Сабақтыңтақырыбы Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті?



бет3/7
Дата11.04.2022
өлшемі1.38 Mb.
#219974
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚМЖ 09.04.2022
логикалық есептер, Теріс сан, Алгебра 2-тоқсан 8-сынып, БЖБ 7 кл, БЖБ 8 сынып, Соцпаспорт, 1605334736, Doc1-шаб-грамоты, Қалжың есептер, график Сор и соч 5ә сыныбы, Парақпен жасалатын жаттығулар, Комбинаторикалық жаттығулар
Құндылықтарғабаулу

Кемелдікке талпыну

Пәнаралықбайланыс

Өнер

АКТ пайдалану дағдылары

Интерактивтік тақтаны пайдалану - иллюстрация

Алдын ала білімдері

Көне дәуір және орта ғасыр өнері.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Педагог әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ширату.

Мұғалім 1300 жылы және 1500 жылы жазылған екі суретті көрсетеді. Және бірқатар сұрақтарды қояды:




  • Қай сурет бұрынырақ жазылған?

  • Бұл суреттер қай уақытта жазылды, сіздер қалай ойлайсыздар? Ерте, орта немесе кейінгі орта ғасырда?

  • Өз пікіріңді түсіндір.

Мұғалім бүгін қандай сұрақ қарастырылатынын сұрай отыра сабақтың тақырыбын қалыптастырады. Содан кейін оқытудың, сабақтың мақсаттары мен табыс критерийін айқындайды.

Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық.

Ортасы

Ұғыну.

Ресурстар бағанында көрсетілген немістің Қайта өркендеу дәуірінің өкілі Грюневальдтің Исаның крестке танылу бейнесі бар суретті көрсетіңіз. Оқушылар бұл суретке тыныштықта қарасын. Оны қарай отыра сурет оларда қандай сезім тудырғанын жазулары керек.



К «Суретші сізді қалай сезінуге итермелейді» сұрағын қойыңыз. Жұптарды осы сұрақтарды талқылауын сұраңыз.

Оқушылар не сезінгенін айтыс. Бұл сөздерді тақтаға жазыңыз.



К Сұрақтың жауабын талқылаңыз.

Суретшіге бір нәрсені өмірдегідей етіп салу қиын ба?

«Перспектива» ұғымын түсіндіру. Оқушылардың назарын сурет өнеріндегі «ая (фон)» аударту, бүкіл суреттер тегіс емес көлемді салынғанын, яғни ондағы объектілер кенеппен бір деңгейде орналасып тұрғандай екенін түсіндіру.

Сөйтіп, суретші өмірдің көрінісін салуға тырысты.

Суреттің Германияда Қайта өркендеу кезеңінде аяқталғанын (ол екінші туылуын» білдіреді), ол кезде суреттер шынайы бола бастады және Еуропадағы үлкен өзгерістер уақытын білдіретіндігін айтып өтіңіз.


Сәби Иса және Дева Мария бейнеленген тағы екі діни суретті көрсетіңіз. Оқушыларға суреттерді тыныштықта қарап шығу үшін уақыт беріңіз. Жұптарға сурет Қайта өркендеу дәуірінде жазылды ма деген сұрақты талқылауын және олар неге олай ойлайтындығын сұраңыз.

Олардың пікірлерін тыңдаңыз.



П. Сыныпқа осы екі сурет арасында 200 жылдан астам уақыт өтті. Олар осы 200 жылдық кезең аралығында қоғамдағы өзгерістер суреттердегі қандай өзгерістерге әкеліп соқтырғанын топшылай алады ма?

Жұптасып талқылаңыз:

Суреттегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар?

Қай сурет Қайта өркендеу дәуірінде салынды (толықтай түсіндіру)

Суретшілер көрермендерде қандай сезім тудырғысы келді?

П. Христостың бастапқыдағы суретіне қайтып оралыңыз. Енді ресурстар бағанынан осы жағдайдың орта ғасырларда бейнеленуін табыңыз. Оның бірінші суретпен салыстырғандағы ұқсастығы мен айырмашылығы (орта ғасырдағы суреттегі нұр сәулеге назар аударыңыз) туралы пікірлерді тыңдаңыз және қай сурет Қайта өркендеу дәуіріне дейін, ал қай сурет Қайта өркендеу дәуірінде жазылғанын сұраңыз (бекіту үшін).

Ресурстар бағанындағы сілтеме бойынша Джорджо Вазари жазған XV ғасырдағы Флоренцияның бейнесін көрсетіңіз. Қалалардың пайда болуы туралы пікірлерін айтуды ұсыныңыз: үлкен / шағын, бай / кедей және т.б. Итальяндық қала Флоренцияны кей кездері «Қайта өркендеу бесігі» деп атайды. 1500 жылдар шамасында саяси қарама-қайшылықтарды сипаттайтын Еуропа және Италия карталарын көрсетіңіз

Қайта өркендеу дәуірі тек сурет өнерін ғана емес, ғимараттарды жобалау, дін, білім мен ойлаудың барлық түрлерін, музыка, мүсін, әдебиет, саясат және т.б. қоса алғанда еуропалық өмірдің барлық салаларын қозғады.

Г Оқу ресурстарындағы тоғыз кәртішкеден тұратын және Италияда Қайта өркендеу дәуірінің пайда болуына септігін тигізген әр түрлі факторлардың маңыздылығын ашатын жиынтықты таратыңыз.

Оқушыларға Қайта өркендеу дәуірінің Италияда басталу себептерін зерделейтіндіктерін түсіндіріңіз. Бүл өз кезегінде сурет өнері неліктен 1500 жылы өзгергендігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Топтарға кәртішкелерді мұқият оқуларын және оларға атау бере отыра топтастыруын сұраңыз, мысалы, ақша, суретшілер, өткенге қарай отыра.



К Топтар кәртішкелерді қалай топтастырғанын талқылаңыз және Қайта өркендеу дәуірінде Италияда орын алған өзгеріс себептері туралы қорытынды жасаңыз.

Г Топтарға кәртішкелерді ұзақ мерзімді себептерден қысқа мерзімді себептерге дейін тура сызық бойымен орналастыруын сұраңыз.

КБүкіл сынып болып талқылаңыз.

Г) Топтарға кәртішкелерді ромб түрінді орналастыруын сұраңыз. Қайта өркендеу дәуірінде Флоренциядағы ең маңызды себепті басына, одан кейін екінші қатарға ең маңызды екі карточканы, орташа үш факторды ромбтың ортасына, келесі төменірек қатарға екі маңыздылығы төмен факторды және ромбтың ең төменгі жағына ең маңызсыз факторды орналастыру қажет.

Бүкіл сынып болып кәртішкелердің ромбқа орналасуы туралы талқылаңыз және топтардың пікірлерін тыңдаңыз.





Қайта өркендеу дәуіріндегі крестке танылу бейнесі

http://www.canvaz.com/g/ Grunewald-Matthias/ Isenheim%20Altarpiece%20-%20 The%20 Crucifixion. jpg

Қайта өркендеу кезеңіндегі «Дева Мария және сәби Христос» суреті, 1500: http://uploads0.wikipaintin gs.org/images/pietro-perugino/madonna-with-child-1500.jpg

Орта ғасырдағы Дева Мария және сәби Христос бейнесі, 1300 жыл:

http://www.metmuseum.org/toah/works-of-art/2004.442

Орта ғасырдағы крестке танылу бейнесі:

http://rjosephhoffmann.files.wordpress.com/2010/06/crucifiction-of-our-lord.jpg

Крестке танылудың Визаниялық бейнесі ХІ ғасыр:

http://artavenue-info.livejournal.com/26013.html

Леонардо да Винчи Мона Лиза



http://www.youtube.com/watch?v=a0dNWCWW1UA

Рафаэль Санти



http://www.youtube.com/watch?v=Qp9cpOhiiq4

15 ғасырдағы Флоренцияның көрінісі:



http://www.boisestate.edu/courses/latemiddleages/pazzi/09.shtml

1500 жылдардағы Еуропаның саяси картасы



http://tfssocial.weebly.com/uploads/3/5/2/5/3525987/majorcentres_5594392_orig.gif

1494 жылғы Италияның саяси картасы:





Соңы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы