Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында сабақты зерттеу әдісін қолдану. Мектепдегегі сабақты зерттеудің табыс критерийлері.
Сабақтың мақсаты
Мұғалімдер сабақты зерттеу сұрақтарын құрастырады, «Сабақты зерттеу» тәсілін мектепте жүзеге асыру жоспарын дайындайды. Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсынуды жасайды. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсетеді.
Мұғалімдер бірлесіп оқуды пайдалана отырып, мектепте Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру үшін іс-шаралар жоспарын жасайды. Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Study-ді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді үйренеді, мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады. Мектепдегегі сабақты зерттеудің табыс критерийлері белгілеуді үйренеді.
Түйінді идеялар
- Педагогикалық тәжірибені дамыту мақсатында мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеу керек.
- Сабақты бірлесіп жоспарлау, сабақтарға өзара қатысу мен талқылау оқытуды жақсартуға көмектеседі.