Саржала XVII ғасырдың аяғында өмір сүрген, атағы елге кең тараған, әйгілі халық батырларының бірі. Оның мейірім-шапағаты жарлы-жақыбайларға көп тиген



бет1/5
Дата19.01.2023
өлшемі18.85 Kb.
#417428
  1   2   3   4   5
Байланысты:
мәтін оқу сауаттылығы
1-4 сынып тәрбие жоспары, 1559927818, 8 сынып фак, Позитивті ойлау, Мемлекеттің ақша қоры, Мемлекеттің ақша қоры, Біріншілік профилактика неге бағытталан, 1613017969 1

1-мәтін
Саржала – XVII ғасырдың аяғында өмір сүрген, атағы елге кең тараған, әйгілі халық батырларының бірі. Оның мейірім-шапағаты жарлы-жақыбайларға көп тиген.
Саржала батыр – мал жинап, дәулет асырып, байлықты мақсат етпеген адам. Ол «Байлық – мұрат емес, жоқтық ұят емес» деген қағиданы ұстанып, өмірі мен қайрат-қабілетін қара халықтың дұшпандарымен күрес жолына жұмсаған жан болған. Саржала батырдың үш баласы болған. Олардың ішінде асқан қайрат иесі, ақыл-парасаты кең, халық ұлы атанардай, әкесінің жолын қуатын ешқайсысы болмаған. Саржала батыр сексеннен асып, тоқсанға жақындағанда: «Апырмай, тәңірім өзіме теңдес бір ұл бермеді-ау! Өмір бойы ұстаған мақсат-мүддемді кім жалғастырар екен! Мына сауыт-сайманым шіріп далада қалар ма екен?» - деп қалың ойға батып жүреді.
Бір күні жолдастарымен ат үстінде келе жатып, қаперсіз ойнап жүрген көп баланы көреді. Қару-жарақтарын асынып, суыт жүрген, сатырлап қыр астынан шыға келген батырлар балалардың зәресін ұшырып, қатты қорқытады. Қорыққан балалар тым-тырақай қаша жөнеледі. Тек бір бала ғана бұқа болып өкіріп, топ алдына келе жатқан Саржала батырдың атына топырақ шаша бастайды. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген батырдың арғымағы да, басқа аттылар да бұрылып кетеді.
Анадай жерге барып, атының басын тежеп Саржала батыр: «Мына баладан ерен бір қасиет байқағандай болдым. Осы баланың үйін сұраңдаршы. Солай қарай ат басын бұрайық», – дейді.
Баладан үйін сұрап, батырлар сонда барып түседі. Бұл үй Тайман ақсақалдың шаңырағы болып шығады. Жаңағы батырлардың атын үркіткен Тайманның төрт баласының бірі – Исатай екен. Исатай қайсар, тез шешім қабылдай алатын бала екен. Тайман ақсақал келген батырларды жібермей, ас-суын беріп, барынша қонақ етеді. Сонда Саржала батыр: «Сіздің үйге қонақ болайық деп келген жоқпыз. Мына балаңыз үшін келдік», – деп манадан бері қонақтардан көзін алмай қарап отырған Исатайды көрсетеді. Сосын үстіндегі сауыт-сайманын шешіп, керегенің басына іліп: «Тура биде туған жоқ» деген бар. Өз балаларым ренжи қоймас, менің сауыт-сайманыма өскенде осы бала – Исатайжан ие болар», – деп, қолын жайып батасын беріп, Саржала батыр жүріп кеткен екен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет