Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ

Loading...


бет100/108
Дата22.04.2017
өлшемі0.94 Mb.
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108
85-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ
ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері


      1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:


      1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;


      2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;


      3) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;


      4) мынадай:


      салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың мүлікке;



      салық төлеушінің мүлікке, оның ішінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындамаған кезде импортталатын тауарға билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.



      Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу жөніндегі орындалмаған салық міндеттемесіне қатысты қолданылмайды.


      1-1. Егер салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес операторға жүктелсе, онда мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің:


      осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілдері операторға қатысты қолданылады;



      осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері бір мезгілде операторға және жай серіктестіктің (консорциумның) әрбір қатысушысына қатысты қолданылады.


      2. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611-613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында


      көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.


      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi:


      1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған, 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар;


      2) өтініштері осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіппен қаралатын салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қатысты қолданылмайды.


      3-1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:


      1) банкрот деп танылған жағдайда – салық төлеушіні банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;



      2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – оңалту жоспарын бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;



      3) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді сот бекіткен жағдайда – осындай келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;



      4) банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда – мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.



      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесінің сомасы бойынша және (немесе) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған салық төлеушінің салық міндеттемелері бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы тараудың ережелеріне сәйкес қолданылады.


      3-2. алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).


      РҚАО-ның ескертпесі!

      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).





      4. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.


      5. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші – заңды тұлғаға осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.


      Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қолданылғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін бір мезгілде қолданады.


      6-1. Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.


      7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.


      Ескерту. 609-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 9-баптан қараңыз); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 399-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


610-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл


      1. Осы баптың 3-тармағында белгiленген мерзiмiнде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомасының есебіне жазылатын мөлшер өсiмпұл болып танылады.


      2. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан өсiмпұл сомасы есепке жазылып, төленедi.


      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өсімпұл салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, оның ішінде солар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.


      4. Салық және басқа да міндетті төлемдердің, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есептемегені); салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдар сомасын, сондай-ақ шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын және есепке жазылған банктік сыйақыларды төлеу есебіне енгізілген қолма-қол ақшаны бюджетке уақтылы аудармағаны үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есепке жазылады.


      5. Салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан және акциздерден басқа) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады. Салық төлеушіге қатысты "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда, салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген кезде өсімпұл есепке жазылмайды.


      6. Алынып тасталды - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.


      7. Бересiнің жиналып қалуының бiрден-бiр себебi қызмет көрсететiн банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердiң кредит берушiлерiне бересi сомаларын дер кезiнде өтемегенi үшiн өсiмпұл банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген кезден бастап есепке жазылмайды.


      8. Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арыз берген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн бересiнi өтеу үшiн сот шешiмiмен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылатын бересi сомасына өсiмпұл есепке жазылмайды.


      9. Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап, оның күшi жойылғанға дейiн бересi сомасына өсiмпұл есепке жазылмайды.


      10. Өсімпұлға және айыппұл сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.


      11. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомаларын есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген бересі сомасына есепке жатқызу жүргізуге төлем құжатының күнінен бастап өсімақы есепке жазылмайды.


      12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемдер сомаларын аудару кезінде:


      1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаны есептен шығарған күнінен бастап;


      2) салық төлеушінің банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күнінен бастап;


      3) салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізген күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.


      13. Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 599- бабының 8-тармағында белгіленген есепке жатқызуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.


      14. Салық органдары тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін есептеген салық сомаларын қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы мен көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.


      15. Өсімпұл:


      1) сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөнінде ұйғарым шығарған;



      2) оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген;



      3) сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бересі сомасына есепке жазылмайды.



      Бұл ретте:



      1) салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап;



      2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда – оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;



      3) салық төлеуші "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда – сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.



      Ескерту. 610-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


611-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру




      1. Осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен мынадай жағдайларда:


      1) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзiмде салық есептiлiгiн табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;


      2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтінішті табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;


      3) салық берешегiн өтемегенде – осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейiн;


      4) осы Кодексте белгiленген салықтық тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық органының лауазымды адамдарын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салықтық тексеруге және зерттеп-тексеруге жібермегенде - жіберілмеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;


      5) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарғанда – қайтарылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;


      6) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамағанда – осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;


      7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмағанда - осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.


      РҚАО-ның ескертпесі!

      2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).





      2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:


      1) осы Кодекстің 55-бабында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерін төлеу бойынша операциялардан;


      2) ақшаны:


      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;



      РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).





      еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;



      салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.


      Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде жүргізіледі.


      3. Салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып белгiлеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енгізіледi.


      Салық органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес жасалады.


      4. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмiн банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар бұлжытпай орындауға тиiс.


      5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.


      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тиісті салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен қоса шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді салық органына қайтарады.


      Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден көп банк шоты болған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банк шоттарының соңғысын жапқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай өкімді тиісті салық органына қайтарады.



      Ескерту. 611-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан дипломатиясы 13 Қараша 2015
upload -> Баспасөз хабарламасы 2016 жылдың алғашқы тоғыз айындағы Қмг бө операциялық нәтижелері Астана, 25 қазан 2016 ж
upload -> Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты
upload -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
upload -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
medialibrary -> Ақпараттық хабарлама «Қазтеміртранс»
medialibrary -> Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
жалпы білім
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
дістемелік кешен
мелетке толма
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...