стратегия нарықта көп бәсекелестері бар жаппай тауар үшін тән. Баға қалыптастыру жүйесінде және маркетингте басқада бағалық стратегияның түрлері бар, бәсеке бағалар стратегиясы, беделді бағалар стратегиясы, өзгермелі бағалар стратегиясы және т. б.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

5.Тақырып



Бағаның құрамы және қырылымы

  1. Бағаның құрамы.

  2. Бағаның құрамындағы өнімнің өзіндік құны.

  3. Бағаның құрамындағы пайда және салық.

  1. Кез келген баға өзінің белгілі мөлшерде элементтерді қосады. Осы элементтердің құрамы бағаның түрлеріне қарай өзгере алады.

Бағаның құрамы және қырылымын

қарастырайық

Өнімнің өзіндік құны

Пайда

Көтерме сауда бағасы

Акциз

Кәсіпорынның босату бағасы

ҚСС

Кәсіпорынның босату бағасы ҚСС-мен немесе көтерме сауда делдалдардың сатып алу бағасымен

өткізу үстеме

сі


Көтерме сауда делдалдардың сату бағасы немесе

кәсіпорынның саудадағы сатып алу бағасы.



Сауда үстемесі

Бөлшек бағасы.

Егер тауар акциз салығы салынбаса , онда көтерме сауда бағасы босату бағасымен сәйкестеніп , бағаның құрылымы жеңілдетіледі. Өнеркәсіп өндіретін өнімнің бағасының құрылымын білсек, шығынның, пайданың және жанама салықтың бағаға қандай үлесін қосатындығын анықтауға болады. Осыған байланысты өзіндік құнның резерві (қоры) анықталады. Баға қалыптастыру стратегиясы жасалады және баға қалыптастыру әдісі сайланады.

Баға— нарықтық экономикадағы өнімнің бәсекелесуге жарамдылығының негізгі көрсекіштерінің бірі. Бағаның әрбір элементі нақтылы және оның құрылымы дұрыс болуы өте маңызды. Егер, бағаның құрамындағы меншікті салмақты пайда мен салық құраса, онда кәсіпорын тауар бағасын біртіндеп төмендетуге , бәсекелестерді ығыстыруға мүмкіндігі бар.

Подакциздік тауарлардың түрлері:


  • этил спирті, шикізаттың барлық түрлері,

  • арақ- шарап,

  • темекі өнімдері,

  • ювелирлік заттар,

  • мұнай , жанармай,

  • жеңіл автокөлік.

  1. Өнімнің өзіндік құны. Тауар бағасының ең негізгі элементі-- өзіндік құн болып табылады. Өзіндік құн -- өндіріске кеткен шығындар аен өнімді өткізудің ақшалай бағалануы.

Өзіндік құнның құрамындағы шығындар былай топталады.

  • Экономикалық мазмұнына қарай.

Берілген әдісте кірістер жеке шығындардың элементтеріне бөлінеді. Тәжірибеде өте сирек кездеседі.

  • Мақсат бойынша бағыттау – калькуляциялық баптарға.

  • Талапқа байланысты белгілі бір өнімнің (қызмет көрсету) енмесе басқа калькуляциялау объектеріне қарай : тура және жанама,

  • Өндіріс көлеміне байланысты: тұрақты және ауыспалы.

Өзіндік құнның калькуляциялық әдісін қарастырайық.

  1. Шикі зат және негізгі материал.

  2. Технологиялық қажеттіліктерге арналған көмекші материалдар.

  3. Технологиялық қажеттіліктерге арналған жанар-жағар май және энергия.

  4. Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы.

  5. Өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы.

  6. Өндірісті дайындауға және иеленуге кеткен шығындар.

  7. Құрал жабдықтарға кеткен шығындар.

  8. Цех шығыны.

  9. Жалпы зауыттық шығындар.

  10. Басқа да өндірістік шығындар.

  11. Өндірістен тыс шығындар .

  12. Қабылданған норматив.

Келесі шығындар баптарын қарастырайық :

6. Өндірісті дайындауға және иеленуге кеткен шығындарға жаңа құралдарға кеткен шығындар, өнімді өндіру технологиясына кеткен шығындар.

7. Құрал жабдықтарға қамтамасыз ету шығындарға : технологиялық құрал жабдықпен қамтамасыз етуге және ағымдық жөндеу жұмыстарына , тозу құнына кеткен шығындар жатады.

8.Цех шығындары—цехтің басқару аппаратының жалақысы өтелім есебімен және ғимарат салу немесе жөндеуден өткізу, еңбекті қорғау.

9.Жалпы зауыттың шығындарға -- өнеркәсіп басқармасы аппаратының жалақысы, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін , іс – сапарлық , кеңселік , пошта – телеграфтік шығындар және т.б. жатады.

10. Басқа да өндірістік шығындар – салықтар, міндетті бөлінулерге .

11. Өндірістен тыс шығындарға -- өнімді өткізуге кеткен шығындар кіреді.

Кейбір салаларға байланысты көрсетілген шығындар номенклатурасы типтік болып табылады. Мысалы, тамақ өнеркәсіп салаларында " суық " бабы бойынша технологиялық қажеттіліктері пайда болады. Бұл шығындарда өнімнің өзіндік құнына қосымша бабы болып кіреді .



  1. Баға жүйесіндегі пайда.

Баға құрамындағы тағы бір негізгі элементтің бірі -- пайда болып табылады. Пайда -- бұл кәсіпорынның кірісі, өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім өндіріс шығындарына қатнасы арқылы анықталады. Салықты төлегеннен кейін кәсіпорын таза пайда алады немесе кәсіпорынның басқаруында қалапын пайда . Таза

пайда қорлану қоры, тұтыну қоры және резервтік қор болып бөлінеді.

Қорлану қоры арқылы өнеркәсіп жобалық инвестицияны , мамандарды қайта дайындауға іске асыра алады.

Тұтыну қоры өнеркәсіп жұмысшыларын ынталандыру , яғни қосымша төлем беру арқылы әлеуметтік саладағы мекемелерді қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Бағаны қалыптастыру пәні бойынша тест сұрақтары:

1 тақырып

  1. Баға жүйесі қандай элементтерден тұрады:

а) көтерме баға

в) сатып алу бағасы

с) сметалық баға

д) бөлшек бағамен тарифтік баға

е) барлығы дұрыс.


  1. Баға қандай қызмет атқарады:

а) жоспарлы – есептік

б) ынтарандырушы, атқарушы

с) жоспарлы есептік, ынтарандырушы, бөлу

д) бөлу, жоспарлық

е) дұрыс жауабы жоқ.

3. Құрылыс өнімдеріне баға құрылушы ұйымдармен толық және жартылай салынған объектілерге есеп айырысу үшін қандай баға қолданылады :

а) біртұтас

б) сметалық

с) бөлшектік

д) жоспарлық

е) көтерме


  1. Әр түрлі өндірістік және өндірістік емес қызметтерге орнатылған баға қалай аталады:

а) тарифтік

б) транспоттық

с) бөлшектік

д) жоспарлық

е) көтерме


  1. Жалпы пайданы салалар арасында қайта бөлу құралы ретінде қандай қызмет қолданылады:

а) ынтарандырушы

в) жоспарлы- есепті

с) нарықтау

д) қайта бөлу

е) бөлу қызметі.


  1. Көтерме баға – дегеніміз :

а) тұтынушылық кооперативтік бағасы

в) құрылысшылар өнімінің бағасы

с) өнеркәсіптік өнімнің бағасы

д) комиссиондық сауданың бағасы

е) тарифтік ставка


  1. Ынталандырушы қызмет қандай қызмет атқарады:

а) табысты бөлу инструменті

в) пайда көлемін көбейту

с) өндіріс шығындарының көрсеткіші

д) формалды статистика үшін

е) есеп берудің берілгендері

8. Жоспарлы- есептік қызмет қандай қызмет атқарады

а) табысты бөлу инструменті

в) пайда көлемін көбейту

с) өндіріс шығындарының көрсеткіші

д) формалды статистика үшін

е) есеп берудің берілгендері

9.Өндіріс көлемінің өсуіне , өнім сапасының жоғарлауына , ҒТП-ң жетістіктерін еңгізуіне итермелейтін бағаның қандай қызметті атқарады:

а) жоспарлы

в) есептік

с) ынталандырушы

д) бөлу


е) коммерциялық

10. Пайда үлесін жоғарлататын бағаның қандай қызметі атқарады:

а) жоспарлы -есептік

в) ынталандырушы

с) бөлу

д) әлеуметтік



е) өндірістік

11.Құрылыс өнімдерінің бағаларын кімдер анықтайтайды

а) тапсырушы

в) құрылыс ұйымы

с) жобалы ұйым

д) мемлекеттік чиновниктар

е) инвесторлар

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

2 тақырып

1. Баға қалыптастырудың қандай принциптерімен сәйкес бәрінен бұрын әлеуметтік және экономикалық мәселелерді анықтайды:

а) жоспарлы бағалардың үздіксіздігі

в) бағалар жүйесінің мақсаттық бағыттығы

с) бағалардың жоспарлау бірлігі және оларды сақталуын бақылау

д) мемлекетік пәндер

е) барлық жауаптар дұрыс.

2. Қызмет көрсетулердің тарифтері бағаның қандай тобына жатады:

а) қызмет көрсететін айналымның сипаты бойынша:

в) мемлекеттік ықпал етуден байланысты

с) бекіту тәсілі бойынша

д) бекіту уақыты бойынша

е) дұрыс жауабы жоқ.

3. Реттелетін бағалар қандай топқа жатады:

а) қызмет көрсететін айналымның сипаты бойынша

в) мемлекеттік ықпал етуден байланысты

с) бекіту тәсілі бойынша

д) бекіту уақыты бойынша

е) дұрыс жауабы жоқ.

4. Нарықтық бағаның қалыптастыру принципі:

а) өндіріс шығындарын қайтару қажеттілігін ескеру

в) өнімнің сапасына байланысты баға дифференциациясы

с) аймақ бойынша бағаның дифференциациясы

д) өнімді өткізу мерзіміне байланысты бағаның дифференциациясы

е) жауаптың бәрі дұрыс.

5. Келісімді орындау кезінде өндірістің шығындарының өзгеру есебімен бірінші шартты бағаларды тексеру жолымен қойылатын баға:

а) қозғалмалы

в) анықтамалық

с) тіркелген

д) сырғымалы

е) шекті


6. Алдын ала келісімде қаралған уақытта берілген, келісім уақытында қалыптасқан бағаны көрсетіңіз:

а) жылжымалы

в) қозғалмалы

с) сырғымалы

д) тіркелген

е) шекті


7. Реттелетін бағалар кімдермен бекітіледі:

а) сұраныс пен ұсыныс негізінде өндірушімен

в) сәйкестелген билік органдарымен

с) нарық субъектілерімен

д) мемлекетпен

е) монополистермен

8.Бағаларды жоспарлауда маңызды ұйымдастырушы принципі болып табылатын қандай принцип:

а) мақсатты бағыттылық

в) жоспарлау және бақылау

с) жоспарлаудың үздіксіздігі

д) демократиялық ортақтандырылған

е) дұрыс жауабы жоқ.

9.Бөлшек бағалар келесі өнімдерге бекітіледі:

а) өнеркәсіптік өнімдерге

в) көтерме өнімдері

с) ауылшаруашылық

д) халықтық тұтыну тауарларына

е) дұрыс жауабы жоқ.

10. Баға қалыптастырудың принциптерінің қайсысы ерекше ауылшаруашылық өнімінде сақталады:

а) өндіріс шығындарының орнын толтыру

в) жинақтауды құру қажеттілігі

с) таратылған өнім мерзіміне байланысты бағалар дифференциациясы

д) бағалардың тұрақтылығы және жылжымалдығы

е) нарық коньюктура есебімен.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



3.Тақырып

  1. Егерде нарықтық баға тепе- тендіктен төмен болса, онда:

а) тауардың артықшылығы пайда болады

в) тауардың тапшылығы пайда болады

с) сатыпалушылардың нарығы қалыптасады

д) ресурстардың бағасы төмендейді

е) дұрыс жауабы жоқ.


  1. Егер де тауарға деген сұраныс пен ұсыныс өскенде, онда:

а) баға жоғарлайды

в) тауардың жалпы саны ұлғаяды

с) баға тұрақты болады

д) қоғамның әл- ауқаты өседі

е) дұрыс жауабы жоқ.


  1. Егер де тауарлар өзара алмастырмалы болса, онда біріншісіне бағаның өсуі қандай жағдайды туындатады:

а) екінші тауарға деген сұраныстың төмендеуіне

в) екінші тауарға деген сұраныс ұлғаяды

с) екінші тауарға деген сұраныс көлемі өседі

д) екінші тауарға деген сұраныс көлемі төмендейді

е) дұрыс жауабы жоқ.


  1. Монополист бәсекелес фирмадан қарағанда айырмашылығы:

а) өзінің өніміне кез келген бағаны тағайындалады

в) шекті табыс және шекті шығын тепе- тендігінде пайданы ұлғайтады

с) кез келген өнім корпорацияларөлемін өндіріп және оны кез келген бағаға сата алады

д) барлық жауабы дұрыс

е) дұрыс жауап жоқ.


  1. Жалғыз сатушыны сипаттайтын нарықтың түрі:

а) олигополиялық нарық

в) таза монополия

с) монополистік бәсеке нарығы

д) таза бәсеке нарығы

е) бәрі де жатады


  1. Өнімнің қоғамдық қажет құрамы мен көлемін не көрсетеді:

а) ұсыныс

в) нарық

с) сұраныс

д) тепе-тендік баға

е) таза бәсеке нарығы


  1. Таза бәсеке нарығы төмендегілерден құралады:

а) сатушылар мен сатып алушылардың көптігі

в) бір сатушыдан

с) сатушылар мен сатып алушылардың шекті сандарынан

д) үш сатушыдан

е) төрт сатушыдан


  1. Олигополиялық нарық төмендегілерден құралады:

а) бір сатушыдан

в) бір өндірушіден

с) көпшілік сатушылардан

д) бірнеше сатушылар санынан

е) бір делдалдан


  1. Тепе- тендік баға бұл –

а) артықшылық сұранысты құрайтын бағадан жоғары баға

в) тапшылық та жоқ және залалдары да жоқ баға

с) барлық жауаптары дұрыс

д) үкіметпен белгіленген баға

е) дұрыс жауабы жоқ.


  1. Олигополиялық нарық монополистік бәсеке нарығымен ұқсастығы мынада:

а) салаларға еңу үшін кез келген кедергілердің жоқтығында

в) фирмалар үшін стратегиялық тәртіп тән

с) бірнеше сатып алушылар саны әрекет етеді

д) фирмалар нарықтық билікті меленеді

е) бір тектес тауарлар шығарады

 

 



 

 

 



 

 

 



 

    1. Тақырып

  1. Жоғары бағалар стратегиясы мынадай түрде берілуі мүмкін:

а) нарыққа еңу стратегиясы

в) лидердің соңынан жүру стратегиясы

с) баға қалыптастырудың сый ақы стратегиясы

д) баға қалыптастырудың әділетті стратегиясы

е) а және е жауаптары дұрыс


  1. Сатыпалушыларды қызықтыру мақсатында және уақытша шара ретінде сатуды ынталандыру үшін қолданатын қандай стратегия:

а) жоғары бағалар стратегиясы

в) нарыққа еңу стратегиясы

с) дифференциалданған бағалар стратегиясы

д) жеңілдік бағалар стратегиясы

е) икемді бағалар стратегиясы


  1. Ұзақ мерзім бойынша тауарларды өзгермейтін бағалар бойынша сатуды қарастыратын қандай стратегия түрі:

а) жоғары бағалар стратегиясы

в) нарыққа еңу стратегиясы

с) дифференциалданған бағалар стратегиясы

д) жеңілдік бағалар стратегиясы

е) икемді бағалар стратегиясы


  1. Нарыққа берік еңу стратегиясында болатын тиімді жағдайларды көрсетіңіз:

а) тауарға жеткілікті жоғары сұраныста

в) тауарға сұраныс икемді болғанда

с) төмен бағалар бәсекелестерді қызықтырғанда

д) төмен бағалар болғанда

е) барлық жауаптар дұрыс.


  1. Дифференциалданылған бағалар стратегиясында қандай жағдайларда нәтижелі болады:

а) оңай сегменттелетін нарық

в) сұраныстың жөғары өсімталдылығы

с) нарық сегменттерінің анық шектерінің бар болуы

д) тауарларды қайта сату мүмкіндігі

е) баолық жауаптар дұрыс .


  1. Бағалардың өзгеруі сатып алушылардың мүмкіндігіне байланысты қарастыратын стратегия:

а) жоғары бағалар стратегиясы

в) нарыққа еңу стратегиясы

с) дифференциалданған бағалар стратегиясы

д) жеңілдік бағалар стратегиясы

е) икемді бағалар стратегиясы


  1. Баға қалыптастыру жүйесінде және маркетингте басқа да бағалық стратегия түрлері бар, көрсетіңіз:

а) бәсеке бағалар стратегиясы

в) беделді бағалар стратегиясы

с) өзгермелі бағалар стратегиясы

д) в және с жауптары дұрыс

е) барлық жауаптар дұрыс.

8. Экономикалық қатнастарын нарық арқылы негізгісі болып келетін өндірістік тауарлармен шарттасқан экономикалық категория:

а) баға

в) ақша


с) сұраныс

д) құн


е) кәсіпкерлік қабілет.

  1. Бағаның деңгейіне қандай факторлар әсер етеді:

а) экономикалық, деңгейлік

в) экономикалық, саясаттық , әлеуметтік

с) келісімдік, тіркелген

д) ешқандай факторлар әсер етпейді

е) мемлекет, нарықтық орта.


  1. Жаңа тауарларға баға белгілеу стратегиясы кезінде бірінші мыналар құрылады:

а) төмен баға

в) максималды баға

с) максималды төмен баға

д) нарықтың орташа бағасы

е) орташа табысты тұтынушылырдың сегменті үшін баға.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

    1. Тақырып

  1. Өзіндік құн құрамындағы жанама және тікелей шығындар қандай топқа жатады:

а) экономикалық мазмұны бойынша

в) мақсатты бағыттау бойынша

с) белгілі өнім түріне жататын принцип бойынша

д) өндіріс көлеміне байланысты бойынша

е) дұрыс жауабы жоқ


  1. Құрылыста ағымдағы жөндеу шығындары қандаай шығындарға жатады:

а) цех шығындары

в) өндірістік шығындары

с)өндірістік емес шығындары

д) жабдықтарды эксплуатацияға және сақтауға кеткен шығындары

е) дұрыс жауабы жоқ.


  1. Жалақыға қосымша төлем ретінде кәсіпорынның жұмысшыларын ынталандыру қалай өндіріледі:

а) тұтынушылық қордан

в) жинақтау қордан

с) резерв қорынан

д) сый ақы қорынан

е) сақтандыру қорынан

4.Егер де бағаның құрамында неғұрлім салмақты үлесті пайда мен салықтар иеленсе, онда кәсіпорында қандай мүмкіншілігі бар:

а) сату көлемін жоғарлата тауардың бағасын төмендету

в) сату көлемін төмендете тауардың бағасын төмендету

с) бағаны өсіру және сату көлемін жоғарлату

д) бағаны өсіру және сату көлемін төмендету

е) дұрыс жауабы жоқ.

5. Кәсіпорынның жинақтау қор есебінде келесілерді жүзеге асыра алады:

а) әр түрлі инвестициялық жобалар

в) әлеуметтік сферадағы мекемелерді сақтау

с) жұмысшылардың еңбегін төлеу

д) стихиялық апаттар мен байланысты шығындар

е) баланстық шығындар

6.Жаңа құрал жабдықтауға, өнімді өндіру технологиясына кеткен шығындар қандай шығындар бабына жатады:

а) өндірісті әзірлеуге және иеленуге кеткен шығындар

в) құрал жабдықтар мен қамтамасыз ету

с) цех шығындар

д) жалпы зауыттық шығындар

е) өндірістен тыс шығындар.


    1. Подакциздік тауарларға не жатады:

а) этил спирті

в) арақ- шарап, темекі

с) ювелирлік заттар

д) мұнай , жанармай

е) барлық жауаптар дұрыс


    1. Өндіріске кеткен шығындар мен өнімді өткізудің ақшалай бағалау:

а) өзіндік құн

в) қосымша құн

с) үстеме

д) шегерім

е) жалақы


    1. Өзіндік құнның құрамындағы шығындар қалай топталады:

а) экономикалық мазмұнына қарай

в) өндіріс көлеміне байланысты

с) мақсат бойынша бағыттау—калькуляциялық

д) талапқа байланысты баптары

е) жауаптардың барлығы дұрыс.


    1. Өнеркәсіп басқармасы аппаратының жалақысы, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін , іс-сапарлық , кеңселік, т.б. жататын шығындар :

а) өндірісті әзірлеуге және иеленуге кеткен шығындар

в) құрал жабдықтар мен қамтамасыз ету

с) цех шығындар

д) жалпы зауыттық шығындар

е) өндірістен тыс шығындар.

 

 



 

 

 



 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі



Негізгі

  1. Тультаев К.А., Ондасынова А. И. Ценообразование в условиях перехода в рыночной экономике. Учебное пособие – Алматы. Экономика 1997г.

  2. Есипов В.Е. Цены и ценообразование. Учебник . Питер 1999г.

  3. Желтякова И.А, Маховикова Г. А. Цены и ценообразование-- Питер 1999г

  4. Голощапов Н.А. Организация ценообразования на предприятии – Гелан 2000г.

  5. Шуляк П.Н. , Ценообразованияе - М. ИД " Дашков и К" 1999г

  6. Салимжанов И. К. Цены и ценообразование – М, Финстатинформ 2001г.

  7. Уткин Э. А. Цены и ценообразование—М. 1997г.

Қосымша

  1. Закон " О ценообразовании в Казахской ССР ". Постановление Верховного Совета Казахской ССР № 41 – ХП – 1990--, 15 января.

  2. " О налогах и других обязательных платежах в бюджет " Указ Президента РК , имеющий силу закона – Алматы, "Каржи- Каражат", 1995г.

  3. О мервх по либерализации цен в РК. Указ Президента РК от 3 января 1992 г. Советы Казахстана , 1992 – 4 января.

  4. Положение о составе затрат по производству и реализации продукции (рабат , услуг) и о порядке финансовых результатов , учитываемых при налогооблажении прибыли . Казахстанская правда , 1994- 1 июля.

  5. . Цены и ценообразование: Учебник под. ред. проф. Дерябина А.А., М.: Фи С, 1986 г.

  6. Ценообразование. Под ред. Салимжанова И.К. , - М : Финстатинформ 1995 г.

  7. Мельников В.Д., Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана, - Алматы: "Қаржы-Қаражат",1995 г.

  8. Сметное нормирование и ценообразование строитеьных работ . Под ред. Комаровского П. Е., - М.: ФиС, 1989 г.

  9. Грузовые перегрузки и тарифы . Под ред. Нерума Ю. М. – М: транспорт , 1988 г.

  10. Вихляев А.А., Шавшивили М, Розничные цены. –М : ФиС, 1990 г.

  11. Павлов В.С., Шпрыгин В.,Реформа ценообразовиния, - М.: ФиС, 1990 г.

  12. Пунин Е.И. , Маркетинг , менеджмент и ценообразование на предприятиях в условиях рыночной экономики. Под ред. член.- корр. РАН, проф. Облинского Э.Е.,-М.: Международные отношения.

  13. Сатубалдин С.С., Жумасултанов Т.Ж., Никулина Р.В., государственное регулирование цен в условиях мирового рынка: мировой опыт, возможности , проблемы , - Алматы .: КИМЭП, 1994г.

  14. Аналиев Т.Ч. ,Контроль за ценами и затратами в строительстве . Экономика строительства . – 1994г- № 4 . С. 29-30.

  15. Кузовкин А., Ценообразование и ценовая политика в топливо- энергетическом комплексе. Экономист. – 1995г – апрель С. 92-96

  16. Новиков В. , Ценообразование в переходной период . Экономист- 1996г № 3 С 64-69.

Каталог: Книги
Книги -> Дәріс №10. Маркетингтегі коммуникация жүйесі
Книги -> Дәріс №3. Маркетингтік зерттеулер және маркетингтің ақпарат жүйесі
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> Дәріс № Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті
Книги -> Маркетингтен тест сұрақтары
Книги -> Мемешов С. К. Топырақтану геология негіздерімен (Оқу-әдістемелік кешен) Көкшетау, 2012 мазмұНЫ
Книги -> «Тұрғындар географиясы» пәнінен оқу-әдістемелік кешені жоғары оқу орындарының 5В011600 «География» мамандығы бойынша оқитын студенттер, сонымен қатар магистранттарға және оқытушыларға ұсынылады


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді